"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 2-тармағына және 18-бабы 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ көрсетілген Шартқа 7-қосымшасының 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 040721) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қабылдау туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
Министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
Комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі