Электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2025 жылғы 20 наурыздағы № 115-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 наурызда № 35848 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 10.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-1-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Электрондық және биржалық сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
А. Нусупов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 20 наурыздағы
№ 115-НҚ Бұйрығына
қосымша

Электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-1-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) электрондық сауда алаңы – электрондық саудаға қатысушыларға инфрақұрылымды, оның ішінде олардың арасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жұмыстар мен қызметтер көрсетуге шарттар жасасуды қамтамасыз ететін интернет-ресурс;

      2) электрондық саудаға қатысушылар – сатып алушы, сатушы және (немесе) электрондық сауда алаңы ретінде қатысатын жеке және заңды тұлғалар.

2-тарау. Электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу тәртібі

      3. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде электрондық сауда алаңындағы инфрақұрылымында:

      1) электрондық сауда алаңының электрондық саудаға қатысушыларға қоятын ішкі талаптары;

      2) тауар, жұмыс және көрсетілетін қызмет үшін банктік төлем жүйелерін пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мүмкіндігі;

      3) тауардың немесе көрсетілетін қызметтің жеткізілуін ұйымдастыру немесе үйлестіру;

      4) сатып алушы мен сатушы арасындағы, оның ішінде тауарды қайтарып беру кезіндегі өзара есеп айырысуды қамтамасыз ету;

      5) сатып алу-сату шартын, қызметтер көрсету шартын электрондық құжаттар немесе электрондық хабарлар алмасу жолымен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жасасу мүмкіндігін беру қамтылады.

      4. Электрондық сауда алаңы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде:

      1) ақпараттық ресурстарда қамтылған ақпараттың, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердің тұтастығы мен құпиялылығын;

      2) электрондық сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша сатып алушының өз міндеттемелерін орындауын, егер мұндай шарттарды электрондық сауда алаңы іске асырған жағдайда, қамтамасыз ету шарттарын айқындайды.

      5. Электрондық сауда алаңы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде жол берілмейді:

      1) электрондық құжаттарда немесе электрондық хабарларда қамтылған ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге;

      2) электрондық құжаттарды, электрондық хабарларды немесе олардың көшірмелерін, оның ішінде оларда қамтылған ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге, егер оның электрондық саудаға басқа қатысушылармен жасасқан шартында өзгеше көзделмесе;

      3) егер оның электрондық саудаға басқа қатысушылармен жасасқан шартында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттардың немесе электрондық хабарлардың мазмұнын не оларды пайдалану тәртібін өзгертуге құқылы емес.

      6. Сатушының, сол сияқты сатып алушының электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде басқа тараптан электрондық сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауын талап етеді.

      7. Табиғи монополиялар субъектілерін электрондық сауда алаңдары арқылы сатып алу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бұл ретте табиғи монополия субъектісі сатып алуды Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесімен интеграцияланған электрондық сауда алаңдары арқылы жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады