БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту және олардың жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35090 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюерлер ретінде тарту және олардың жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу жөніндегі нұсқаушы – ұлттық санақтарды жүргізу кезінде интервьюерлер жұмысының сапасын бақылауды жүзеге асыратын адам.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Интервьюердің жұмысының сапасын бақылауды және тексеруді супервайзер және (немесе) ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу жөніндегі нұсқаушы іріктеп қоңырау шалу жолымен және (немесе) респонденттерді және (немесе) үй шаруашылықтарын аралау арқылы жүзеге асырады.
Бір супервайзер және (немесе) ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу жөніндегі нұсқаушы кемінде төрт және ең көбі алты интервьюердің жұмысын қадағалайды.";
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"64. Интервьюер өзінің учаскесінің шекарасын зерделейді, қажет болған жағдайларда учаскенің шекарасы ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу жөніндегі нұсқаушымен және шектес учаскелердің интервьюерлерімен бірге аралап шығу арқылы нақтыланады.";
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"66. Санақ парақтарын планшетті немесе қағаз жеткізгішті (планшеттерді қолдану мүмкін болмаған жағдайда) пайдалана отырып, интервьюер толтырады. Қағаз жеткізгіште толтырылған бұдан әрі планшетке енгізілген санақ парақтары ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу жөніндегі нұсқаушыға берілуі тиіс.";
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"68. Ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу жөніндегі нұсқаушы белгілеген күні интервьюер бақылап аралауға қатысады.".
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы |
М. Турлубаев |