БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23983 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй көмегін беру қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.";
24-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген заттай көмек:
дәрілік препараттар;
санаторлық-курорттық емдеу;
протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
мүгедектігі бар адамға бөлінген жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен оңалту құралдары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге арналған қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу қағидаларына сәйкес ұсынылатын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан, және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен балаларға материалдық көмек;
бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлем шеңберінде ұсынылатын көмек;".
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
К. Кажкенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жеке тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) ақысыз негізде көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі - Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) не "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
5. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Мемлекеттік корпорация құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге оларды қабылдаған күні жеткізуді қамтамасыз етеді.
6. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берушіден қабылданған құжаттардың тізбесі, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), өтініш беру күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетілетін тиісті құжаттарды қабылдау туралы электрондық қолхат береді, өтініш берушінің өтініші бойынша қолхат қағаз түрінде беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын сәйкестендіруді жүзеге асырады және құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Портал арқылы берілген өтініш пен құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші www.e-Qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (одан әрі– тізілім порталы) қарайды.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі (сыртқы шлюзі) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылады.
8. Көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
9. Мемлекеттік қызметті көрсетудің кезеңдері:
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді жекешелендіру кезінде:
бірінші кезең – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы;
екінші кезең – тұрғын үй комиссиясының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдауы, оның ішінде:
көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын толық және олардың Заңның, Қаулының және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы;
көрсетілетін қызметті берушінің дауыс беру және тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін қабылдау не дәлелді бас тарту туралы шешім шығару үшін жергілікті атқарушы органның (мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің) құрамын қалыптастыруы;
көрсетілетін қызметті берушінің тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін ресімдеуі және қол қоюы;
көрсетілетін қызметті берушінің коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және тұрғын үйдің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді алуы;
үшінші кезең – көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасау.
2) коммуналдық мемлекеттік мекеменің не коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді жекешелендіру кезінде кезеңдер осы тармақтың 1) тармақшасына ұқсас.
Коммуналдық мемлекеттік мекеменің не коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді коммуналдық тұрғын үй қорына беру тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
тапсырушы және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдарының тұрғын үйді қабылдау-тапсыру актісіне (беру актісіне) қол қоюы және коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты басшысының тапсыру актісін бекітуі;
тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу;
көрсетілетін қызметті берушінің коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және тұрғын үйдің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді алуы.
3) республикалық мемлекеттік мекеменің не республикалық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру кезінде:
бірінші кезең – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы;
екінші кезең – тұрғын үй комиссиясының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдауы, оның ішінде:
көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толық және олардың Заңның, Қаулының және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы;
көрсетілетін қызметті берушінің дауыс беру және тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін қабылдау не дәлелді бас тарту туралы шешім шығару үшін жергілікті атқарушы органның (мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің) құрамын қалыптастыруы;
көрсетілетін қызметті берушінің тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін ресімдеуі және қол қоюы;
үшінші кезең – тұрғын үйді республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру, оның ішінде:
облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның атына қолдаухат жолдау;
облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің қолдаухаты негізінде теңгерімінде берілетін тұрғын үй бар республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешім қабылдауы;
тапсырушы және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдарының тапсыру актісіне қол қоюы және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары) басшысының және коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысының тапсыру актісін бекітуі;
тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу;
көрсетілетін қызметті берушінің коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және тұрғын үйдің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді алуы;
төртінші кезең – көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасау.
10. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
11. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
12. Тұрғын үй қатынастары саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгерген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шешімі, іс-әрекеті (әрекетсіздігі) туралы шағым, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.
Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
14. Шағымды қарауды заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, онда сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларға 1-қосымша |
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); www.egov.kz "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде: бірінші және екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі; үшінші кезең: көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында 5 (бес) жұмыс күні ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан, коммуналдық мемлекеттік мекеменің не коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде: |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) өздері тұратын тұрғынжайларды жекешелендіруге жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерi қол қойған өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекетік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
Өтініш
Мен ______________________________________________ болып табылатындықтан (толық Т.А.Ә.) (жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні, кім және қашан берген, жеке сәйкестендіру нөмірі) маған жалдау (қосымша жалдау)
20 __ жылғы "__" ___________ № ___ шартына сәйкес _______________________ мекенжай бойынша тұрып жатқан пәтерімді жекешелендіруге рұқсат беруіңізді сұраймын.
Қосымша: _____________________________________________________
(барлық кәмелетке толған отбасы мүшелері келісім береді)
Мен, ___________________________________________________________
(Т.А.Ә., туыстық дәрежесі, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні, кім және қашан берген, жеке сәйкестендіру нөмірі)
_________________________________________________ мекенжайы бойынша
пәтерді ______________________ атына ақысыз жекешелендіруге келісемін. (Т.А.Ә.)
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз, дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармыз және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім береміз.
Көрсетілетін қызметті алушы қол қойды және жіберді: сағат _ _ , 20__ жылғы "__" _____:
Көрсетілетін қызметті алушының және отбасының кәмелетке толған мүшелерінің электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі - ЭЦҚ) алынған деректері:
ЭЦҚ қол қою күні мен уақыты.
Өтінішті қабылдау туралы хабарлама:
Көрсетілетін қызметті беруші қабылдады: сағат _ _ , 20__ жылғы "__" ______:
Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ деректері:
ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты.
Өтініш
Маған және менің отбасыма____________________________________
(толық Т.А.Ә.) (жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні, кім және қашан берген, жеке сәйкестендіру нөмірі)
жалдау (қосымша жалдау) 20 __ жылғы "__" ___________ № ___ шартына сәйкес ______________________________________ мекенжай бойынша тұрып жатқан пәтерімді қалдық құны бойынша сатып алу (немесе тұрғын үйдің құнын _______ мерзімге бөліп-бөліп төлеу, бастапқы жарна ______ жолымен жекешелендіруге рұқсат беруіңізді сұраймын.
Қосымша: ________________________
(барлық кәмелетке толған отбасы мүшелері келiсiм береді)
Мен, __________________________________________________________
(Т.А.Ә., туыстық дәрежесі, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні, кім және қашан берген, жеке сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________________ мекенжай бойынша пәтерді
________________________________ атына жоғарыда көрсетілген шарттармен
(Т.А.Ә.) жекешелендіруге келісемін.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз, дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармыз және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім береміз. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз, дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармыз және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім береміз.
Көрсетілетін қызметті алушы қол қойды және жіберді: сағат _ _, 20__ жылғы "__" _____ ;
Көрсетілетін қызметті алушының және отбасының кәмелетке толған мүшелерінің электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі - ЭЦҚ) деректер:
ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты.
Өтінішті қабылдау туралы хабарлама:
Көрсетілетін қызметті беруші қабылдады: сағат _ _, 20__ жылғы "__" ______:
Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ деректері:
ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты.