"Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеруді жүргізу қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 301 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 21 сәуірдегі № 127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 22 сәуірде № 36006 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеруді жүргізу қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 301 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28298 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеруді жүргізу қағидалары мен талаптарында:

      "9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      1) № 1 жете тексеру қызметкері жолаушылар мен келушілердің жеке басын куәландыратын құжаттарды немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты тексереді (қауіптің жоғары ("қызғылт сары") және шекті ("қызыл") деңгейі жарияланған кезде);

      жолаушылар мен келушілерді олардың жете тексеру пунктінде жиналып қалуын болдырмайтын тәртіппен жете тексеруге жібереді;

      тасымалдауға тыйым салынатын заттар мен нәрселерді көрсетуді ұсынады;

      жолаушылар мен келушілерді стационарлық металл тапқыш (металл детектор) арқылы өту үшін жібереді;

      өзінде бар металл нәрселерді, электрондық және электр құрылғыларын, фото-киноаппаратураны алып шығаруды ұсынады;

      рентгендік-телевизиялық құрылғының конвейерінде алып жүретін қол жүгін, багажды және өзге де нәрселерді орналастыруды ұсынады, ондағы заттардың дұрыс орналасуын қарайды, конвейердің тиелуін реттейді, № 2 жете тексеру қызметкерін рентгендік-телевизиялық құрылғының конвейерін тоқтату қажеттілігі туралы хабардар етеді;

      жолаушыларды жеке жете тексеруге қатысады;".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
С. Аблалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады