БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының Көлік министрінің 2025 жылғы 4 наурыздағы № 72 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Теңіз порттарын, оның ішінде халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 519 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13904 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз порттарын, оның ішінде халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидалары:
мынадай мазмұндағы 25-1, 25-2, 25-3, 25-4 және 25-5-тармақтармен толықтырылсын:
"25-1. Қауіпті жүктер теңіз портында тиеу немесе түсіру үшін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 542 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11930 болып тіркелген) (бұдан әрі – Жүктерді тасымалдау қағидалар) 3-тарау талаптарына сәйкес тиісті түрде жіктелген, буып-түйілген, таңбаланған, қауіп белгісімен жабдықталған және көлік құжаттарында сипатталған жағдайда қабылданады.
25-2. Қауіпті жүкті теңіз портының аумағына кіргізу порт әкімшілігінің (теңіз терминалы операторының) жазбаша растауын алғаннан кейін рұқсат етіледі, онда жүкті жеткізудің тәртібі, мерзімдері және орны көрсетіледі. Жазбаша растауды порт әкімшілігі (теңіз терминалының операторы) кеме иесінің (агентінің) өтінімі келіп түскен күннен бастап бір күнтізбелік күн ішінде береді.
25-3. Порт әкімшілігі (теңіз терминалының операторы) жүк қасиеттеріне, олардың қаптамасына және порттың жергілікті жағдайларына байланысты қауіпті жүктерді сақтау және тиеудің немесе түсірудің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс технологиялық карталары мен нұсқаулықтарын әзірлейді.
Әзірленген құжаттамада мынадай ақпарат көрсетіледі:
қауіпті жүктердің номенклатурасы (атауы, кластары немесе кіші кластары бойынша);
порттың қойма алаңдарында сақтауға рұқсат етілген қауіпті жүктердің саны;
портта көліктің бір түрінен екіншісіне тікелей тиелетін қауіпті жүктердің номенклатурасы (атауы, кластары немесе кіші кластары бойынша);
апаттық жағдайларда кеме мен порт әкімшілігі (теңіз терминалының операторы) арасындағы байланыс пен өзара іс-қимыл тәртібі;
жөнелтушінің Жүктерді тасымалдау қағидаларының 3-тарауының талаптарын орындамауы салдарынан тасымалдауға (тиеуге) қабылданбаған жүктерді порт аумағынан әкету тәртібі;
ыдысты немесе көлік құралдарын жөндеу және жүкті қайта өлшеуге арналған тәртібі мен арнайы орындар;
апаттық жағдайларды жоюдан кейін қауіпті жүктердің қалдықтарын сақтау арнайы орындары және кәдеге жарату немесе көму үшін әкету тәртібі.
25-4. Қауіпті жүктермен жүк операцияларын жүргізу үшін айлақ аумағында тұрақты қоршау орнатылады.
Қауіпті жүктерді тиеу немесе түсіру бір ауысымнан аз уақытты алса, уақытша қоршаудың орнына қауіпсіздік белгісі бар бағандар қоюға рұқсат етіледі.
Қауіпсіздік белгілері жүк операцияларын жүргізу орындарына апаратын жолдарға да орнатылады.
25-5. Қауіпті жүктермен операциялар бойынша оқытудан өтпеген порт қызметкерлеріне қауіпті жүктерді тиеуге, түсіруге және сақтауға қатысуға тыйым салынады.";
2. "Жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 542 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11930 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:
57 және 58-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"57. Тасымалдау кезеңінде ыдыс массалық жүктерге арналған орташа жүк көтергіш контейнерлерді (бұдан әрі – МЖОЖК), ірі габаритті ыдысты, алынбалы цистерналар, автоцистерналар, көп элементті газ контейнерлері, жаппай жүктерге арналған контейнерлер қоса алғанда, жүк көлігінің бірлігіне көлденең және бойлап жылжыту немесе соққыны болдырмайтындай және тиісті сыртқы қолдауды қамтамасыз ету үшін нық бекітіледі немесе орналастырылады.
58. ҚЖ ҚЖТТХК-ның талаптарына сәйкес келетін және тасымалдау уақытында туындайтын әсерлерді және жүктемелерді ұстап тұруға қабілетті, соның ішінде, жүктік көлігінің бірліктері арасында немесе жүк көлігінің бірліктері мен қоймалары арасында қайта тиеу, сондай-ақ кез келген түпқоймадан орнын ауыстыру кезінде немесе кейіннен қолмен немесе механикалық өңдеу мақсатында пакетінен алу кезінде сапалы МЖОЖК және ірі габаритті ыдысты, алынбалы цистерналар, автоцистерналар, көп элементті газ контейнерлері, жаппай жүктерге арналған контейнерлер қоса алғанда буып-түйіледі.
ҚЖ ыдысқа орау ҚЖТТХК-ның 4-бөлімінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Таңба ҚЖТТХК 5.2 мен 5.3-тараулардың талаптарына сәйкес басылады. Бұйымдар қапталмаған жағдайда, таңба бұйымның өзіне, оның тірегіне (ложемент) немесе қайта тиеу, сақтау немесе тиеп жөнелтуге арналған құрылғыға басылады.";
мынадай мазмұндағы 67-тармақпен толықтырылсын:
"67. ҚЖ үйінді тасымалдау Халықаралық теңіз ұйымының Теңіздегі қауіпсіздік жөніндегі комитетінің MSC.268(85) қарарымен қабылданған түзетулермен Үйінді жүктерді теңіз арқылы тасымалдау халықаралық кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.".
3. "Кемелермен тасымалдауға арналған қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17025 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелермен тасымалдауға арналған қауіпті жүктердің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 2340 және 2341-жолдармен толықтырылсын:
"
2340 |
Қатты, адамдарға әсер ететін А санатындағы медициналық қалдықтар, | 3549 | 6.2 |
2341 | Кемінде 10% ингаляцияланатын бөлшектерді қамтитын кобальт дигидроксидінің ұнтағы | 3550 | 6.1 |
".