"Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 162 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 15 сәуірде № 35979 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10753 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоса беріліп отырған Банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары бекітілсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 11 сәуірдегі
№ 162 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 17 наурыздағы
№ 178 бұйрығымен
бекітілген

Банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 99-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ағымдағы баға – электрондық аукцион барысында қалыптасатын лоттың бағасы;

      2) банкрот – заңды күшіне енген сот шешімімен дәрменсiздiгi белгiленген борышкер;

      3) лоттың бастапқы бағасы – кредиторлар комитеті бекіткен Банкрот мүлкін сату жоспарында көрсетілген электрондық аукцион басталатын лоттың бастапқы бағасы;

      4) борышкер – оларға қатысты Заңда көзделген рәсімдер қолданылған дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға (бұдан әрі – дара кәсіпкер) немесе заңды тұлға;

      5) жабық электрондық аукцион – айналымы шектелген мүлікті сату бойынша электрондық аукцион;

      6) жеңімпаз – аукцион лоты үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған және электрондық аукционның қорытындысы туралы хаттамаға қол қойған электрондық аукционға қатысушы;

      7) кепілді жарна – электрондық аукционға қатысу үшін жеке немесе заңды тұлға енгізетін ақша сомасы;

      8) қатысушы – электрондық аукционға немесе жабық электрондық аукционға қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімінің веб порталында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

      9) қатысушының электронды әмияны (бұдан әрі – электронды әмиян) – әлеуетті қатысушы екінші деңгейлі банктегі ұйымдастырушының арнайы транзиттік шотына енгізген ақша қаражатын есептеу үшін ұйымдастырушы пайдаланатын тізілімдегі әлеуетті қатысушының жеке шоты;

      10) лот – электрондық аукционда бір мезгілде сатылатын зат немесе бірнеше зат;

      11) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – тізілімнің веб-порталы) – Интернет желісінде www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналастырылған борышкерлердің мүлкін сату бойынша электрондық деректер базасына бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс (бұдан әрі – деректер базасы)

      12) сатушы – уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы;

      13) сатып алушы – сатып алу-сату шартына қол қойған электрондық аукционның жеңімпазы;

      14) сату бағасы – электрондық аукцион нәтижесінде белгіленген лоттың түпкілікті бағасы;

      15) уәкілетті орган – оңалту және банкроттық саласында (қазыналық кәсіпорындар, мекемелер, банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      16) ұйымдастырушы – уәкілетті орган айқындаған және сатушымен банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу бойынша электрондық қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан заңды тұлға;

      17) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі – төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      18) электрондық аукцион – электрондық форматта тізілімнің веб-порталын қолдана отырып өткізілетін электрондық аукцион, оның ішінде жабық электрондық аукцион сауда-саттығының нысаны;

      19) электрондық аукцион залы (бұдан әрі – аукцион залы) – электрондық аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;

      20) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

2-тарау. Банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу тәртібі

      3. Банкрот мүлкін сатуды банкроттықты басқарушы осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен банкрот мүлкін сату жоспарына (бұдан әрі – Сату жоспары) сәйкес электрондық аукционды өткізу арқылы жүзеге асырады.

      4. Акция пакеттері (қатысу үлестері) стратегиялық объектілерге жатқызылған банкрот мүлкін сату "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік мүлік туралы заң) 188-бабы 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы шешімін алғаннан кейін осы Қағидалардың талабына сәйкес электрондық аукцион өткізу жолымен жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мүліктік массаны сатудың ерекше шарттары мен тәртiбiн, сондай-ақ сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгiлеген жағдайда, стратегиялық объектілерге жатқызылған банкрот мүлкін сату Мемлекеттік мүлік туралы заңның 187-бабы 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін ескере отырып жүзеге асырылады.

      5. Банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейінгі мерзім ішінде құны айтарлықтай төмендейтін мүлікті (тез бұзылатын тауарлар, мал және жедел өткізуді талап ететін өзге де тауарлар) сатуды уақытша басқарушы уәкілетті органмен келісілген осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тез бұзылатын тауарлар, мал және жедел өткізуді талап ететін өзге де тауарларды сату жоспарының негізінде жүзеге асырады және олар электрондық аукционға теңгерімдік құны бойынша шығарылады.

      Уақытша басқарушының Сату жоспарын келісуі Заңның 99-бабы 7-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Сот шешімімен оңалту рәсімі қолданылған борышкер мүлкін сатуды оңалтуды басқарушы оңалту жоспарының негізінде электрондық аукционды өткізу жолымен жүзеге асырады.

      7. Банкроттықты басқарушы Сату жоспарын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүліктік массаны түгендеу және бағалау деректері, сондай-ақ мүлікті теңгерімдік құны бойынша электрондық аукционға қою туралы кредиторлар комитеті шешімінің негізінде жасайды.

      8. Осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, борышкердің кредиторлар комитеті бекітетін сату жоспарында мүлікті электрондық аукционға қайта қою шарттары қамтылады.

      9. Сату жоспарын жасау кезінде лоттың алғашқы бастапқы бағасын сатушы теңгерімдік құны не бағалау құнының 75 (жетпіс бес) пайызы деңгейінде белгілейді.

      Дебиторлық берешек электрондық аукционға оның номиналды мәнінің 75 (жетпіс бес) пайыз мөлшерінде шығарылады.

      10. Электрондық аукцион өткізілмеген жағдайда мүліктік массаны кейіннен өткізу, егер кредиторлар жиналысы мүлікті тікелей сату не мүліктік массаны заттай беру туралы шешім қабылдамаса, өткізілмеген аукцион туралы актіге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жүргізіледі.

      11. Мүлікті электрондық аукционға қайта шығарған кезде сатушы кредиторлар комитетінің келісімімен лоттың бастапқы бағасын алғашқы бастапқы бағасынан жиырма 10 (он) пайыздан аспайтын мөлшерде төмендетеді. Алғашқы бастапқы бағаны төмендетуге бір рет ғана рұқсат етіледі.

      12. Сату жоспары бекітілгеннен кейін сатушы 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тізілімнің веб-порталындағы деректер базасына әрбір лот бойынша мынадай ақпараттың енгізуін қамтамасыз етеді:

      1) сатушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) (бұдан әрі – ТАӘ), жеке сәйкестендiру нөмiрі (бұдан әрі – ЖСН), телефоны мен мекенжайы;

      2) банкроттың атауы/ТАӘ (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), ЖСН немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН), заңды мекенжайы;

      3) лот туралы мәлімет (мүліктің атауы, жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі, орналасқан жері, қысқаша сипаттамасы, шығарылған/ салынған жылы, техникалық жай-күйі);

      4) Заңның 3-бабы 3-тармағына сәйкес белгіленген сатып алушыға қойылатын ерекше шарттар мен қосымша талаптар белгіленген;

      5) банкрот қызметінің негізгі бейіні;

      6) банкроттың банктік деректемелері;

      7) сатушының шешімі бойынша қосымша ақпарат.

      Енгізілген ақпаратқа қосымша сатушы деректер базасына мынадай құжаттардың сканерленген көшірмелерін:

      1) қаржылық есептілік депозитарийінен жүктеп алынатын сату объектісін бағалау туралы есеп (ол болған кезде) не түгендеу актісін қоса бере отырып, кредиторлар комитетінің мүлікті теңгерімдік құны бойынша шығаруға келіскені туралы хаттамалық шешімді;

      2) электрондық аукционға қойылған сату объектісінің сыртқы сипаты мен техникалық сипаттамасын жан-жақты және көзбен қарап бағалауға мүмкіндік беретін кем дегенде 6 (алты) фотосурет;

      3) кредиторлар комитеті бекіткен Сату жоспары;

      4) кредиторлар комитеті отырысының Сату жоспарын бекіту туралы хаттамасы;

      5) олардың негізінде жылжымайтын мүлікке құқық туындайтын, өзгеретін және (немесе) тоқтатылатын сату объектілерінің құқық белгілейтін құжаттарын енгізуді қамтамасыз етеді.

      Егер стратегиялық объектіге жатқызылған банкрот мүлкі сатылатын болса деректер базасына осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген құжаттардың көшірмесі және мемлекеттік органдардың "Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 қаулысымен бекітілген Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларымен белгіленген тәртіппен алынған банкрот мүлкіне құқықтарды іске асыруға жазбаша келісуі енгізіледі.

      13. Сатушы осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген мәліметтерді деректер базасына енгізген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұйымдастырушы қателердің болуын және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.

      14. Электрондық аукцион өткізу туралы ақпарттық хабарламаны тізілімнің веб-порталында жариялау үшін сатушы электорндық аукцион өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын әрбір лот бойынша мынадай мәліметтерді деректер базасына:

      1) электрондық аукционды өткізу күні мен уақыты;

      2) Сату жоспарына 1-қосымшаға сәйкес лоттың бастапқы бағасы;

      Мүлікті электрондық аукционға қайта қою кезінде сатушы Сату жоспарына 2-қосымшаға сәйкес деректер базасына лоттың бастапқы бағасын енгізеді.

      3) кепілді жарнаның мөлшері;

      4) өтінімдер қабылдау мерзімі;

      5) лот туралы мәлімет (мүліктің атауы, жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі, орналасқан жері, қысқаша сипаттамасы, шығарылған/ салынған жылы, техникалық жай-күйі);

      6) банкроттың атауы/ ТАӘ, БСН/ЖСН, заңды мекенжайы;

      7) сатушының ТАӘ, ЖСН, телефоны мен мекенжайы;

      8) Заңның 3-бабы 3-тармағына сәйкес сатып алушыға қойылатын ерекше шарттар мен қосымша талаптар белгіленген;

      9) ұйымдастырушының банктік деректемелері;

      10) ұйымдастырушының телефоны мен мекенжайы;

      11) сатушының шешімі бойынша қосымша ақпаратты енгізеді.

      15. Сатушы осы Қағидалардың 14-тармағында белгіленген мәліметтерді енгізгеннен кейін ұйымдастырушы тізілімнің веб- порталында электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланғанға дейін, мәліметтер енгізілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны қателердің болуына және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.

      16. Деректер базасына енгізілген мәліметтерді тексеру нәтижелері бойынша ұйымдастырушы сатушыға электрондық аукционның өткізілетіні туралы ақпараттық хабарламаны орналастырудан бас тартады не оны осы Қағидалардың 14-тармағында белгіленген мәліметтерді қамтитын тізілімнің веб-порталында жариялайды.

      17. Электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін ұйымдастырушы барлық ниет білдірушілерге тізілімнің веб-порталында орналастырылған лот бойынша ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді, сатушы барлық ниет білдірушілерге сату объектісіне еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Ұйымдастырушы мен сатушы электрондық аукционға қатыспайды. Қатысушыларға консультациялық көмекті ұйымдастырушы, оның ішінде оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшелер арқылы көрсетіледі.

      18. Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу тізілімнің веб-порталында электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және электрондық аукцион басталғанға дейін, мыналарды:

      жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: ЖСН, ТАӘ;

      заңды тұлғалар үшін: БСН, толық атауы, бірінші басшының ТАӘ;

      екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері (кепілді жарнаны қайтару үшін);

      байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып 5 (минут) бұрын аяқталады.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, қатысушы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде тізілімнің веб-порталында енгізілген деректерді өзектендіреді.

      19. Электрондық аукционға қатысу үшін қатысушы тізілімнің веб-порталында осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық өтінімді (бұдан әрі – электрондық өтінім) береді.

      Электрондық өтінім беру үшін қатысушы:

      1) тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркеледі.

      Электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламада Заңның 3-бабы 3-тармағына сәйкес белгіленген мүліктік массаны сатып алушыларға ерекше жағдайлар немесе қосымша талаптар болған кезде электрондық аукционға қатысушылар электрондық өтінімге осы шарттар мен талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса тіркейді.

      Жабық электрондық аукционға Заңның 99-бабы 3-тармағына сәйкес осы мүлікті сатып алуға құқығы бар адамдардың қатысуына жол беріледі.

      Жабық электрондық аукционға қатысушылар электрондық өтінімге жабық электрондық аукцион шарттары мен талаптарына сәйкес келетінін растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса тіркейді.

      2) электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген ұйымдастырушының банктік шотына (арнайы транзиттік шотына) лоттың бастапқы құнының 5 (бес) пайызы мөлшерінде кепілдік жарна енгізеді.

      Кепілдік жарна аукцион нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес электрондық аукционға қатысу кезінде мәлімделген шарттарда сатып алу-сату шартын жасасуды қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

      Кепілдік жарнаны төлем құжатына енгізген кезде төлем тағайындауда қатысушының ЖСН немесе БСН көрсетіледі.

      20. Электрондық аукционға қатысушыларға кепiлдi жарналардың кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілді жарна қатысушыға ол бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін аталған кепілді жарнаны енгізген сол лотты сатып алуға құқық береді.

      21. Электрондық өтінімді тіркегеннен кейін тізілім веб-порталы 2 (екі) минут ішінде электрондық әмиянда электрондық өтінім берілген лот бойынша кепілдік жарна сомасына ақшалай қаражаттың болуына автоматты түрде тексеру жүргізіледі.

      22. Электрондық әмиянда кепілдік жарна сомасында ақша қаражаты болған кезде тізілімнің веб-порталы сауда-саттық нәтижелері айқындалғанға дейін кепілдік жарна сомасында ақшалай қаражатты бұғаттауды жүзеге асырады және электрондық өтінімді қабылдайды. Тізілімнің веб-порталы қатысушыны электрондық аукционға жіберуді дереу қамтамасыз етеді, тізілімнің веб-порталы беретін аукциондық нөмірді ұсынады. Электрондық әмиянда кепілдік жарна сомасында ақша қаражаты болмаған немесе осы Қағидалардың 19-тармағының ережелері сақталмаған кезде тізілімнің веб-порталы қатысушының электрондық өтінімін қабылдамайды.

      23. Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында тіркеу кезінде көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына электрондық өтінімнің қабылданғаны туралы не электрондық өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

      24. Электрондық аукционға қатысуға осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында тіркеуден өткен барлық қатысуға ниет білдіргендер жіберіледі.

      25. Мыналар:

      1) электрондық аукционның өткізілетіні туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген сату объектісін сатып алушыларға қойылатын ерекше шарттарға және (немесе) қосымша талаптарға сәйкес келмейтін заңды (жеке) тұлға;

      2) ұйымдастырушы;

      3) сатушы электрондық аукционға қатыспайды.

      26. Электрондық аукцион Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден жұмаға дейін Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі кезеңде (Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады) аукцион залында өтеді.

      27. Электрондық аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін 1 (бір) сағат ішінде ЭЦҚ мен аукциондық нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді және лот үшін бастапқы бағаны ескере отырып, бірақ Сату жоспарында белгіленген кезіндегі ең төмен бағадан төмен болмайтын өзінің баға ұсынысын көрсетеді.

      Электрондық аукцион электрондық аукционның өткізілетіні туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақытында басталады.

      28. Егер электрондық аукцион басталған кезде лот бойынша тіркелген және аукцион залындағы қатысушылар 2 (екеуден) аз болса, онда электрондық аукцион өтпеген болып танылады.

      29. Электрондық аукцион олар белгіленген бастапқы баға деңгейінде немесе одан да көп қатысушылардың баға ұсыныстарын беру әдісімен өткізіледі және қатысушылардың біреуінің ең жоғарғы бағасына дейін жүргізіледі. Бұл ретте бағаның өзгеру қадамы былайша белгіленеді:

      1) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгеру қадамы 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      2) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еседен 50 000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгеру қадамы 7 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      3) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 50 000 еседен 100 000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгеру қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      4) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 100 000 еседен 250 000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгеру қадамы 2,5 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      5) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 250 000 еседен 500 000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгеру қадамы 1 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      6) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 500 000 еселенген және одан жоғары мөлшерде болған кезде өзгеру қадамы 0,5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      30. Электрондық аукцион былайша өткізіледі:

      1) электрондық аукционның басталу сәтінде аукцион залында қатысушылардың лот үшін баға ұсыныстары көрсетіледі, бұл олардың шарттарды сақтай отырып, лотты сатып алуға келісімін білдіру нысаны болып табылады және ағымдағы баға қалыптасады;

      2) электрондық аукцион басталған сәттен бастап, қатысушыға басқа қатысушының ағымдағы ең жоғарғы бағасын осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес белгіленген қадамға ұлғайтуға мүмкіндік беріледі;

      3) егер электрондық аукцион басталғаннан 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бір де біреуі ағымдағы ең жоғарғы бағаны ұлғайтпаса, онда оны ұсынған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады;

      4) егер электрондық аукцион басталғаннан 20 (жиырма) минут ішінде аукцион залында қатысушылардың біреуі басқа қатысушының ағымдағы ең жоғарғы бағасын осы Қағидалардың 41-тармағына сәйкес белгіленген қадамға ұлғайту жолымен лотты сатып алуға өз ниетін растаса, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;

      5) егер ағымдағы баға ұлғайтылғаннан кейін 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бір де біреуі ағымдағы бағаны ұлғайту жолымен лотты сатып алуға өз ниетін растамайтын болса, онда лотты сатып алуға өз ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады;

      6) егер электрондық аукцион аяқталатын сәтте Астана қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаған болса, онда лотты сатып алуға өз ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады.

      31. Егер электрондық аукцион басталған сәтте 2 (екі) және одан да көп қатысушының баға ұсыныстары лот үшін бірдей ең жоғары бағаны қамтитын болса және осы ағымдағы баға 20 (жиырма) минут ішінде ұлғайтылмаған болса, онда осы қатысушылардың арасынан ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны қамтитын қатысушылардың баға ұсынысы аукцион залында басқа баға ұсыныстарынан ерте тіркелген қатысушы электрондық аукцион жеңімпазы деп танылады.

      32. Электрондық аукцион барысында электрондық аукционды өткізуге кедергі келтіретін техникалық ақау туындаған жағдайда, ұйымдастырушы:

      1) техникалық ақау фактісінің болуын тіркейді және тізілімнің веб-порталы тарапында ол болған кезде сатушыны және аукционның барлық қатысушыларын тізілімнің веб-порталында электрондық аукционның тоқтатылғаны туралы ақпаратты орналастыру арқылы хабардар етеді;

      2) тізілімнің веб-порталында ақпаратты орналастыру және тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына электрондық хабарды жолдау арқылы электрондық аукционға қатысуға жіберілген қатысушыларды осы электрондық аукционның жалғасатын күні мен уақыты туралы хабардар ете отырып, техникалық ақауды ұйымдастырушы түзеткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық аукционды жалғастыруды ұйымдастырады.

      Қатысушының компьютерлік және (немесе) телекоммуникациялық жабдықтарында техникалық ақаудың болуы электрондық аукционды тоқтата тұру үшін негіз болып табылмайды.

      33. Электрондық аукцион нәтижелері әрбір сатылған лот бойынша аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған тізілім веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып, сатушы мен жеңімпаз электрондық аукцион аяқталғаннан кейінгі жиырма төрт сағат ішінде қол қояды.

      Аукцион нәтижелері туралы хаттама электрондық аукционның нәтижелерін, сондай-ақ жеңімпаз бен сатушының сату бағасы бойынша лотты сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.

      34. Осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген жағдайда, сауда-саттық өткізлеген күні сатушы ЭЦҚ пайдалана отырып өтпеген аукцион туралы актіге қол қояды.

      Өтпеген аукцион туралы акті тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады.

      35. Электронды сауда аяқталғаннан кейін сауда-саттық өткізілген күні аукционға қатысушының электрондық әмиянындағы кепілдік жарна сомасында енгізілген ақша қаражаты бұғаттаудан шығарылады.

      Ұйымдастырушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып, сатушы қол қойған кепілдік жарнаны аудару өтініші негізінде сауда-саттықта жеңімпаз болған қатысушының электрондық әмиянында бұғаттаудан шығарылған кепілдік жарнасын сатушының шотына аударады.

      Сауда-саттықта жеңімпаз болған қатысушының кепілдік жарнасы сомасындағы ақшалай қаражатты сатып алу-сату шарты бойынша сома есебіне жатады.

      Электрондық әмияннан ақша қаражатын сауда-саттыққа қатысушыларға қайтару тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып, қатысушылар қол қойған ақшалай қаражатты қайтаруға арналған өтініштер негізінде ұйымдастырушыға өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.

      36. Егер аукцион нәтижелері туралы хаттамаға жеңімпаз белгіленген мерзімде қол қоймаса, сатушы ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында электрондық аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды.

      Жеңімпаз белгіленген мерзімде сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда кепілдік жарна қайтарылмайды.

      Ұйымдастырушы сатушы электрондық аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қойған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жеңімпазға қайтаруға жатпайтын кепілдік жарнаны сатушының шотына аударады.

      Аталған лот бойынша жойылған электрондық аукцион шарттарымен қайтадан электрондық аукцион өткізіледі.

      37. Сатып алу-сату шарты тізілім веб-порталында электрондық форматта жасалады және сатушы мен сатып алушы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.

      Жеңімпаз белгіленген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда кепілдік жарна қайтарылмайды.

      38. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында сатушының электрондық әмиянына ақша аудару жолымен жүргізіледі. Ақшалай қаражат сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен кейін күнтізбелік 14 (он төрт) күннен кешіктірілмей енгізіледі.

      Ұйымдастырушы сатып алу-сату шарты бойынша қалған сома түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сатушының банктік шотына (немесе электрондық әмиянына) оны аударады.

      Қалған соманы белгіленген мерзімде енгізбеген жағдайда сатушы сатып алу-сату шартын біржақты тәртіппен бұзады.

      Сатып алу-сату шарты бұзылған кезде кепілдік жарна қайтарылмайды.

      39. Сату-сатып алу шартына қол қойған кезде сатып алушы сатушыға электронды аукционның өтетіндігі туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген сату объектісін сатып алушыға қойылатын айрықша жағдай және (немесе) қосымша талаптарға сай келетіндігін растайтын, электрондық өтінімге қоса берілетін құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

      Заңның 3-бабы 3-тармағына сәйкес белгіленген сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптар сатып алу-сату шартында көрсетіледі.

      40. Жеңімпаз осы Қағидалардың 37, 38 және 39-тармағында белгіленген міндеттемелерді бұзған кезде тізілімнің веб-порталында сатушы ЭЦҚ пайдалана отырып, электрондық аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қою арқылы электрондық аукцион нәтижелерін жояды.

      Аталған лот бойынша жойылған электрондық аукцион шарттарымен қайтадан электрондық аукцион өткізіледі.

      41. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, сондай-ақ Қазақстан Республикаының Азаматтық процестік кодсінде көзделген іс-әрекеттерге шағымдану нормаларына сәйкес сатушының және ұйымдастырушының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ актілеріне (шешімдеріне) дау айтады.

  Банкрот мүлкін сату бойынша
электрондық аукционды
өткізу қағидаларына
1-қосымша

      Нысаны

  20__ жылғы "___" _________
уәкілетті органмен
келісілді

Тез бұзылатын тауарлар, мал және жедел өткізуді талап ететін өзге де тауарларды сату жоспары

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (борышкердің атауы/тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын

      құжатта көрсетілсе) және борышкердің деректемелері (бизнес сәйкестендіру

      нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Заңды мекенжайы _________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Банктік шоты ______________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Негізгі қызмет түрі ________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________ облысының

      (қаласының) мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының

      20__жылғы "___" _______________ шешімімен _________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (дара кәсіпкер үшін: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), заңды тұлға үшін: атауы)

      банкрот деп танылды.

Мүлік сатуға __________ лотпен (лоттармен) қойылады: (саны)

Лот №

Лоттың сипаттамасы (сату объектісінің атауы, физикалық жай-күйі, жарамдылық мерзімі және басқа)

Мүліктің теңгерімдік құны (теңге)

Бастапқы бағасы (теңге)

      Заңның 3-бабы 3-тармағына сәйкес белгіленген сатудың ерекше шарттары (айналымы

      шектелген борышкердің мүлкін сату кезінде)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Заңның 3-бабы 3-тармағына сәйкес белгіленген сатып алушыға қойылатын қосымша

      талаптар __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Уақытша басқарушы ______________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы)

  Банкрот мүлкін сату бойынша
электрондық аукционды
өткізу қағидаларына
2-қосымша

      Нысаны

  20__ жылғы "___" _________
уәкілетті органмен
келісілді

Банкрот мүлкін сату жоспары

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (борышкердің атауы/тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және деректемелері (бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Заңды мекенжайы _________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Банктік шоты _____________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Негізгі қызмет түрі

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________ облысының

      (қаласының) мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының

      20__жылғы "___" __________________ шешімімен ______________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (дара кәсіпкер үшін: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), заңды тұлға үшін: атауы) банкрот деп танылды.

      Уәкілетті органның 20____ жылғы "___" _____________ № ___________ бұйрығымен

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      банкроттықты басқарушы болып тағайындалды.

      Уақытша (банкроттықты) басқарушы борышкердің мүлкін түгендеуді 20__ жылғы

      "___" _________ бастап 20__ жылғы "___" __________________ аралығында жүргізді.

      Борышкердің мүлкін бағалауды 20__ жылғы "__" ____________________

      __________________________________________________________________________

      (лицензияны берген органның атауы)

      берілген, тіркеу нөмірі _______________________ мүлікті бағалау жөніндегі қызметті

      жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензиясы бар

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (дара кәсіпкер үшін: тегі, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), заңды тұлға үшін: атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

      жүргізді.

      20__ жылғы "___" ________________ шартқа сәйкес 20__ жылғы "___"

      ____________ бастап 20__ жылғы "___" ___________ аралығында бағалау жүргізілді.

      Заңның 3-бабы 3-тармағына сәйкес белгіленген сатудың ерекше шарттары (айналымы

      шектелген борышкердің мүлкін немесе стратегиялық объектіні сату кезінде) ________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Сатып алушыға стратегиялық объектілер бойынша (бар болса) қойылатын Заңның

      3-бабы 3-тармағына сәйкес белгіленген қосымша талаптар _______________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Банкроттықты басқарушы __________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы)

  Банкрот мүлкін
Сату жоспарына
1-қосымша

      Мүлік сатуға _________ лотпен (лоттармен) қойылады:

      (саны)

Лот №

Лоттың сипаттамасы (кадастрлық нөмірі, шығарылған/салынған жылы, техникалық жай-күйі және басқа)

Мүліктің құны (теңге)

Бастапқы бағасы (теңге)

Теңгерімдік

Бағалау






  Банкрот мүлкін
Сату жоспарына
2-қосымша

      Мүлік сатуға ______ лотпен (лоттармен) қайта қойылады:

      (саны)

Лот №

Лоттың сипаттамасы (кадастрлық нөмірі, шығарылған/салынған жылы, техникалық жай-күйі және басқа)

Мүліктің құны (теңге)

Мүліктің электрондық аукционға алдыңғы қоюдың бастапқы бағасы (теңге)

Бастапқы бағасы (теңге)

Теңгерімдік

Бағалау







  Банкрот мүлкін сату бойынша
электрондық аукционды
өткізу қағидаларына
3-қосымша

      Нысаны

Банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукционға қатысуға өтінім

      1.________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (дара кәсіпкер үшін: тегі, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), заңды тұлға үшін: атауы)

      банкрот мүлкін сату туралы жарияланған ақпараттық хабарламаны қарап және Банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу қағидаларымен танысып, тізілімнің веб-порталында 20__ "__" __________ сағат __ өтетін электрондық аукционға қатысуға ниет білдіреді.

      2. Мен (біз) ____________________________________ электрондық аукционға қатысу

      үшін сауда-саттық нәтижелері айқындалғанға дейін тізілімнің веб-порталы

      бұғаттайтын, жалпы сомасы ____________ (цифрмен) ___________________________

      __________________________________________________________________________

      _____________________________________________________(______________) теңге

      (жазбаша) кепілдік жарнасын (жарналарын) енгіздім (енгіздік).

      Енгізілген кепілдік жарна туралы мәліметтер:

Р/с №

Кепілдік жарнаның мақсаты және электрондық аукциондарға қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген лоттың атауы

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілдік жарнаның сомасы, теңге

1





2






Жиыны




      3. Мен (біз) мыналардың:

      1) сату объектісін сатып алушыларға қойылатын электрондық аукционның өткізілетіні туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген ерекше шарттарға және (немесе) қосымша талаптарға сәйкес келмейтін заңды (жеке) тұлға;

      2) ұйымдастырушы;

      3) сатушы қатысушы ретінде тіркелуге жатпайтыны туралы хабардармын (хабардармыз).

      4. Қатысушыға қойылатын талаптарға менің (біздің) сәйкес келмейтінім (келмейтініміз) анықталған жағдайда, мен (біз) электрондық аукционға қатысу құқығынан айырылатыныммен (айырылатынымызбен), мен (біз) қол қойған сауда-саттық нәтижелері туралы хаттаманың және сатып алу-сату шартының жарамсыз деп танылатынымен келісемін (келісеміз).

      5. Егер мен (біз) сауда-саттық жеңімпаз(дар)ы деп айқындалған жағдайда, өзіме (өзімізге) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға электрондық ауцион өткізілген күні қол қою және ауцион нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін аламын (аламыз).

      6. Мынадай:

      1) белгіленген мерзімде сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған;

      2) белгіленген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоймаған;

      3) сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасы енгізілмеген;

      4) мен (біз) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған;

      5) мен (біз) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтінім (келмейтініміз) анықталған жағдайларда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтыны және сатушыда қалатынымен келісемін (келісеміз).

      7. Осы өтінімнің сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен бірге сатып алу-сату шартын жасасуға дейін қолданылатын шарттың күші бар.

      8. Өзім (өзіміз) туралы мынадай мәліметтер беремін (береміз):

      Дара кәсіпкер үшін:

      Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      __________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________

      Төлқұжат деректері _____________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Мекенжайы: ____________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Телефон нөмірі (факс): _____________________________________________________

      Банктік деректемелері: _____________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру коды ____________________________________________________

      Бизнес сәйкестендіру коды ___________________________________________________

      Банктің атауы ______________________________________________________________

      Бенефиар коды ____________________________________________________________

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) ________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      2) _______________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      3) _______________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы ____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      ___________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Мекенжайы: _______________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Телефон нөмірі (факс): ______________________________________________________

      Банктік деректемелері:

      Жеке сәйкестендіру коды ____________________________________________________

      Банктік сәйкестендіру коды __________________________________________________

      Банктің атауы ______________________________________________________________

      Бенефиар коды _____________________________________________________________

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) ________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      2) ________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      3) ________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Өтініш берушінің ЭЦҚ деректері;

      Өтініш берушінің ЭЦҚ-мен қол қойған күні мен уақыты:

      20__ жылғы "___" _____________ ___ сағат ___ минут.

      Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 20__ жылғы "___" ___________ _____ сағат ___ минутта қабылданды.

      Қатысушының аукциондық нөмірі (өтінімде аукцион аяқталғаннан кейін көрінеді) ________________________.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады