БҰЙЫРАМЫН:
1. "Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19188 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:
308-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"308. Тасымалдаушының Тарифтік нұсқаулығына (прейскурантына) сәйкес бес еселенген мөлшерге дейін сақтау үшін ұлғайтылған алым жүк қабылдаушыны алымды ұлғайту туралы хабарландыру ілінгеннен кейін межелі станцияға жүктің келгені туралы хабардар еткен сәттен бастап қырық сегіз сағат өткен соң қолданылады. Жүктерді сақтау үшін алымның бес есеге дейін ұлғайтылған мөлшерін есептеу жиырма төрт сағаттан аспайды.";
мынадай мазмұндағы 308-1-тармақпен толықтырылсын:
"308-1. Тасымалдаушының Тарифтік нұсқаулығына (прейскурантына) сәйкес он еселенген мөлшерге дейін сақтау үшін ұлғайтылған алым жүк қабылдаушыны алымды ұлғайту туралы хабарландыру ілінгеннен кейін межелі станцияға жүктің келгені туралы хабардар еткен сәттен бастап жетпіс екі сағат өткен соң қолданылады.
Жүктерді сақтау үшін алымның он есеге дейін ұлғайтылған мөлшерін есептеу күнтізбелік отыз күннен аспайды.".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі