БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы";
1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидалары бекітілсін.";
білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларында:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидалары";
1 және 2 - тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 48) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы (бұдан әрі – ТКОБКБ ұйымдары) меншік құқығына тиесілі немесе өзге заңдық негізде ұйымдардың иелігінде тұрған жатақханалардағы орындарды бөлу тәртібін айқындайды.
2. ТКОБКБ ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беруді ТКОБКБ ұйымдары конкурстық негізде орындарды бөлу қорытындылары бойынша арнайы құрылған комиссия жүзеге асырады.
Жатақханаларда бос орындардың болуы туралы мәліметтер ТКОБКБ ұйымдарының ресми сайттарында орналастырылады.";
3 тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу тәртібі";
10-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"5) білім беру ұйымы өткізген конкурстың немесе әңгімелесудің қорытындысы бойынша жоғары балл алған бірінші курсқа оқуға қабылданған білім алушылар.
Білім беру ұйымы өткізген қабылдау қорытындылары бойынша тең балл жинаған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге арналған қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу қағидаларын бекіту туралы қағидаларына сәйкес өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама ұсынған жағдайда, білім алушының материалдық жағдайы ескеріледі.".
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі