"Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 164-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 16 сәуірде № 35989 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22644 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларында:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) баланың заңды өкілдері – ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші (баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер), патронат тәрбиеші және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) орналастыру мыналарды қамтиды:

      1) мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін өнім берушілерді іріктеу;

      2) шығармашылық үйірмелерге орындарды бөлу тәртібі.

      Оператор мемлекеттік тапсырысты орналастыруды "Ұлттық білім беру дерекқоры" ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – ҰБДҚ) интеграцияланған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырады.

      Мемлекеттік тапсырысты орналастыру оператордың тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат көлемінде өнім берушілер арасында жүзеге асырылады.

      Оператор мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру жоспарының жобасын күнтізбелік жылдың толық көлемінде жасайды және жыл сайын жоспарланатын жылдың алдыңғы жылының 31 қазаннан кешіктірілмейтін мерзімде оператордың ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      Оператор мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың бекітілген жоспарын ол бекітілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оператордың ресми интернет-ресурсында жыл сайын орналастырады.

      Оператор жыл сайын қаржы жылының бірінші жұмыс күні мемлекеттік тапсырысты қаржыландыруға бекітілген көлемін алдыңғы қаржы жылының мемлекеттік тапсырысын қаржыландыруды жалғастыруға көзделген қаражат көлемін шегере отырып, ақпараттық жүйеде орналастырады.

      Оператордың бюджетінен мемлекеттік тапсырысты іске асыруға қосымша қаражат бөлінген кезде, бекітілген қосымша қаржыландыру көлемі ол бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей ақпараттық жүйеде орналастырылады.

      Балалар контингентін жинақтауды оператор баланың заңды өкілдерінің белгілі бір өнім берушіге берген электрондық өтініштері негізінде автоматты түрде ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырады. Балалар контингентін жинақтау кезінде ақпараттық жүйе осы Қағидалардың 11 және 12–тармақтарында көзделген кезектілікті басшылыққа ала отырып, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерге (бұдан әрі -шығармашылық үйірмелер) орындар бөледі.

      Мемлекеттік тапсырысты орналастыру, балалар контингентін жинақтау, сондай-ақ өнім берушінің, оператордың және баланың заңды өкілінің осы процестерге байланысты өзге де ілеспе функционалдық операциялары баланың заңды өкілі үшін өтеусіз жүзеге асырылады.

      Осы Қағидалардың 4-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында, 5-тармағында және 24-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды жинау мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы ақпараттық жүйемен жүзеге асырылады.

      Ақпараттық жүйенің мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялау арқылы цифрлық құжатты алу мүмкін болмаған жағдайда құжаттың қағаздағы көшірмесі қоса беріледі;

      3) мемлекеттік тапсырысты орналастырудың, оның сапасы мен нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз ету электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда жүзеге асырылады.";

      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өнім беруші бекіткен оқу бағдарламасы:

      оқу бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері;

      болжамды шығармашылық нәтижелер;

      оқу дәрежелері бойынша сабақтардың мазмұны (Әдістемеге сәйкес бір тақырыпқа жұмсалатын сабақтардың санын көрсете отырып, күнтізбелік бір жылға сабақтардың тақырыптарын тізбектеу);

      сабақтарды қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық жарақтандырудың сипаттамасы;

      сабақтарды өткізу кестесі;

      баланың заңды өкілдері үшін ішкі іс-шараларды, оның ішінде конкурстық (жарыстық), есептік іс-шараларды және ашық сабақтарды өткізудің жоспарланған кестесі;

      сабақ өткізу үшін қажетті балалардың жеке мүкәммалы мен киім-кешегі туралы мәліметтер;

      осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген жағдайларда қашықтықтан сабақтар өткізу мүмкіндігін ескере отырып, өнім беруші бекіткен шығармашылық үйірмеге қатысу регламенті;

      шығармашылық үйірмеге қатысу регламенті;";

      5-тармағының 5), 6), 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) өтініш берген күні күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей берілген "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылаудағы (немесе динамикалық бақылаудың жоқтығы) жай-күйі туралы мәліметтер;

      6) өтініш берген күні күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей берілген "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылау (немесе динамикалық бақылаудың болмауы) жай-күйі туралы мәліметтер;

      7) "Фтизиатрия" фтизиопульмонология орталығынан динамикалық бақылау (немесе динамикалық бақылаудың жоқтығы) кезінде туберкулезбен ауыратын науқастардың жай-күйі туралы өтініш берілген күні күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей берілген мәліметтер.";

      12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Орындарды бөлу және ваучерлерді беру күн сайын сағат 18:00-де ақпараттық жүйе автоматты режимде жүзеге асырылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Оператор мемлекеттік тапсырыс рәсімдерін орындау барысында жинақталатын мәліметтерді ақпараттық жүйенің серверлерінде және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы периметрінің ішінде нақты орналасқан ақпарат жеткізгіштерде сақтауды жүзеге асырады.

      Мемлекеттік тапсырыс міндеттерін жүзеге асыратын ақпараттық жүйенің компоненттері:

      1) "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы интернет желісін пайдаланушылармен өзара іс-қимыл жасайды;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы екінші деңгейден төмен емес ақпараттандыру нысандарына қойылатын талаптарға сәйкестігіне ақпараттық қауіпсіздікке жүргізілген сынақтардың сәтті нәтижесі туралы акт алады;

      3) мемлекеттік білім беру, шығармашылық және спорттық тапсырыстар алған білім алушылар бойынша ақпарат алмасуды және ақпаратты салыстыруды, сондай-ақ білім беру ұйымдары, білім алушының қорғаншылары мен қамқоршылары (болған жағдайда) туралы мәліметтерді жүзеге асыру үшін ҰБДҚ-мен интеграцияланады;

      4) цифрландыру саласындағы "Қазақстан Республикасының мобильді азаматтар базасы" ақпараттық жүйесімен интеграциаланады;

      5) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан 027/е нысаны бойынша берілген анықтаманы электрондық нысанда алу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграцияланады;

      6) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорымен интеграцияланады;

      7) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорымен интеграцияланады;

      8) жеке кәсіпкер мәртебесін растау үшін Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланады;

      9) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталымен интеграцияланады;

      10) баланың туу туралы куәлігінің деректерін алу үшін "Азаматтық хал актілерінің жазбасы" ақпараттық жүйесімен интеграцияланады;

      11) "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесімен интеграцияланады;

      12) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және/немесе техникалық және кәсіптік білім туралы ақпарат алу үшін білім беру саласындағы уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланады;

      13) істен шығу жағдайында жұмысқа қабілеттілікті тез қалпына келтіру мүмкіндігі үшін жинақталған деректерді резервтейді.

      "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      21-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғарғы білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады