Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 6 бұйрығын күші жойылды деп тану (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 26497 ретінде тіркелген).
2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге міндетті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
Ж. Элиманов |