Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 16 сәуірде № 35987 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың:

      1) "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 318 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 67 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9350 болып тіркелген);

      2) "Мемлекеттік статистика саласындағы сұхбаттасу" кәсіптік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19833 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Төрағасы
А. Иргалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады