Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 14 ақпандағы № 6 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 17 ақпанда № 35732 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерінде, капиталының мөлшерінде:

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Нормативтердің 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негізгі капиталдың есебіне:

      негізгі құралдарды қайта бағалау резервтері және басқа жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар құнын қайта бағалау резервтері;

      басқа жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша ескерілетін қарыздардың құнын қайта бағалау резервтері қосылады.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Банк:

      ашылған кредиттік желі шеңберінде қарыз (қарыздың бір бөлігін) беруді қоспағанда, қарыз алушыға қарыз беру;

      қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);

      қарыз алушыға жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру;

      қарызды өтеу кестесіне сәйкес осы қарыз бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына алып келетін қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) қарызы талаптарын өзгерту туралы шешімдер қабылданғанға дейін қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентін есептеуді жүзеге асырады.

      Банктің қарыз алушыға қарыз алу уақытын өзі анықтауға мүмкіндік беретін талаптармен, бірақ кредиттеудің осындай нысанына арналған банктің ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларында және шартта айқындалған сомасы және уақыт шегінде қарыз алушыны кредиттеу міндеттемесі кредиттік желі деп түсініледі.

      Кредиттік желінің шекті сомасы кредиттік лимит (оның ішінде кредит/төлем карталары бойынша) деп түсініледі.

      Банктің банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметтерін пайдалануға ниеттенетін немесе пайдаланатын Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғасы қарыз алушы деп түсініледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары қарыз алушыларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген қарыздарға қолданылады.

      Қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентінің ең жоғары деңгейін сақтау жөніндегі талап қарыз 2025 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алған кезеңде:

      пайдалануда болмаған және Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет тіркелетін және қарыз бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылатын жаңа автокөлік құралын сатып алу мақсаттары үшін;

      бастапқы жарнасы осы автокөлік құралы құнының кемінде 50 (елу) пайызын құрайтын пайдалануда болған және қарыз бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылатын автокөлік құралын сатып алу мақсаттары үшін;

      бастапқы жарнасы осы автокөлік құралының құнынан кемінде 30 (отыз) пайыз болатын 3 (үш) жылға дейін пайдалануда болған және қарыз бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылатын автокөлік құралын сатып алу мақсаттары үшін;

      тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі шеңберінде берілген кезде қолданылмайды.

      Банк кредиттік тәуекелдерді мониторингтеу мақсатында осы тармақтың алтыншы бөлігінде көрсетілген қарыздар бойынша қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін есептеуді жүзеге асырады.";

      4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын және шекті мәнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 215 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19670 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қағидалардың 3-тармағының талаптары қарыз алушыларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген микрокредиттерге қолданылады.

      Қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентінің ең жоғары деңгейін сақтау жөніндегі талап микрокредит 2025 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алған кезеңде:

      пайдалануда болмаған және Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет тіркелетін және микрокредит бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылатын жаңа автокөлік құралын сатып алу мақсаттары үшін;

      бастапқы жарнасы осы автокөлік құралы құнының кемінде 50 (елу) пайызын құрайтын пайдалануда болған және микрокредит бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылатын автокөлік құралын сатып алу мақсаттары үшін;

      бастапқы жарнасы осы автокөлік құралының құнынан кемінде 30 (отыз) пайыз болатын 3 (үш) жылға дейін пайдалануда болған және микрокредит бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылатын автокөлік құралын сатып алу мақсаттары үшін қолданылмайды.

      Микроқаржы ұйымы кредиттік тәуекелдерді мониторингтеу мақсатында осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген микрокредиттер бойынша қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін есептеуді жүзеге асырады.".

      3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2025 жылғы 14 ақпандағы
№ 6 Қаулыға
қосымша
  Банктің пруденциялық
нормативтерінің және сақталуы
міндетті өзге де нормалары мен
лимиттерінің нормативтік
мәндері мен оларды
есептеу әдістемелеріне,
капиталының мөлшеріне
4-қосымша

Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған өлшемшарттар

Негізгі капитал

Қосымша капитал

Екінші деңгейдегі капитал

1

банкті тарату кезінде соңғы кезекте қанағаттандырылатын талаптарды білдіреді

шығарылған және төленген (сатып алынғандарды қоспағанда)

шығарылған және төленген (сатып алынғандарды қоспағанда)

2

таратылу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, басым талаптарды қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлікке өздеріне тиесілі акциялар санына теңбе-тең талап ету құқығына ие

банк таратылған кезде мерзімсіз қаржы құралдары жай акциялардың меншік иелері акционерлердің талаптарына дейін, қамтамасыз етілмеген міндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандырғанға дейін сегізінші кезекте қанағаттандырылады

банк таратылған кезде қамтамасыз етілмеген міндеттеме жай акциялардың меншік иелері акционерлердің талаптарына дейін сегізінші кезекте қанағаттандырылады

3

банкті тарату жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ жай акцияларды сатып алу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда номинал мерзімсіз болып табылады және төленуге жатпайды

қамтамасыз етілмеген, банктің немесе байланысты адамның кепілдігімен жабылмаған және қандай да бір азаматтық-құқықтық шарттардан және эмитент-банктің басқа кредиторларының алдында басымдығы бар өзге талаптардан туындайтын міндеттемелер көзделмейді

қамтамасыз етілмеген, банктің немесе байланысты адамның кепілдігімен жабылмаған және қандай да бір азаматтық-құқықтық шарттардан және эмитент-банктің басқа кредиторларының алдында басымдығы бар өзге талаптардан туындайтын міндеттемелер көзделмейді

4

банк құралдарды шығару кезінде талаптарында (шығарылым талаптарында) банктің орналастырылған акцияларын сатып алу немесе күшін жою құқығы немесе міндеті көзделетін шарттарды жасамайды (туынды бағалы қағаздарды сатып алмайды)

мерзімсіз болып табылады, төлемдер (сыйақы) деңгейін арттыру талаптары және сатып алуға деген ниетін тудыратын өзге талаптар болмайды

қамтамасыз етілмеген міндет шығарылған не алынған мерзім кемінде 5 (бес) жылды құрайды

5

дивидендтерді төлеу банктің таза кірісі есебінен (өткен жылдардың бөлінбеген пайдасын қосқанда) жүзеге асырылады. Бұл ретте дивиденд мөлшері акцияларды орналастыру кезінде алынған ақша сомасына байланысты емес. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда дивидендтерді есептеу мен төлеуге жол берілмейді

банктің бастамасы бойынша кем дегенде бес жыл өткен соң ғана мерзімінен бұрын кері қайтарылды (орындалды), егер аталған іс-әрекет Нормативтерге 2-қосымшада белгіленген мәндерден төмен капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерінің ең төмен мәндерінің төмендеуіне алып келмесе, мынадай талаптарды орындаған кезде:
уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
капиталды ауыстыру ретінде сондай немесе сапасы жақсыны беру;
банкті капиталдандыруды мерзімсіз қаржы құралдарын қайтарып алуды жүзеге асыру салдарынан капиталдың ең төмен талап етілетін деңгейінен жоғары жақсарту

реттеуіш капиталдың құрамында айналыс мерзімінің соңғы 5 (бес) жылында тану тура сызықты әдіспен амортизацияланады

6

дивидендтерді төлеу міндетті болып табылатын және дивидендтерді төлемеу дефолт жағдайы болып табылмайтын талаптар жоқ

кез келген номинал төлемі (сатып алу немесе өтеу арқылы) уәкілетті органның алдын ала рұқсатымен жүзеге асырылады

төлем (сыйақы) деңгейін көтеру талаптары жоқ және сатып алуға деген ниет жоқ

7

дивидендтерді төлеу Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тек қана артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлеу бойынша барлық міндеттемелерді орындаған соң жүзеге асырылады

дивидендтерді (сыйақыны) есептеу Нормативтерге 2-қосымшада белгіленген мәндерден төмен капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерінің ең төмен мәндерінің төмендеуіне алып келген жағдайда, мерзімсіз қаржы құралдары шығарылымының талаптарында банктің атқарушы органының мерзімсіз қаржы құралдары бойынша дивидендтерді (сыйақыны) есептемеу құқығы көзделген

банктің бастамасы бойынша кем дегенде 5 (бес жыл) өткен соң ғана мерзімінен бұрын кері қайтарылды (орындалды), егер аталған іс-әрекет капитал жеткіліктілігі коэффициентерінің ең төменгі мәндерінің Нормативтерге 2-қосымшада белгіленген Капитал жеткіліктілігі коэффициенттері мәндеріндегі мәндерден төмендеуіне алып келмесе, мынадай талаптарды орындаған кезде: уәкілетті органның оң қорытындысының болуы; капиталды ауыстыру ретінде сондай немесе сапасы жақсыны беру (бұл талап 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап банктің қаржылық орнықтылығын және (немесе) оны қалыпқа келтіруді қамтамасыз ету мақсатында банк мемлекеттік қолдау алған кезде банк шығарған қаржы құралдарын ауыстыруға қолданылмайды); банкті капиталдандыруды мерзімсіз қаржы құралдарын қайтарып алуды жүзеге асыру салдарынан капиталдың ең төмен талап етілетін деңгейінен жоғары жақсарту

8

шығындар туындаған кезде бірінші және соған теңбе-тең ең көп үлесті иеленетін капитал құралы болып табылады және банкке өзінің жұмыс істеуін тоқтатпастан және таратылуға немесе банкроттыққа ұшырамастан үздіксіз қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді

осы құрал бойынша дискрециялық төлемдер төлеуді жою дефолт жағдайы болып табылмайды

кредитордың қамтамасыз етілмеген міндеттеме туындаған сәттен бастап 5 (бес) жыл бұрын оны қайтарып алу (орындау) туралы талапты қоюға құқығы жоқ

9

төленген сома төлем қабілетсіздігін анықтау үшін меншікті капитал ретінде танылады (міндеттеме ретінде танылмайды)

банктердің міндеттемелерді орындау мерзімі басталуына қарай оларды орындау мақсатында жойылған төлемдерге толық рұқсаты бар

банк немесе сол арқылы банк бақылауды жүзеге асыра алатын немесе оның қызметіне қомақты түрде ықпал ете алатын ерекше қатынастармен байланысты тұлға тура банк ретінде осы құралды сатып алу үшін қаржыландыруды тікелей немесе жанама жүзеге асыра алмайтыны сияқты құралды сатып алуға құқылы емес

10

төленген сома Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес капитал ретінде жіктеледі

төлемдерді жою негізгі акционерлерге дивидендтер төлемін жүзеге асыруды қоспағанда, банктің қызметіндегі шектеулерге әкеп соқтырмайды


11

толық шығарылған және акционерлер төлеген. Бұл ретте банктерге меншікті акцияларын сатып алуға қарыздар беруге тыйым салынады

бухгалтерлік есеп мақсатында міндеттемелер ретінде жіктелген құралдардың берілген және алдын-ала анықталған талаптарда (триггерде) және (немесе) алдын-ала анықталған талапқа (триггерге) сәйкес құралдағы шығынды анықтайтын есептен шығару тетігінің жай акцияларға конвертациялануы арқылы шығындарды жою мүмкіндігіне ие.
Есептен шығарудың мынадай тиімділігі бар:
тарату кезінде құралдың талап ету құқығын кемітеді;
құралды қайтарып алған кезде төлем сомасын кемітеді;
құрал бойынша дивидендтердің (сыйақының) төлемдерін ішінара не толық кемітеді


12

жай акциялар қамтамасыз етілмеген, эмитент-банктің немесе эмитент-банкпен ерекше қатынаспен байланысты тұлғаның кепілдігімен жабылмаған және заңдық немесе экономикалық жағынан осындай жай акциялар бойынша эмитент-банк міндеттемелерінің эмитент-банктің басқа кредиторларына қатысты басымдығын арттыратын қандай да бір азаматтық-құқықтық шарттар болған жоқ

банк немесе сол арқылы банк бақылауды жүзеге асыратын немесе оның қызметіне қомақты түрде ықпал ете алатын кез келген байланысты тұлға банктің аталған құралдарының меншік иесі болып табылмайды немесе банк осы құралды сатып алуды қаржыландыруды тікелей немесе жанама жүзеге асырмайды


13

жай акциялардың жарияланған санын ұлғайту туралы шешімді тек қана акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды, бұл ретте жай акцияларды олардың жарияланған саны шеңберінде орналастыру банктің директорлар кеңесінің шешімі бойынша жүзеге асырылады

құралдың белгілі бір уақыт кезеңі аралығында мейлінше төмен бағамен жаңа құрал шығарылған жағдайда эмитенттің инвесторларға өтемақы төлеуі үшін қойылатын талап сияқты қайта капиталдандыруға кедергі жасайтын ерекшеліктері жоқ


14

банктің қаржылық есептілігінде нақты және жеке ашып көрсетілген




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады