БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіптік ұйымдар аумақтарындағы атмосфералық ауаға гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29011 болып тіркелген) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" туралы Кодексінің 95-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Қалалық және ауылдық елді мекендердің атмосфералық ауасындағы ластаушы заттардың рұқсат етілетін шекті шоғырлануы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-кестемен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 18 ақпандағы № 10 Бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 бұйрығына 1-қосымша |
|
3-кесте |
Жинақталатын қасиеттері бар заттар
№ р/с | Заттың атауы |
1 | 2 |
1 | Аммиак, күкірт сутегі |
2 | Аммиак, күкірт сутегі, формальдегид |
3 | Аммиак, формальдегид |
4 | Азот диоксиді және оксид, мазут күлі, күкірт диоксиді |
5 | Азот диоксиді, гексан, көміртегі оксид, формальдегид |
6 | Азот диоксиді, гексен, күкірт диоксиді, күкірт диоксиді |
7 | Азот диоксиді, күкірт диоксиді |
8 | Азот диоксиді, күкірт диоксиді, көміртегі оксид, фенол |
9 | Акрил және метакрил қышқылдары |
10 | Акрил және метакрил қышқылдары, бутилакрилат, бутилметакрилат, метилакрилат, метиметакрилат |
11 | Ацетальдегид, винилацетат |
12 | Ацетон, акролеин, фтал ангидриді |
13 | Ацетон, фенол |
14 | Ацетон, ацетофенон |
15 | Ацетон, фурфурол, формальдегид пен фенол |
16 | Ацетон, трикрезол, фенол |
17 | Ацетофенон, фенол |
18 | Ванадий бестотығының және марганец тотығының аэрозольдері |
19 | Ванадий бестотығының аэрозольдері және күкірт ангидриді |
20 | Ванадий бестотығының және хром үш тотығы аэрозольдері |
21 | Бензол және ацетофенон |
22 | Валериан, капрон және май қышқылдары |
23 | Вольфрам және күкірт ангидридтері |
24 | Гексахлоран және фозалон |
25 | 2,3-Дихлор-1,4-нафтахинон және 1,4-нафтахинон |
26 | 1,2-Дихлорпропан, 1,2,3-Трихлорпропан мен тетрахлорэтилен |
27 | Изопропилбензол және изопропилбензол гидрототығы |
28 | Изобутилкарбинол және диметилвинилкарбинол |
29 | Метилгидропиран және метилентетрагидропиран |
30 | Моно, ди және трипропиламиндер |
31 | Мышьяк ангидриді және қорғасын ацетаты |
32 | Мышьяк ангидриді және германий |
33 | Озон, азот қостотығы және формальдегид |
34 | Пропион қышқылы және пропионды альдегид |
35 | Қорғасын оксиді, күкірт диоксиді |
36 | Күкіртсутек және динил |
37 | Күкіртсутек, формальдегид |
38 | Күкіртқышқылды мыс, кобальт, никель, күкірт диоксиді |
39 | Күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, фенол және конвертер өндірісінің шаңы |
40 | Күкірт диоксиді, фенол |
41 | Күкірт диоксиді, фторлы сутегі |
42 | Күкірт диоксиді, күкірт қышқылы |
43 | Күкірт диоксиді, металды никель |
44 | Күкірт диоксиді, күкірт сутегі |
45 | Күкірт диоксиді және күкірттің үштотығы, аммиак және азот тотықтары |
46 | Күшті минералды қышқылдар (күкірт, тұз және азот) |
47 | Цемент өндірісінің шаңы және көміртегі оксиді |
48 | Сірке қышқылы және сірке ангидриді |
49 | Сірке қышқылы, фенол, этилацетат |
50 | Фурфурол, метил және этил спирттері |
51 | Циклогексан және бензол |
52 | Этилен пропилен, бутилен және амилен |
Бірге болған кезде толық емес жиынтық әсері болады | |
53 | Натрий вольфрамы, аммоний парамолибдаты, қорғасын ацетаты (аралас әрекет коэффициенті (Аәк) 1,6 құрайды |
54 | Натрий вольфраматы, мышьякті ангидриді, аммоний парамолибдаты, қорғасын ацетаты (Аәк 2,0 тең) |
55 | Натрий вольфрамы, германий диоксиді, мышьякті ангидриді, аммоний парамолибдаты, қорғасын ацетаты (Аәк 2,5 тең) |
Бірге болған кезде жекелеген заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы сақталады | |
56 | Гексил, октил спирттері |
57 | Күкірт диоксиді, мырыш оксиді |
Потенциялану әсері бар | |
58 | Коэффициенті 0,8 болатын бутилакрилат және метилакрилат |
59 | Коэффиценті 0,8 болатын фторлы сутегі және фтор тұздары |
Көп компонентті қоспалардың аралас әрекеті
Атмосфералық ауада әсер ету сомасы бар бірнеше заттар бірге болған кезде олардың шоғырлану сомасы формула бойынша есептеу кезінде 1 (бірліктен) аспауға тиіс:
1) С1, С2,Сn - атмосфералық ауадағы заттардың нақты қанықпасы;
2) ҚРШ1, ҚРШ2, ҚРШn - сол заттар қанықпасының рұқсат етілген шегі.
Жинақтау әсермен 2, 3 және 4 компоненттік қосындылардың қабілеттері жоқ, азот диоксиді және/немесе күкіртсутегі енгізілсе және атмосфералық ауаны көп компоненттік ластауыш құрамына енгізілсе, егерде біреулерінің концентрациясының үлес салмағы, максималдық бір реттік ШРЕШ үлесімен көрсетілгенде, 2 компоненттік қосындыда 80% астам; 3 компоненттік қосындыда -70% астам; 4 компоненттік қосындыда - 60% астамды құрайды.