"Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттарын және докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 14 ақпандағы № 52 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 17 ақпанда № 35730 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттарын және докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31724 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы (бұдан әрі – оператор) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның келсімі бойынша білім саласындағы уәкілетті орган анықтайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      4-тармақ алып тасталсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Оператор әлеуетті өнім берушіден Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтінім келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде олардың толықтығы мен дұрыстығына тексеру жүргізеді.

      Әлеуетті өнім беруші Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы тиісінше ресімделген өтінішті ұсынған кезде оператор осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімнен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оператор бекіткен нысан бойынша әлеуетті өнім берушімен әлеуетті өнім беруші соның шеңберінде жатақханалардағы жаңа орындарды пайдалануға енгізетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы жаңадан енгізілген орындармен қамтамасыз ету жөніндегі алдын ала шартты (бұдан әрі – алдын ала шарт) жасасады.

      Оператор әлеуетті өнім беруші Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) дұрыс ресімделмеген өтінішті ұсыну фактісін анықтаған жағдайда, оператор осы құжаттар тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге алдын ала шартты жасасудан бас тарту туралы негізделген және дәлелді жауабын жолдайды.";

      10 және 12-тармақтар алып тасталсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін әлеуетті өнім беруші операторға жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама мен оның техникалық сипаттамасын қоса бере отырып, жатақханада жаңа орындардың пайдалануға енгізілгенін және жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге кемінде жиырма жылға құқық ауыртпалығының тіркелгенін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынады.

      Оператор әлеуетті өнім берушіден Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде олардың толықтығы мен дұрыстығына тексеру жүргізеді.

      Әлеуетті өнім беруші Қағидалардың осы тармағында көрсетілген толық және анық құжаттарды ұсынған кезде, оператор олар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде өнім берушімен Қағидалардың 11-тармағында көзделген шарт жасасады.

      Оператор әлеуетті өнім берушінің Қағидалардың осы тармағында көрсетілген толық емес және (немесе) дәйексіз құжаттарды ұсыну фактісін анықтаған жағдайда, оператор осы құжаттарды тіркеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге шарт жасасудан негізделген және дәлелді бас тартуды жібереді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Инфрақұрылымдық жобалар, мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады