Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 12 наурыздағы № 97-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 14 наурызда № 35817 болып тіркелді

      "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Электрондық және биржалық сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
2025 жылғы 12 наурыздағы
№ 97-НҚ Бұйрығына
қосымша

Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесі

Тауар

Тауарлардың атауы

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды

1

2

3

4

1

Көмір

тас көмір; тас көмірден алынған брикеттер, шекемтастар және қатты отынның ұқсас түрлері

2701

гагаттан басқа, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған лигнит немесе қоңыр көмір

2702

2

Битум

мұнай битумы

2713 20 000 0

Автомобиль бензині

октан саны 92 немесе одан көп (зерттеу әдісі бойынша)

2710 12 413 0

октан саны 95 немесе одан көп, бірақ 98 аз (зерттеу әдісі бойынша)

2710 12 450 0

октан саны 98 немесе одан көп (зерттеу әдісі бойынша)

2710 12 490 0

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

2710 19 210 0

Дизель отыны

жазғы

2710 19 421 0

қысқы

2710 19 422 0

арктикалық

2710 19 423 0

маусымаралық

2710 19 424 0

өзге

2710 19 425 0

3

Қант

қант

1701


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады