БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 623 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14276 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартта:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"8. Тапсырыс беруші Орындаушы берген жолаушыларды тасымалдаудың болжамдық көрсеткіштерінің негізінде осы Шарт күшіне енген уақыттан бастап 30 күнтізбелік күн ішінде төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына және субсидиялаудың негізгі талаптарына сәйкес субсидиялаудың жылдық сомасынан 25% аспайтын мөлшерде аванстық төлем жүргізеді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Орындаушы Тапсырыс берушіге есептік айдан кейінгі айдың 15 күніне дейінгі мерзімде дамудың негізгі талаптарын орындау барысы туралы онда көрсетілген орындау мерзімдерін ескере отырып растайтын құжаттардың қосымшасымен бірге есепті.";
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Субсидияларды кейіннен төлеуді Тапсырыс беруші жүзеге асырылған және расталған тасымалдар бойынша төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес ай сайын жүзеге асырады. Төленген аванстық төлемді ұстап қалу Орындаушының келісімі бойынша жыл ішінде жүргізіледі.
13. Желтоқсан айы үшін төлемді Тапсырыс беруші Орындаушының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жоспарланған жолаушыларды тасымалдау негізінде жасалған есебі және бұрын төленген авансты пропорционалды ұстауды ескере отырып, тасымалдарды орындауға байланысты тасымалдаушының шығыстары негізінде жүзеге асырады. Орындаушы желтоқсан айындағы нақты есепті тараптардың келісімі бойынша және осы Шарттың 9-тармағына сәйкес белгіленген мерзімде ұсынады.";
5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті белгіленген заңнамалық тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
М. Карабаев |
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерге бағаларды (тарифтерді) арттырудың шекті деңгейін қамтамасыз етудің негізгі шарттары
Р/с № | Пойыздың немесе тіркелмелі және жолда түспейтін вагондардың № | Қатынастың атауы | Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалына бағаны (тарифті) көтерудің шекті деңгейі, % | ||
_ж. | _ж. | _ж. |
кестеннің жалғасы
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалына бағаны (тарифті) көтерудің шекті деңгейі, % | ||||||||||||||||
_ж. | _ж. | _ж. | _ж. | _ж. | _ж. | _ж. | _ж. | _ж. | _ж. | _ж. | _ж. | _ж. | _ж. | _ж. | _ж. | _ж. |
Осы қосымша Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау туралы 20___жылғы "__"_______№_____ шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
"Тапсырыс беруші" | "Орындаушы" |
______________________________ |
______________________________ |