Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ротацияға жататын қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) басшылық лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 5 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26495 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оның Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
Ж. Элиманов |