"Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2025 жылғы 6 наурыздағы № 71 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 7 наурызда № 35798 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру ережелері осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің міндетін атқарушы
А. Сарбасов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономикалық министрлігі

  2025 жылғы 6 наурыздағы
№ 71 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары
– Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 281 бұйрығына
1-қосымша

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тарифтерін қалыптастыру ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тарифін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының отыз бірінші абзацына сәйкес әзірленді және көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер – адамның тыныс-тіршілігін объективті бұзатын негіздерді еңсеру үшін адамға (отбасына) жағдай жасауды қамтамасыз ететін және қоғам өміріне басқа азаматтармен тең қатысу мүмкіндіктерін жасауға бағытталған көрсетілетін қызметтер кешені;

      2) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілер – арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынуға лицензия негізінде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

      3) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі – уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдарға (отбасыларға) бюджет қаражаты есебінен берілетін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің бірыңғай тізбесі;

      4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын ұйымдардың тіркелімі – жергілікті атқарушы органдармен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан ұйымдардың электрондық тізбесі;

      5) Е-собес – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында уәкілетті мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органдардың, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін және ведомствоаралық өзара іс-қимылын автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе.

      6) тариф – Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесі арқылы есептелген арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің бірлігінің құны;

      7) тарифтерді қалыптастыру – жаңа тарифтерді әзірлеу және бекіту, қолданыстағы тарифтерді қайта қарау және бекіту процесі.

      3. Тарифтерді қалыптастыру процесі мынадай қағидаттарға негізделеді:

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі – тарифтерді қалыптастыру, сондай-ақ оларды жақсарту халыққа арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігінің нашарлауына алып келмейді;

      2) ашықтық – таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қоспағанда, тарифтерді қалыптастыру нәтижелерін міндетті түрде жариялау;

      3) нәтижелілік – Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың стратегиялық мақсаттарына, бағыттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағдарланған тарифтерді қалыптастыру;

      4) шынайылық – бюджеттің бекітілген (нақтыланған, түзетілген) көрсеткіштеріне тарифтер мөлшерінің сәйкестігі;

      5) реттілік – тарифтерді қалыптастыру процесіне қатысатын барлық тұлғалардың қабылданған шешімдерді сақтауы;

      6) негізділік – бекітілген жоспарға сәйкес жаңа тарифтерді әзірлеу және (немесе) қолданыстағыларды қайта қарау қажеттілігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің және өзге де құжаттардың негізінде тарифтерді қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражатының пайдаланылуы.

2-тарау. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тарифтерін қалыптастырудың тәртібі

      4. Алдағы қаржы жылына тарифтер "E-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және жергілікті атқарушы органдармен жыл сайын ағымдағы жылдың 25-желтоқсанына дейін бекітіледі.

      5. Тарифтерді есептеу кезінде мынадай жалпы көрсеткіштер пайдаланылады:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың жұмыскерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі;

      2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен бекітілген халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32941 болып тіркелген) (бұдан әрі – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары);

      3) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығымен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардағы персоналдың ең төмен штат нормативтері (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32875 болып тіркелген);

      4) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес киімнің, аяқкиімнің, төсек жабдықтары мен ішкиімнің, жеке гигиена заттарының, қатты мүкәммалдың және мүгедектігі жоқ адамдарға дәрігердің тағайындауы бойынша берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың және арнаулы жүріп-тұру құралдарының, сондай-ақ оларды кию және тозу мерзімдерінің ең төменгі нормалары;

      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысымен бекітілген бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері;

      6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормалары;

      7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 896 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12828 болып тіркелген) бекітілген медициналық-әлеуметтік мекемелерде, оңалту орталықтарында, мүгедектігі бар балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормалары;

      8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28977 болып тіркелген) бекітілген "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес жекелеген объектілерді зарарсыздандыру кезінде дезинфекциялық ерітінділердің шығынын жоспарлау нормалары жекелеген объектілерді зарарсыздандыру кезінде дезқұралдардың шығынын жоспарлау нормалары.

      6. "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) бекітілген тарифті қалыптастыру әдістемесіне және (немесе) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген көрсеткіштерге тарифтерді есептеуге әсер ететін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, қаржы жылы ішінде тарифтерді (тарифтер мөлшерін жоғарлату және төмендету) қайта қарауға жол беріледі.

  2025 жылғы 6 наурыздағы
№ 71 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары
- Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 281 бұйрығына
2-қосымша

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Кодекстің 12-бабының 5) тармақшасының отыз бірінші абзацына сәйкес әзірленген және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесін айқындайды.

      2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер – адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын негіздерді еңсеру үшін адамға (отбасына) жағдай жасауды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне басқа азаматтармен тең қатысу мүмкіндіктерін жасауға бағытталған көрсетілетін қызметтер кешені;

      2) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілер – арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға лицензия негізінде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

      3) айлық есептік көрсеткіш – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1-қаңтарында қолданыста болатын көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

      4) коммуналдық қызметтерді тұтыну – жылу, электр энергиясы, ыстық және суық су, канализация, байланыс қызметтеріне шығындар;

      5) тариф – Әдістеме бойынша есептелген арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі бірлігінің құны.

2-тарау. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесі

      3. Тарифтер мынадай формула бойынша есептеледі:

      T = Tнег + Tүст,

      мұндағы:

      T – тариф;

      Tнег – негізгі компонент – айына көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтердің құны;

      Tүст – үстеме компонент – айына арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге жағдай жасау және ұсыну құны.

      Негізгі компонент мынадай формула бойынша есептеледі:

      Tнег = Qi *ku + Mi,

      мұндағы:

      Qi – айына i қызметін тікелей көрсететін мамандардың еңбегіне ақы төлеуге кеткен шығыстар сомасы;

      ku – тыныс-тіршілігінің шектелу және бөгде адамның күтіміне мұқтаж дәрежесінің коэффициенті:

      ku1 – тыныс-тіршілігінің шектеулігі және бөгде адамның күтіміне мұқтаждығы орташа және айқын дәрежедегі 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдар, егде жастағы адамдар және 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар үшін 1,0;

      ku2 – тыныс-тіршілігінің шектеулігі және бөгде адамның күтіміне мұқтаждығы ауыр дәрежедегі егде жастағы және 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін 1,01;

      ku3 – тыныс-тіршілігінің шектеулігі және бөгде адамның күтіміне мұқтаждығы абсолютті дәрежедегі егде жастағы және 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін 1,02;

      ku4 – тыныс-тіршілігінің шектеулігі және бөгде адамның күтіміне мұқтаждығы ауыр дәрежедегі 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдар, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар үшін 1,03;

      ku5 – тыныс-тіршілігінің шектеулігі және бөгде адамның күтіміне мұқтаждығы ауыр дәрежедегі психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар үшін 1,04;

      ku6 – тыныс-тіршілігінің шектеулігі және бөгде адамның күтіміне мұқтаждығы абсолютті дәрежедегі 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдар, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар үшін 1,05;

      ku7 – тыныс-тіршілігінің шектеулігі және бөгде адамның күтіміне мұқтаждығы абсолютті дәрежедегі психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар үшін 1,06.

      Уақытша болу ұйымдарының көрсетілетін қызметті алушылары үшін ku қолданылмайды.

      Mi – i қызметін көрсету үшін қажетті тауарлар мен материалдарға жұмсалатын шығыстардың сомасы.

      Мамандардың еңбекақысына жұмсалатын шығындар айына әрбір маманның і қызметін көрсетуге жұмсаған уақытын ескере отырып, қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы шеңберінде (аптасына 40 сағаттан аспайтын) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың жұмыскерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлерінің еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес орташа коэффициенттерді қолдану арқылы мынадай формула бойынша есептеледі:

      Qi= (ЛА*ks*ke1 + R+ БЛА * (Доу1 + Доу2+ Доу3)+ ЛА*Доу4)* sno* mp + ЛА1(немесе ЛА2)/12,

      мұндағы:

      ЛА – айына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жұмыскерлердің лауазымдық айлықақысы;

      ks – ауылдық жерде жұмыс істегені үшін мамандарға қосымша ақы төлеу коэффициенті:

      арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін қалалық ұйымдар үшін – 1,0;

      ауылдық ұйымдар үшін – 1,25 құрайды;

      ke1 – "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Арал өңірі туралы заң) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың жұмыскерлеріне экологиялық қасірет аумағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті:

      экологиялық апат аймағында тұратын жұмыскерлер үшін 50%;

      экологиялық дағдарыс аймағында тұратын жұмыскерлер үшін 30%;

      экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймағында тұратын жұмыскерлер үшін 20% құрайды.

      Егер бұл қосымша ақы Арал өңірі туралы Заңда көзделмеген жағдайда, ke1 1,0-ге тең;

      R – "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ядролық полигонда зардап шеккендерді қорғау туралы заң) сәйкес радиациялық тәуекел аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы:

      R1 – төтенше радиациялық тәуекел аймағында тұратын жұмыскерлер үшін 2,0 АЕК;

      R2 – ең жоғары радиациялық тәуекел аймағында тұратын жұмыскерлер үшін 1,75 АЕК;

      R3 – жоғары радиациялық тәуекел аймағында тұратын жұмыскерлер үшін 1,5 АЕК;

      R4 – ең төмен радиациялық тәуекел аймағында тұратын жұмыскерлер үшін 1,25 АЕК;

      R5 – жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аймақта тұратын жұмыскерлер үшін 1,0 АЕК құрайды.

      Егер бұл қосымша ақы ядролық полигонда зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмесе, R 0-ге тең;

      Доу1 – әкімшілік, көмекші персонал жұмыскерлерінен, жұмысшылардан басқа, стационарлық және жартылай стационарлық типтегі ұйымдарда, үйде қызмет көрсету ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жұмыскерлерге ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы коэффициенттері:

      қарттармен жұмыс істегені үшін БЛА-дан 30% ;

      мүгедектігі бар адамдармен, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалармен жұмыс істегені үшін БЛА-дан 40 %;

      мүгедектігі бар балалармен және психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдармен БЛА-дан 50 % құрайды;

      Доу2 – әкімшілік, көмекші персонал жұмыскерлерінен, жұмысшылардан басқа, уақытша болу ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жұмыскерлерге ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы коэффициенттері:

      белгілі бір тұрғылықты тұратын жері жоқ адамдармен (әлеуметтік бейімдеу орталықтарында), бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен жұмыс істегені үшін БЛА-дан 60 %;

      қатыгездікпен қарауға ұшыраған адамдармен жұмыс істегені үшін БЛА-дан 40% құрайды;

      Доу3 – ауыр (аса ауыр) дене еңбегі жұмыстармен және еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) және қауіпті (аса қауіпті) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерге қосымша ақы:

      паллиативтік көмек бөлімшелерінде (палаталарында) жұмыс істегені үшін БЛА-дан 40 %;

      туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған бөлімшелерде жұмыс істегені үшін БЛА-дан 60% құрайды;

      Доу4 – стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі (паллиативтік көмек бөлімшелерін (палаталарын) қоспағанда) ұйымдардағы психоэмоционалдық және дене жүктемелері үшін қосымша ақы:

      негізгі персонал жұмыскерлері үшін (әлеуметтік жұмыскерді қоспағанда) ЛА-дан 35%;

      әлеуметтік жұмыскерлер үшін ЛА-дан 40%;

      санитарлар үшін ЛА-дан 40%;

      паллиативтік көмек бөлімшелеріндегі (палаталарындағы) барлық мамандықтағы тәрбиешілер, медбикелер, санитарлар үшін ЛА-дан 60%;

      үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының әлеуметтік жұмыскерлеріне ЛА-дан 35% ;

      үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының санитарларына ЛА-дан 20% құрайды;

      ЛА1 – азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақысы бір ЛА (тарифтік мөлшерлеменің) мөлшерін құрайды;

      ЛА2 – Арал өңірі туралы заңға сәйкес экологиялық апат аймағында тұратын азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақысы ЛА1×2 құрайды;

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті:

      2025 жылға – 1,082;

      mp – міндетті зейнетақы жарналары мен жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдарының коэффициенті:

      2025 жылға – 1,05.

      ЛА мынадай формула бойынша есептеледі:

      ЛА = БЛА*ki*kp,

      мұндағы:

      БЛА – базалық лауазымдық айлықақы, БЛА = 17 697 теңге;

      ki – функционалдық блоктар бойынша азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) лауазымдық айлықақыларын есептеуге арналған коэффициенттер;

      kp – ЛА мөлшеріне белгіленген түзету коэффициенті:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының басқарушы, негізгі персоналының жұмыскерлері үшін 2,0 мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап медицина және фармацевтика жұмыскерлері – біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар үшін 3,42 мөлшерінде (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блоктарының негізгі персоналы);

      2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап медицина және фармацевтика жұмыскерлері – біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандар үшін 2,34 мөлшерінде (В3, В4 блоктарының негізгі персоналы).

      Әлеуметтік – тұрмыстық; – медициналық; – психологиялық; – педагогикалық; – еңбек; – мәдени; – заңды; – экономикалық қызметтер көрсететін негізгі персонал үшін ki және kp коэффициенттерінің орташа мәндері мына формула бойынша есептеледі:

      ki*kp = ∑ЛА/ g/БЛА,

      мұндағы:

      ∑ЛА – арнаулы әлеуметтік қызметтерді тікелей көрсететін мамандар мен жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларының сомасы;

      g – жергілікті атқарушы органмен қызметтер көрсету туралы шартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның есептік қуаты.

      Денсаулық сақтау ұйымдарымен шарт бойынша тікелей қызмет көрсететін мамандардың еңбекақысына кеткен шығыстар тарифке енгізілмейді.

      Mi – мынаны қамтиды:

      М1 – әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету кезінде қажетті азық-түлік өнімдеріне арналған шығыстар тәулігіне өңірдегі неғұрлым өзекті ресми орташа статистикалық бағаларды ескере оырып, тамақтанудың заттай нормаларына сәйкес есептеледі және айына тамақ беру күндерінің санына көбейтіледі:

      К – көрсетілетін қызметті алушының бір ай ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымында болу (бару) күндерінің саны:

      стационар жағдайында – 365 күн (кібісе жылдарда – 366 күн);

      жартылай стационар жағдайында – жұмыс күндері;

      уақытша болу жағдайында - бір жылдан аспайды.

      Стационар жағдайында тамақтану жыл бойы күн сайын мына мөлшерлерде беріледі:

      егде жасына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдар және 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін 0,8 АЕК;

      психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар үшін 0,9 АЕК;

      үш жастан он жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балалар және тірек-қимыл аппараты бұзылған үш жастан он жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар үшін 0,7 АЕК;

      психоневрологиялық патологиясы бар он жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар және тірек-қимыл аппараты бұзылған он жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар үшін 0,9 АЕК.

      Жартылай стационар жағдайында тамақтану күн сайын айдың жұмыс күндері мына мөлшерде беріледі:

      психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар, егде жасына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдар және 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін 0,7 АЕК;

      үш жастан он жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балалар және тірек-қимыл аппараты бұзылған үш жастан он жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар үшін 0,4 АЕК;

      психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балалар және тірек-қимыл аппараты бұзылған он жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар үшін 0,5 АЕК.

      Уақытша болу жағдайында тамақтану күн сайын, бірақ ұзақтығы 1 жылдан аспайтын 0,5 АЕК мөлшерінде беріледі.

      М2 – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған шығыстар айына бір қызмет алушыға есептегенде 0,1 АЕК құрайды;

      М3 – әлеуметтік-педагогикалық қызметтерге байланысты шығыстар айына бір қызмет алушыға есептегенде 0,3 АЕК құрайды;

      М4 – айына әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету кезінде қажетті тауарлар мен материалдарға арналған шығыстар 0,1 АЕК құрайды.

      4. Үстеме компонент мынадай формула бойынша есептеледі:

      Tүст = FӘБП+ FШҚКП + Sқ + H + Z + W + Sж,

      мұндағы:

      FӘБП – әкімшілік-басқару персоналының бекітілген ең төмен штат нормативтеріне сәйкес еңбекақы төлеу қоры;

      FШҚКП – шаруашылық-қызмет көрсетуші персоналының бекітілген ең төмен штат нормативтеріне сәйкес еңбекақы төлеу қоры;

      Sқ – өңірдегі неғұрлым өзекті ресми орташа статистикалық бағаларды ескере отырып, қатты мүкәммалға арналған шығыстар бір қызмет алушыға айына 0,4 АЕК құрайды;

      Н – бір ұйымға дезинфекциялау құралдарын тұтыну нормаларына сәйкес дезинфекциялық құралдарға арналған шығыстар.

      Бір қызмет алушыға кеткен шығыс ұйымға шаққандағы дезинфекциялау құралдарының нормасының g қатынасымен есептеледі.

      Дезинфекциялық заттардың шығыс нормасы:

      стационарлық үлгідегі ұйымдар үшін айына 5 АЕК;

      жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар үшін айына 4 АЕК құрайды;

      Z – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету процестерін автоматтандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бойынша шығыстар. Шығыстар ұымдағы штаттық нормативтерде көзделген жұмыскерлер санына негізделе отырып, есептік жазбаларды енгізу қажеттілігіне сәйкес есептеледі. Бір қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету процестерін автоматтандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді сүйемелдеуге жұмсалған жалпы шығындардың g қатынасымен есептеледі.

      W – өңірдегі неғұрлым өзекті ресми орташа статистикалық бағаларды ескере отырып, жанар-жағармай материалдарын тұтыну нормативтері бойынша жанар-жағармай материалдарына және 1 көлік құралына шығыстар 42 АЕК-тен аспайды. Бір қызмет алушы үшін тұтыну 1 көлік құралына жанар-жағармайдың жалпы құнының g қатынасымен есептеледі;

      Sж – бір қызмет алушыға өңірдегі неғұрлым өзекті ресми орташа статистикалық бағаларды ескере отырып, жұмсақ мүкәммал шығыстары мыналарды құрайды:

      стационарлық үлгідегі ұйымдарда:

      егде жасына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдар және 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар, психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар үшін 0,7 АЕК;

      үш жастан он сегіз жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балалар және тірек-қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар үшін 0,7 АЕК;

      жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда:

      егде жасына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдар және 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар, психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар үшін 0,3 АЕК;

      үш жастан он сегіз жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балалар және тірек-қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар үшін 0,3 АЕК;

      уақытша болу ұйымдарына 1,2 АЕК.

      FӘБП – мынадай формула бойынша есептеледі:

      FӘБП = (ЛА * ks * ke1 + R+ ЛА * Доу1 + ЛА*Доу2)* sno* mp + ЛА1 (немесе ЛА2)/12,

      мұндағы:

      ЛА – айына әкімшілік-басқару персоналының лауазымдық айлықақысы;

      ks – ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін мамандарға қосымша ақы төлеу коэффициенті:

      арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін қалалық ұйымдар үшін – 1,0;

      ауыл ұйымдар үшін – 1,25 құрайды;

      ke1 – Арал өңірі туралы заңға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың жұмыскерлеріне экологиялық қасірет аумағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті:

      экологиялық апат аймағында тұратын жұмыскерлер үшін 50%;

      экологиялық дағдарыс аймағында тұратын жұмыскерлер үшін 30%;

      экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймағында тұратын жұмыскерлер үшін 20% құрайды.

      Егер бұл қосымша ақы Арал өңірі туралы заңда көзделмеген жағдайда, ke1 1-ге тең;

      R – Ядролық полигонда зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес радиациялық тәуекел аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы:

      R1 – төтенше радиациялық тәуекел аймағында тұратын жұмыскерлер үшін 2,0 АЕК;

      R2 – ең жоғары радиациялық тәуекел аймағында тұратын жұмыскерлер үшін 1,75 АЕК;

      R3 – жоғары радиациялық тәуекел аймағында тұратын жұмыскерлер үшін 1,5 АЕК;

      R4 – ең төмен радиациялық тәуекел аймағында тұратын жұмыскерлер үшін 1,25 АЕК;

      R5 – жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аймақта тұратын жұмыскерлер үшін 1,0 АЕК құрайды.

      Егер аталған қосымша ақы Ядролық полигонда зардап шеккендерді қорғау туралы заңда көзделмесе, R 0-ге тең;

      Доу1 – стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардағы, үйде қызмет көрсететін, уақытша болатын ұйымдардағы әкімшілік-басқару персоналының жұмыскерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы коэффициенттері ЛА-дан 40%-ды құрайды;

      Доу2 – стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі (паллиативтік көмек бөлімшелерін (палаталарын) қоспағанда) ұйымдардағы психоэмоционалдық және дене жүктемелері үшін қосымша ақы:

      басқарушы персонал үшін ЛА-дан 30%;

      үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымының басқарушы персоналына ЛА-дан 15%-ды құрайды;

      ЛА1 – азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақысы бір ЛА (тарифтік мөлшерлеменің) мөлшерін құрайды;

      ЛА2 - Арал өңірі туралы заңға сәйкес экологиялық апат аймағында тұратын азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақысы ЛА1×2 құрайды;

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті:

      2025 жылға – 1,082;

      mp – міндетті зейнетақы жарналары мен жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдарының коэффициенті:

      2025 жылға – 1,05.

      ЛА – мынадай формула бойынша есептеледі:

      ЛА = БЛА*ki*kp,

      мұндағы:

      БЛА – базалық лауазымдық айлықақы. БЛА = 17 697 теңге;

      ki – жұмысшылардың лауазымдық айлықақыларын (тарифтік мөлшерлемелерді) есептеу коэффициенттері;

      kp – белгіленген ЛА мөлшеріне түзету коэффициенті:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының жұмыскерлері үшін 2,0 мөлшерінде.

      Әкімшілік-басқару персоналы үшін ki және kp коэффициенттерінің орташа мәндері мына формула бойынша есептеледі:

      ki*kp = ∑ЛА/ g/БЛА,

      мұндағы:

      ∑ЛА – әкімшілік-басқару персоналының лауазымдық айлықақылар сомасы;

      g – жергілікті атқарушы органымен қызметтер көрсету туралы шартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның есептік қуаты.

      FШҚКП – мынадай формула бойынша есептеледі:

      FШҚКП = (ЛА*ke1+R+ЛА*(Доу1+Доу3) + БЛА*Доу2)*sno*mp +ЛА1 (немесе ЛА2)/12,

      мұндағы:

      ЛА – айына шаруашылық-қызмет көрсетуші персоналы жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысы;

      ke1 – Арал өңірі туралы заңға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың жұмыскерлеріне экологиялық қасірет аумағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті:

      экологиялық апат аймағында тұратын жұмыскерлер үшін 50%;

      экологиялық дағдарыс аймағында тұратын жұмыскерлер үшін 30%;

      экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймағында тұратын жұмыскерлер үшін 20% құрайды.

      Егер бұл қосымша ақы Арал өңірі туралы заңда көзделмеген жағдайда, ke1 1-ге тең;

      R – Ядролық полигонда зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес радиациялық тәуекел аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы:

      R1 – төтенше радиациялық тәуекел аймағында тұратын жұмыскерлер үшін 2,0 АЕК;

      R2 – ең жоғары радиациялық тәуекел аймағында тұратын жұмыскерлер үшін 1,75 АЕК;

      R3 – жоғары радиациялық тәуекел аймағында тұратын жұмыскерлер үшін 1,5 АЕК;

      R4 – ең төмен радиациялық тәуекел аймағында тұратын жұмыскерлер үшін 1,25 АЕК;

      R5 – жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аймақта тұратын жұмыскерлер үшін 1,0 АЕК құрайды.

      Егер аталған қосымша ақы Ядролық полигонда зардап шеккендерді қорғау туралы заңда көзделмесе, R 0-ге тең;

      Доу1 – стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда, үйде қызмет көрсететін, уақытша болатын ұйымдарда ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы коэффициенті әкімшілік, көмекші персонал жұмыскерлеріне, жұмысшыларға ЛА-дан 40%-ды құрайды;

      Доу2 – ауыр (аса ауыр) дене еңбегі жұмыстарда және еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) және қауіпті (аса қауіпті) жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу арнайы техникамен және бұйымдармен жұмыс істегені үшін БЛА-дан 25% -ды құрайды;

      Доу3 – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар жұмыскерлерінің ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы ЛА-дан 10%-ды құрайды;

      ЛА1 – азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақысы бір ЛА (тарифтік мөлшерлеменің) мөлшерін құрайды.

      ЛА2 - Арал өңірі туралы заңға сәйкес экологиялық апат аймағында тұратын азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақысы ЛА1×2 құрайды.

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті:

      2025 жылға – 1,082;

      mp – міндетті зейнетақы жарналары мен жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдарының коэффициенті:

      2025 жылға – 1,05.

      ЛА – мынадай формула бойынша есептеледі:

      ЛА = БЛА*ki*kp,

      мұндағы:

      БЛА – базалық лауазымдық айлықақы. БЛА = 17 697 теңге;

      ki – жұмысшылардың лауазымдық айлықақыларын (тарифтік мөлшерлемелерді) есептеу коэффициенттері;

      kp – ЛА мөлшемдеріне белгіленген түзету коэффициенті:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының жұмыскерлері үшін 2,0 мөлшерінде;

      Шаруашылық-қызмет көрсететін персонал үшін ki және kp коэффициенттерінің орташа мәндері мына формула бойынша есептеледі:

      ki*kp = ∑ЛА/ g/БЛА,

      мұндағы:

      ∑ЛА – шаруашылық-қызмет көрсететін персоналы жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақылар сомасы;

      g – жергілікті атқарушы органымен қызметтер көрсету туралы шартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның есептік қуаты.

      Мемлекеттік емес сектор субъектілері үшін тарифтерді есептеу өңірдегі неғұрлым өзекті ресми орташа статистикалық бағаларды ескере отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарымен және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерімен айқындалатын көлемдер мен шектерде ғимаратты (үй-жайды) және коммуналдық қызметтерді жалға алуға арналған шығыстарды да қамтиды.

      Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылатын субъектiлер үшiн тарифке енгiзiлмеген ғимаратты және жабдықты ұстауға, коммуналдық қызметтерге, қосымша штаттарға арналған шығыстар жергiлiктi бюджеттен қаржыландыруға жатады.

      Коммуналдық қызметтер шығыстары:

      стационар, уақытша болу жағдайында:

      Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Абай облыстары және Астана қаласы үшін 3,6 АЕК;

      Алматы, Жетісу, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалалары үшін 3,1 АЕК

      Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстары үшін 3,4 АЕК

      жартылай стационар, үйде қызмет көрсету бөлімшелері жағдайында:

      Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Абай облыстары және Астана қаласы үшін 0,67 АЕК;

      Алматы, Жетісу, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалалары үшін 0,6 АЕК

      Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстары үшін 0,6 АЕК құрайды.

      Ғимаратты (үй-жайды) жалға алу шығыстары мыналарды құрайды:

      республикалық маңызы бар қалалар үшін шаршы метріне 1,2 АЕК-тен кем емес;

      облыстық маңызы бар қалалар үшін шаршы метріне 0,7 АЕК;

      аудан орталықтары үшін шаршы метріне 0,6 АЕК.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады