ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 10.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
"Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 5-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Электрондық және биржалық сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі 2025 жылғы 12 наурыздағы № 96-НҚ Бұйрығына қосымша |
Тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 5-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және "Биржалық тауарлар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10587 болып тіркелген) бекітілген тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Тізбе).
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) биржалық тауар – биржалық тауарлар тізбесіне және (немесе) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген стандартталған біртекті тауар, оның бірліктері барлық жағынан бір-біріне сәйкес келеді, олардың ұқсас сипаттамалары болады және ұқсас құрамдастардан тұрады, бұл оларға түрлі өндірушілерден шыққан партиялардың бірін-бірі толық алмастыру қасиеті бар сол бір функцияларды орындауына мүмкіндік береді;
2) биржалық тауарлардың тізбесі – сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін, осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген биржалық тауарларды қамтитын тізбе;
3) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – сауда қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2 тарау. Тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу тәртібі
3. Тауарларды Тізбеге енгізу тиісті салаларда (салаларда) басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстарына негізделеді, қоса беріле отыра:
1) өндіріс, тұтыну көлемін және экспорттық-импорттық операцияларды қоса алғанда, тауар нарығындағы ағымдағы жағдайға жүргізілген талдау туралы мәліметтер;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың қысқаша атаулары және олардың кодтары;
3) ол тең болған немесе асып кеткен кезде оларды өткізу тек тауар биржасында жүзеге асырылуға жататын жеткізілім партиясының ең аз мөлшері;
4) тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын ең аз үлес, сондай-ақ өздеріне осындай мiндет қолданылатын субъектiлер санаты.
4. Мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында (салаларында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар уәкілетті органның атына ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі және 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде тауарларды Тізбеге енгізу жөнінде ұсыныстар жібереді.
5. Уәкілетті орган ұсыныстарды күнтізбелік 15 күн ішінде қарайды және қарау нәтижелері бойынша тауарларды Тізбеге енгізеді.
Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда уәкілетті орган тауарларды Тізбеге енгізуден бас тартады, бұл туралы тиісті орталық мемлекеттік орган ресми хабардар етіледі.
6. Орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органның қарауына Тізбеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізетін жағдайларды қоспағанда, Тізбеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді уәкілетті орган 2 жылда кемінде 1 рет жүзеге асырады.
7. Тізбе уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.