ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 24.05.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының Мәдениет
және ақпарат министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс басқармасы
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 105 Бұйрығымен бекітілген |
Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі-Заң) 10-2-бабының 10-34) тармақшасына сәйкес әзірленген, тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жалдауға беруші – тұрғынжайды жалдау шартындағы тұрғынжайдың меншік иесі немесе тұрғынжайды жалдауға беруге меншік иесі уәкілеттік берген адам болып табылатын тарап;
2) жалдаушы – тұрғынжайды жалдау шартындағы тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін пайдалануға алушы тарап;
3) мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры – мемлекеттік кәсіпорынның қарауындағы тұрғынжайлар;
4) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қоры – тұрғынжайларды пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қарамағындағы тұрғынжайлар;
5) өтініш беруші – мемлекеттік мекемелермен немесе мемлекеттік кәсіпорындармен еңбек қатынастары бар Қазақстан Республикасының азаматтары;
6) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғынжай бірлігі (дара тұрғынжай, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғынжай);
7) уәкілетті орган - мемлекеттік мекеменің не мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжай қоюды және беруді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме не мемлекеттік кәсіпорын.
2-тарау. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою тәртібі
3. Осы елді мекенде тұратын, осы мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойылады.
4. Мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою үшін өтініш берушілер уәкілетті органның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері;
3) неке қию (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктің көшірмелері;
4) соттың басқа адамдарды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы шешімі (бар болған жағдайда);
5) өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжат.
Өтініш беруші және оның отбасы мүшелерінің меншік құқығында тиесілі тұрғынжайдың болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді, отбасының барлық мүшелерінің мекенжайы туралы мәліметтерді уәкілетті орган ақпараттық жүйелер арқылы алады.
Өтініш беру кезінде өтініш берушілерден ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.
5. Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 4-тармаққа сәйкес, өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама;
2) жазбаша түрде дәлелді бас тарту.
6. Мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қоюдан бас тарту негіздері Заңның 72-бабының 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көзделген.
3-тарау. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру тәртібі
7. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорында бос тұрғынжай болған кезде, өтiнiш берушiлерге тұрғынжай алу құқықығы беріледi.
8 Тұрғынжай алу үшін өтініш беруші уәкілетті органның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
3) неке қию (бұзу), балалардың тууы, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмелері;
4) соттың басқа адамдарды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы шешімі (бар болған жағдайда);
5) өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжат.
Өтініш беруші және оның отбасы мүшелерінің меншік құқығында тиесілі тұрғынжайдың болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді, отбасының барлық мүшелерінің мекенжайы туралы мәліметтерді уәкілетті орган ақпараттық жүйелер арқылы алады.
Өтініш беру кезінде өтініш берушілерден ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.
9. Мемлекеттік мекемелердің немесе мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру туралы шешімі Заңның 77-бабына сәйкес тұрғын үй комиссиясы шешімінің негізінде беріледі.
10. Тұрғын үй комиссиясы тұрғынжай беретін мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің, оның ішінде қоғамдық бiрлестiктердің (бар болған жағдайда) өкілдерінің кемінде бес адамнан тұратын тақ санынан қалыптастырылады.
11. Тұрғын үй комиссиясын:
1) орталық мемлекеттік органда - аппарат басшысы;
2) мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда - бірінші басшының орынбасары басқарады.
12. Тұрғын үй комиссияның хатшысы тұрғын үй комиссияның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге құқығы жоқ.
13. Тұрғын үй комиссиясының хатшысы тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасын жүргізеді.
14. Тұрғын үй комиссиясының шешімдері дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен қабылданады.
15. Тұрғын үй комиссиясы осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша, бірақ өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) тұрғынжайды беру туралы шешім;
2) жазбаша түрде дәлелді бас тарту.
16. Егер Заңның 69-бабы 1 тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес өтініш берушінің мемлекеттік мекеменің немесе кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру сәтінде осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болған жағдайда, мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжай беруден бас тартылады.
17. Тұрғын үй комиссиясының шешімі екі данада жасалады, оның біреуі тұрғынжай беретін уәкілетті органда сақталады, екіншісі өтініш берушіге беріледі.
18. Тұрғын үй комиссиясы тұрғынжай беру туралы шешім қабылдаған кезде күнтізбелік он бес күн ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тұрғынжайды жалдау шарты (өтініш беруші және мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын арасында) жасалады.
19. Тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шарты үш данада жасалады. Шарттың бір данасы уәкілетті органда сақталады, екіншісі мемлекеттік мүлік тізілімінде (бұдан әрі - тізілім) тіркеу үшін жергілікті атқарушы органға беріледі және ол қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшіншісі өтініш берушіге беріледі және тұрғынжайға қоныстануға құқық беретін жалғыз құжат болып табылады.
Тізілімнің www.e-qazyna.kz веб-порталында жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) олармен жасалған тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шарттары бойынша, оның ішінде шарт талаптары, шарт бойынша есептеулер, бюджетке аударылған төлемдер мен бар болса өсімпұлдар бойынша ақпаратты қарауға құқылы.
Өтініш
Сізден "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 75-бабының 1-тармағына сәйкес мені ______ бөлме санында мемлекеттік мекеменің/мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру үшін отбасы құрамына сәйкес есепке қоюыңызды сұраймын.
Отбасы құрамы:
1.___________________________________________________________________
(отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.), туыстық дәрежесі)
жеке сәйкестендіру нөмірі:
_______________________________________________________________
Ұсынылған деректердің дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер мен құжаттар беру үшін жауаптылық туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинаға, өңдеуге өз келісімімді беремін. 20 __ жылғы "__" __________.
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (қолы, күні/электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) деректер,
ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты)
Қосымша:
1. ________________;
2. ________________.
_________________________________________________ _________________
(Т.А.Ә.) (қолы, күні/ЭЦҚ деректері, ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты)
Өтініш
Сізден "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 75-бабының 1-тармағына сәйкес ______ бөлме санында мемлекеттік мекеменің/мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан отбасы құрамына сәйкес тұрғынжай беруіңізді сұраймын.
Отбасы құрамы:
1. _____________________________________________________________
(отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.), туыстық дәрежесі)
жеке сәйкестендіру нөмірі
_______________________________________________________________
Ұсынылған деректердің дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер мен құжаттар беру үшін жауаптылық туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинаға, өңдеуге өз келісімімді беремін. 20 __ жылғы "__" __________.
_________________________________________________ _________
(Т.А.Ә (қолы, күні/электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі - ЭЦҚ) деректер, ЭЦҚ қол қойылған
күні мен уақыты)
Қосымша:
1. ________________
__________________________________________________________________
2. ________________;
_________________________________________________ _________________
(Т.А.Ә.) (қолы, күні/ЭЦҚ деректері, ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты)
Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидаларына 3-қосымша |
Тұрғын үй комиссиясының мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру туралы шешімі _________________ облыс, қала 20 __ жылғы "__"________ _____________
Тұрғын үй комиссиясының тұрғынжай беру туралы № _______ шешімі
____________________________________________________
________________________________________________________________
__________________________________________________________ комиссиясы
(тұрғынжай беретін органның атауы)
отбасында ____________________________________ адамы бар азаматқа (жазумен)
________________________________________________________________
(жалға алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.)
мынадай мекенжайда орналасқан:_________________________________,
____ бөлмеден тұратын, пайдалы алаңы, _______ шаршы метр, оның iшiнде тұрғын алаңы ____ шаршы метр, тұрғын емес алаңы ____ шаршы метр бар тұрғынжайды жалға (қосымша жалға) беруді шешті.
Отбасы құрамы:
№ | Туысқандық дәрежесі | Т.А.Ә. |
Комиссия төрағасы: ___________________________ |
Комиссия мүшелері: |