БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
35-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтамаларды бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженің 34 және 36-қосымшаларына сәйкес "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша, ал барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелерге қағаз жүзінде мынадай тәртiппен бередi:
қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістерге қатысты жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтама қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтама бекітілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады;
қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгiзiлетiн өзгерiстерге қатысты емес жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтамалар ағымдағы айдың жиырмасыншы күнiнен кешiктiрілмей айына кемiнде бiр рет, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында – ағымдағы айдың жиырмасыншы күнiнен кешiктiрілмей айына екі реттен асырмай берiледi.";
36-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы Ережелерге және пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгiзiлетiн өзгерiстерге қатысы жоқ қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды ұсынғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде тексереді және жүктейді.";
81-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"81. Қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, ақылы қызметтер қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу үшін жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінім береді.";
83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"83. Мемлекеттік мекеме қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, ақылы қызметтер, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға өтінімді ұсыну негізділігін қамтамасыз етеді.";
87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"87. Қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, ақылы қызмет қолма-қол ақшаны бақылау шоттары осы Ереженің 4-тарауының 8-параграфында көзделген жағдайларда ашылады және олар жабылғанға дейін әрекет етеді.
Сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау қолма-қол ақшаны бақылау шоты қарыздың немесе байланысты гранттың қолданылу мерзіміне ашылады.";
119-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"119. Мемлекеттік мекеменің коды осы Ережеге 60-қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі бойынша, квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоты 61-қосымшаға сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінің өтінім бойынша, ал ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты, шетел валютасындағы шоттар, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттары, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттар осы Ережеге 62-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекеменің өтініші бойынша:
1) мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі таратылған немесе қайта ұйымдастырылған;
2) мемлекеттiк мекемелердiң билiгiнде қалатын олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен ақшаны мемлекеттiк мекеменiң пайдалану құқығы айқындалатын заңнамалық актінің күші жойылған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнен тиiстi қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен шотты ашу үшiн негiз болып табылатын қаржыландыру көзiн алып тастаған;
4) тиiстi қолма-қол ақшаны бақылау шотына мен шотының болу құқығын беретiн заңнамалық негiздеменi жойған;
5) ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шоттары, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттары бойынша операциялар күнтізбелік жыл iшiнде болмаған;
6) қарыз туралы шартта көрсетілген қарызды жабатын күн басталған немесе оның негізінде сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаның бақылау шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шот ашылған байланысты грант туралы шарттың қолданылу мерзімі өткен жағдайларда жабылады.";
121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"121. Ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшасын бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шотты жабу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық органына осы Ережеге 62-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Аумақтық қазынашылық органы тиісті ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шотын, шетел валютасындағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты жабу туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға хат жібереді.
Мемлекеттік мекемелердің шоттарын және қолма-қол ақшаны бақылау шоттары жапқаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі арқылы қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және шоттардың жабылуы туралы хабарламаны электрондық таратуды жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеме қайта ұйымдастырылған және елтаңбалы мөрді жою және қайта ұйымдастырылған мемлекеттiк мекеменің қаржылық құжаттарына қол қоюға құқығы бар адамдар болмауы себебі бойынша осы Ережеге 62-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беру мүмкіндігі болмаған жағдайда өтінімді құқық мирасқоры, ол таратылған жағдайда – бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi, ал бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi таратылған жағдайда – тарату комиссиясы ұсынады.";
123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"123. Жабылатын ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотында, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотында, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотта, шетел валютасындағы шотта ақша қалдығы болған кезде мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі жабылатын:
1) ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
құқықтық мирасқордың ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шотына (бұл ретте, егер құқықтық мирасқорға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатудан түскен ақшаға иелiк ету құқығы берiлсе);
тиiстi бюджет кiрiсiне мынадай жағдайларда:
құқықтық мирасқор болмағанда;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатудан түскен ақшаға иелік ету құқығы берiлмеген құқықтық мирасқор анықталғанда;
құқықтық мирасқорда ол бойынша қалдығы есептелетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) коды болмағанда;
2) қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
құқықтық мирасқордың қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе екінші деңгейдегі банктегі шотына;
құқықтық мирасқор болмаған жағдайда, салымшыға;
құқықтық мирасқор мен салымшы болмаған жағдайда, тиiстi бюджеттiң кiрiсiне;
3) уақытша ақша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
салымшыға;
құқықтық мирасқордың ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
4) шетел валютасындағы шотта – бюджет ақшасы есебінен операциялар жүргізілген кодқа кейін жүргізілген кассалық шығыстарды қалпына келтіре отырып, шетел валютасының қалдығын қайта айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен және/немесе айырбасталған валютаны қайырымдылық және/немесе ақшаны шетелдік валютада уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шотына есептеумен;
құқықтық мирасқордың шетел валютасындағы шотына;
5) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына:
құқықтық мирасқордың квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына;
квазимемлекеттік сектор субъектісі құрылтайшысының шотына;
белгіленген тәртіпте инвестициялық жобаны іске асыруды жалғастырып отырған квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына (бұл ретте, егер құқықтық мирасқорға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны іске асыруды жалғастыру құқығы берілсе);
6) сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
ақша ұлттық валютаға қайта айырбасталған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына;
республикалық бюджеттің кірісіне – шетел валютасының ең аз ақша бірлігін сатып алу және сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына қалдықты қалпына келтіру үшін ақша жетпеген жағдайда;
құқықтық мирасқордың сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
7) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотында:
қарыз берушіге мемлекеттік қарыз беру туралы халықаралық шарттың талаптарына сәйкес немесе донорға байланысты грант туралы шарттың талаптарына сәйкес;
құқықтық мирасқордың сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына;
8) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына берілген шотта:
шетел валютасындағы ақша қалдығын қарыздың валютасына қайта айырбастауды жүзеге асыру жолымен сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына соманы кейіннен қалпына келтіре отырып пайдаланылмаған ақша қалдығын аудару үшін төлеуге берілетін шот ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде электрондық бейне қалыптастырады), төлем тапсырмасын немесе шетел валютасын қайта айырбастауға өтінімді ұсынады.";
123-1-тармақ алынып тасталсын;
124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"124. Мемлекеттік мекеме немесе квазимемлекеттік сектор субъектісі қайта ұйымдастырылған және елтаңбалық мөр жойылған және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің қаржы құжаттарына қол қою құқығы бар адамдардың болмауы себепті осы жабылатын ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотындағы, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоттарына квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына ашылатын шоттағы ақшаның қалдығын Ереженің 123-тармағында көзделген жұмсау бағыттары бойынша аудару үшін төлеуге арналған шотты немесе төлем тапсырмасын беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, құқықтық мирасқор қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекемеге немесе квазимемлекеттік сектор субъектісіне қызмет көрсеткен аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жабылатын ақылы қызметтер, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотындағы, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоттарына, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына ашылатын шоттағы ақша қалдығын Ереженің 123-тармағында көзделген жұмсау бағыттары бойынша аудару туралы қолдаухат жібереді. Құқықтық мирасқордың шотына немесе қолма-қол ақшаны бақылау шотына ақша қалдығын аударған жағдайда қолдаухатқа құқықтық мирасқорлығын растайтын құжаттар қосымша қоса беріледі.
Құқықтық мирасқордың қолдаухаты қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің деректемелерін: мемлекеттік мекеменің немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауын, бизнес сәйкестендіру нөмірі, кодын, қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі, сондай-ақ қол ақшаны бақылау шотында аударуға жататын ақша қалдығының сомасын және аудару үшін барлық қажетті деректемелерді қамтуы тиіс. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі қолдаухатты алған күннен кейінгі күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Ереженің 123-тармағында көзделген жұмсау бағыттары бойынша қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қол ақшаны бақылау шотында, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотындағы, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоттарына ашылатын шоттағы ақша қалдығын аударуды жүзеге асырады.
Квазимемлекеттік сектор субъектісі таратылған жағдайда және елтаңбалық мөр жойылған және таратылған квазимемлекеттік сектор субъектісінің қаржы құжаттарына қол қою құқығы бар адамдардың болмауы себепті қолдаухатты ұсынудың мүмкіндігі болмағанда, қолдаухатты тарату комиссиясы ұсынады.";
171-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"171-1. "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландырудың ұзақ мерзімді шарттары бойынша, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру шарттары бойынша аванстық (алдын-ала) төлем ағымдағы қаржы жылына көзделген шарт сомасының 50 пайызы мөлшерінде жол беріледі.";
172-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"172. Дайындаудың технологиялық мерзімі бір жылдан асатын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде күрделі энергетикалық жабдықты сатып алуды, мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке қаражат төлеуді, қазақстандық астықты экспортқа тасымалдау жөніндегі қызметтерге төлемдерді, науқастарды шетелде емдеуге арналған төлемдерді, ауылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметіне төлемдерді қоспағанда, құрылыспен не ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді реконструкциялаумен, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа объектілерді күрделі жөндеумен, сондай-ақ ағымдағы шығындар бойынша шарттарда мемлекеттік мекеменің қабылданған тауарлардың, (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) әрбір сомасынан бұрын төлеген авансты тепе-тең ұстау туралы шарты болуы қажет.
Қолдану мерзімі қаржы жылынан асатын шарттар бойынша өткен жылдардан ұсталмаған аванстық сомасы болған жағдайда, жаңа қаржы жылында төленуге жататын аванс, атқарылған жұмыстар көлемімен бұрын төленген аванс толық өтелгеннен кейін төленеді.
Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарға ақы төлеу тұтастай алғанда шарттың жалпы сомасының тоқсан бес пайызы шегінде жүргізіледі. Қолдану мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттар бойынша шарттың жалпы сомасынан бес пайызды ұстауды мемлекеттік мекеме объектіні аяқтаудың соңғы жылында жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлінген жағдайда, сондай-ақ қаражат объектіні салуды бастауға бөлінгенде, ағымдағы қаржы жылына аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарттар бойынша бес пайызды ұстау жүргізілмейді. Бұл ретте көрсетілген жағдайларда объектілер бойынша ағымдағы қаржы жылына түпкілікті төлем аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеме ұсынған орындалған жұмыстардың актісі негізінде жүргізіледі.
Орындалған жұмыстар үшін тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы түпкілікті есеп айырысу ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарды аяқтағаннан кейін және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес тапсырыс берушімен қол қойылған объектіні пайдалануға қабылдау актісін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынғаннан кейін жүргізіледі.";
179-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"179. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелді) бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында қаражаты болған кезде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық өндірушілер тізіліміндегі әлеуетті өнім берушілерге аванстық төлемдерді қоспағанда, тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қорытындысы бойынша жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша аванстық (алдын ала) төлемге жол берілмейді.";
183-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"183. Мемлекеттік мекемелердің өткен қаржы жылының желтоқсанында ұсынылған төлеуге берілетін құжаттар бойынша ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт бойынша ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанында көрсетілген қызметтер (коммуналдық қызметтер, көшені жарықтандыру, қоқысты шығару қызметтері, байланыс қызметтері, телерадио хабарларын тарату қызметтері, әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтері) үшін төлеуіне жол беріледі.
Ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт бойынша, өткен қаржы жылындағы желтоқсан үшін төлеуге берілетін құжаттар бойынша ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанында көрсетілген көлік қызметтері және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу үшін мемлекеттік мекемелердің төлеуіне рұқсат етіледі.
Ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанында өткен қаржы жылы үшін жасалған шарт бойынша тауарға билік ету құжаттары (талондар/отын карталары) бойынша немесе ағымдағы қаржы жылының қаңтарында өткен қаржы жылының желтоқсанына жазып берілген төлеуге берілетін құжаттар бойынша автожанармай құю станцияларынан алынған мұнай өнімдері үшін мемлекеттік мекемелердің төлеуіне жол беріледі.
Мемлекеттің мекемелердің мемлекет мүддесін немесе тапсырыс берушілердің мүдделерін төрелік соттарда, шетелдік төрелік соттарда, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында қорғау және білдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатысуымен шетелде жүргізілетін төрелікке дейінгі (сотқа дейінгі) дауларды реттеу бойынша перспективаларын бағалау қызметтері үшін ақы төлеуге ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанында, ағымдағы қаржы жылына арнап жасалған шарт бойынша, өткен қаржы жылының желтоқсан айында қойылған төлеуге берілген құжаттар негізінде жол беріледі.";
191-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"191. Қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асып кететін шарт ағымдағы қаржы жылының міндеттемелер бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған және жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына базалық шығыстарының қаржыландырудың жеке жоспарларында бекітілген сомасына аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркеледі.
Келесі жылдары аталған шартты қайта тіркеу азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімнің негізінде жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына базалық шығыстардың өлшемдерінің сомасына жүргізіледі. Бұл ретте, өтінімге мемлекеттік мекеменің түсіндірме жазбасы қоса тіркеледі, онда міндеттемені тіркеу туралы хабарламалардың нөмірлері мен күндері көрсетіледі.";
196-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"196. Шартты бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде бірнеше бюджеттік кіші бағдарлама бойынша немесе бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының бірнеше ерекшелігі бойынша жасасқан кезде, өтінімдер бюджет шығыстарының әрбір бюджеттік сыныптамасының коды бойынша шарт сомасын көрсете отырып жасалады және беріледі ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша қалыптасады және жіберіледі). Бұл ретте, мемлекеттік мекеме барлық өтінімдерді бір уақытта ұсынады.";
199-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"199. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тіркеуге берілген шартты (қосымша келісімді) "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде мыналарға:
1) мемлекеттік мекеме атауының көрсетілу дұрыстығына;
2) Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік кодының және мемлекеттік мекеменің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша есебінен жасалған шартты тіркеу кезінде тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) түрлерінің кодының және атауының болуына және дұрыстығына;
3) шарт мәнінің Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымына сәйкес шығыстар бағытына сәйкестігіне;
4) аванстық төлем пайызының осы Ережеде белгіленген мөлшерден асып түспеуіне;
5) жазумен көрсетілген соманың санмен көрсетілген сомаға сәйкестігіне;
6) қағаз тасығыштағы шартқа (қосымша келісімге) қойылған қолдардың және мөр бедерінің қойылған қолдардың және мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкестігіне, бұл ретте қолдар жарыққа төзімді сиялармен қойылады. Мемлекеттік мекеменің және ақша алушының елтаңбалы мөрінің бедері дәл және анық қойылады. Мемлекеттік мекемелер мен ақша алушыларға ұшып кететін сиялар құйылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Елтаңбалы мөрді қойған кезде ("Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі" мемлекеттік мекемесін қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, мөр бедері дәл және анық қойылады. "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша электрондық түрі ұсынылған кезде мемлекеттік мекеменің және ақша алушының елтаңбалы мөрінің анықтығы тексеріледі;
7) қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асуы мүмкін шарттарды қоспағанда, шарттың қолданылу мерзімін ағымдағы қаржы жылының шегінен асып кетпеуіне;
8) шарт сомасының қабылданбаған міндеттемелер сомасынан асып кетпеуіне;
9) қолданылу мерзімі тек осы Ережеде көзделген жағдайларда ғана ағымдағы қаржы жылынан асатын қосымша келісімдердің, сондай-ақ шарттардың жасалуына;
10) осы Ереженің 167-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі шарттарды тіркеуге ұсынуға;
11) қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттың және жұмыстар көлемдерінің жалпы сомасын тиісті қаржы жылдары бойынша шартты түрде бөлісудің бар-жоғына тексеруді жүзеге асырады;
12) шарттың (қосымша келісімнің) талаптарын қолмен қандай да бір түзетулерге не дұрыстауға жол берілмейді;
13) егер ақша алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, шарт (шарт сомасын өзгертуге арналған қосымша келісім) талаптарында сатып алынатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер және жұмыстар бойынша қосылған құн салығы сомасын міндетті түрде көрсетудің болуы егер ақша алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, қосылған құн салығының болмауы;
14) шарттың, оны аумақтық қазынашылық бөлімшесінде міндетті тіркегеннен кейін күшіне ену талаптарының шартта болуы;
15) ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шарт сомасының жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысында көзделген сомасынан асып түспеуіне;
16) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру есебінен іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған шартта орындаушы Ұлттық ғылыми кеңестің оң шешімін алғаннан кейін түпкілікті төлемді жүзеге асыру міндетті шартының болуы;
17) шетел валютасындағы келісім-шарттың мәні 8-08 "Шетел валютасындағы шоттардың тізбесі" нысанындағы шығыстардың рұқсат етілген бағыттарының сәйкестігіне;
18) мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жөніндегі талаптар қолданылмайтын тауарларды (жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға арналған шарттар бойынша шарттың кіріспесінде шарт жасалған заңнамалық актінің бабына (тармақшасына, тармағына) сілтеме міндетті түрде көрсетілуі бар болуы қажет.";
213-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"213. Мемлекеттiк мекемелердiң төлемдерi мен ақша аударымдары қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттiк мекемелердің шетел валютасындағы шоттарындағы қалдықтар, сондай-ақ төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының жоспарлы тағайындаулары мен шартты тiркеу туралы хабарламаның пайдаланылмаған қалдығы шегiнде өткiзiледi. Мемлекеттiк мекемелердiң қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының және шетел валютасындағы шоттарының жеке сәйкестендiру кодтары осы Ережеде белгiленген тәртiппен берiледi және тиiстi аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi мен мемлекеттiк мекемелердiң назарына жеткiзiледi.
Жеке жоспар шығыстарының бюджеттiк сыныптамасының тиiстi коды бойынша жоспарлы тағайындау болмаған не жеткiлiксiз болған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi төлеуге берiлетiн шотты орындамай қайтарады.
Республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша жеткiлiксiз болған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi бiрiншi кезекте бюджет шығыстарының басым бағыттары бойынша төлемдер жүргiзедi. Бюджет шығыстарының басым бағыттарына жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді, оның ішінде штаттан тыс техникалық персоналдың жалақысын, жалақыдан барлық ұстауларды, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген ақшалай өтемақылардан, алименттерден, міндетті зейнетақы жарналарынан, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарынан, ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды, стипендияларды, банктік қызмет, Қазақстан Республикасы Үкіметінің борыштық міндеттемелерін өтеу және қызмет көрсету жөніндегі, зейнетақыларды, жәрдемақыларды және басқа әлеуметтік төлемдерді, бюджеттік субвенцияларды, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, отын сатып алуға (ғимараттарды жылыту бөлігінде), тамақтануды ұйымдастыру және тамақ өнімдерін сатып алу бойынша қызметтерді, атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындауға, қызметтік іссапарларға арналған шығындарды төлемдерді жүргізуге (төлеуге) байланысты шығыстар жатады. Қалған төлемдер төлем шоттарының түсу кезектiлiгi тәртiбiмен жүргiзiледi.
Жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында ақша жеткiлiксiз болған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi бiрiншi кезекте жергілікті атқарушы органның шешімімен айқындалған бюджеттер шығыстарының басым бағыттары бойынша төлемдер жүргiзіледi, қалған төлемдер төлем шоттарының түсу кезектiлiгi тәртiбiмен жүргiзiледi.
Ақша болмаған жағдайда немесе қағаз жеткізгіште не "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесі бойынша электронды түрде түсіп, қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесіне енгізілген төлем шотын орындауға ақша жеткіліксіз болған жағдайда, төлем шоты келесі күні мемлекеттік мекемеге қайтару себебін негіздей отырып, орындаусыз қайтарылады.
Тиiстi қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында ақша жеткiлiксiз болған жағдайда салықтың (оның ішінде қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың) және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердiң, мемлекеттік кірістер органдары және (немесе) уәкiлеттi органдардың құзыретi шегiндегi салықтық емес төлемдердiң артық төленген сомаларын салық төлеушiлерге қайтаруға төлем тапсырмаларын аумақтық қазынашылық бөлiмшесi орындауға қабылдамайды.
Бірыңғай қазынашылық шоттан ақшаны есептен шығару бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган "Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 31 тамыздағы № 201 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14310 болып тіркелді) және "Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 31 тамыздағы № 211 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14333 болып тіркелді) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясының төлем жүйелерi арқылы жiберiлген электрондық төлем құжаттары негiзiнде жүргiзiледi.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңның немесе мәслихат шешiмiнiң жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiне немесе мәслихатқа енгiзiлген күннен бастап, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган ұсынған деректердің негiзiнде бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның нұсқауы бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесi жоспарлы тағайындауларды азайту жоспарланатын бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар), ерекшелiктер бойынша төлемдер жүргiзудi тоқтата тұрады.
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша төлемге шоттарды Мемлекеттік мекеме қалыптастырғанға дейін осы Ереженің 86-қосымшасы бойынша 0_07 "Бюджет бойынша мемлекеттік мекеменің бос қалдықтары бойынша есеп" есебіне сәйкес шығыстардың бюджеттік сыныптамасының, төлемдер бойынша жеке жоспардың тиісті коды бойынша жоспарлы жұмсалымдардың жеткіліктілігін тексеру жүзеге асырылады.";
221 және 222-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"221. Төлем жүргізілгеннен кейін мемлекеттік мекемелердің төлеуге берілетін шотының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың төлем тапсырмаларының екінші данасы және осы Ережеге 91-қосымшаға сәйкес 5-15 "Мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторының, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының төлемдерін жүргізу жөніндегі күнделікті үзінді көшірмесі" нысаны бойынша қалыптастырылған есеп (бұдан әрі – 5-15-нысан), төлеуге берілетін шотта төлем жүргізілген күнді және 5-15-нысанда салыстыру жүзеге асырылған күнді көрсете отырып, салыстырылады, аумақтық қазынашылық бөлімшенің жауапты орындаушысының қолымен, мөртабанының бедерімен куәландырылады және мемлекеттік мекемеге, квазимемлекеттік сектор субъектісіне, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторына, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыға беріледі.
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер/квазимемлекеттік сектор субъектілері, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторлары, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар 5-15-нысан бойынша есепті дербес қалыптастырады.
222. Қолма-қол ақшаның тиiстi бақылау шоттарында төлеуге берiлетiн шоттарды орындау үшiн ақша болмаған не жеткiлiксiз болған жағдайларды қоспағанда, жергілікті уақытпен сағат 16.00-ге дейін түскен қағаз тасығыштағы төлеуге берiлетiн шот орындалады не орындалмай оны аумақтық қазынашылық бөлiмшесi қабылдаған күннен кейiнгi күннен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде қайтарылады.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекемелерден сағат 16.00-ден кейін қағаз тасығышта түскен төлеуге берілетін шоттар келесі жұмыс күні түскен болып саналады.
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша түскен төлеуге берілетін шот орындалады не орындалмастан келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей қайтарылады.
Қағаз тасығыштағы төлеуге берiлетiн шот және "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша электрондық түрде түскен төлеуге берiлетiн шот:
1) төлеуге берiлетiн шоттың нысаны мен мазмұны бойынша осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес келмеген;
2) растайтын және осы Ережеде көзделген өзге құжаттардың мазмұны бойынша осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік мекеменің ағымдағы шотын (корпоративтік төлем карточкасын) толықтыру үшін сомаларды аудару бойынша шектеуді арттырған;
4) ұсынылған МТ-002, МТ-003, МТ-004, МТ-005, МТ-007 төлемдер форматтарындағы электрондық хабарлама деректері төлеуге берілетін шоттың мынадай - деректеріне сәйкес болмаған:
атауларының толық және қысқартылып көрсетілуіне байланысты алшақтықтарды қоспағанда, мемлекеттік мекеменің атауы мен ақша алушының атауы;
төлеуге берілетін шоттың сомасы мен МТ-002, МТ-003, МТ-004, МТ-005, МТ-007 төлемдер форматтарындағы электрондық хабарламаларының жалпы сомасы;
төлемнің мақсатында көрсетілген шығыстардың бағыты;
5) түзетулермен, оның iшiнде қолмен түзетiлiп ұсынылған;
6) осы Ережеде көзделген растау құжаттары, оның iшiнде магниттiк (электрондық) тасығыштарда қосымшасыз немесе мемлекеттік мекеме басшысының немесе уәкілеттік берілген адамның қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылмаған қосымшамен (сканерленген түрі тіркелмеген немесе мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қойылмаған сканерленген түрі тіркелген) ұсынылған;
7) талап етiлген жолдарда қойылған қолдар және (немесе) мөр бедерi болмаған;
8) қойылған қолдар және (немесе) мөр бедерi қойылған қолдардың және мөр бедерiнiң үлгiсi бар құжатқа сәйкес келмеген;
9) құжаттың барлық даналарындағы талап етiлген жолдарда мөр бедерi дәл (анық) қойылмаған;
10) санмен көрсетiлген сома жазылған сомаға сәйкес келмеген;
11) төлеуге берiлетiн шоттарда көрсетiлген, бағдарламалық тексеруге жататын деректер қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесіне енгiзiлген деректерге сәйкес келмеген;
12) төлемнің мақсаты Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымына сәйкес шығыстардың бағытына, бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасына сәйкес келмеген;
13) банктік деректемелерді қоспағанда, төлеуге берiлетiн шоттар деректемелерi төлеуге берiлетiн шоттарға қоса берiлген (осы Ережеде белгiленген жағдайларда құжаттар қоса берiлген (сканерленген түрi жапсырылған) кезде) растайтын құжаттардың деректемелерiне сәйкес келмеген;
14) төлем сомасы қаржыландырудың жеке жоспарының тиiстi кезеңдегi (өспелi қорытындылармен) төлемдерi бойынша пайдаланылмаған қалдығы сомасынан асып кеткен, сондай-ақ төлем сомасы растайтын құжаттардың сомасынан асып кеткен;
15) аванстық төлем пайызы, республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруды қоспағанда, осы Ереженiң 168-181-тармақтарында көзделген мөлшерiнен асып кеткен;
16) төлеуге берiлетiн шоттың бiрiншi данасының деректемелерi төлеуге берiлетiн шоттың екiншi данасының деректемелерiне сәйкес келмеген;
17) төлеуге берiлетiн шоттың қолданылу мерзiмiнен асатын мерзiмде берiлген;
18) ұсынылған төлеуге берiлетiн шоттар саны төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнде көрсетiлген санға сәйкес келмеген;
19) осы Ереженің 142, 143, 144, 145 және 146 қосымшаларына сәйкес төлем форматындағы бойынша қателерді анықтау;
20) сот актілерін орындау жөніндегі мемлекеттік мекемелер ақшаны уақытша орналастыру шотынан төлемдер жүргізген кезде төлем шоттарымен берілетін сот актілерінің төлем шотының деректеріне сәйкес келмеген;
21) ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарды аяқталған және орындалған жұмыстар үшін түпкілікті есеп айырысу үшін объектіні пайдалануға қол қойылған қабылдау актісін ұсынбаған;
22) тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлеуге берілген шоттың электронды түрі қате таңдалған (шарттарды тіркелгені туралы хабарламамен төлеуге берілген шотпен келісілмеуі) жағдайда қайтарылады (қабылданбайды).
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша электрондық түрде келіп түскен төлеуге берілетін шоттағы деректердің қабылдау және одан әрі өңдеу кезеңінде жоғарыда санамаланған талаптарға сәйкессіздігі анықталған кезде, төлеуге берілетін шот осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасап, қабылдамау себебін көрсете отырып, электрондық түрде мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
Қабылдау кезеңінде қағаз тасығыштағы төлеуге берілетін шотта жоғарыда санамаланған жағдайларға сәйкессіздік анықталған кезде хат ресімделместен, төлеуге берілетін шоттардың тізілімінің бірінші данасында мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының қолымен қайтару туралы белгі қойыла отырып, екінші данада – аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысының қолымен қайтарылады. Қабылданғаннан кейін тексеру барысында сәйкессіздік анықталған кезде төлеуге берілетін шот аумақтық қазынашылық бөлімшесі бастығының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қолымен жазбаша негіздеме бере отырып қайтарылады.
Құпия.";
224-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"224. Қағаз жеткізгіштегі және "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша түскен төлеуге берілетін шот былайша ресімделеді:
1) "№ төлеуге берілетін шот" ашық жолағында мемлекеттік мекеменің жеті мәнді кодынан тұратын, төлем мен ақша аудару жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының соңғы екі саны бөлшек сызығы арқылы, дефис арқылы – төлеуге берілетін шоттарды тіркеу журналындағы жазбаның реттік нөміріне сәйкес келетін реттік нөмірінен тұратын төлеуге берілетін шоттың нөмірі көрсетіледі;
2) "Күні" ашық жолағында төлеуге берілетін шот үзіндісінің күні көрсетіледі;
3) "Мемлекеттік мекеме" бөлімінде:
"Нақты төлеуші" ашық жолағында нақты төлеушінің толық немесе қысқартылған атауы көрсетіледі;
"Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес-сәйкестендіру нөмірі" ашық жолағында нақты төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
"Мемлекеттік мекеменің коды" ашық жолағында Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына сәйкес мемлекеттік мекеменің жеті белгіден тұратын коды көрсетіледі;
"Атауы" ашық жолағында мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке/анықтамаға сәйкес келетін мемлекеттік мекеменің толық атауы көрсетіледі; аумақтық қазынашылық бөлімшесі мен мемлекеттік мекеменің жұмысын қиындатпайтын ұйымдық-құқықтық нысанының және мемлекеттік мекеменің атауын қысқартуға жол беріледі;
"Бизнес-сәйкестендіру нөмірі" ашық жолағында мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте/анықтамада көрсетілген мемлекеттік мекеменің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
"Резиденттік елі" ашық жолағында ақша төлеуші немесе алушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, резиденттік елі – ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 "Елдердің атаулары мен олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес тиісті елдің екі әріптен тұратын коды көрсетіледі;
"Аумақтық қазынашылық бөлімшесі" ашық жолағында мемлекеттік мекемеге қызмет көрсететін аумақтық қазынашылық бөлімшесінің атауы көрсетіледі;
"Банктік сәйкестендіру коды" ашық жолағында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі;
4) тиісті жеке сәйкестендіру коды "Жеке сәйкестендіру коды" ашық жолағында мыналар бойынша көрсетіледі:
операцияларды есептеу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шоты:
мемлекеттік мекеменің қаржыландыру көзіне қарай республикалық бюджетке (облыстық бюджетке (республикалық маңызы бар қала (астана) бюджетіне), аудан (облыстық маңызы бар қала) не аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетіне) түсетін түсімдерді есепке алу;
мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатуынан түсетін ақшаны есепке алу және олардың есебінен есеп айырысулар жүргізу;
мемлекеттік мекемелер үшін қайырымдылық көмектен түсетін, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес алатын ақшаны есепке алу және жұмсау;
мемлекеттік мекемеге қайтарымды не белгілі бір жағдайлар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында жеке және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны есепке алу;
ерекше шығыстарды жүргізуге арналған бюджет ақшасын есепке алу және оларды пайдалану;
5) "Қаржыландыру көзі" ашық жолағында қаражаты есебінен төлем мен ақшаны аудару жүзеге асырылатын қаржыландыру көзінің түрін білдіретін белгі көрсетіледі:
1 – үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бірлесіп қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражатының есебінен;
2 – үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бірлесіп қаржыландыру қаражатының есебінен;
3 – мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатуынан түсетін ақшаның есебінен;
4 – қайырымдылық көмектен түсетін ақша есебінен;
5 – жеке және (немесе) заңды тұлға қайтарымды шарттарда мемлекеттік мекемеге беретін ақшаның есебінен;
8 – ерекше шығыстардың есебінен;
6) "Бюджет түрі" ашық жолағында қаражатының есебінен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджет түрін білдіретін белгі көрсетіледі:
01 – республикалық бюджет;
02 – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджет;
03 – аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет;
06 – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті;
7) "Шығыстардың бюджеттік сыныптамасының коды" ашық жолағында бюджет қаражатының немесе мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін ақшаның есебінен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезінде ғана толтырылады; онда кезектілікпен үш мәнді бюджеттік бағдарлама әкімшісінің, бюджеттік бағдарламаның, бюджеттік кіші бағдарламаның шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің кодтарын білдіретін он екі мәнді код көрсетіледі. Мемлекеттік мекеме бюджеттік сыныптамасының коды заңды қолданылуын қамтамасыз етеді;
8) "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) коды" мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін ақшаның есебінен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекемелер өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) коды көрсетіледі;
9) "Ақшаны алушы" бөлімінде:
"Атауы" ашық жолағында – заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке/анықтамаға сәйкес келетін ақшаны алушының атауы және жеке тұлға үшін тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) бар болса жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес атауы дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы хабарламаға/"Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "Е-лицензиялау" порталынан растауға, жеке сот орындаушысы ретінде қызметін атқару құқығына уәкілетті орган берген лицензияға немесе "Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "Е-лицензиялау" порталынан растауға сәйкес атауы көрсетіледі; аумақтық қазынашылық бөлімшесінің, мемлекеттік мекеменің, ақша алушының және оған қызмет көрсететін банктің жұмысын қиындатпайтын ақша алушының және оған қызмет көрсететін банктің ұйымдық-құқықтық нысанының және ақша алушының атауын қысқартуға жол беріледі;
10) "Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес-сәйкестендіру нөмірі" ашық жолағында ақша алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі;
11) "Банк" ашық жолағында ақшаны алушыға қызмет көрсететін банктің атауы көрсетіледі;
12) "Банктік сәйкестендіру коды" ашық жолағында ақшаны алушы банктің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі;
13) "Жеке сәйкестендіру коды" ашық жолағында банктен ақша алушының банктік шотының нөмірі көрсетіледі;
14) "Нақты (түпкілікті) бенефициар" ашық жолағында нақты (түпкілікті) алушының толық немесе қысқартылған атауы көрсетіледі;
15) "Жеке сәйкестендіру нөмірі (Бизнес-сәйкестендіру нөмірі)" ашық жолагында нақты (түпкілікті) алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
16) "Резиденттік елі" ашық жолағында төлеуші немесе алушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, резиденттік елі – ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 "Елдердің атаулары мен олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес тиісті елдің екі әріптен тұратын коды көрсетіледі;
17) "Бенефициардың банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы" ашық жолағында төлеуші немесе алушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, нақты (түпкілікті) алушының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының атауы көрсетіледі;
18) "Делдал банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы" ашық жолағында төлеуші немесе алушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, делдал банкінің атауы көрсетіледі;
19) "Түсімдер бюджеттік сыныптамасының коды" ашық жолағында – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша төлем есепке алынатын түсімдердің бюджеттік сыныптамасының коды (бюджетке төлемдерді жүзеге асыру кезінде ғана толтырылады) немесе шетел валютасына айырбастауға арналған төлемдерді жүргізу кезіндегі ерекшелік коды көрсетіледі;
20) "Төлем мәртебесі" ашық жолағында "ағымдағы" не "түпкілікті" деп көрсетіледі;
21) "Төлемнің мақсаты" ашық жолағында: төлемнің мақсаты, құжаттың атауы, нөмірі мен күні (тауарларды жеткізу туралы шот-фактуралар немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе осының негізінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа құжат) көрсетіледі. Бұл ретте растайтын құжаттардың күні төлеуге берілетін шотты қалыптастыру күнінен кеш болмауға тиіс. Және қосымша:
тіркелген шарттар (қосымша келісімдер) жөніндегі төлеуге берілетін шоттар бойынша - хабарламаның нөмірі мен күні;
сот актілерін орындау бойынша ақшаны қайтару/аудару бойынша төлемге берілетін шоттар бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шотынан ақшаны уақытша орналастыру - ақшаны алу үшін түскен сомаларды растайтын факті, сот шешімінің не сот актілерінің негізінде берілген атқарушылық парақтың, сот бұйрығының нөмірі мен күні.
Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қолма-қол ақшаны бақылау шотынан ақшаны уақытша орналастыру шотынан ақшаны алу үшін төлеу шотын ұсыну кезінде комиссия шешімінің нөмірі мен күні, құжаттардың нөмірі мен күні (шот-фактуралар немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе оның негізінде тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа құжат).
"Бірыңғай сатып алу платформасы", "Электрондық шот-фактуралар" және "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы автоматты түрде қалыптастырылған төлеуге берілетін шотты алған жағдайда, "Төлем мақсаты" жолында электрондық шот-фактурадан төлемнің мақсаты автоматты түрде көрсетіледі, бұл ретте хабарламаның нөмірі, күні және растайтын құжаттың нөмірі, күні көрсетілмейді;
22) "Сомасы" ашық жолағында төлеуге берілетін шоттағы теңге және тиын сомасы санмен көрсетіледі;
23) "Жазбаша сомасы" ашық жолағында - төлеуге берілетін шоттың теңгедегі сомасы жазбаша бас әріппен көрсетіледі, тиын сомасы - санмен көрсетіледі;
24) қағаз тасығыштағы төлем шотының "Мөр орны" ашық жолағында мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрінің бедері қойылады, елтаңбалы мөрді қойған кезде ("Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі" мемлекеттік мекемесін қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескін дәл және анық болуы тиіс.
Мөр уақытша болмаған жағдайда құжаттар аумақтық қазынашылық бөлімшесіне "Мөр орны" ашық жолағында "уақытша мөрсіз" деген белгімен мөрдің бедерісіз беріледі;
25) қағаз тасығыштағы төлем шотының "Басшының тегі, аты, әкесінің аты, қолы" ашық жолағында – құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес бірінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының, ал мұндай болмаған жағдайда – қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес мемлекеттік мекеме басшысының қойылған жеке қолы және қолының таратып жазылуы (атының және (немесе) әкесінің атының басқы әріптері) көрсетіледі;
26) қағаз тасығыштағы төлем шотының "Бас бухгалтердің тегі, аты, әкесінің аты, қолы" ашық жолағында – құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес екінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының, ал ондайлар болмаған жағдайда – қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес мемлекеттік мекеме басшысының жеке қолы және қолының таратып жазылуы (атының бас әрпі және тегі) көрсетіледі.
"Қазынашылық–клиент" ақпараттық жүйесі бойынша төлем шотына орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес бiрiншi қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеме басшысының, мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады, ал ондайлар болмаған жағдайда – қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының және орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес екінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының не бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасы, ал ондайлар болмаған жағдайда – қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының қолы қойылады.
Қол қою кезінде өшпейтін төзімді сиялар пайдаланылады, ұшып кететін сиялар құйылған фломастер және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
"Ақша жөнелтушінің коды", "Бенефициардың коды", "Төлем белгілеу коды" ашық жолақтарын толтыру "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";
225-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"225. Электрондық төлеуге берілетін шоттарды жасау кезінде тиісті электрондық ашық жолақтарда төлем түрін көрсету қажет:
1 - қарапайым төлем;
2 - қосымшамен зейнетақы (мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары) жарналар;
3 - еңбекақыны және дивидендтерді аудару;
4 - қосымшамен әлеуметтік аударымдар;
5 - қосымшамен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар;
6 - қосымшамен заңды тұлғаларға төлем;
7 - қосымшамен жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлемдер.";
234-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"234. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы және басқа да ақшалай төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар мен басқа да төлемдерді олардың ағымдағы шоттарына немесе салымдар, мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары, кәсіби және ерікті зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар, сақтандырудың жинақтаушы түрі шарттары бойынша банкте ашылған жинақ ақша шоттарына аудару жөнiндегi төлемдердi жүргiзу үшiн төлеуге қағаз тасығышта берiлетiн шоттармен бiрге мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженің 142, 143, 144, 145 және 146 қосымшаларына сәйкес төлемдер форматтында ақшаны алушылардың тізімін ұсынады.";
235-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"235. Мемлекеттік мекемелердің/квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлеріне жалақы мен басқа да ақшалай төлемдерді, жеке тұлғаларға стипендияларды және басқа да төлемдерді ағымдағы шоттарға немесе міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, міндетті медициналық сақтандыру үшін жарналар және (немесе) төлемдер ақша алушылардың жинақ шоттарына аудару жөніндегі төлемдер жүргізгеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы осы Ережеге 95-қосымшаға сәйкес 5-15А "Ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірме" нысаны бойынша ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірмені (бұдан әрі – үзінді көшірме) қалыптастырады. Үзінді көшірме операциялық күн жабылғаннан кейін қалыптастырылады. Үзінді көшірменің әрбір беті құжатты өңдеу күнін көрсете отырып, жауапты орындаушының қолымен, мөртабанының бедерімен расталады және осы Ереженің 221-тармағында көзделген құжаттармен бірге мемлекеттік мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне беріледі.";
236-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"236. Үзінді көшірмелер мемлекеттік мекеме олардың негізінде ақша алушылардың тізімін және тиісінше ақша алушылардың ағымдағы шоттарға немесе жинақ ақша шоттарына, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылған соманы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа да ақшалай төлемақылар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, міндетті медициналық сақтандыру үшін жарналар және (немесе) төлемдер жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемақылар бойынша бастапқы құжаттардың деректерімен жолма-жол салыстырып тексеруді жүзеге асыратын құжаттар болып табылады.
Үзінді көшірмелерді мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа ақшалай төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, міндетті медициналық сақтандыру үшін жарналар және (немесе) төлемдер жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемдер бойынша бастапқы құжаттармен бірге тігеді және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде сақталады.";
237-1-тармақтың бірінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
243-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"243. Мемлекеттік мекеменің Осы Ереженің 234-тармағында көзделген шығыстарды қоспағанда шарт жасамастан не аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелуді талап етпейтін шығыстардын бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша шарт жасаса отырып, шығыстардың түрлері бойынша төлемдер жүргізу үшін төлеуге берілетін шотты қалыптастыру мен ұсыну негіздеме болып табылады:
тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде – шот-фактуралар немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акті), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету кезінде – акті жасалмайтын қызметтерді қоспағанда, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрі (бұдан әрі – растаушы құжаттар);
қолма-қол ақшаны және чекті алуға арналған өтінім;
сот мөрінің бедерімен расталған заң күшіне енген шешім не ұйғарым, не қаулы, не сот бұйрығы;
инкассалық өкім;
осы Ережеге 98-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса қаржыландыру қаражатын немесе байланысқан гранттарды ұлттық валютада жұмсаған кезде үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысқан гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражатын алуға өтiнiм.
Сатып алынуы бірнеше шығыстардың бюджеттік сыныптамасының коды бойынша жіктелетін шарт жасамай-ақ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу кезінде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бірнеше түрлеріне бір құжатты ресімдеген жағдайда төлеуге берілетін шотты жасау әрбір шығыстардың бюджеттік сыныптамасының коды бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте құжаттың қорытынды сомасы барлық төлеуге берілетін шоттардың қорытынды сомасына сәйкес келуі тиіс.
Шарт жасаусыз негізінде мемлекеттік мекеме тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуды жүзеге асыратын құжатта мынадай ақпараттың болуы міндетті:
атына құжат ресімделген мемлекеттік мекеменің атауы (аумақтық қазынашылық бөлімшесінің және мемлекеттік мекеменің жұмысын қиындатпайтын ұйымдастыру-құқықтық нысанының атауын және мемлекеттік мекеменің атауын қысқартуға жол беріледі);
ақша алушының, оның ішінде алушы банктің деректемелері;
ағымдағы қаржы жылында жүзеге асырылуы тиіс ресімдеу күні (күн, ай, ағымдағы қаржы жылы);
тауардың (жұмыстың, қызметтің) атауы, саны мен (қосылған құн салығының сомасын не қосылған құн салығының болмауын міндетті түрде көрсете отырып) сомасы;
ақша алушының қолы мен мөр бедерінің болуы (ол болған жағдайда).";
269-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік мекеменің ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түсімдер бойынша 902-шотына есептелген сомалар 2-38-нысан бойынша төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелер болмаған немесе қате көрсетілген кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекеме хатының негізінде деректемелерді нақтылаған кезде ақшаны алушыға есептейді.";
278-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"278. Инкассолық өкiм соттардың заңды күшiне енген шешiмдерiне, ұйғарымдарына, қаулыларына, бұйрықтарына, атқарушылық жазбаға сәйкес берiлген, сондай-ақ пайда болған салық берешегiн, мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары немесе әлеуметтiк аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектi, кеден органдары алдындағы берешектi өтеуге байланысты атқарушылық құжаттарды мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің мәжбүрлi түрде орындауына негiз болып табылатын құжатты бiлдiредi. Инкассолық өкiм мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі төлемiнiң негiздiлiгiн растайтын құжат болып табылады.";
283-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"283. Инкассолық өкімді, мемлекеттік кірістер органдарының өкімін, сот актілерін, анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулыларын, прокурор санкция берген атқарушылық іс жүргізу органдарының қаулыларын, атқарушылық іс жүргізу органдарының қаулыларын, нақты ақша сомасына тыйым салу туралы сот санкция берген атқарушылық іс жүргізу органдарының қаулыларын, басқа міндеттемелерді орындауға тыйым салатын атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау туралы қаулыларды алғаннан кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы:
1) мемлекеттік мекемеге инкассолық өкімді тіркеген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей инкассолық өкімді қою және мына:
мемлекеттік мекемелердің қызметін ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша;
міндеттемелерді тіркеу және мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтер қолма-қол ақшаны бақылау шоты бойынша төлем жүргізу жөнінде;
мемлекеттік мекеменің қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшаны бақылау шоты бойынша төлем жүргізу жөнінде;
осы Ережеге 278-тармақта көзделген жағдайларда инкассолық өкімнің бірінші данасы мен атқарушы құжаттың көшірмесі қоса беріле отырып, операцияларды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама (бұдан әрі – хабарлама хат) жібереді. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінде инкассолық өкімнің екінші данасы, оны атқарушы құжаттар негізінде қойған жағдайда – инкассолық өкімнің көшірмесімен бірге атқарушы құжаттың түпнұсқасы (көшірмесі) қалады;
2) сол күні мыналар бойынша:
жалақы және басқа да ақша, оның ішінде техникалық персоналдың төлемдері;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
міндетті зейнетақы жарналары;
кәсіби зейнетақылық жарналары;
жалақы мен басқа да ақшалай төлемдерден ұстаулар;
әлеуметтік аударымдар;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар;
банк қызметтеріне ақы төлеу бойынша төлемдер мен ақша аударымдары жүзеге асырылатын шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтарын қоспағанда, қызметтерін қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) пайдаланылмаған қалдықтары бойынша операцияларды тоқтата тұру жүзеге асырылады.";
296-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"296. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне сот актiлерi, анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары, белгiлi бiр ақша сомасына тыйым салуды қолдану туралы прокурор санкциялаған атқару өндiрiсi органдарының қаулылары, сот санкциялаған атқару өндiрiсi органдарының қаулылары, атқару құжатын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау туралы қаулылары түскен кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы:
1) мемлекеттiк мекеменiң кодына:
мемлекеттiк мекеменiң қызметiн ұстау жүзеге асырылатын бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша, мыналар:
жалақы және басқа да ақша төлемдері, оның iшiнде техникалық персонал бойынша;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ақшалай өтемақы;
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер;
мiндеттi зейнетақы жарналары;
кәсіби зейнетақы жарналары;
жалақы мен басқа да ақшалай төлемдерден ұстаулар;
әлеуметтiк аударымдар;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар;
банк қызметтерiне ақы төлеу;
Қазақстаннның жоғарғы оқу орындары алушылары болып табылатын мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жүргендерге степендиялық қамтамасыз етуге ақшалай қаражаты;
аймақты зейнетақысы, қосымша төлемдері бойынша қаражаттарын аудару бойынша төлемдер мен ақша аударымдары жүзеге асырылатын шығыстар бюджеттік сыныптамасының кодтарын қоспаған жағдайда;
2) ақылы қызметтер, қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына атқарушы құжаттың сомасына инкассалық өкiм қойылған жағдайда;
3) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына инкассалық өкім атқарушылық құжат сомасында қойылған жағдайда шығыс операцияларын жүргізуді тоқтатады.";
297-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"297. Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік кірістер органдарының бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғамен қол қойылған, елтаңбалық мөрімен расталған шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органының өкімі қағаз тасығышта не электронды құжат айналымы жүйесі арқылы келіп түскен кезде, қазынашылықтың жауапты орындаушысы салық және кеден заңнамасында көзделген шығыстарды қоспағанда, қолма-қол ақшаны бақылау шоттары бойынша өкімінде көрсетілуі бойынша мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің барлық төлемдері мен аудармаларын жүргізуді тоқтатады.
Қазынашылық органдарына ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғамен қол қойылған, елтаңбалық мөрімен расталған шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның өкімі қағаз тасығышта не электронды құжат айналымы жүйесі арқылы келіп түскен кезде, қазынашылықтың жауапты орындаушысы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында және осы Ереженің 296 тармағының 1)-тармақшасында көзделген шығыстарды қоспағанда, өкімінде көрсетілуі бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтар мен шоттар бойынша мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің барлық төлемдері мен аудармаларын жүргізуді тоқтатады.
Мемлекеттік кірістер органның және (немесе) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның өкімдерімен тоқтатылған мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің барлық төлемдер мен ақша аударымдары, мемлекеттік кірістер органның және (немесе) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның өкімдерімен күшін жою туралы бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған, мемлекеттік кірістер органның және (немесе) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі органның елтаңбалы мөрімен куәландырылған құжаттың негізінде жаңартылады.
Өкімнің күшін жою туралы құжат, мемлекеттік кірістер органының және (немесе) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органының атауы мен бизнес-сәйкестендіру нөмірін, мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы мен бизнес-сәйкестендіру нөмірін,, оның негізінде шығыс операциялары тоқтатылған өкімнің нөмірі мен күні, шығыс операцияларын қайта жандандыру керек мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің код нөмірін және шоттары қамтиды.";
302-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"302. Мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттер сомасы осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының актісіне қол қойылғаннан кейін үш айдан кешіктірілмей міндетті түрде қайтаруға жатады.
Төмен тұрған бюджеттердiң ағымдағы жылдың нысаналы трансферттерi бойынша да, өткен жылдардың нысаналы трансферттерi бойынша да жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттердiң мақсатқа сай пайдаланылмаған сомаларын өтеуді тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті түзету кезінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарымен тиісті жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Бұл сомалар жоғары тұрған бюджет үшін нысаналы трансферттерді өтеу сомалары, ал төмен тұрған бюджет үшін - нысаналы трансферттерді өтеу жөніндегі шығыстардың сомалары болып табылады.
Қаражат аударуды төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарымен Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бюджет шығыстары функционалдық сыныптамасының тиісті бюджеттік бағдарламасы бойынша төлеуге берілетін шот және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының ұсынымы негізінде жүргізеді.
Бұл ретте төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттары мақсатқа сай пайдаланылмаған қаражатты әрбір қайтару бойынша төлеуге берілетін шоттың көшірмесін және мақсатқа сай пайдаланбауға жол берілген шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтарын қамтитын негіздеме хаттың көшірмесін үш күндік мерзімде жоғары тұрған бюджетке жеткізеді.";
367-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
""Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі арқылы электрондық төлем тапсырмаларын жасау кезінде тиісті электрондық жолақтарда төлем түрін көрсету қажет:
1 - қарапайым төлем;
2 - қосымшамен зейнетақы (мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары) жарналары;
3 - еңбекақыны және дивидендтерді аудару;
4 - қосымшамен әлеуметтік аударымдар;
5 - қосымшамен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар;
6 - қосымшамен заңды тұлғаларға төлем;
7 - қосымшамен жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлемдер.";
378-6-тармақта орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
472-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақпен қарастырылған белгіленген мерзім өткеннен кейін жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді, міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды қайтару бойынша төлемдерді жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдар қайтару сомасы бойынша төлемдерді аудару үшін үш күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге қолдар мен мөр бедерінің уақытша үлгілерін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынады.";
629-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"629. Бюджет кредитінің нысаналы пайдаланылуын бақылауды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, кредит беруші және/немесе сенім білдірілген өкіл (агент) жүзеге асырады.";
657-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"657. Жергілікті атқарушы орган ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша бюджеттік кредит бойынша берешек (мерзімі өткен берешек) сомасын қайтармаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган қазынашылықтың тиісті аумақтық бөлімшелеріне тиісті жергілікті атқарушы орган Әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және бюджеттік бағдарлама бойынша төлемдерді жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының актісіне қол қойғаннан кейін үш ай ішінде жоғары тұрған бюджеттен бөлінген мақсатсыз пайдаланған бюджеттік кредит сомасын қайтармаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган қазынашылықтың тиісті аумақтық бөлімшелеріне тиісті жергілікті атқарушы органның Әкім аппаратының қызметін қамтамасыз ететін азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және бюджеттік бағдарлама бойынша төлемдерді жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұрылуы туралы жазбаша хабарлама жібереді.";
880-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"880. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын/қосымша келісімдерді, оның ішінде концессия шарттарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне тіркеуге ұсынуды орталық мемлекеттік органдар – мемлекеттік әріптестер және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар оларды "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жасағаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырады.";
884-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"884. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялық шарттарды/қосымша келісімдерді тіркеу үшін бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар әрбір мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің, оның ішінде концессиялық шарты бойынша:
осы Ережеге 137-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеуге арналған өтінімді;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарт/қосымша келісім, оның ішінде концессия;
тиісті бюджет комиссиясының шешімін;
облыс мәслихаты, республикалық маңызы бар қала және астана шешімін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы ұсынады.";
аталған Ережеге 59-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған Ережеге 64-қосымшасы осы бұйрыққа 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған Ережеге 73-қосымшасы осы бұйрыққа 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған Ережеге 88-қосымшасы осы бұйрыққа 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған Ережеге 89-қосымшасы осы бұйрыққа 5-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған Ережеге 107-қосымшасы осы бұйрыққа 6-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған Ережеге 115-қосымшасы осы бұйрыққа 7-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған Ережеге 119-1-қосымшасы осы бұйрыққа 8-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған Ережеге 126-қосымша алынып тасталсын;
аталған Ережеге 142-қосымшасы осы бұйрыққа 9-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Д. Кеңбеил |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы қалдықтар туралы есеп
Өңір: ________________________________
Бюджеттің түрі: _______________________
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі: _________________
Қаржыландыру көзі: ___________________
Ерекшелiк: ___________________________
Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды: ____
Кезең: _______ бастап ___________ дейін
Өлшем бірлігі: мың теңге
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі /мемлекетік мекеме / квазимемлекеттік сектор субъектісі | Атауы | Кіріс қалдығы | Дебет | Кредит | Кезеңдегі сальдо | Шығыс қалдығы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Есеп бойынша барлығы: |
Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы
__________ _______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда)
Мөр орны
Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы ____ ___
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда)
Мөртабан орны
Есепті тексеруге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы
_________ _________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда)
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның басшысы
_________ ______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда)
Мөр орны
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жауапты орындаушысы
________ ____________+++________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда)
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы ______ ______________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
(ол болған жағдайда)
Мөртабан орны
Ақша алушыны ақша алушы анықтамасына енгізуге өтінім
Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды
___________________________________
Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы
___________________________________
№ | Ақша алушының атауы | Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы | Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы | Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы | Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы | Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Мемлекетік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы ______
_______________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда)
Мөр орны
Мемлекетік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің бас бухгалтерi
______ _______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда)
Мөртабан орны
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 5 наурыздағы № 103 Бұйрығына 3-қосымша |
|
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне 73-қосымша |
|
Нысан |
Шетел валютасындағы ақша алушыны енгізуге өтінім
А. Өнім беруші (бюджет қаражатын алушы) туралы жалпы ақпарат
1. Өнім берушінің (бюджет қаражатын алушы) атауы | |
2. Өнім берушінің (бюджет қаражатын алушы) жеке сәйкестендіру номері * | |
3. Экономика секторы (бенефициар коды) | |
4. Резиденттік елі | |
5. Облыс/республикалық маңызы бар қала | |
6. Аудан/қала | |
7. Мекенжайы | |
8. Қосымша ақпарат ** |
В. Өнім берушінің (бюджет қаражатын алушы) шоты туралы ақпарат
1. Бас банктің атауы | |
2. Банктің банктік сәйкестендіру коды | |
3. Банк бөлімшесінің атауы | |
4. Банк бөлімшесінің банктік сәйкестендіру коды | |
5. Өнім берушінің (бюджет қаражатын алушы) жеке сәйкестендіру коды | |
6. Валюта түрі | |
7. Қосымша ақпарат | |
8. Ел | |
9. Мекенжайы/Қала |
С. Делдал банк туралы ақпарат
1. Банктің атауы | |
2. Банктің банктік сәйкестендіру коды | |
3. Жеке сәйкестендіру коды | |
4. Валюта түрі | |
5. Қосымша ақпарат | |
6. Ел | |
7. Мекенжайы/қала |
Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз
алушының/мемлекетік мекеменің басшысы
_________ ___________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда)
Мөр орны
Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының/ММ бас бухгалтері
_________ ___________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда)
Қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесінде берілген
бірегей нөмір өнім берушінің (бюджеттік қаражат алушының):
Күні __ жылғы "__" ________.
Жауапты орындаушы: ___________________
Ескертпе:
* Ресей Федерациясына ресей рублін аударуға ғана;
** жеке тұлғаларға – жеке тұлғаны куәландыратын құжаттар
(құжаттың № мен берілген күні).
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 5 наурыздағы № 103 Бұйрығына 4-қосымша |
|
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне 88-қосымша |
|
Нысан |
_____ жылғы "___" ________
Аумақтық қазынашылық
бөлiмшесiне түстi.
Жауапты орындаушы:
Мөртабан орны
Төлеуге берілетін шот № _______ _____ жылғы "___" ____________
Мемлекеттік мекеме | Ақша алушы | ||||||
Нақты төлеуші | Бенефициардың коды | ||||||
Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі | |||||||
Мемлекеттік мекеменің коды | Ақша жөнелтушінің коды | Атауы | |||||
Атауы | Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі | ||||||
Банк | |||||||
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Банктік сәйкестендіру коды | ||||||
Резиденттік елі | Жеке сәйкестендіру коды | ||||||
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі | Нақты (түпкілікті) бенефициар | ||||||
Банктік сәйкестендіру коды | Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі | ||||||
Жеке сәйкестендіру коды | Резиденттік елі | ||||||
Қаржыландыру көзі | Бенефициардың банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы | ||||||
Бюджет түрі | Делдал банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы | ||||||
Шығыстардың бюджеттік сыныптамасының коды | |||||||
Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) коды | Түсімдердің бюджеттік сыныптамасының коды | Төлем белгілеу коды | |||||
Төлемнің мәртебесі | |||||||
Төлемнің мақсаты | Сомасы | ||||||
Жазбаша соммасы: |
Мөр орны |
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда): ____________ ______ |
Қазынашылықтың аумақтық бөлiмшесi жүргiздi жауапты орындаушысымен өткізілді |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 5 наурыздағы № 103 Бұйрығына 5-қосымша |
|
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне 89-қосымша |
Төлеуге берілетін шот № _______ _____ жылғы "___" ____________
Мемлекеттік мекеме | Ақша алушы | ||||||
Нақты төлеуші | Бенефициардың коды | ||||||
Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі | |||||||
Мемлекеттік мекеменің коды | Ақша жөнелтушінің коды | Атауы | |||||
Атауы | Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі | ||||||
Банк | |||||||
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Банктік сәйкестендіру коды | ||||||
Резиденттік елі | Жеке сәйкестендіру коды | ||||||
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі | Нақты (түпкілікті) бенефициар | ||||||
Банктік сәйкестендіру коды | Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі | ||||||
Жеке сәйкестендіру коды | Резиденттік елі | ||||||
Қаржыландыру көзі | Бенефициардың банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы | ||||||
Бюджет түрі | Делдал банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы | ||||||
Шығыстардың бюджеттік сыныптамасының коды | |||||||
Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) коды | Түсімдердің бюджеттік сыныптамасының коды | Төлем белгілеу коды | |||||
Төлемнің мәртебесі | |||||||
Төлемнің мақсаты | Сомасы | ||||||
Жазбаша соммасы: |
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда): ____________
Бас бухгалтердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда): _______
Үлгі (1 – жай, 2 – қосымшамен зейнетақы (мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары) жарналары, 3 – жалақы мен дивидендтерді аудару, 4 – қосымшамен әлеуметтік аударымдар, 5 – қосымшамен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар, 7 – қосымшамен жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлемдер); №_ электрондық шот-фактура негізінде № хабарламамен келісу.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 5 наурыздағы № 103 Бұйрығына 6-қосымша |
|
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне 107-қосымша |
|
2-38-нысан |
№______ Төлем тапсырмасы _____ жылғы "___" ____________
Нақты төлеуші: _____________ | Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Сомасы |
Ақша жіберуші: ____________ | Жеке сәйкестендіру коды | |
Резиденттік елі: | ||
Банктік сәйкестендіру коды | ||
Бенефициар: _____________ | Жеке сәйкестендіру коды | |
Резиденттік елі: | ||
Банктік сәйкестендіру коды | ||
Делдал-банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы: | Банктік сәйкестендіру коды | |
Сомасы жазбаша: ________________________________________________ |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 5 наурыздағы № 103 Бұйрығына 7-қосымша |
|
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне 115-қосымша |
|
Нысан |
____________________________________________________________________
(бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган/бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық қазынашылық бөлімшесі)
__________ жылғы "__" ________________
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, мемлекеттік бағдарламаларды, ұлттық жобаларды қаржылық және қаржылық емес қолдау операторларына код беруге және шот ашуға өтінім
Квазимемлекеттік сектор субъектісі атауы, квазимемлекеттік сектор субъектісі коды, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторы (ол болған жағдайда) | Орналасқан жері | Экономика секторы | Резиденттік елі | Квазимемлекеттік сектор субъектісі басшысының, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Квазимемлекеттік сектор субъектісі бас бухгалтерінің, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Квазимемлекеттік сектор субъектісі, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторының бизнес-сәйкестендіру номер | Мемлекеттік тіркелімге енгізілген квазимемлекеттік сектор субъектісі, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторының мекенжайы, телефоны, факс | Негіздеме (негізінде квазимемлекеттік сектор субъектісі, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторы құрылған нормативтік құқықтық акт) | Негіздеме (соның негізінде квазимемлекеттік сектор субъектісі, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторы үшін ақша қаражаты бөлінетін нормативтік құқықтық акт) және қаражат бөлінетін бюджет деңгейі | Квазимемлекеттік сектор субъектісі, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторы шотының түрі (жарғылық капиталды ұлғайту үшін не мемлекеттік тапсырма шеңберінде, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдауды қолдауға) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Квазимемлекеттік сектор субъектісі, қаржы және/немесе қаржылық емес
қолдау операторы (аумақтықтық қазынашылық бөлімшесі бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті орган) басшысы
___________ _______________________________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Мөр орны
Жауапты орындаушының белгісі
________ жылғы "___" ________ ___________________ ашық
(квазимемлекеттік сектор субъектісі,
қаржы, және/немесе қаржылық емес қолдау операторының коды)
________ жылғы "___" ________ ___________________ ашық
(квазимемлекеттік сектор субъектісі,
қаржы және/немесе қаржылық емес қолдау операторының шоты)
Жауапты орындаушы _____________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 5 наурыздағы № 103 Бұйрығына 8-қосымша |
|
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне 119-1-қосымша |
|
Нысан |
____________________________________________________________________
(бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган/бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық қазынашылық бөлімшесі)
Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсету және оларды өтеу бойынша кодтарды беруге және қолма-қол ақшаның бақылау шоттарын ашуға өтінім ______ жылғы "___" __________
Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының атауы | Оргаласқан жері | Экономика секторы | Резиденттік елі | Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының бас бухгалтерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының бизнес-сәйкестендіру номер | Мемлекеттік тіркелімге енгізілген мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының мекенжайы, телефоны, факс | Шоттың негіздемесі мен атауы (мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы құруға негіз болған нормативтік құқықтық акт) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Мемлекет кепілдік берген қарыз тартқан қарыз алушының басшысы
(бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық қазынашылық
бөлімшесі) ___________ ______________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Мөр орны
Жауапты орындаушының белгісі ______ жылғы "___" _______
_____________________________ ашылды
(мемлекет кепілдік қарыз тартқан қарыз алушының коды)
______ жылғы "___" _______ ______________________________ ашылды
(мемлекет кепілдік қарыз тартқан алушыңын шоты)
Жауапты орындаушы __________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 5 наурыздағы № 103 Бұйрығына 9-қосымша |
|
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне 142-қосымша |
Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемдерді аудару үшін МТ-002 төлем форматы
{1: F010000000000000000000002}
{2:I102SGROSS000000U3003}
{4:
:20:REFERENCE
:50:/D/Қазынашылықтағы жөнелтушінің жеке сәйкестендіру коды
/NAME/Ақша жөнелтушінің атауы
/IDN/Ақша жөнелтушінің бизнес-сәйкестендіру номер
/CHIEF/Ақша жөнелтуші мекеменің басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
/MAINBK/ Ақша жөнелтуші мекеменің бас бухгалтерің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
/IRS/Ақша жөнелтушінің резиденттік белгісі
/SECO/Ақша жөнелтушінің экономика секторы
:52B: Қазынашылықтағы ақша жөнелтушінің банктік сәйкестендіру коды
:57B: Ақша алушының банктік сәйкестендіру коды
:59: Ақша алушының жеке сәйкестендіру коды
/IDN/Ақша алушының бизнес сәйкестендіру нөмірі
/NAME/Ақша алушының атауы
/IRS/Ақша алушының резиденттік белгісі
/SECO/Ақша алушының экономика секторы
:70:
/NUM/Төлеуге берілетін шоттың/ төлем тапсырмасының нөмірі
/VO/01
/DATE/Төлеуге берілетін шоттың/ төлем тапсырмасының жылы айы күні
/SEND/07
/KNP/Төлем белгілеу коды
/PSO/01
/PRT/05
/ASSIGN/Төлем белгілеу/мақсаты
:21:Реттік нөмірі
:32B:KZT Сома
:70:
/OPV/C
/FM/Тегі
/NM/Аты
/FT/Әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
/DT/Тұған жылы айы күні
/IDN/Жеке сәйкестендіру нөмірі
/PERIOD/Төлемнің айы жылы
:21 Реттік нөмірі
:32B:KZTСома
:70:
/OPV/C
/FM/Тегі
/NM/Аты
/FT/ Әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
/DT/Тұған жылы айы күні
/IDN/Жеке сәйкестендіру нөмірі
/PERIOD/Төлемнің айы жылы
:32A: Төлемнің жылы айы KZTҚорытынды сомасы
-}