Кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қаңтарда № 26497 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 34-бабының 10-тармағына Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов

  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 6 қаңтардағы
№ 6 Бұйрыққа
1 қосымша

Кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидалары

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 34-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі – ЭТҚ) кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

2-бөлім. Кадр резервін қалыптастыру тәртібі

      2. ЭТҚ кадр резерві аттестаттау нәтижелері бойынша одан әрі басшы лауазымдарға немесе үлкен көлемді жұмысқа ұсынылатын қызметкерлер қатарынан, сондай-ақ ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсеткен және қызметтік міндеттерін не арнайы тапсырмаларды орындау кезінде ерекше көзге түскен тұлғалар қатарынан бос басшы лауазымдарға орналастыру үшін жоспарлы негізде қалыптастырылады.

      3. Кадр резервіне алу үшін кандидаттарды іріктеу үш жылда бір рет жүргізіледі.

      4. Кадр резервіне алу үшін кандидаттарды іріктеу кезінде келесі талаптар ескеріледі:

      1) ұсынылып отырған лауазымға орналасу үшін көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуі;

      2) қызметкердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші;

      3) қызметкердің қызметін бағалау нәтижелері;

      4) ұсынылып отырған қызмет түрі бойынша тиісті кәсіби даярлық пен жұмыс тәжірибесінің болуы;

      5) тиісті басшылар санатының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі;

      6) кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру нәтижелері;

      7) тәртіптік және (немесе) әкімшілік жазалардың болуы;

      8) тәртіптік және (немесе) әкімшілік жазаларының болмауы;

      5. Қызметкердің кадр резервіне алынуы оның өтініші негізінде жүзеге асырылады.

      6. Кадр резервіне кандидаттарды сапалы іріктеу және алу туралы ұсынымды дайындау мақсатында кадр резервіне алу немесе одан шығару жөніндегі комиссия құрылады.

      7. Комиссия отырысы кадр резервіне алу үшін ұсынымдардың және аттестаттау комиссиясы шешімдерінің келіп түсуіне қарай өткізіледі.

      8. Кадр қызметі, кандидаттарды кадр резервіне алу үшін келіп түскен материалдарды біліктілік талаптарына сәйкестігіне қарай тексеріп, отырысты өткізгенге дейін кем дегенде күнтізбелік он күн қалғанға дейінгі мерзімде оларды қарастыру үшін комиссияға жолдайды.

      9. Комиссия шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды және бұл шешімге отырысқа қатысқан комиссия мүшелері санынан басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы дауыс берген шешім, қабылданды деп саналады.

      Комиссия хатшысының дауыс беру құқығы жоқ.

      Комиссия шешімі комиссияның барлық мүшелері, оның отырысына қатысушылар және хатшы қол қоятын хаттамамен рәсімделеді.

      10. Лауазымдардың тиісті санаттары бойынша кадр резервінің тізімі осы қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Агенттік төрағасының немесе аумақтық қаржылық мониторинг органдары басшыларының бұйрығымен бекітіледі.

      11. Мынадай жағдайларда қызметкерлер кадр резервіне алынбайды:

      1) қарамағында болған кезде лауазымға тағайындалғанға дейін;

      2) алынбаған тәртіптік және (немесе) әкімшілік жазасы болғанда;

      3) қайта аттестаттаудан өту кезінде атқарып отырған лауазымға сәйкестігі туралы мәселені шешкенге дейін;

      4) қылмыстық істі ақтау негіздері бойынша қысқартқанға дейін;

      5) ақтау үкімі заңды күшіне енгенге дейін;

      6) қызметтік тергеп-тексеру аяқталғанға дейін.

3-бөлім. Кадр резервінен шығару

      12. Кадр резервінен шығарудың негіздемелері болып табылады:

      1) қызметкердің бос басшы лауазымына орналасуы;

      2) кадр резервінде болу мерзімінің өтуі;

      3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін қызметкерге, сондай-ақ қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын лауазымынан босату немесе біліктілік сыныбында бір сатыға төмендеу түрінде тәртіптік жаза салынғанда;

      4) қызметкердің бұдан әрі қызмет өткеруі үшін басқа құқық қорғау органына іссапарға жіберілуі;

      5) қызметтен кетуі.

      13. Кадр қызметі қызметкерлерді бұйрық шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кадр резервінен шығарылғаны туралы шешіммен таныстырады.

      14. Қызметкер оның кадр резервінен шығарылғаны туралы шешіммен келіспеген жағдайда осы шешімге жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануға құқылы.

4-бөлім. Кадр резервіне алынған ЭТҚ қызметкерлерінің ведомстволық деректер банкімен жұмыс тәртібі

      15. Кадр қызметі қалыптастырылған ведомстволық деректер банкі арқылы кадр резервіне алынған немесе одан шығарылған қызметкерлердің есебін жүргізеді.

      16. Ведомстволық деректер банкі есептеу техника құралдарын пайдаланумен автоматтандырылған ақпараттық жүйелер негізінде, сондай-ақ қағаз және электрондық тасымалдағыштарда құжаттамалық материалдарды жинақтау жолымен қызмет етеді.

      17. Кадр қызметі ведомстволық деректер банкін комиссияның әрбір отырысынан кейін жаңартады.

      18. Мәліметтер ведомстволық деректер банкіне кадр резервіне алынған қызметкерлер тізімі негізінде, ол бекітілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде енгізіледі.

  Кадр резервін қалыптастыру,
кадр резервіне алынатын
қызметкерлердің біліктілігіне
қойылатын талаптарды және
қаржылық мониторинг
органдарының жедел-тергеу
бөлімшелерінің
(экономикалық тергеу қызметі)
кадр резервіне алынған
қызметкерлердің ведомстволық
деректер банкімен жұмыс
істеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Жеке және іскерлік қасиеттері мен қызметтік әрекетінің нәтижелерін зерделеу және бағалау негізінде қызметтік міндеттерін не арнайы тапсырмаларды орындау кезінде ерекшеленген қызметкерлерді Агенттік төрағасының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасарының, департамент директорларының, дербес басқармаларының және аумақтық орган басшыларының кадр резервіне алу үшін

ҰСЫНЫМ

      1. Аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тегі _______________________

      2. Туған күні, айы, жылы және жері ________________________________

      3. Жынысы _____________________________________________________

      4. Ұлты ________________________________________________________

      5. Білімі, мамандығы, біліктілігі __________________________________

      6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _______________________________

      7. Лауазымы, тағайындалған күні ________________________________

      8. Бар біліктілік сыныбы, оны белгілеу туралы бұйрықтың күні және нөмірі,

      есептеу күні ___________________________________________________

      9. Қызметкердің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін, сондай-ақ

      қызметтік жұмысының сандық өлшемді көрсеткіштерін көрсете отырып, қысқаша

      мінездемесі: ______________________________________________________________

      10. ___________________________________________________________ лауазымға

      кадр резервіне алынуға ұсынылады. Кадр резервіне алу мүмкіндігін болдырмайтын

      негіздемелер жоқ (қарамағында болған кезде лауазымға тағайындалғанға дейін,

      алынбаған тәртіптік және (немесе) әкімшілік жазасы болғанда, қайта аттестаттаудан

      өту кезінде атқарып отырған лауазымға сәйкестігі туралы мәселені шешкенге дейін,

      ақталатын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқартқанға дейін, ақтау үкімі заңды

      күшіне енгенге дейін, қызметтік тергеу аяқталғанға дейін қызметкерлер кадр резервіне

      алынбайды) _______________________________________________ _______________

      (басшының лауазымы, қолы, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тегі)

      _______________________________________________ ___________________________

      (ішкі қауіпсіздік бөлімшесі басшының лауазымы, қолы, аты әкесінің аты (ол болған

      жағдайда), тегі) 202__ж. "___" _____________

  Кадр резервін қалыптастыру,
кадр резервіне алынатын
қызметкерлердің біліктілігіне
қойылатын талаптарды және
қаржылық мониторинг
органдарының жедел-тергеу
бөлімшелерінің
(экономикалық тергеу қызметі)
кадр резервіне алынған
қызметкерлердің ведомстволық
деректер банкімен жұмыс
істеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
  "Бекітемін"

  _______________________
  _______________________
  (тізімді бекітетін тұлғаның
  ауазымы, тегі (ол болған кезде),
  аты-жөні және қолы, күні)

Кадр резервіне алынған қызметкерлердің тізімі

№ р/с

Басшы лауазымның атауы

Резервтегі тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Атқарып отырған лауазымы

Туған күні, айы, жылы

Біліктілік сыныбы

Атқарып отырған лауазымдағы өтілі

Құқық қорғау органдарындағы өтілі

Лауазымға тағайындалғаны немесе кадр резервінен шығарылғаны туралы белгі және негіздеме

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Қолы _____________________________________________

      (тізімді жасаған тұлғаның лауазымы, тегі, аты-жөні және қолы)

  Председатель Агентства
Республики Казахстан
по финансовому мониторингу
от 6 января 2022 года
№ 6 Бұйрыққа
2 қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервіне қойылған қызметкерлерінің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 728 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12787 болып тіркелген);

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қарашадағы № 966 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17714 болып тіркелген) өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтары тізбесінің 7-тармағы;

      3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 19 ақпандағы № 121 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18339 болып тіркелген) өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтары тізбесінің 12-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады