"Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 248 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 18 наурыздағы № 80 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 19 наурызда № 35838 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 248 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 маусымда № 32912 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларында:

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Жүктілікке және босануға, баланы (балаларды) асырап алуға әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшері әлеуметтік төлемді алу құқығы туындаған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріс сомасын он екіге бөлу жолымен мынадай формула бойынша айқындалады:

      ОАКәтжб = (АК1 + АК2 + АК3...... + АК12) / 12, мұндағы:

      ОАКәтжб – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық кірісі;

      АК – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы кіріс.

      Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғалар үшін АК осы Қағидалардың 39, 45-тармақтарына сәйкес айқындалады.

      Бірыңғай төлем төлеушінің қызметкерлері болып табылатын тұлғалар үшін АК осы Қағидалардың 46-тармағына сәйкес айқындалады.

      Әлеуметтік төлемге құқық туындаған күннен кейін төленген әлеуметтік аударымдар, осындай құқық туындаған айдың алдындағы ай үшін төленген әлеуметтік аударымдарды қоспағанда, әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшерін айқындағанда есепке алынбайды..";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу кезінде әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшері әлеуметтік төлемді алу құқығы туындаған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын жиырма төртке бөлу жолымен мынадай формула бойынша айқындалады:

      ОАКәтбк = (АК1 + АК2 + АК3...... + АК24) / 24, мұндағы:

      ОАКәтбк – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық кірісі;

      АК – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы кіріс.

      Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғалар үшін АК осы Қағидалардың 39, 45-тармақтарына сәйкес айқындалады.

      Бірыңғай төлем төлеушінің қызметкерлері болып табылатын тұлғалар үшін АК осы Қағидалардың 46-тармағына сәйкес айқындалады.

      Әлеуметтік төлемге құқық туындаған күннен кейін төленген әлеуметтік аударымдар, осындай құқық туындаған айдың алдындағы ай үшін төленген әлеуметтік аударымдарды қоспағанда, әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшерін айқындағанда есепке алынбайды.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Жүктілікке және босануға, баланы (балаларды) асырап алуға әлеуметтік төлемдердің мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту жолымен мынадай формула бойынша айқындалады:

      ӘТжб = ОАК әтжб х ЕСК, мұндағы:

      ӘТжб – жүктілікке және босануға, баланы (балаларды) асырап алуға әлеуметтік төлемдер;

      ОАК әтжб – осы Қағидалардың 40, 43-тармақтарына сәйкес айқындалатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық кіріс мөлшері;

      ЕСК – еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті.

      Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парағы (парақтары) берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу арқылы айқындалады.

      Бұл ретте, еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициентінің мәні дөңгелектеудің арифметикалық әдісін қолдану жолымен үтірден кейін бір белгіге дейін дөңгелектенеді (үтірден кейінгі 5-ке дейінгі екінші белгі 0-ге дейін, 5-тен және одан жоғары болса 1-ге дейін дөңгелектенеді).

      Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 7 еселенген мөлшерінің еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентінің көбейтіндісінен аспауы тиіс.";

      53-тармақ алып тасталсын;

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Қорға жүктілікке және босануға, баланы (балаларды) асырап алуға әлеуметтік төлемдерді, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді есептеу үшін қабылданатын кезеңге келетін әлеуметтік аударымдар оны тағайындауға құқық туындаған және (немесе) өтініш берілген күннен кейін түскен жағдайда, тиісті әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеуде (айқындауда) есепке алынбайды.

      Жүктілігі және босануы, баланы (балаларды) асырап алуы бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу кезінде есепке алынбаған әлеуметтік аударымдар бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемді есептеу кезінде есепке алынбайды.";

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады