Мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 157-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 сәуірде № 35969 болып тіркелді

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-15) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 344) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығы бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 388 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12630 болып тіркелген);

      2) "Мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 388 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 15-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35653 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2025 жылғы 11 сәуірдегі
№ 157-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық-қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық-қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-15) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 344) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының (бұдан әрі – мәдениет ұйымдары) сахналық-қойылым құралдарын (бұдан әрі – сахналық-қойылым құралдары) есепке алу, беру және есептен шығаруды нақтылайды.

      2. Cахналық-қойылым құралдары спектакльдердердің, концерттік бағдарламалардың, көріністердің материалдық безендіру заттарынан тұрады.

2-тарау. Сахналық-қойылым құралдарын есепке алу

      3. Сахналық-қойылым құралдарын есепке алу бірлікпен өлшенеді.

      4. Сахналық-қойылым құралдарын есепке алу мәдениет ұйымының тиісті құрылымдық бөлімдеріндегі материалдық жауапты тұлғамен және бухгалтерлік қызметпен (бұдан әрі – материалдық жауапты тұлға) жүргізіледі.

      5. Сахналық-қойылым құралдарын есепке алу сахналық-қойылым құралдарының түсу есебін және түгендеу есебін алу жолымен жүргізіледі.

      6. Сахналық-қойылым құралдарының түсуін есепке алуға келесі рәсімдер кіреді:

      1) сахналық-қойылым құралдарын қабылдау. Қабылдау барысында ақаулардың, зақым келуінің бар-жоқтығы тексеріледі және осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысанда cахналық-қойылым құралдарын тұрақты қолдануға қабылдау актісі жасалады.

      Cахналық-қойылым құралдарын тұрақты қолдануға қабылдау актісі екі данада жасалып, бір данасы сахналық-қойылым құралдарын жинақтайтын құрылымдық бөлімде қалады, басқа данасы мәдениет ұйымының бухгалтериясына беріледі;

      2) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес жасалған нысанда сахналық-қойылым құралдарын түсім кітабына енгізу (бұдан әрі - түсім кітабы). Түсім кітабына жеке ерекшелігі көрсетілген әр сахналық-қойылым құралы туралы мәлімет енгізіледі және аталған сахналық-қойылым құралын пайдаланатын мәдениет ұйымының құрылымдық бөлімінің қысқартылған атауы (аббревиатура), реттік санынан тұратын шифр беріледі.

      3) шифр беру.

      7. Сахналық-қойылым құралдарын есепке алу осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес жасалған нысанда cахналық-қойылым құралдарының есеп кітабын жүргізу (бұдан әрі – есеп кітабы) және әр сахналық-қойылым құралына түгендеу нөмірін беру кіреді.

      Сахналық-қойылым құралына шифр және түгендеу нөмірі бояу қолданылып енгізіледі (жууға және химиялық әсерге төзімді) немесе сахналық-қойылым құралдарының көрермендерге көрінбейтін жеріне жіппен тігіледі.

      8. Түсім кітабы мен есеп кітабы толтырылардың алдында бауланады, парақтары нөмірленеді, мәдениет ұйымының басшысымен және материалдық жауапты тұлғамен қол қойылады және мәдениет ұйымының мөрі басылады.

      9. Уақытша пайдаланылғаннан кейін мәдениет ұйымына қайта түскен сахналық-қойылым құралдарына жаңа шифр мен түгендеу нөмірі берілмейді, түсім кітабына жазбалар енгізіледі (түскен күні, сахналық-қойылым құралының сақталу жағдайының сипаттамасы).

3-тарау. Сахналық-қойылым құралдарын беру және есептен шығару

      10. Ағымдағы репертуарда пайданылмайтын сахналық-қойылым құралдары басқа мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, мемлекеттік мекемелерге және оқу орындарына тегін беріледі.

      11. Сахналық-қойылым құралдарын беру осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысанда cахналық-қойылым құралдарын тұрақты қолдануға қабылдап алу-беру актісіне сәйкес ресімделеді.

      12. Сахналық-қойылым құралдарын есептен шығару келесі жағдайда жүргізіледі:

      1) осы Нұсқаулықтың 10-тармағына сәйкес тегін беру;

      2) сахналық-қойылым құралдарының физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болуы, дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан оны қайта қалпына келтіру экономикалық тұрғыдан мақсатқа сай емес және (немесе) мүмкін болмауы.

      Cахналық-қойылым құралдарын есептен шығару осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес нысанда сахналық-қойылым құралдарын істен шығару (есептен шығару) актісіне сәйкес ресімделеді.

      13. Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан, физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған сахналық-қойылым құралдарының бұзылуын және жойылуын ресімдеу "Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 721 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33019 болып тіркелген) бекітілген Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Мемлекеттік театрлар мен
концерттік ойын-сауық
ұйымдарының сахналық-
қойылым құралдарын есепке
алу, беру және есептен
шығару нұсқаулығына
1-қосымша
  Нысан
  "Бекітемін"
Директор
____________________________
(мәдениет ұйымының
толық атауы)
20 жылғы "___"_________

САХНАЛЫҚ-ҚОЙЫЛЫМ ҚҰРАЛДАРЫН ТҰРАҚТЫ ҚОЛДАНУҒА ҚАБЫЛДАУ АКТІСІ №

      Осы акт 20______ жылдың " " ______ екі данада жасалды.

      __________________________________________________________________________

                        (мәдениет ұйымының атауы)

      __________________________________________________________________________

                  (аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – аты-жөні), қызметі)

      қабылдады,

      __________________________________________________________________________

                        (құрылымдық бөлімнің атауы)

      __________________________________________________________________________

                        (аты-жөні, қызметі)

      келесі сахналық-қойылым құралдары тұрақты қолдануға берілді

Р/с

Берген күні

Шифр

Түгендеу нөмірі

Заттың атауы және қысқаша сипаттамасы, әзірленген материалы, өлшемі, саны

Құжаттар бойынша

Іс жүзінде болғаны

Жай-күйі, ақаудың, бүлінудің бар-жоқтығы

Қойылымның (спектакль, концерттік бағдарлама, театрландырылған көрініс) атауы

саны

бірлік үшін бағасы

сомасы, теңгемен

саны

бірлік үшін бағасы

сомасы, теңгемен

1

2

3

4

5

6

7

8

9














      Акт бойынша барлығы: ____________ дана сахналық-қойылым құралдары қабылданды

      Негіз: (күні, комиссии отырысының хаттамасы)

      Қоса берілетін құжаттар тізімі (бар болса):

      Осы актіні жасаған тұлғалардың қолдары _______________________________

      (Аты-жөні, құжаттарды тапсырған тұлғалардың қолдары)

  Мемлекеттік театрлар мен
концерттік ойын-сауық
ұйымдарының сахналық-
қойылым құралдарын есепке
алу, беру және есептен
шығару нұсқаулығына
2-қосымша
  Нысан
  ___________________________
(мәдениет ұйымының
толық атауы)

САХНАЛЫҚ-ҚОЙЫЛЫМ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТҮСІМ КІТАБЫ

Р/с №

Жазба күні

Шифр

Қайдан түсті және түскен күні, қабылдау актісінің нөмірі

Атауы және қысқаша сипаттамасы

Құжаттар бойынша

Іс жүзінде болғаны

Әзірленген материалы, күйі

Өлшемі, жалпы салмағы

Қабылдаған құрылымдық бөлімнің немесе бөлімнің атауы

Қойылымның (спектакль, концерттік бағдарлама, театрландырылған көрініс) атауы

саны

бірлік үшін бағасы

сомасы, теңгемен

саны

бірлік үшін бағасы

сомасы, теңгемен

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












  Мемлекеттік театрлар мен
концерттік ойын-сауық
ұйымдарының сахналық-
қойылым құралдарын есепке
алу, беру және есептен
шығару нұсқаулығына
3-қосымша
  Нысан
  ___________________________
(мәдениет ұйымының
толық атауы)

САХНАЛЫҚ-ҚОЙЫЛЫМ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЕСЕП КІТАБЫ

Р/с №

Жазба күні

Түгендеу нөмірі

Қайдан түсті және берілген күні

Атауы және қысқаша сипаттамасы, әзірленген материалы, өлшемі, жалпы салмағы

Саны

Қойылымның (спектакль, концерттік бағдарлама, театрландырылған көрініс) атауы

Қабылдаған құрылымдық бөлімнің немесе бөлімнің атауы

Қол қойған, тапсырған/қабылдаған тұлғалардың аты-жөні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











  Мемлекеттік театрлар мен
концерттік ойын-сауық
ұйымдарының сахналық-
қойылым құралдарын есепке
алу, беру және есептен
шығару нұсқаулығына
4-қосымша
  Нысан
  "Бекітемін"
Директор
___________________________
(мәдениет ұйымының
толық атауы)
20___жылғы " " ____________

САХНАЛЫҚ-ҚОЙЫЛЫМ ҚҰРАЛДАРЫН ТҰРАҚТЫ ҚОЛДАНУҒА ҚАБЫЛДАП АЛУ-БЕРУ АКТІСІ №

      Осы акт 20 _____ жылдың " " _____________________ екі данада жасалды

      __________________________________________________________________________

                        (тапсырушы ұйым/бөлімнің атауы)

      __________________________________________________________________________

                  (аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – аты-жөні), қызметі)

      келесі сахналық-қойылым құралдары тұрақты қолдануға берілді

Р/с

Берген күні

Шифр

Түгендеу нөмірі

Заттың атауы және қысқаша сипаттамасы, әзірленген материалы, өлшемі, саны

Құжаттар бойынша

Іс жүзінде болғаны

Жай-күйі, ақаудың, зақым келудің бар-жоқтығы

Қойылымның (спектакль, концерттік бағдарлама, театрландырылған көрініс) атауы

саны

бірлік үшін бағасы

сомасы, теңгемен

саны

бірлік үшін бағасы

сомасы, теңгемен

1

2

3

4

5

6

7

8

9














      __________________________________________________________________________

                              (қабылдаушы ұйымның атауы)

      __________________________________________________________________________

                              (аты-жөні, қызметі)

      қабылдады.

      Акт бойынша барлығы: _______________ дана сахналық-қойылым құралдары берілді

      Негіз: (күні, комиссия отырысының хаттамасы) _________________________________

      Қоса берілетін құжаттар тізімі (бар болса): _____________________________________

      Осы актіні жасаған тұлғалардың қолдары ______________________________________

      (Аты-жөні, құжаттарды тапсырған тұлғалардың қолдары)

  Мемлекеттік театрлар мен
концерттік ойын-сауық
ұйымдарының сахналық-
қойылым құралдарын есепке
алу, беру және есептен
шығару нұсқаулығына
5-қосымша
  Нысан
  "Бекітемін"
Директор
____________________________
(мәдениет ұйымының
толық атауы)
20 жылғы " " ____________

САХНАЛЫҚ-ҚОЙЫЛЫМ ҚҰРАЛДАРЫН ІСТЕН ШЫҒАРУ (ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ) АКТІСІ

Ретімен нөмірі

Атауы, сипаттамасы

Шығару, салу, тіркеу күні

Сатып алу (пайдалануға рұқсат ету) күні

Іс жүзінде пайдалану мерзімі

Бастапқы құны

Есептелген амортизация сомасы, теңгемен

Баланстық құны, теңгемен

Нөмірі

зауыттық

түгендеу

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      20__ жылғы "___" _________ №_____ бұйрықпен (өкіммен) тағайындалған

      комиссия ______________ негізінде _____________ тексеруді жүргізді және

      __________________ негізінде оны есептен шығаруға жатады деп белгіледі.

      атауы

      ________________________ сомаға жөндеулердің саны _____________________

      Есептен шығару себебі ________________________________________________

      Актив(тердің)тің жағдайы ______________________________________________

      Комиссия қорытындысы _______________________________________________

      Қосымша: Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі _______________________

НЫСАНЫҢ ЕКІНШІ ЖАҒЫ

      Комиссия төрағасы ____________/_____________/_________________________

                              лауазымы       аты-жөні             қолы

      Комиссия мүшелері: _________/______________/__________________________

                              лауазымы       аты-жөні             қолы

      _________/____________________/___________________ лауазымы аты-жөні қолы

      Материалдық жауапты тұлға __________/__________/______________________

                                    лауазымы       аты-жөні             қолы

Сахналық-қойылым құралдарын есептен шығаруға байланысты шығындар туралы және есептен шығарудан түсетін қорлардың түсуі туралы мәліметтер

Есептен шығаруға арналған шығындар

Есептен шығарудан түскені

Жұмыстар түрі

Құжат нөмірі

Шығындар бабы

Сомасы, теңгемен

Құжат нөмірі

Құндылықтар

Саны

Сомасы, теңгемен

атауы

номенклатуралық нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9





































Жиыны



Жиыны


      Сатудан түскен кіріс (келтірілген залал) __________________________________

      _____________________________________________ сомасы жазумен, теңгемен

      Есепке алу карточкасында (кітабында) белгіленді

      Бас бухгалтер (бухгалтер) _________/_______ 20 ___ жылғы "___" ______

      аты-жөні қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады