БҰЙЫРАМЫН:
1. "Магистральдық мұнай құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 84 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10107 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық мұнай құбырларын пайдалану қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы магистральдық мұнай құбырларын пайдалану қағидалары "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және магистральдық мұнай құбырларын пайдалану тәртібін айқындайды.";
78-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"78. Магистральдық мұнай құбырларының желілік бөлігіндегі жөндеу жұмыстарына мыналар жатады:
1) ағымдағы жөндеу (вантуздар, ысырмалар, әуелік өткелдер, тазарту және диагностикалау құралдарын іске қосу мен қабылдау тораптары, мұнай құбыры қабырғасының көтергіш қабілетін қалпына келтіре отырып (қажет болған жағдайда), оқшаулағыш жабынды ауыстыра отырып электрхимиялық қорғау құралдары), композиттік муфтамен, қысқыш дәнекерленген муфтамен және тұрақты жөндеу конструкцияларын орната отырып, катушкалар мен құбыр секцияларын ауыстыра отырып құбыр денесінің ақауларын жөндеу;
2) күрделі жөндеу (құбырларды ауыстыра отырып);
3) авариялық-қалпына келтіру жөндеуі.";
84-тармақ алып тасталсын;
85 және 86-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"85. Жөндеу түрін таңдау (ағымдағы, күрделі, авариялық-қалпына келтіру) мыналарға байланысты жүзеге асырылады:
1) ақаулы учаскелерді жөндеу түрлері мен әдістері бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштер;
2) мұнай құбырының ұзындығы бойынша ақаулардың орын алу тығыздығы;
3) оқшаулағыш жабынның жай-күйі.
86. Магистральдық мұнай құбырларын күрделі жөндеу лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген жобаға және жөндеуді орындайтын ұйым әзірлеген жұмыстар жүргізу жобасына сәйкес орындалады.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі