"Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 01 маусымдағы № 308 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 18 ақпандағы № 55 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 21 ақпанда № 35742 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 308 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28320 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тармақ. Мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну үшін қажетті ағымдағы шотта ақша қаражаты жеткіліксіз болған кезде ұлттық институт ағымдағы шотқа қаражат түскенге дейін өтініш берушіге ақша қаражатын аударуды тоқтата тұрады. Бұл ретте ұлттық институт хабарлама жіберу арқылы шығындарды өтеу туралы Келісім жасалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді.

      Осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды жүзеге асыру үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген ақшалай қаражат толық игерілген кезде ұлттық институт ағымдағы шотқа қаражат түскенге дейін өтінімдерді қабылдауды тоқтатады.

      Ұлттық институт осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды немесе ағымдағы шотқа қаражат түсуін жүзеге асыру үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген ақша қаражаты толық игерілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында өтінімдерді қабылдауды тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарлама орналастырады.";

      28-1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шығындарды өтеудің мүмкін еместігі туралы өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің тиісті негіздемесі, уақыты мен орны (тәсілі) бар хабарлама жібереді. Істі қарау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына кемінде 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын жіберіледі. Істі тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша ұлттық институт шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы түпкілікті шешім қабылдайды.";

      45-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Шығындарды өтеу мүмкін еместігіне негіздер анықталған жағдайда, ұлттық институт өтініш берушіге шығындарды өтеу мүмкін еместігі туралы алдын ала шешім туралы хабарлайды, сондай-ақ тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәртібі). Алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстанымын білдіру мүмкіндігі. Істі қарау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына кемінде 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын жіберіледі. Істі тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.";

      51-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Шығындарды өтеу мүмкін еместігіне негіздер анықталған жағдайда, ұлттық институт өтініш берушіге шығындарды өтеу мүмкін еместігі туралы алдын ала шешім туралы хабарлайды, сондай-ақ тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәртібі). Алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстанымын білдіру мүмкіндігі. Істі қарау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына кемінде 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын жіберіледі. Істі тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.";

      57-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Шығындарды өтеу мүмкін еместігіне негіздер анықталған жағдайда, ұлттық институт өтініш берушіге шығындарды өтеу мүмкін еместігі туралы алдын ала шешім туралы хабарлайды, сондай-ақ тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәртібі). Алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстанымын білдіру мүмкіндігі. Істі қарау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына кемінде 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын жіберіледі. Істі тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.";

      57-6 тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Шығындарды өтеу мүмкін еместігіне негіздер анықталған жағдайда, ұлттық институт өтініш берушіге шығындарды өтеу мүмкін еместігі туралы алдын ала шешім туралы хабарлайды, сондай-ақ тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәртібі). Алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстанымын білдіру мүмкіндігі. Істі қарау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына кемінде 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын жіберіледі. Істі тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.";

      57-12 тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Шығындарды өтеу мүмкін еместігіне негіздер анықталған жағдайда, ұлттық институт өтініш берушіге шығындарды өтеу мүмкін еместігі туралы алдын ала шешім туралы хабарлайды, сондай-ақ тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәртібі). Алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстанымын білдіру мүмкіндігі. Істі қарау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына кемінде 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын жіберіледі. Істі тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.";

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2025 жылғы 18 ақпандағы
№ 55 бұйрығына
қосымша
  Өнеркәсіптік-инновациялық
қызмет субъектілерінің еңбек
өнімділігін арттыруға
бағытталған өнеркәсіпті
мемлекеттік ынталандыру
шараларын ұсыну қағидаларына
1-қосымша

      нысан

  Өнеркәсіпті дамыту
саласындағы
ұлттық даму институты
__________________________
(ұлттық институттың атауы)
__________________________
(өтініш берушінің атауы)

      Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға өтінім (өтініш беруші бланкіде толтырады (бар болған жағдайда)

      1. Өтініш берушінің атауы.

      2. Заңды және нақты мекенжайы (индексі, облысы, қаласы/ауданы, елді мекені, көшесі, телефоны).

      3. Бірінші басшының немесе жеке кәсіпкердің деректері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – ТАӘ), лауазымы, жұмыс немесе ұялы телефонының нөмірі, электрондық мекенжайы).

      4. Өтініш берушінің Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)/Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН).

      5. Орындаушының БСН/ЖСН (егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда).

      6. Өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі (бар болса) және күні.

      7. Орындаушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі (бар болса) және күні (егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылса).

      8. Негізгі қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің түрлерінің кодын көрсете отырып).

      9. Шығарылатын өнімнің атауы.

      10. Жылына ағымдағы еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың АҚШ доллары/адам)*.

      11. Өтініш беруші мемлекеттік және/немесе салалық бағдарламалардың қатысушысы болып табыла ма (егер бар болса, онда мемлекеттік қолдау шараларын алған жылын, қандай бағдарламалар шеңберінде және қандай мемлекеттік қолдау шараларын алғанын көрсетіңіз).

      12. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) шеңберінде мемлекеттік ынталандырудың қандай шарасын пайдалану жоспарлануда (қажеттісін белгілеңіз):

      ☐ қызметкерлердің құзыретін арттыру;

      ☐ цифрлық технологияларды енгізу;

      ☐ технологиялық процестерді жетілдіру;

      ☐ өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру;

      ☐ шетелде жұмыскерлердің құзыретін арттыруға арналған шығыстарды аванстау.

      13. Көлік шығыстарын және шетелде тұруға арналған шығыстарды аванстауға арналған алдын ала шығындар (шығыстарды аванстауға өтінім берілген жағдайда толтырылады):

      1) іссапарға жіберілетін инженерлік-техникалық персоналдың және өндірістік персоналдың саны __________ адам.

      2) көлік шығындарын аванстаудың қажетті сомасы: ___________ теңге.

      3) тұруға арналған шығыстарды аванстаудың қажетті сомасы: ___________ теңге.

      4) кәсіптік даярлау және/немесе қайта даярлау мерзімдері: 20__ жылғы "___" ______ бастап 20__ жылғы "___" ______ аралығы.

      14. Өтінім берілген күнге соңғы 3 (үш) жылдағы салық аударымдарын көрсету. Осы тармақтың талабы қолданыстағы заңнамаға сәйкес салық төлеуден босатылған және/немесе тіркелген күнінен бастап ұлттық институтқа өтінім түскен күнге дейін күнтізбелік үш жылдан аз уақыт өткен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қолданылмайды.

      1) 20 _ жыл – _______ теңге;

      2) 20 _ жыл – _______ теңге;

      3) 20 _ жыл – _______ теңге.

      15. Өтініш берушінің банктік деректемелерін көрсету.

      Осы өтініммен өтініш беруші ұсынылған ақпараттың дұрыстығына, ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен түпнұсқалығына кепілдік береді.

      Өтініш беруші сұратылып отырған мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде келтірілген іс-шаралар бойынша шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылмағанын растайды.

      Мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға өтінімді толтырған байланыс тұлғасы (Т.А.Ә., лауазымы, жұмыс/ұялы телефон нөмірі, электрондық мекенжайы): ___________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Осы Өтінімге мынадай құжаттарды және құжаттардың көшірмелерін қоса беремін:

      1) ____________________;

      2) ____________________;

      3) ____________________;

      4) ____________________;

      5) ____________________.

      Өтінімді толтыру күні _______________

      Өтініш берушінің бірінші басшысы (міндетін атқарушы тұлға (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растайтын құжат болған кезде)), жеке кәсіпкер немесе олар уәкілеттік берген тұлға (сенімхат болған кезде) немесе жеке тұлға

      ____________ ______________________________________

      (қолы)             (ТАӘ)

      Мөр орны (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады