ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 132-6-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 31 наурыздағы № 61 бұйрығымен бекітілген |
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № бұйрығымен |
|
бекітілген |
Баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар туралы ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 132-6-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) баланы қабылдайтын кәсіби отбасы – ағалы-інілілер мен апалы-сіңлілілерді (қарындастарды) қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж төртеуден аспайтын баланы алдын ала таңдамай тәрбиелеуге қабылдайтын отбасына уақытша орналастыру нысаны.
2) баланың заңды өкілдері – ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеуші, баланы қабылдайтын ата-аналар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар;
3) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;
4) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым – Кодексте белгіленген құзыретке сәйкес жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген және қабылдаған Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына тәрбиелеуге орналастыруға жәрдемдесуді өтеусіз негізде Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын және Кодексте белгіленген тәртіппен осындай қызметті жүзеге асыру үшін аккредиттелген коммерциялық емес ұйым.
2 тарау. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді іріктеу, оқыту тәртібі
3. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді іріктеуді қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган (бұдан әрі – орган) жүзеге асырады.
4. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді іріктеу мыналарды қамтиды:
1) баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер болуға ниет білдірген адамдардың (бұдан әрі – адамдар) Кодекстің 122-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкестігін қарау;
2) адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерді, олардың баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің міндеттерін орындауға қабілеттілігін анықтау тұрғысынан адамдармен әңгімелесу өткізу;
3) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды (бұдан әрі – арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалар) күтіп-бағу, тәрбиелеу және оларға білім беру үшін қолайлы жағдайларды айқындау мақсатында адамдардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларына тексеру жүргізу.
5. Мыналарды:
1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды;
2) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;
3) өзіне Қазақстан Республикасының Заңында жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші, қабылдаушы ата-ана міндеттерінен шеттетілген адамдарды;
4) егер сот олардың кінәсі бойынша бала асырап алудың күшін жойса, бұрынғы асырап алушыларды;
5) баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешінің міндеттерін баланы қабылдайтын кәсіби отбасына тәрбиелеуге қабылдай алмайтын аурулар тізбесіне сәйкес денсаулық жағдайына байланысты жүзеге асыра алмайтын адамдарды;
6) тұрақты тұратын жері жоқ адамдарды;
7) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеген сәтте қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдарды, сондай-ақ осы тармақтың 12) тармақшасында аталған адамдарды;
8) азаматтығы жоқ адамдарды;
9) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқығынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмайтын еркек жынысты адамдарды;
10) баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер деп таныған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;
11) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрған адамдарды;
12) адам өлтіру, денсаулығына қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығы мен имандылығына, жыныстық тиіспеушілікке қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған, соттылығы бар немесе болған адамдарды қоспағанда баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді іріктеуге отыз жасқа толған, бірақ алпыс үш жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.
6. Адамдар тұрғылықты жері бойынша органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) егер некеде тұрса, неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) адамның және егер некеде тұрса, оның жұбайының (зайыбының) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің "Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелді) бекітілген, адам бала асырап ала алмайтын, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдай алмайтын аурулардың тізбесіне сәйкес аурулардың жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелді) бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтамалар;
5) бір адамға кемінде он бес шаршы метр мөлшерінде тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
6) ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес табыстар туралы анықтама;
7) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
8) екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашу туралы шарттың көшірмесі.
Тіркелген некеде тұрған адамдар бірлескен өтініш береді.
7. Адамдар құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде орган өтініш берілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады (еркін нысанда).
Ұсынылған құжаттардың осы Ереженің 6-тармағына сәйкестігі фактісі анықталған кезде орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде адамдарды осы Ереженің 5-тармағының талаптарына сәйкестігін қарайды және әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды не өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
8. Адамдар осы Ереженің 5-тармағының талаптарына сәйкес келген кезде орган өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде адамдармен адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін, олардың баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің міндеттерін орындауға қабілеттілігін, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші болуға деген ұмтылысы мен себептерін анықтау тұрғысынан әңгімелесу өткізеді.
9. Адамдардың баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің міндеттерін орындай алмайтындығы анықталған кезде, орган олардың баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді іріктеу процесіне одан әрі қатысуын дәлел ұсына отырып тоқтатады (еркін нысанда).
Орган адамдарға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіруге мүмкіндік беру үшін бас тарту туралы алдын ала шешім бойынша, сондай-ақ тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы адамдарды хабардар етеді.
Орган адамдарды тыңдау туралы өтінішті қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабардар етеді.
Адамдар бас тарту туралы алдын ала дәлелді шешімге қарсылықты шешімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады немесе білдіреді.
Әңгімелесудің оң нәтижелерінің қорытындылары бойынша орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде адамдардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларына тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды.
10. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім беру үшін қолайлы жағдайларды айқындау мақсатында орган осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нәтижелері бойынша тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды тексеру актісін жасайтын адамдардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексереді.
11. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім беру үшін тиісті жағдайлардың жоғы белгіленген кезде орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде олардың баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді іріктеу процесіне одан әрі қатысуын дәлел ұсына отырып тоқтатады (еркін нысанда).
Орган адамдарға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіруге мүмкіндік беру үшін бас тарту туралы алдын ала шешім бойынша, сондай-ақ тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы адамдарды хабардар етеді.
Орган адамдарды тыңдау туралы өтінішті қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабардар етеді.
Адамдар бас тарту туралы алдын ала дәлелді шешімге қарсылықты шешімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады немесе білдіреді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім беру үшін қолайлы жағдайлар белгіленген кезде Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен адамдар психологиялық даярлықтан өтеді.
12. Адамдарды психологиялық даярлауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлау бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, оларды психологиялық даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібін және осындай даярлықтан өткені туралы сертификаттың нысанын бекіту туралы" 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 165 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20507 болып тіркелді) сәйкес жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі ұйымдар, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары жүргізеді.
13. Психологиялық даярлықтан өту қорытындысы бойынша адамдар психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификатты алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде органға ұсынады.
3-тарау. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді тану тәртібі және баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді тану туралы қорытынды беру
14. Психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификатты алғаннан кейін орган сертификатты алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші деп тану туралы қорытындыны дайындайды.
15. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші деп тану туралы қорытындыда мыналар көрсетіледі:
1) қорытынды шығару орны және күні;
2) қорытындыны шығарған органның атауы;
3) баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші болуға ниет білдірген тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);
4) туған жылы;
5) жынысы;
6) ұлты;
7) отбасы жағдайы;
8) бірге тұратын отбасы мүшелері туралы мәліметтер (ТАӘ (бар болса), туған жылы, туыстық қатынастары);
9) тұрғылықты мекен-жайы,
10) электрондық пошта, телефон нөмірі;
11) білімі;
12) жұмыс орны, қызметі;
13) ең төмен күнкөріс деңгейін қамтамасыз ететін кіріс туралы мәлімет;
14) азаматтығы;
15) әрекет қабілеттілігі;
16) ата-аналық құқығынан айрылғаны немесе шектелгені туралы мәлімет;
17) Қазақстан Республикасының Заңымен өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы және қамқоршының, патронаттық тәрбиешінің, қабылдаушы ата-ананың міндеттерінен шеттетілгені туралы мәліметтер;
18) бала асырап алушының кінәсінен бала асырап алудың күшін жою туралы мәліметтер;
19) адам баланы қабылдайтын кәсіби отбасына баланы тәрбиелеуге қабылдауға мүмкін болмайтын тізбеге сәйкес денсаулық жағдайы және аурулардың болмауы туралы мәліметтер;
20) тұрғын үйдің болуы туралы мәліметтер;
21) соттылығының болуы не болмауы туралы мәліметтер;
22) психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификаттың нөмірі және күні;
23) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлардың нәтижелері;
24) баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші болуға ұмтылудың себептері мен мотивтері;
25) ағымдағы банктік шоттың нөмірі;
26) қорытынды;
27) шешім шығарған орган басшының қолы.
4-тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды баланы қабылдайтын кәсіби отбасына беру
16. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалар баланы қабылдайтын кәсіби отбасына беріледі.
17. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасы аға-іні мен апа-сіңлілерді қоспағанда, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж төрт баладан аспайтын балаларды тәрбиелеуге қабылдайды.
18. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды баланы қабылдайтын кәсіби отбасына берудің негізі баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер мен орган арасында жасалған арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды баланы қабылдайтын кәсіби отбасына беру туралы шарт (бұдан әрі – баланы қабылдайтын кәсіби отбасына балаларды беру туралы шарт) болып табылады.
19. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына балаларды беру туралы шарт балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім беру шарттарын, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ мұндай шартты тоқтатудың негіздері мен салдарын көздейді.
20. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына балаларды беру туралы шарт алты ай мерзімге, бір реттен асырмай сол мерзімге ұзарту құқығымен жасалады.
21. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж баланы қабылдайтын кәсіби отбасына берілген әрбір балаға баланы қабылдайтын кәсіби отбасына балаларды беру туралы жеке шарт жасалады.
22. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына балаларды беру туралы шарт:
1) дәлелді себептері (науқастануы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және басқалар) болған кезде баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің бастамасы бойынша;
2) балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оларға білім беру үшін қолайсыз жағдайлар туындаған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның бастамасы бойынша;
3) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органмен келісу бойынша бала ата-аналарына, өзге де заңды өкілдеріне қайтарылған немесе бала асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
23. Балалардың заңды мүдделеріне сай келетін және балалар өздерінің туыстығы туралы білмейтін, бірге тұрмаған және тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, ағалы-інілілер мен апалы-сіңлілілерді (қарындастарды) ажыратуға жол берілмейді.
24. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерге беру олардың пікірлері ескеріліп жүзеге асырылады. Он жасқа толған балаларды беру олардың келісімімен ғана жүзеге асырылады.
25. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды беру кезінде баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің адамгершілік және өзге де жеке қасиеттері, олардың баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші міндеттерін орындау қабілеті ескеріледі.
26. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына берілген арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж баланы асырап-бағуға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы негізде ақшалай қаражат төлеу жүзеге асырылады.
27. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына берілген арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж баланы асырап-бағуға арналған қаражаттың төленуі ай сайын ағымдағы айдың 15-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
5-тарау. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің еңбекақысын төлеу
28 Әрбір баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешінің қызметтеріне ақы төлеу мөлшері айына жетпіс айлық есептік көрсеткішті құрайды.
29. Орган баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші қызметтеріне ақы төлеуді шарт негізінде ай сайын ағымдағы айдың 25-күнінен кешіктірмей оның ағымдағы шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүргізеді.
30. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына балаларды беру туралы шартты бұзу баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің қызметтеріне ақы төлеуді тоқтатуға әкеп соғады, орган бес жұмыс күні ішінде бұл туралы баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерге жазбаша түрде хабарлайды.
Баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар туралы ережеге 1-қосымша |
_____________________ басшысына
(орган атауы)
___________ азаматтардан (тан), (шадан)
(тегі, аты, әкесінің аты) (ол бар болған жағдайда)) және жеке сәйкестендіру номері)
Тұрғылықты мекен жайы, телефон номері, электрондық поштасы
__________________________________
Өтініш
Мені (бізді) ____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші(лер) деп тануыңызды сұраймын.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды күтіп-бағуға, тәрбиелеуге және оларға білім беруге қолайлы жағдайлар жасау мақсатында тексеру үшін тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларға тексеру жүргізуге келісім беремін (міз).
Жалған мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Ақпараттық жүйелердегі "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға келісемін (міз).)
20__ жылғы " " ______________ (қолы)
Баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар туралы ережеге 2-қосымша |
Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды тексеру актісі
Тексеріп-қарау жүргізілген күн ________________________________________
Тексеріп-қарауды жүргізген ___________________________________________
___________________________________________________________________
(тексеріп-қарауды жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, жұмыс орны)
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
органның мекенжайы және телефоны: _________________________
1._____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған жылы)
тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары тексерілді.
Жеке басын куәландыратын құжат _________________________________
Тұрғылықты жері (тіркеу орны бойынша) ___________________________
Нақты тұрғылықты жері __________________________________________
Білімі ______________________________________________________________
Жұмыс орны ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған жылы)
________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат _____________________________________
Тұрғылықты жері (тіркеу орны бойынша) _______________________________
Нақты тұрғылықты жері ______________________________________________
Білімі ______________________________________________________________
Жұмыс орны ________________________________________________________
2. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының жалпы сипаттамасы _____________
Тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжат
________________________________________________________________
Тұрғын үйдің меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),
________________________________________________________________
Жалпы көлемі ________(шаршы метр) тұрғын көлемі _______(шаршы метр)
Тұрғын бөлмелердің саны ___________, тіркеуде тұрғандар ________________
(тұрақты, уақытша)
Тұрғын үйдің жайлылығы _____________________________________________
(абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара жайлы)
Санитариялық-гигиеналық жай-күйі ____________________________________
(жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)
Тұрғын үй туралы қосымша мәліметтер
(балаға арналған жеке жатын орны, сабақ дайындауға, демалуға арналған орынның, жиһаздардың және т.б. бар болуы)
________________________________________________________________
3. Отбасының бірге тұратын басқа мүшелері:
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Туған күні | Жұмыс орны, қызметі немесе оқу орны | Туыстық қатынастары | Ескерту |
4. Отбасының табысы туралы мәлімет: жалпы сома __________, оның ішінде жалақы, басқа да табыстар _________________________________ (жазу).
5. Отбасының сипаттамасы (отбасындағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас, олардың жеке қасиеттері, қызығушылығы, балалармен қарым-қатынас тәжірибесі, барлық отбасы мүшелерінің балаларды қабылдауға дайындығы)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
6. Баланы отбасына тәрбиелеуге қабылдау себептері: ______________
7. Қорытынды (балаларды отбасына беру үшін жағдайдың бар болуы)
________________________________________________________________
_________ ________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні) (күні)
Таныстық: __________________________________________________________
(баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек білдірген тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), күні, қолы)