"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. |
Н. Алдамжаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновация және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 84-НҚ бұйрығымен бекітілген |
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету:
"Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару" (бұдан әрі – Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару);
"Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру" (бұдан әрі – Мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру);
"Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" (бұдан әрі – Қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар:
1) табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару тәртібін;
2) жария тыңдаулар өткізу тәртібін;
3) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес табиғи монополия субъектісінің жекелеген іс-қимылдар жасауына келісім беру, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламаны қабылдау тәртібін;
4) табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуды өткізу тәртібін;
5) реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын қамтамасыз ету тәртібін;
6) тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметаларының орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерін өткізу тәртібін;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттерінің бар екендігі туралы ақпаратты, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтердің инженерлік коммуникацияларының схемаларын орналастыру тәртібін;
8) есепке алу аспабын сатып алу және орнату үшін төлемақыны келісу тәртібін;
9) табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін;
10) тұтынушыларға және (немесе) уәкілетті органға тариф туралы, оның өзгергенін хабарлау тәртібін;
11) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік және реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін бекіту тәртібін;
12) бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына қоғамдық мониторинг және (немесе) техникалық сараптама жүргізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу тәртібін;
13) егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста есепке алынған мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға және табиғи монополия субъектiсін қайта ұйымдастыруға немесе таратуға келісім беру туралы өтінішхатты беру тәртібін;
14) табиғи монополия субъектісінің тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы есептілік нысандарын:
бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы;
бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы;
15) бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына техникалық сараптама жүргізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін уәкілетті тұлғаларға (сарапшыларға, сараптама ұйымдарына) қойылатын өлшемшарттар мен талаптарын;
16) халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің кредиттік келісімдерін уәкілетті органның келісу тәртібін;
17) табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын және мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан табиғи монополиялар субъектісіне берілетін мүлікті беру шартын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органмен келісу тәртібін;
18) табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын жергілікті атқарушы органмен келісу тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) анық емес ақпарат – әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімінде қамтылған, сол сияқты әлеуетті өнім беруші ұсынған өтінімнің шынайы мазмұнын бұрмалайтын және шындығына сәйкес келмейтін түзетулер арқылы енгізілген жалған мәліметтер;
2) әлеуетті өнiм берушi – сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері (консорциум);
3) бiртекті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер – бірдей болмаса да, белгілі бір функцияларды орындауға және өзара алмастыруға мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;
4) конкурс (тендер) – әлеуетті өнiм берушiлердiң арасындағы бәсекелестiктi көздейтiн және сатып алу шартының неғұрлым қолайлы талаптарын анықтауға бағытталған сатып алу тәсiлi;
5) конкурстық (тендерлік) комиссия – осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және тәсілдермен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру үшін сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде қатысқан жағдайда, табиғи монополия субъектісінің қызметкерлерінен, сондай-ақ оның үлестес тұлғаларының қызметкерлерінен құрылатын комиссия;
6) конкурстық (тендерлік) құжаттама – конкурстық өтінімді дайындау үшін электрондық сатып алудың ақпараттық жүйелерінде табиғи монополия субъектісі орналастыратын конкурс өткізудің шарттары мен тәртібін қамтитын құжаттар топтамасы;
7) конкурстық (тендерлік) өтінім – әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған конкурстық ұсынысы;
8) конкурстық өтінімді кепілдікпен қамтамасыз ету – конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші ұсынған ақша кепілі немесе банк кепілдігі;
9) көрсеткіштің нысаналы мәні – тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып, бекітілген тарифтің қолданылу кезеңі аяқталғаннан кейін табиғи монополия субъектісі қол жеткізетін көрсеткіштің цифрлық мәні;
10) мәмілелер жасасу кезінде келісу көзделетін табиғи монополия субъектісінің мүлкі – егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста ескерілген мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан артық болса, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін пайдаланылатын табиғи монополия субъектісінің меншігіндегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік;
11) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
12) отандық тауар өндіруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, немесе Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасында тауарлар өндіретін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында толық қайта өңдеуге ұшыраған тауарларды өндіретін заңды тұлға;
13) өтінішхат – табиғи монополия субъектісінің жекелеген әрекеттерді жасауға келісім беру туралы жазбаша өтініші;
14) сарапшы (сараптама ұйымы) – сараптауға жататын қызметте арнайы білімі немесе тәжірибесі бар және техникалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
15) сатып алу – табиғи монополия субъектісінің шығындары осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тарифтік реттеудің шығынды әдісі қолданыла отырып, тарифті бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
16) сатып алу туралы шарт – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;
17) суды каналдар арқылы беру қызметі – суды сутартқыштар (каналдар, құбыржолдар) арқылы тасымалдау мен бөлу және оны су пайдаланушыларға беру;
18) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштері – Заңның 23-бабының 1-тармағында көрсетілген сатып алуды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің қызмет нәтижелерінің және оның тарифті қалыптастыру кезінде ескерілетін экономикалық, басқарушылық, өндірістік шығындарының арақатынасы;
19) табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімі – Заңның 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган қалыптастыратын реттелетін қызметтерді көрсететін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізімі (бұдан әрі – Мемлекеттік тіркелімі);
20) табиғи монополия субъектісінің мүлкін иеліктен шығару – табиғи монополия субъектісінің мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз құқықтарын басқа тұлғаның (тұлғалардың) меншігіне беруі;
21) табиғи монополия субъектісінің үлестес тұлғасы – табиғи монополия субъектісі қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде ауызша шартты немесе өзге де мәмілені қоса алғанда, шартқа сәйкес шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) ықпал етуге мүмкіндігі бар тұлға (берілген өкілеттіктер шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ табиғи монополия субъектісінің оған қатысты осындай құқыққа ие болатын кез келген тұлға;
22) табиғи монополия субъектісінің мүлкімен жасалатын мәмілелер – Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 193-1-бабына сәйкес стратегиялық объект болып табылатын мүлікпен жасалатын мәмілелерді қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста ескерілген мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін пайдаланылатын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған табиғи монополия субъектісінің әрекеттері;
23) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу – басқа тұтынушыларға табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне ұқсас ұсынылатын көрсетілетін қызметті қолайлылығы жағынан кем болмайтын шарттармен тұтынушылардың пайдалану мүмкіндігі;
24) техникалық сараптама – өндiрiс технологиясының, материалдық, еңбек шығындарының белгiленген нормаларға сәйкестiгiн қоса алғанда, тартылған активтердiң техникалық жай-күйiн (техникалық сипаттамаларын), технологиялық процестiң тиiмділігiн талдау, инвестициялық бағдарламаларды, ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң түрлерi бойынша негiзгi құралдарды iске қосылу деңгейiн және оларды бөлудің негізділігін бағалау;
25) техникалық сарапшы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындауға қатысу үшін табиғи монополиялар субъектілері тартатын, тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталатын, өткізілетін сатып алу саласында арнайы және (немесе) техникалық білімі, тәжірибесі және біліктілігі бар жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі;
26) техникалық шарттар – бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау (құрылыс салу схемасы) жобасына сай инженерлік коммуникацияларды дамыту жоспарына сәйкес табиғи монополия субъектісінің: сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсетуге арналған техникалық талаптар;
27) төлем құжаты – табиғи монополиялар салаларындағы көрсетілетін коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеуге негіз болатын құжат (шот, хабарлама, түбіртек, есепке алу аспаптарының не өлшеу аспаптарының және қондырғылардың көрсеткіштері негізінде жасалған ескерту-шот);
28) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі;
29) шығындары тарифті бекiту кезiнде ескерiлетiн, табиғи монополия субъектiсi сатып алатын тауарлардың, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тiзбесi (бұдан әрi – Тiзбе) – сатып алудың өлшем бiрлiктерi, көлемдерi, мерзiмдерi, тәсiлдерi, сондай-ақ бiр жылдың iшiнде тауарлардың, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердiң әрбiр түрiн сатып алуға жұмсалатын сомалардың ең жоғары мөлшерi шығындары тарифті тарифтік реттеудің шығындық әдісін қолдана отырып бекiту кезiнде ескерiлетiн табиғи монополия субъектiсi бір жыл ішінде сатып алатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер номенклатурасы;
30) электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – портал) – табиғи монополиялар субъектілері жүзеге асыратын электрондық сатып алуға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын портал.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де анықтамалар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Табиғи монополиялар субьектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару тәртібі
1-параграф. Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру
4. Мемлекеттік тіркелім осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық түрде қалыптастырылады.
Мемлекеттік тіркелімнің республикалық бөліміне екі немесе одан көп облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері енгізіледі.
Мемлекеттік тіркелімнің жергілікті бөлімдеріне бір облыстың немесе республикалық маңызы бар қалалың немесе астананың аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері енгізіледі.
Мемлекеттік тіркелімнің республикалық және жергілікті бөлімін уәкілетті орган қалыптастырады және жүргізеді.
Осы Қағидалар қызметін Заңның 3-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қолданылмайды.
5. "Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызметін осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтінішпен www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша Мемлекеттік тіркелімге енгізу үшін тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну басталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей жүгінеді.
реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну тоқтатылған жағдайда табиғи монополия субъектісі күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша оны Мемлекеттік тіркелімінен шығару туралы өтініш ұсынады.
6. "Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазылған.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарау мерзімі:
Мемлекеттік тіркелімге енгізу – 30 (отыз) минутты;
Мемлекеттік тіркелімінен шығару – 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы өтінішін өңдеу рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне келіп түскен кезден бастап 30 (отыз) минут ішінде жүзеге асырылады, бұдан әрі қорытындылар бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің көліктік қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы куәлік қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.
8. Реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынатын жері бойынша Мемлекеттік тіркелімге енгізілуге жататын шетелдік заңды тұлғаны қоспағанда, табиғи монополия субъектісі заңды тұлға ретінде не дара кәсіпкер ретінде оның тіркелген жері бойынша Мемлекеттік тіркелімге енгізіледі.
Жеке кәсіпкермен немесе заңды тұлғамен Мемлекеттік тіркелімге енгізусіз реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету фактілері анықталған кезде және (немесе) олардың Мемлекеттік тіркелімге енгізуден бас тартқан жағдайларында уәкілетті орган оларды Мемлекеттік тіркелімге өз бетінше енгізеді. Бұл ретте, уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны Мемлекеттік тіркелімге енгізгендігі туралы хабарлама жібереді.
Мемлекеттік тіркелімнің тиісті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісі, оның тіркелген жері басқа облысқа, республикалық маңызы бар басқа қалаға немесе астанаға ауысқан жағдайда, осындай өзгеріс болған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей бұрынғы тіркелген жері бойынша Мемлекеттік тіркелімнен шығару туралы өтініш береді.
Бұл ретте, табиғи монополия субъектісі Мемлекеттік тіркелімнен шығарылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей жаңа тіркеу орны бойынша Мемлекеттік тіркелімге енгізу туралы өтініш береді.
Табиғи монополия субъектісін жаңа тіркеу орны бойынша Мемлекеттік тіркелімге енгізу табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес бекітілген тариф болған кезде оны жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектісіне жатқызуға негіз болып табылмайды.
9. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік тіркелімінен шығару бойынша өтінішпен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Қызмет беруші құжаттар түскен уақытта оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тартады.
10. Ұсынылған құжаттар толық болған және көрсетілетін қызметті берушінің тиісті саласы құрылымдық бөлімшесінің қорытындысы болған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімше 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік тіркелімінен шығару туралы шешім қабылдайды, Мемлекеттік тіркелімінен шығару туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жолданады.
11. Табиғи монополия субъектісін Мемлекеттік тіркелімнен алып тастау үшін негіздер:
1) табиғи монополия субъектісінің табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға әкеп соққан қайта ұйымдастырылуы;
2) табиғи монополия субъектісін тарату;
3) табиғи монополия субъектісінің банкроттығы туралы сот шешімі;
4) табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын негізгі құралдарды табиғи монополия субъектісінің балансынан басқа субъектінің балансына беру, оның ішінде осындай негізгі құралдарды сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім;
5) сот шешіміне сәйкес табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарын алып қою туралы шешім;
6) табиғи монополия субъектісінің балансындағы мүлікті, табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыру үшін қажетті инженерлік желілер мен құрылыстарды иеліктен шығару туралы шешім;
7) табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын негізгі құралдарды жалдау шартын тоқтату;
8) табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыруды тоқтату туралы куәландыратын құжаттар, оның ішінде мемлекеттік органдардың және су шаруашылығы ұйымдарының жауаптары;
9) ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесінде табиғи монополия субъектісі туралы мәліметтердің болмауы;
10) табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыруды тоқтату туралы куәландыратын өзге де заңды негіздер.
12. Егер табиғи монополия субъектісі мемлекеттік органдардың деректеріне сәйкес әрекет етпейтін, тарату, қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату сатысында болса және табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару туралы өтінішпен уәкілетті органға өз бетінше жүгінбесе, онда уәкілетті орган оны өз бұйрығымен Мемлекеттік тіркелімнен шығарады.
13. Мыналар:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырған, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы Мемлекеттік тіркелімінен шығарудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган басшысының атына немесе мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Шағымды мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім, не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік қызметтер туралы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру, не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электронды түрде берілген кезде) хабарлайды.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызметтер туралы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгіне алады.
3-тарау. Жария тыңдаулар өткізу тәртібі
1-параграф. Жалпы ережелер.
17. Жария тыңдауларды өткізудің мақсаты жариялылықты, хабардар болуды, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгерімділігін сақтауды, тарифтер қалыптастыру рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
18. Заңның 15-бабының 13-тармағында белгіленген жағдайларда және мерзімдерде уәкілетті орган тарифтің жобасын талқылау кезінде жария тыңдаулар өткізеді.
Табиғи монополия субъектісінің тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы есебі осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен және Заңның 25-бабының 6-тармағында белгіленген мерзімде жария тыңдау нысанында өткізіледі.
2-параграф. Жария тыңдаулар өткізу рәсімі
19. Уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында тариф жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулар өткізу туралы хабарландыруды орналастырады немесе мерзімді баспасөз басылымында жариялайды:
жария тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын;
жария тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын:
1) тариф оңайлатылған тәртіппен бекітілген кезде;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға байланысты бекітілген инвестициялық бағдарлама өзгерген жағдайда;
3) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштері сақталмаған жағдайда;
4) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген жағдайда.
Тариф индекстеу әдісімен белгіленген кезде және жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде тариф айқындалған кезде табиғи монополия субъектісі өзінің интернет-ресурсында не тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен жері туралы ақпаратты олар өткізілгенге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын орналастырады.
Жария тыңдауларды тариф бекітілгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органға өткізеді.
Жария тыңдаулар тариф бектілігенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде өткізіледі.
Жария тыңдаулар:
1) тарифті оңайлатылған тәртіппен бекіткен кезде;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалары іске асырылуына байланысты бекітілген инвестициялық бағдарлама өзгерген жағдайда;
3) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштері сақталмаған жағдайда;
4) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген жағдайда тариф бекітілгенге дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын кешіктірілмейтін мерзімде өткізіледі.
20. Алдағы жария тыңдау туралы хабарландыру келесі ақпараттарды қамтиды:
1) тыңдауларды өткізу күнін, орнын, уақытын және форматын;
2) өтінім берілген табиғи монополия және реттеліп көрсетілетін қызметтер субъектісінің атауын;
3) уәкілетті органның және ол бойынша ақпарат алуға болатын табиғи монополия субъектісінің байланыс телефондарын.
21. Жобаны талқылау бойынша жария тыңдаулар Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттар депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар шақырыла отырып, өткізіледі.
22. Табиғи монополия субъектісі жария тыңдаулар өткізілетін күн туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін уәкілетті органға жария тыңдаулар өткізілгенге дейін 3 (үш) күн бұрын және жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша жария тыңдаулар өткізілгенге дейін ұсынады:
1) қоғамдық тыңдауларға арналған материалдар мен презентациялар;
2) тариф пен тарифтік сметаның жобаларын;
3) экономикалық тұрғыдан негізделген есептемелермен бірге тарифтің өзгеру себептері туралы ақпаратты ұсынады.
23. Тыңдаулар кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, уәкілетті орган айқындайтын үй-жайда не онлайн режимде өткізіледі.
24. Жария тыңдаулар өткізу үшін уәкілетті органының қызметкерлері қатарынан басшының бұйрығымен жария тыңдаулардың төрағасы (бұдан әрі – Төраға) және хаттама жүргізетін жария тыңдаулардың хатшы тағайындалады.
25. Тариф жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулар өткізу процесінде тыңдаулар хаттамасы жүргізіледі.
26. Төраға әрбір тыңдауға регламентін белгілейді.
27. Төраға белгіленген уақытта тыңдауларды ашады, олардың мақсаты мен күн тәртібін жариялайды. Төраға қатысушыларды тыңдаулар өткізу регламентімен таныстырады.
28. Табиғи монополия субъектісі өз сөзінде егжей-тегжейлі түсініктеме және растайтын фото, бейне материалдармен қоса (болған кезде), ұсынылып отырған тариф жобасына негіздеме береді.
29. Төраға көпшілік тыңдауларда сөз сөйлеушілерге сұрақтар қояды, қаралатын мәселелер бойынша өз ұстанымын баяндайды, тыңдаулар регламентін бұзатын тыңдауларға қатысушының сөзін, сондай-ақ көпшілік тыңдаулар тақырыбына қатысы жоқ сөйлеулерді үзеді.
30. Жария тыңдауларға қатысушылар қаралып отырған мәселелер бойынша өз көзқарастарын, пікірлерін білдіреді, сөз сөйлеушілерге сұрақтар қояды, өз сөздерінде көмекші материалдарды (плакаттар, кестелер) пайдаланады.
31. Төраға қорытынды шығарады және жария тыңдауларды жабады.
32. Уәкiлеттi орган тарифтің жобасын талқылау бойынша өткізілген жария тыңдаулардың нәтижелерін, оның ішінде талқылаулардың стенограммаларын, қарастырылып отырған мәселелер бойынша қабылданған шешімдерімен бірге отырыстардың хаттамаларын олар өткізілген күннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
4-тарау. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісінің жекелеген іс-қимылдар жасауына келісім беру, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламаны қабылдау тәртібі
33. Осы тарау өтінішхаттарды ұсыну мен қарау және уәкілетті органының Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісінің жекелеген іс-қимылдар жасауына келісім беру, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламаны қабылдау тәртібін, мерзімдерін айқындайды.
34. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай іс-қимылдарды жасауға:
1) егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімде ескерілген мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға;
2) қайта ұйымдастыруға немесе таратуға.
"Мүлікпен мәміле жасауға келісім беру" және "Қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" осы Қағидаларға сәйкес өтінішхат бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер болып табылады.
Коммерциялық құпияны құрайтын құжаттарды табиғи монополия субъектісі міндетті түрде "коммерциялық құпия" деген белгімен ұсынады.
35. Табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға өтінішхат береді.
36. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарау мерзімі:
мүлікпен мәміле жасауға келісім беру – 10 (он) жұмыс күнін;
қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру – 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
37. "Мүлікпен мәміле жасауға келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхатты;
2) табиғи монополия субъектісінің басшысы қол қойған ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік иеліктен шығарылатын объектілер бойынша бөліністе иеліктен шығарылатын мүліктің атауын, типін, түрін, түгендеу нөмірін, бастапқы, қалдық құнын көрсете отырып, растау-үзіндісінің электрондық көшірмесін ұсынады.
38. "Мүлікпен мәміле жасауға келісім беру" мемлекеттік қызметін көрсету үшін арналған негізгі талаптар тізімі осы Қағидалардың 4-қосымшасында баяндалған.
39. Көрсетілетін қызметті алушы "Мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру" туралы өтінішхатпен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Қызмет беруші құжаттар түскен уақытта оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.
40. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне өтінішті қараудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда және жүргізілген есептемелер негізінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің тиісті саласының құрылымдық бөлімшесі тиісті қорытындыны ұсынады, қорытындысы бойынша жауапты құрылымдық бөлімше 1 (бір) жұмыс күні ішінде мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімше көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімді қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушыны тыңдаудың өткізілетін уақыты мен орны (тәсілі) туралы 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес өткізіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.
41. "Қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхат;
2) бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде – тапсыру актісінің электрондық көшірмесін;
3) бөлу, бөлініп шығу кезінде – бөлу балансының электрондық көшірмесін;
4) тарату кезінде – тарату балансының электрондық көшірмесін ұсынады.
"Қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 5-қосымшасында баяндалған.
42. Көрсетілетін қызметті алушы "Қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" туралы өтінішпен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Қызмет беруші құжаттар түскен уақытта оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Жауапты құрылымдық бөлімше ұсынылған құжаттардың және мәліметтердің толықтығын тексереді, олар толық болмаған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жібереді, ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 41-тармағына сәйкестігі тұрғысынан тексереді табиғи монополиялар субъектілерін "Қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімше көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімді қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушыны тыңдаудың өткізілетін уақыты мен орны (тәсілі) туралы 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес өткізіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылып, электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.
43. Мыналар:
1) тарифтің көтерілуі;
2) тұтынушылармен шарттардың бұзылуы;
3) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келуі;
4) реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынудың үздіксіз байланысты технологиялық жүйесінің бұзылуы, немесе реттеліп көрсетілетін қызмет сапасының төмендеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларға сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған, заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
9) құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну, не дәйексіз ақпаратты (мәліметтерді) қамтитын құжаттарды ұсыну;
10) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
44. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органына берілуі мүмкін.
Мемлекеттік қызметтер туралы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Шағымды мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
45. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік қызметтер туралы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру, не жергілікті жерге барып тексеру жүргізгенде;
2) қосымша ақпарат алғанда.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электронды түрде берілген кезде) хабарлайды.
46. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызметтер туралы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгіне алады.
47. Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асырған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
5-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуды өткізу тәртібі
1-параграф. Жалпы ережелер
48. Осы тарау Заңның 15-бабы 23-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және табиғи монополия субъектісінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу тәртібін белгілейді.
49. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесі:
1) келесі күнтізбелік жылға арналған Тізбені қалыптастыруды;
2) өнім берушіні таңдауды;
3) өнім берушімен шарт жасасуды қамтиды.
50. Табиғи монополия субъектісі жыл сайын 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде келесі күнтізбелік жылға арналған және бірінші басшының бұйрығымен бекітілген Тізбені қалыптастырады және мәлімет үшін уәкілетті органға жібереді.
Табиғи монополия субъектісі қажет болған кезде бекітілген Тізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Тізбеге өзгерістер мен толықтырулар олар қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей уәкілетті органға ұсынылады.
Тізбе және оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі шешім қабылданған кезден бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей табиғи монополия субъектісі сатып алуды жүзеге асыратын порталда орналастырылады.
51. Табиғи монополия субъектісі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды күнтізбелік жылға немесе ұзақ мерзімді кезеңге жүзеге асырады. Жөндеу жұмыстары мен инвестициялық бағдарламаларды уақтылы орындаудың қамтамасыз етілуін ескере отырып, табиғи монополия субъектісі ұзақ мерзімді кезеңге сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өз бетінше айқындайды.
52. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушы табиғи монополия субъектісі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу кезінде байқаушы ретінде қатысады.
53. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушы уәкілетті органға табиғи монополия субъектісінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия (хатшылық) хатшысының, техникалық сарапшылардың заңсыз әрекеттеріне шағым жасай алады.
54. Порталда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мынадай:
1) конкурс;
2) баға ұсыныстарын сұрату;
3) бір көзден сатып алу;
4) биржалық тауарды сатып алушы ретінде тауар биржаларында жүзеге асырылады.
Биржалық тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады.
Табиғи монополия субъектісі сатып алуды Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес электрондық сауда алаңдары арқылы жүзеге асырады.
55. Сатып алу табиғи монополия субъектiсiмен келесі принциптерді сақтаумен жүргізіледі:
1) сатып алуды өткiзудiң ашықтығы мен жариялылығы;
2) сатып алуға қатысу үшiн барлық әлеуетті өнім берушiлерге тең мүмкiндiктi қамтамасыз ету;
3) әлеуетті өнім берушiлер арасында адал бәсекелестiк қағидаттарын сақтай отырып өткiзу;
4) сатып алу үшін, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы мен сапасының арақатынасын қамтамасыз ету жолымен пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға, мүдделер қақтығысына жол бермеу;
6) отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсетіп өткiзедi.
56. Стратегиялық тауарларды сатып алу осы Қағидаларға сәйкес конкурс тәсілімен стратегиялық тауарларды өндірушілермен тікелей жүзеге асырылады.
2-параграф. Тауар биржалары арқылы сатып алу
57. Тауар биржалары арқылы "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 10587 болып тіркелген) бекітілген биржалық тауарлардың тізбесіне енгізілген тауарларды сатып алу жүзеге асырылады.
Тауар биржалары арқылы сатып алу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 10993 болып тіркелген) Биржалық сауданың қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3-параграф. Портал арқылы конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын сатып алу
58. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс өткізу жолымен сатып алу портал арқылы өткізіледі және мынадай кезеңдер көзделеді:
1) конкурстық комиссияны қалыптастыру;
2) конкурстық құжаттаманы қалыптастыру және бекіту;
3) конкурстық құжаттаманы порталда орналастыру;
4) конкурсқа қатысуға жіберуге өтінімдер қабылдау;
5) конкурсқа қатысуға жіберуге өтінімдерді ашу, өтінімдердің конкурс талаптарына сәйкестігін қарау, қабылдаудан бас тартылған өтінімдер бойынша деректерді енгізе отырып ашу хаттамасын қалыптастыру, сондай-ақ жоқ немесе қатесі бар құжаттарға сұрау салу және қабылдаудан бас тартылған өтінімдерді конкурс талаптарына сәйкес келтіру;
6) конкурсқа жіберілген және қабылдаудан бас тартылған қатысушылар бойынша ақпаратты көрсете отырып, өтінімдерді қарау хаттамасын қалыптастыру;
7) конкурстық өтінімдерді қабылдау;
8) конкурстық өтінімдерді қамтамасыз ету;
9) конкурстық өтінімдерді ашу, комиссияның конкурстық өтінімдерді конкурс талаптарына сәйкестігіне қарауы, конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын жасау және конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасын жасау;
10) конкурс қорытындылары туралы хаттама жасай отырып, конкурс жеңімпазын айқындау;
11) конкурс жеңімпазымен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт (-тар) жасасу.
59. Табиғи монополия субъектісі сатып алу жүзеге асырылатын портал туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда, уәкілетті органға порталға сілтемені көрсете отырып, ұсынады.
60. Порталда конкурстық құжаттама жарияланғанға дейін табиғи монополия субъектісі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес конкурстық комиссияның құрамын, конкурстық комиссияның хатшысын бекітеді және тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, конкурстық құжаттамаға сәйкес техникалық және сапалық сипаттамаларға сәйкестігін айқындау үшін техникалық сарапшыларды белгілейді.
Табиғи монополия субъектісі техникалық сарапшыны тарту талап етілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындайды.
Осы тармақта көрсетілген шешімдер табиғи монополия субъектісінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның не табиғи монополия субъектісінің уәкілетті адамының бұйрығымен қабылданады.
Конкурстық комиссия табиғи монополия субъектісі конкурстық комиссияны бекіту және сатып алуды өткізу туралы бұйрықты қабылдаған күннен бастап сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейін жұмыс істейді.
Егер конкурс өтпеді деп танылса, конкурстық комиссияның өкілеттігі тоқтайды.
Конкурстық комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрайды және тақ сан болады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын табиғи монополиялар субъектілері үшін конкурстық комиссия мүшелерінің саны тақ сан болады және кемінде үш адамды құрайды.
Конкурстық комиссияның құрамына конкурстық комиссияның Төрағасы мен мүшелері кіреді.
Конкурстық комиссияның мүшелеріне қоғамдық бірлестіктің өкілі қосылады.
Конкурстық комиссияның құрамына қосылған қоғамдық бірлестіктің өкілі конкурстық комиссияның қабылдаған шешімі үшін ортақ жауаптылықта болады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын оны алмастыратын адам орындайды.
Конкурстық комиссия мүшелерінің бірі конкурстық комиссияның отырысында өндірістік немесе басқа да себептер бойынша болмаған жағдайда, конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмауының себебі көрсетіліп, растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріліп, оған сілтеме жасалады.
Табиғи монополия субъектісі тұрақты құрамы бар конкурстық комиссияны бүкіл қаржы жылына құрады.
61. Конкурстық комиссияның отырысы конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі.
Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Конкурстық комиссияның мүшесі ерекше пікір білдіре алады, ол жазбаша түрде баяндалады және конкурсты ашу немесе қорытындылау хаттамасына қоса беріледі.
62. Конкурстық комиссияның хатшысы мыналарды:
1) конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей порталда конкурс өткізу туралы хабарландыруды және конкурстық құжаттаманы қалыптастырады және жариялайды;
2) порталда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурс рәсімдерін өткізу туралы хабарландыруды қалыптастырады және жариялайды, конкурстық комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар дайындайды, конкурстық комиссияны құжаттармен қамтамасыз етеді, конкурстық комиссияның отырысын өткізуді ұйымдастырады, портал қалыптастырған конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамаларына қол қояды, конкурстық өтінімдерді және конкурстың қорытындылары туралы қарайды;
3) порталда конкурс өткізу туралы хабарландыруды, конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ олар болған кезде порталда басқа да құжаттарды орналастырады;
4) порталда сараптама комиссиясының, не олар болған кезде сарапшының қорытындысын орналастырады;
5) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссияның шешім қабылдауына қатыспайды.
Конкурстық комиссияның хатшысы болмаған уақытта оның міндетін атқарушы тағайындалады.
63. Техникалық сарапшылар әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі бойынша еркін нысанда қорытынды береді. Сараптамалық қорытынды "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Электрондық құжат туралы заң) сәйкес құжаттың электрондық көшірмесі нысанында ресімделеді және порталдағы конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.
64. Табиғи монополия субъектісі конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталатын күнге дейін 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық құжаттаманы портал арқылы жариялайды.
65. Конкурстық құжаттама мынадай мәліметтерді:
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыруды;
2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық ерекшелігін;
3) болған жағдайда жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді;
4) шарт жобасын қамтиды.
66. Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөнінде конкурс өткізу кезінде табиғи монополия субъектісі конкурстық құжаттамада қажет болған кезде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді оларды жеткізу (орындау, көрсету) орны бойынша бөліктерге (лоттарға) бөледі. Бұл ретте конкурс жеңімпазы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір лоты бойынша айқындалады.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қолдану мақсатында қаржы жылы ішінде біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық көлемін бөліктерге бөлуге жол берілмейді.
67. Әлеуетті өнім беруші табиғи монополия субъектісінен конкурстық құжаттаманы түсіндіруді, бірақ конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей сұрата алады. Табиғи монополия субъектісі сұрау салуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей осындай сұрау салуға жауап береді және осындай түсіндірмені конкурстық өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Әлеуетті өнім берушінің сұрау салуы және табиғи монополия субъектісінің жауабы портал арқылы жүзеге асырылады.
68. Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі кемінде 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
69. Конкурстық өтінім конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттама шарттарына сәйкес тауарды жеткізуге, жұмысты орындауға, қызметті көрсетуге келісімін білдіруі болып табылады.
70. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттамада көрсетілген оны ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін портал арқылы электрондық құжат нысанында ұсынады.
71. Әріп, цифр және өзге де символдармен сәйкестендіруге келмейтін ақпаратты қамтитын құжат әлеуетті жеткізуші ұсынбаған болып есептеледі және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтіндіктен қабылданбауға жатады.
72. Құжаттардың электрондық көшірмелері әлеуетті өнім берушіде мұндай құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариаттық тәртіппен куәландырылған көшірмелері қағаз жеткізгіштерде болған жағдайда ұсынылады.
73. Әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша құжаттардың не электрондық құжаттардың мынадай электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, конкурсқа қатысуға өтінім береді:
1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды сипаттай отырып, техникалық ерекшелік;
2) Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған, мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын лицензиялар, рұқсаттар (хабарламалар), патент, куәлік, сертификат, диплом (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде);
3) әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының банк немесе банк филиалы алдындағы әлеуетті өнім берушінің міндеттемелері бойынша үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегінің жоқ екендігі туралы анықтамасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген анықтама;
4) конкурстық өтінімдер ашылатын күнге дейін үш айдан кешіктірмей берілген, есебі мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
5) егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, онда мыналар ұсынылады:
осы әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатыны және салықтық есепте тұрмайтыны туралы Қазақстан Республикасы салық органының анықтамасы;
"Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес апостиль қойылған (жария етілген) құқық белгілейтін құжаттардың тізбесі;
6) осы Қағидалардың 79-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің банктік шотына конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуді растайтын төлем тапсырмасы (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде);
7) егер конкурс стратегиялық тауарды сатып алуға жарияланған жағдайда, тиісті құзыретті органнан алынған әлеуетті өнім берушінің стратегиялық тауарды өндіруші болып табылатынын растайтын құжаттар;
8) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығымен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20771 болып тіркелген) 6-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша тіркеуші орган берген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
9) егер әлеуетті өнім беруші қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесі, не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі қоса беріледі.
74. Әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) жиынтығында жұмыстар, көрсетілетін қызметтер көлемінің үштен екісінен астамын беруіне жол берілмейді.
75. Әлеуетті өнім беруші өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін, бұл ретте өзінің конкурстық өтінімінің кепілді қамтамасыз етілуін қайтару мүмкіндігін жоғалтпай, портал арқылы өз өтінімін түзетеді немесе кері қайтарып алады.
76. Әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінімді ұсынған кезде бір мезгілде оның конкурстық өтінімінде ұсынылған сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер құнының бір пайызы мөлшерінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.
77. Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету мына:
1) әлеуетті өнім берушінің табиғи монополия субъектісінің тиісті банктік шотына енгізу арқылы ақша кепілі;
2) банктік кепілдеме түрінде ұсынылады.
78. Конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі – конкурстық өтінімнің өзінің қолданылу мерзімінен кем емес.
79. Әлеуетті өнім берушілер, егер:
1) шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылса және жалпы құндық мәнінде олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі айлық есептік көрсеткіштің алты мың еселенген мөлшерінен аспаса;
2) Қазақстан Республикасының қоғамдық мүгедектігі бар адамдарға бірлестігі құрған, тауарларды өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін ұйымдар болып табылса және олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі айлық есептік көрсеткіштің он сегіз мың еселенген мөлшерінен аспаса, конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.
80. Табиғи монополия субъектісі конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлар туындаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтарады:
1) конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі өткен;
2) сатып алу шарты күшіне енген;
3) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінім кері қайтарып алынған;
4) конкурстық өтінімнің конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап бермейтін ретінде қабылданбаған;
5) конкурс жеңімпазын анықтамай сатып алу рәсімдері тоқтатылғанды.
81. Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету конкурстық өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушіге қайтарылмайды және егер әлеуетті өнім беруші:
1) конкурстық өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімді кері қайтарып алды немесе өзгертті;
2) егер ол конкурстың жеңімпазы немесе екінші орын алған әлеуетті өнім беруші болып айқындалса, осы Қағидалардың 95-тармағында белгіленген мерзімдерде сатып алу туралы шарт жасаспаған болса.
82. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін ашуды портал конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде автоматты түрде жүзеге асырады.
83. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін конкурс өткізу туралы хабарландыруда белгіленген конкурстық өтінімдерді ұсыну аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен асырмай әрбір лот бойынша жеке қарайды.
84. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімін бағалауға және салыстыруға мынадай негіздер бойынша қабылдамайды:
1) осы Қағидалардың 73-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаса;
2) осы Қағидалардың 79-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбесе;
3) конкурстық өтінім осы Қағидалардың 71, 72-тармақтарының талаптары бұзыла отырып, ұсынылған немесе ресімделген құжаттарды қамтиды;
4) есебі мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерде бір теңге және одан астам мөлшердегі міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек туралы және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектер туралы ақпараттың болуы;
5) әлеуетті өнім берушінің осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылатын міндеттемелерінің ең болмағанда бір түрі бойынша мерзімі өткен берешегі бар банк анықтамасының немесе банк филиалының болуы;
6) әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынуы;
7) дұрыс емес ақпарат ұсыну фактісі анықталса;
8) егер конкурсқа өзара үлестес тұлғалар ғана қатысса, әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа (лотқа) қатысуға өтінім берген басқа әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы болып табылады;
9) конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің теңге бойынша өтінімдерінің бағасы тізбеде көзделген сатып алуға бөлінген сомадан асып кетсе;
10) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын конкурстық комиссия демпингтік деп таныған жағдайда.
85. Конкурстық комиссия осы Қағидалардың 84-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге порталда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын орналастырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін Қағидалардың 84-тармағының талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.
Конкурстық комиссия осы Қағидалардың 84-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын ресімдейді.
Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында мынадай ақпарат:
1) талаптарға сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің тізбесі қамтылады, онда әлеуетті өнім берушілерден бас тартудың себептері, оның ішінде олардың талаптарға сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттар егжей-тегжейлі сипатталады;
2) ұсынылуы және талаптарға сәйкес келтірілуі тиіс құжаттар тізбесі қамтылады.
Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу туралы шешімі конкурстық өтінімдерді беру аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданады және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні оны порталға орналастырады.
Осы Қағидалардың 84-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы қалыптастырылмайды.
Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасына конкурстық комиссия мүшелері қол қояды.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде алдын ала рұқсат беру хаттамасында көзделмеген негіздер бойынша әлеуетті өнім берушілерді қабылдамауға жол бермейді.
86. Егер баға ұсынысы конкурстық құжаттамада сатып алуға көзделген сомадан 50 (елу) пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік ұсыныс деп танылады. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық өтінімінде ұсынылған сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер құнының 10 (он) пайызы мөлшерінде қосымша қамтамасыз етуді енгізген жағдайда демпингтік бағаны ұсынуға жол беріледі.
87. Бағалауға және салыстыруға қабылданған конкурстық өтінімдер тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамаларының сәйкестігін ескере отырып, конкурстық баға ұсынысының ең төмен бағасының негізінде конкурс жеңімпазын айқындай отырып (лоттар бойынша) порталда қаралады.
88. Конкурс жеңімпазын анықтау кезінде конкурстың әлеуетті өнім берушілерінің конкурстық баға ұсыныстарының бағасы тең болған жағдайда, конкурстық құжаттаманы басқа әлеуетті өнім берушілерден бұрын ұсынған әлеуетті өнім берушіге басымдық беріледі.
89. Конкурстық комиссия, егер:
1) осы Қағидалардың 84-тармағында көзделген кез келген негіздер бойынша әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері бағалауға және салыстыруға қабылданбағаннан кейін екеуден кем конкурстық өтінім қалса;
2) конкурсқа қатысуға екеуден кем әлеуетті өнім беруші өтінім берсе;
3) осы Қағидалардың 95-тармағында көзделген мерзімде жеңімпаз және екінші орын алған әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда комиссия конкурсты (лотты) өткізілмеген деп таниды.
90. Егер конкурс тұтастай немесе қандай да бір бөлігі (лот) бойынша өтпеді деп танылса, онда табиғи монополия субъектісі мынадай:
1) конкурс тәсілімен сатып алуды қайта өткізу туралы;
2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен сатып алуды қайта өткізу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда, қайталап конкурс өткізудің мерзімдері мен тәртібі бастапқы конкурс өткізуге сәйкес келеді.
Конкурсқа қатысуға екіден аз өтінім ұсынылған жағдайда бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға шақыру, конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамасы сәйкес келген жағдайда, оған портал арқылы жіберіледі. Конкурстық құжаттама сәйкес келген жағдайда, жасалған шарттың бағасы конкурсқа қатысуға өтінімде көрсетілген әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысынан аспайды.
Өтпеген сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде табиғи монополиялар субъектісі портал арқылы әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға шақыру жібереді.
Осы тармақта көрсетілген іс-әрекеттер табиғи монополия субъектісінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның бұйрықтарымен ресімделеді.
91. Конкурстық комиссия осы Қағидалардың 84-тармағына сәйкес бағалауға және салыстыруға қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін қоспағанда, конкурстық өтінімдерді бағалайды, салыстырады және мынадай өлшемшарттарды:
1) пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстарды;
2) тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерін;
3) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамаларының сәйкестігін;
4) тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге кепілдіктер шарттарын;
5) әлеуетті өнім берушінің біліктілік деректерін ескере отырып, ең төмен баға негізінде жеңіп шыққан конкурстық өтінімді айқындайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия отандық тауар өндірушілер болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарына бағаларды шартты түрде 10 (он) пайызға азайтуды қолданады.
92. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді ашқан күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде конкурстың қорытындыларын шығарады, табиғи монополия субъектісінің ЭЦҚ қойылған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы хаттама қалыптастырады және порталда орналастырады.
93. Конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық комиссия конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді, онда мынадай ақпарат қамтылады:
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы мен қысқаша сипаттамасы;
2) конкурстық өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атауы және орналасқан жері;
3) конкурстық өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілердің біліктілік деректері;
4) әрбір конкурстық өтінімнің бағасы және басқа да негізгі шарттары;
5) конкурстық өтінімдерді бағалау мен салыстыруды баяндау;
6) конкурстық өтінімдерді бағалауға және салыстыруға қабылданбаған жағдайда – оларды бағалауға және салыстыруға қабылдамаудың негіздері;
7) әрбір лот бойынша конкурс жеңімпазының атауы мен орналасқан жері және жеңімпаз анықталған шарттар;
8) екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің атауы, бағасы;
9) егер конкурс нәтижесінде жеңімпаз айқындалмаса – конкурстық комиссияның осындай шешім қабылдауы үшін негіздер;
10) конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сұрау салуларды, оларға жауаптарды жалпылап баяндау, сондай-ақ конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтыруларды жалпылап баяндау;
11) сатып алу туралы шартқа қол қойылатын мерзім (бірақ конкурс жеңімпазы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайды);
12) техникалық сарапшыларды тарту туралы ақпарат;
13) егер конкурс өткізілген жағдайда, онда тізбеде көзделген осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға табиғи монополия субъектісі бөлген сомасы.
94. Табиғи монополия субъектісі конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде портал арқылы конкурс жеңімпазына конкурстық құжаттамада шарт жобасына сәйкес келетін хабарлама мен қол қойылған сатып алу туралы шартты жібереді.
95. Конкурс жеңімпазы конкурс жеңімпазы деп тану туралы хабарламаны және сатып алу туралы шарттың жобасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, Электрондық құжат туралы заңға сәйкес электрондық нысанда сатып алу туралы шартқа қол қояды немесе табиғи монополия субъектісін келіспеушіліктер туралы немесе сатып алу туралы шартқа қол қоюдан бас тарту туралы портал арқылы хабардар етеді.
Табиғи монополия субъектісі жеңімпаз сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді.
Сатып алу туралы шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыруға тиіс.
Егер екінші орын алған әлеуетті өнім беруші осы тармақтың үшінші абзацында көзделген мерзімде табиғи монополия субъектісі қол қойған сатып алу туралы шартқа қол қоймаса, табиғи монополия субъектісі қайта сатып алуды жүзеге асырады.
96. Сатып алу туралы шарт оған тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
97. Сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған сатып алу туралы шартқа (өнім берушіні таңдау үшін негіз болып табылған сапа, көлем және басқа да талаптар өзгермеген жағдайда бағаның төмендеуін қоспағанда) ұсыныстың өнім берушіні таңдау үшін негіз болған мазмұнын өзгертетін қандай да бір өзгерістер және (немесе) жаңа талаптарды енгізуге жол берілмейді.
98.Сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған сатып алу туралы шартқа өнім берушіні таңдауға негіз болған сапа, көлем және басқа да шарттар өзгермейтін жағдайда, бағаны азайту бөлігінде өзгерістер енгізуге жол беріледі.
99. Сатып алу туралы шартқа Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының нормалары қолданылады.
100. Конкурсқа қатысушының талап етуі бойынша оған портал арқылы конкурс нәтижелері және жеңімпазды таңдау себептері туралы толық ақпарат беріледі.
101. Әлеуетті өнім беруші уәкілетті органға конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының (хатшылықтың) және техникалық сарапшылардың заңсыз әрекеттеріне шағымдана алады.
4-параграф. Баға ұсыныстарын сұрату жолымен сатып алу
102. Баға ұсыныстарын сұрату жолымен сатып алу, егер осындай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, әлеуетті өнім берушілерде бар тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге портал арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда баға шешуші шарт болып табылады.
Баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып, өнім берушіні таңдау тәсілін қолдану мақсатында қаржы жылы ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің біртекті түрлерін сатып алудың жылдық көлемін бөліктерге бөлуге жол берілмейді.
103. Табиғи монополия субъектісі баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын порталда осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 4-нысан бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруды және шарттың жобасын орналастырады.
104. Әлеуетті өнім берушілердің берілген баға ұсыныстарын оларды ұсыну мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алуына жол беріледі. Бұл ретте баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі өткенге дейін енгізілген өзгерістерімен бірге оларды қайта ұсынуға жол беріледі.
Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі оның сатып алуды өткізу туралы ақпаратта көзделген шарттарды сақтай отырып, тауарды беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
105. Баға ұсынысы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін портал арқылы ұсынылады. Әрбір әлеуетті өнім беруші құжаттардың не электрондық құжаттардың мынадай электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 5-нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған бір ғана баға ұсынысын береді:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша тіркеуші орган берген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, не жеке кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін электрондық тіркеу жүйесін пайдаланатын анықтаманы берген мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсына сілтемені қамтитын әлеуетті өнім берушінің өтініші – қызметті бастағаны туралы хабарламаның сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме, не рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне, не кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу туралы құжатқа, заңды тұлғаларды уақытша біріктіру үшін (консорциум) – консорциум туралы келісімге және консорциумға қатысушыларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сілтемені қамтитын әлеуетті өнім берушінің өтініші;
2) Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар, рұқсаттар (хабарламалар), патент, куәлік, сертификат, диплом, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын мәліметтер (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған жағдайда).
106. Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын ашу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда белгіленген мерзімде порталда автоматты түрде жүзеге асырылады.
107. Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынған жағдайда, баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
108. Портал баға ұсыныстарын автоматты түрде салыстырады және ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушіні айқындайды.
109. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы, егер:
1) сатып алуға бөлінген сомадан асып кетсе;
2) әлеуетті өнім беруші ұсынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер табиғи монополия субъектісінің техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкес келмесе;
3) осы Қағидалардың 105-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
4) әлеуетті өнім беруші бірден артық баға ұсынысын берсе;
5) әлеуетті өнім беруші басқа әлеуетті өнім берушілермен үлестес болса;
6) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы осы Қағидалардың 86-тармағына сәйкес демпингтік деп танылса, бас тартуға жатады.
110. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу:
1) екіден кем баға ұсынысы берілген;
2) егер осы Қағидалардың 109-тармағында көзделген негіздер бойынша баға ұсыныстарын портал автоматты түрде қабылдамағаннан кейін екіден кем баға ұсынысы қалған;
3) жеңімпаз және екінші орын алған әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 114-тармағында көзделген мерзімдерде сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда өтпеді деп танылады.
111. Егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу порталда автоматты түрде өтпеді деп танылса, табиғи монополия субъектісі мынадай:
1) сатып алу шарттарын өзгерту туралы және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайта сатып алуды өткізу туралы;
2) бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайларда бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға шақыру портал арқылы, оның ішінде баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушіге оның техникалық ерекшелігіне сәйкес келген жағдайда жіберіледі. Осы әлеуетті өнім берушімен сатып алу шартын жасасу кезінде мұндай шарттың бағасы осы Қағидалардың 102-тармағына сәйкес өзі ұсынған баға ұсынысынан аспайды.
112. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындыларын портал әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде автоматты түрде шығарады. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы портал автоматты түрде қалыптастырады және орналастырады және мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) табиғи монополия субъектісінің толық атауы;
2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу атауы;
3) баға ұсыныстарын ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін баға ұсыныстарын ұсынған әлеуетті өнім берушілердің толық атауы, олардың тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мәлімдеген бағалары;
4) ауытқу себептерін негіздей отырып, портал автоматты түрде қабылдамаған баға ұсыныстары туралы;
5) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың жеңімпазы туралы;
6) екінші орын алған әлеуетті өнім беруші туралы;
7) егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілген жағдайда, сатып алу туралы шарттың сомасы мен оны жасасу мерзімдері туралы ақпарат.
113. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары шығарылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде портал сатып алу жеңімпазына осы Қағидалардың 103-тармағына сәйкес жарияланған шарт жобасына сәйкес келетін хабарлама мен қол қойылған сатып алу туралы шартты автоматты түрде жібереді.
114. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жеңімпазы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жеңімпазы деп тану туралы хабарламаны және сатып алу туралы шарттың жобасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, Электрондық құжат туралы заңға сәйкес электрондық нысанда сатып алу туралы шартқа қол қояды немесе табиғи монополия субъектісін келіспеушіліктер туралы немесе портал арқылы сатып алу туралы шартқа қол қоюдан бас тарту туралы хабардар етеді.
Табиғи монополия субъектісі жеңімпаз сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге портал арқылы ЭЦҚ куәландырылған сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді.
Сатып алу туралы шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыруға тиіс.
Егер екінші орын алған әлеуетті өнім беруші осы тармақтың екінші абзацында көзделген мерзімде табиғи монополия субъектісі қол қойған сатып алу туралы шартқа қол қоймаса, табиғи монополия субъектісі қайта сатып алуды жүзеге асырады.
5-параграф. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу
115. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу – бұл конкурсты, баға ұсыныстарына сұрау салуды қолданусыз сатып салу тәсілі, олар портал арқылы және мынадай:
1) егер конкурс тәсілімен қайта сатып алу немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылған;
2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік реттеу белгіленген бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
3) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтары бар тұлғадан немесе мемлекеттік немесе табиғи монополия субъектісі болып табылатын тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
4) еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындауы салдарынан, оның ішінде төтенше жағдайлардың салдарларын оқшаулау және (немесе) жою салдарынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
5) өкілдік шығыстармен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
6) приобретения периодических печатных изданий на бумажном носителе и (или) в электронной форме;
7) сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін мүлікті (активтерді) сатып алу:
Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушыларының жүзеге асыруы;
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүргізілуі;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілуі;
мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде;
8) өнім берушінің тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін сатып алған табиғи монополия субъектісінен біріздендіру, стандарттау немесе үйлесімділікті қамтамасыз ету мақсатында нақ сол өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуының қажеттілігі туындауы жағдайларында ғана өткізіледі.
116. Мынадай құжаттардың электрондық көшірмелері не электрондық құжаттар бір көзден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу негіздері болып табылады:
1) әлеуетті өнім беруші тиісті біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жалғыз әлеуетті өнім берушісі болып табылатындығына байланысты сатып алуды жүзеге асыру кезінде – табиғи монополиялар салаларына жататын көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, осы өнім беруші тиісті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу күніне күнтізбелік бір жылдан кешіктірмей берілген осы өнім беруші тиісті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жалғыз әлеуетті өнім берушісі болып табылатыны туралы тиісті құзыретті органның қорытындысы;
2) біріздендіру, стандарттау немесе қолда бар тауарлармен, жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында сатып алуды жүзеге асыру кезінде – оған сәйкес әлеуетті өнім берушіден бастапқыда тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған шарт, біріздендіру, стандарттау немесе үйлесімділікті қамтамасыз ету мақсатында табиғи монополия субъектісінің сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сандық және құндық мәндегі осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді көлемін көрсете отырып сатып алу қажеттілігі туралы қорытындысы, сондай-ақ қолда бар тауарлармен, жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен стандарттау, біріздендіру немесе үйлесімділігін қамтамасыз ету қажеттілігін растайтын техникалық ерекшелік және (немесе) өзге де құжаттама;
3) конкурсты өтпеді деп тануға байланысты сатып алуды жүзеге асыру кезінде – осы конкурс бойынша құжат:
конкурстық комиссияны бекіту туралы бұйрық;
конкурстық құжаттама;
конкурстық өтінімдерді ашу хаттамасы; конкурс қорытындылары туралы хаттама;
әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері;
табиғи монополия субъектісінің немесе уәкілетті органының интернет-ресурсында, не электрондық сатып алудың ақпараттық жүйелерінде конкурс (тендер) өткізу туралы хабарландыру;
4) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізілмеді деп тануға байланысты сатып алуды жүзеге асыру кезінде – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен осы сатып алу жөніндегі құжаттар; әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары; баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттама.
117. Осы Қағидалардың 116-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші техникалық ерекшелікте белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде жол беріледі.
Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде табиғи монополия субъектісі портал арқылы әлеуетті өнім берушіден осы әлеуетті өнім беруші ұсынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаның барлық негіздемелерін сұратады.
118. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде портал автоматты түрде хаттама жасайды, онда мыналар қамтылады:
1) бір көзден сатып алу тәсілін қолдану негіздемесі;
2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы;
3) сатып алу туралы шарт жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы.
6-параграф. Қорытынды ережелер
119. Сатып алу туралы шарттар, конкурстық құжаттама, сатып алу хаттамалары, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері және өткізілген сатып алу бойынша өзге де материалдар порталда кемінде бес жыл сақталады.
120. Табиғи монополия субъектісі жасалған сатып алу туралы шарттарды тіркеудің бірыңғай журналын жүргізеді. Табиғи монополия субъектісінде электрондық құжат айналымы болған кезде электрондық нысанда бірыңғай журналдың жүргізілуіне жол беріледі.
121. Табиғи монополия субъектісінің екі және одан да көп үлестес тұлғалары сатып алуға қатыспайды.
122. Табиғи монополия субъектісінің жұмыскерлеріне, егер ол әлеуетті өнім берушінің лауазымды немесе сенімді адамының жақын туысы (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері), немесе жұбайы (зайыбы), жекжаты болып табылса, не конкурс нәтижелеріне өзгеше түрде өзі мүдделі болса, сатып алу рәсімдеріне байланысты міндеттерді орындауға жол берілмейді.
123. Сатып алу кезінде:
негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді) толық жинақтау, жаңғырту және толық жарақтандыру үшін;
тауарды лизингке беру жөніндегі қызметтер берушіні анықтау және лизинг нысанасын егжей-тегжейлі сипаттау қажеттілігінің туындауы үшін;
табиғи монополия субъектісінде бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету үшін жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, егер мұндай нұсқау сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілігін айқындайтын болса, сатып алуды жүргізу кезінде конкурстық (тендерлік) құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына нұсқаудың болуына жол берілмейді.
124. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушілері мен тұтынушылары сатып алу рәсімін жүргізу кезінде, оның ішінде техникалық ерекшелікте, сатып алу қорытындылары туралы хаттамада және жасалған шарттарда қойылатын талаптар бойынша табиғи монополия субъектісінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия (хатшылықтың) хатшысының және техникалық сарапшылардың заңсыз әрекеттері үшін уәкілетті органға шағымдана алады.
125. Әлеуетті өнім берушілер мен реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар табиғи монополия субъектісінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының (хатшылық) және техникалық сарапшылардың сатып алуды жүргізу бойынша іс-әрекеттеріне шағымдануы кезеңінде сатып алу туралы шарт жасалмайды.
Бұл ретте өтінім беруші табиғи монополия субъектісін жоғарыда көрсетілген тұлғалардың әрекеттеріне шағымдануы туралы хабардар етеді.
126. Сатып алудың жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушінің, немесе екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің сатып алу туралы шарт жасаудан жалтаруы немесе сатып алу туралы шарт талаптарын орындамауы жағдайларында табиғи монополия субъектісі оларды табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы шағыммен сотқа жүгінеді.
127. Өткізілетін (өткізілген) сатып алу қорытындыларына әсер ететін сатып алу хабарландыруында бұзушылықтар анықталған жағдайда, табиғи монополия субъектісі портал арқылы сатып алу туралы шарт жасалған күнге дейін сатып алуды (лотты) немесе олардың қорытындыларын жояды, хабарландыруды сәйкестікке келтіреді және осы Қағидаларға сәйкес сатып алуды қайта жариялайды.
128. Өткізілетін (өткізілген) сатып алу қорытындыларына әсер ететін сатып алу хабарландыруында бұзушылықтар анықталған жағдайда, табиғи монополия субъектісі портал арқылы сатып алу туралы шарт жасалған күнге дейін сатып алуды (лотты) немесе олардың қорытындыларын жояды, хабарландыруды сәйкестікке келтіреді және осы Қағидаларға сәйкес сатып алуды қайта жариялайды.
129. Табиғи монополия субъектісі сатып алудың (лоттың) немесе олардың қорытындыларының күші жойылды деген шешімді бекіткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде портал арқылы өткізілген сатып алуға қатысушы адамдарға бұл туралы хабарлайды.
130. Уәкілетті орган табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүргізу рәсімін бұзғаны анықталған жағдайда табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын тоқтату туралы, оның ішінде сатып алуды, сатып алу және (немесе) қайта сатып алуды жүргізу туралы шарттың күшін жою туралы нұсқама шығарады, сондай-ақ тарифті бекіту, инвестициялық бағдарламаны бекіту және тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді қарау кезінде осы шығындарды ескермейді.
6-тарау. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын қамтамасыз ету тәртібі
1-параграф. Жалпы ережелер
131. Тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуі Қазақстан Республикасының Су кодексіне, "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және осы Қағидаларға сәйкес ұсынылады.
132. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету мынадай:
1) осы Қағидаларда айқындалған талаптар сақталған кезде барлық тұтынушылар үшін реттеліп көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізу;
2) табиғи монополия субъектісінің ақпараттық ашықтығы шарттары негізге алына отырып жүзеге асырылады.
133. Тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қол жеткізуі:
1) Заңның 25-бабында көзделген ақпаратты табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсында орналастырумен, ол болмаған жағдайда – уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсынумен, сондай-ақ Заңның 25-бабының 6-2-тармағында көзделген ақпаратты мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырумен және (немесе) өзектілендірумен;
2) табиғи монополия субъектісінің желілеріне: бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына (құрылыс салу схемасына) сәйкес инженерлік коммуникацияларды дамыту жоспарына немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға техникалық шарттар берумен;
3) тұтынушының реттеліп көрсетілетін қызметке қосылуға арналған техникалық шарттарды орындауымен;
4) реттеліп көрсетілетін қызметке қосылумен, немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін арттырумен;
5) реттеліп көрсетілетін қызметті көрсетуге шарттар жасасу арқылы қамтамасыз етіледі.
134. Табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсында, не ол болмаған жағдайда уәкілетті органның интернет-ресурсында тоқсан сайын:
1) бос және қол жетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілетінің резерві, бар-жоғы туралы ақпарат;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілерді немесе өзге де мүлікті орналастыру схемалары орналастырылады.
135. Техникалық шарттармен табиғи монополия субъектісінің қосылатын желілеріне, материалдарға, жабдықтарға, құрылғыларға, есепке алу аспаптарына қойылатын талаптардың түбегейлі тізбесі айқындалады.
136. Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге өтініш қабылдауосы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы жүзеге асырады.
Тұтынушының өкілі өтініш берген кезде өкіл оның өкілеттігін растайтын құжатты ұсынады.
Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемінің ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге арналған өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі осы Қағидалардың 151-тармақтарында айқындалған.
137. Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге өтініш:
1) техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін – 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады.
Өтінішті қарау қорытындысы бойынша табиғи монополия субъектісі:
1) техникалық шарттарды береді;
2) техникалық шарттарды беруден бас тартады.
138. Табиғи монополия субъектісі:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос және қолжетімді қуаттар, сыйымдылықтар, орындар, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттері болмаған;
2) табиғи монополия субъектісінің желілері немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажет өзге де мүлік болмаған жағдайда техникалық шарттарды беруден бас тартады.
139. Техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда табиғи монополия субъектісі:
1) техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге уәжді негіздемені қоса береді;
2) уәкілетті органға техникалық шарттар беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін, бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттерінің тапшылығы, немесе табиғи монополия субъектісі желілерінің немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажет өзге де мүліктің жоқ екені есептелген уәжді негіздеме жібереді.
140. Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосудың техникалық шарттарын беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін алуға байланысты уәкілетті орган:
1) жеті жұмыс күнінен кешіктірмей тұтынушыға табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар беруден бас тартудың негізділігін растайтын, немесе Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісінің қызметін тексеруге бастамашылық жасау үшін уәкілетті органға шағым берудің қажеттігі туралы хат жібереді;
2) бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттерінің болмау фактісі анықталған немесе табиғи монополия субъектісінің желілері, немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемін ұсыну үшін табиғи монополия субъектісінің қажетті өзге де мүлкі болмаған кезде табиғи монополия субъектісіне экономикалық жағынан орынды болған кезде бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту және реттеліп көрсетілетін қызметке қосу үшін жағдайлар жасау қажет екендігі туралы хабарлайды.
141. Техникалық шарттарды монополистердің тікелей түзетуіне жол берілмейді.
142. Табиғи монополия субъектісіне реттеліп көрсетілетін қызметке қол жеткізуді ұсыну кезінде:
1) бос қуаттар туралы ақпарат ұсынғаны үшін төлемақы алуға;
2) реттеліп көрсетілетін қызметті көрсетуге қатысы жоқ мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың рұқсаттары мен өзге де құжаттарын ұсынуды талап етуге;
3) тұтынушыға табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды сақтаудан басқа, өзге де талаптарды қоюға;
4) реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең емес жағдайларын жасауға;
5) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға, немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкес тұтынушының жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметін шектеуге;
6) құрылыс жобасының табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкестігіне келісуді талап етуге жол берілмейді.
143. Тұтынушының жұмыстардың аяқталғаны және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзірлігі туралы ақпаратын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде табиғи монополия субъектісі берілген техникалық шарттарға сәйкес орындалған жұмыстарды және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзірлігін тексеруді жүзеге асырады.
Орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келген кезде табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне қосу 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
144. Орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келмеген кезде табиғи монополия субъектісі құрылыс объектісінің реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзір емес екендігі туралы тұтынушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Тұтынушы анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін жұмыстардың аяқталғаны және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзірлігі туралы қайта хабардар етеді.
145. Тұтынушының осы тарауда айқындалған талаптарды сақтауы табиғи монополиялар субъектісі мен тұтынушының арасында уәкілетті орган бекіткен үлгі шарттарға сәйкес ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне жеке шарт жасасу үшін негіз болып табылады.
146. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектісі тұтынушы жүгінген кезде реттеліп көрсетілетін қызметке қол жеткізу тәртібі туралы ақпаратты ұсынады.
147. Реттеліп көрсетілетін қызметтер табиғи монополия субъектісімен шарт жасасқан барлық тұтынушыларға ұсынылады.
2-параграф. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын қамтамасыз ету
148. Табиғи монополия субъектісінің инженерлік желілеріне қосуға, немесе реттеліп көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды табиғи монополия субъектісі елді мекеннің құрылыстары өнімділігінің және каналдың өткізу қабілетінің жеткілікті қоры болған кезде:
1) жүйелерге қосылатын жаңа объектілерді жобалау және кейіннен салу;
2) су тұтыну көлемдерін ұлғайту;
3) егер бұл тұтынылатын қызметтердің көлемі мен сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соқтырса, объектіні реконструкциялау;
4) объектіні қайта бейіндеу;
5) желілерге бұрын қосылмаған объектіні қосу;
6) инженерлік желілерді дамыту жағдайларында береді.
149. Желілер бірнеше табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсеткен жағдайда, техникалық шарттарды балансында қосылу жоспарланатын каналдары бар табиғи монополия субъектісі береді.
150. Желілерге қосылуға техникалық шарттар беруге өтініш осы Қағидаларға 7-қосымша бойынша ұсынылады.
151. Желілерге қосылуға техникалық шарттар беру туралы өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) жеке тұлғалар үшін – объект иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, заңды тұлғалар үшін – жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі, немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама;
2) тіркелген құқықтар туралы анықтаманың, немесе құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі;
3) ұйымның бірінші басшысын қоспағанда (заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін) жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, шарт жасасуға уәкілетті тұлғаға құжаттың (бұйрықтың, сенімхаттың, адамның өкілеттігін растайтын құжаттың) көшірмесі;
4) банк деректемелері (банктің атауы, ағымдағы шоттың №);
5) су қызметтерін өндірістік тұтыну кезінде мәлімделген көлемдер бойынша негіздеме;
6) шлюздің, су торабының есеп тораптарының және/немесе су бөлу нүктесінің (гидропост) немесе, арнаның теңгерімдік тиесілілік шекарасының алдында бұру басында орнатылған сипаттамасы;
7) 1: 500 масштабтағы құрылыс учаскесін топографиялық түсіру (барлық жерүсті және жерасты коммуникациялары мен құрылыстарымен).
152. Жобаланатын объектінің сипаттамалары өзгерген кезде, суармалы жерлер және олардың қолданылу кезеңі ішінде техникалық шарттар осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте тұтынушының жаңа техникалық шарттарды беруге өтініш беруі арқылы өзгертілуі мүмкін.
153. Табиғи монополия субъектісі өтінішті алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде техникалық шарттарды береді, немесе көрсетілген техникалық шарттарды беруді қоспағанда, техникалық шарттарды беруден бас тартады.
154. Табиғи монополия субъектісі әзірленген және берілген техникалық шарттарды есепке алуды және тіркеуді ұйымдастырады.
Табиғи монополия субъектісі әзірленген және берілген техникалық шарттарды есепке алуды және тіркеуді ұйымдастырады. Берілген техникалық шарттардың бір данасы табиғи монополия субъектісінде сақталады. Берілген техникалық шарттардың сақталу мерзімі шектеусіз.
155. Жұмыстар аяқталғаннан кейін тұтынушы табиғи монополия субъектісіне жұмыстардың аяқталғаны және реттелетін қызметті алуға дайындығы туралы хабарлайды, ол ақпаратты алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде орындалған жұмыстарды берілген техникалық шарттарға сәйкес тексеруді және реттелетін қызметті алуға дайындығын жүзеге асырады.
Орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келген кезде реттеліп көрсетілетін қызметке қосылу 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
156. Орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келмеген жағдайда табиғи монополия субъектісі 1 (бір) жұмыс күні ішінде тұтынушыға объектінің реттеліп көрсетілетін қызметті алуға дайын еместігі туралы хабарлайды.
Анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін тұтынушы жұмыстардың аяқталғаны және реттелетін қызметті алуға дайын екендігі туралы қайта хабарлайды.
157. Реттелетін қызметке қосылу келесі жұмыстарды қамтиды:
1) табиғи монополия субъектісінің қолданыстағы желіні ажыратуы;
2) тұтынушының қолданыстағы желісіне қосылу өндірісі;
3) табиғи монополия субъектісінің қолданыстағы желіні қосуы.
158. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуы реттеліп көрсетілетін қызметті көрсету туралы шарт жасалғаннан кейін жүзеге асырылады.
159. Табиғи монополия субъектісі әзірленген және берілген техникалық шарттарды есепке алуды және тіркеуді ұйымдастырады. Берілген техникалық шарттардың бір данасы табиғи монополия субъектісінде сақталады. Берілген техникалық шарттарды сақтау мерзімі шексіз.
3-параграф. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын қамтамасыз ету және олар бойынша шешімдер қабылдау жөніндегі өтініштерді қарау
160. Тұтынушыға реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге тең жағдайлар беру бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайда тұтынушы уәкілетті органға өтініш жібереді.
Өтініште өтініш беруші туралы және оған қатысты өтініш берілген табиғи монополия субъектісі туралы мәліметтер, осы Қағидалардың талаптарын бұзу сипаттамасы, сондай-ақ өтініш беруші өтініш жасаған талаптар қамтылуға тиіс.
161. Тұтынушылардың өтініштері Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде қаралады.
162. Табиғи монополия субъектісі, не тұтынушылар өтініш бойынша қабылданған шешімге уәкілетті органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағымдана алады.
4-параграф. Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат беру
163. Табиғи монополия субъектісі тоқсан сайын мыналарды:
резерв, бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттерінің, болуы туралы ақпаратты;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді және порттық қызметтер нарығында бәсекелестік болмаған кезде порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілерді, немесе өзге де мүлікті орналастыру схемаларын;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты (объектілер орналасқан жерлері, фото-бейне түсірілімдермен қоса орындалу сатылары, инвестициялық бағдарламалардың іс-шараларын орындау мерзімдері және құны) өзінің интернет-ресурсында орналастырады, не ол болмаған жағдайда уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсынады.
164. Табиғи монополиялар субъектілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсыну қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 244 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11111 болып тіркелген) бекітілген, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде:
1) мына ақпаратты (туралы):
резерв;
белгіленген қуат және (немесе) сыйымдылық;
бос және қолжетімді қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың бар-жоғы;
желілердің өткізу қабілеттілігі;
орналасқан жері (елді мекен көшелерінің атауын көрсете отырып);
ұзындығы;
брондалған қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың саны және олардың брондау мерзімдері;
көрсетілетін қызметтерді түпкі тұтынушыларға ұсыну үшін технологиялық процесте пайдаланылатын қолданыстағы қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың саны туралы ақпаратты;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілерді, немесе өзге де мүлікті орналастыру схемаларын машинамен оқылатын түрде орналастырады және (немесе) жаңартып отырады.
165. Табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның талап етуі бойынша оған қағаз тасығышта немесе электрондық нысанда табиғи монополия субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кем болмайтын уәкілетті орган белгілеген мерзімде қажетті ақпаратты ұсынады.
166. Табиғи монополия субъектісі ұсынған ақпаратты пайдаланған кезде уәкілетті орган табиғи монополия субъектісі мен тұтынушылардың мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық құпияның, басқа да заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
7-тарау. Бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді жүргізу тәртібі
167. Табиғи монополия субъектісі ағымдағы күнтізбелік жылдың 1-тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың 1-мамырынан кешіктірмей жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептер жүргізеді.
Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы есеп жария тыңдау нысанында өткізіледі.
168. Табиғи монополия субъектісі осы Қағидалардың 167-тармағында белгіленген мерзімде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) өзінің интернет-ресурсында тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және негіздемелермен бірге табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерін, оның ішінде қаржылық есептілікті орналастырады.
169. Алдағы есеп беруді өткізу туралы хабарландыруды Тіркелімнің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісі кемінде аптасына бір рет шығарылатын және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымында, ал Мемлекеттік тіркелімнің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісі – кемінде аптасына 1 (бір) рет шығарылатын және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымында және (немесе) өзінің интернет-ресурсында оны өткізуге дейін 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жариялайды және мынадай мәліметтерді:
1) табиғи монополия субъектісінің атауын және орналасқан жерін;
2) есеп беруді өткізу күні мен орнын;
3) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрін қамтиды.
170. Есепті өткізгенге дейін 1 (бір) ай бұрын табиғи монополия субъектісі уәкілетті органды хабардар етеді.
171. Алдағы есепті өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін табиғи монополия субъектісі есепті өткізгенге дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал ол болмаған жағдайда уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін осы Қағидалардың 167-тармағында көзделген ақпаратты ұсынады.
172. Есепті өткізуге арналған үй-жайды табиғи монополия субъектісі айқындайды.
173. Табиғи монополия субъектісі есепті өткізу орнына барлық тілек білдірушілердің қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Есеп өткізу және өзге де мамандандырылған режимі бар ғимараттарда өткізілген жағдайда табиғи монополия субъектісі хабарландыруда тыңдаушылардың тізімі алдын ала қалыптастырылатыны туралы көрсетеді, оның мерзімі есепті өткізуге дейін 24 (жиырма төрт) сағат бұрын аяқталады. Егер есеп демалыс күнінен кейінгі келесі жұмыс күні өткізілсе, онда тыңдаушылардың тізімін қалыптастыру жұмыс күнінің бірінші жартысында сағат 12.00-ге дейін аяқталады және есеп жұмыс күнінің екінші жартысында өткізіледі.
Жария тыңдаулар, табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы есептері қатысушылардың жария тыңдауларға кедергісіз қол жеткізуі қамтамасыз етіле отырып, онлайн-трансляция ұйымдастырумен де өткізіледі.
Елде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде уәкілетті орган, табиғи монополиялар субъектілері жария тыңдауларды, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы есептерді онлайн-трансляциялар арқылы өткізеді.
Жария тыңдаулар онлайн-трансляциялар арқылы өткізілген кезде уәкілетті орган жария тыңдаулар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурста жария тыңдаулардың күнін, уақытын және онлайн-трансляцияға сілтемені көрсете отырып, алдағы жария тыңдау туралы хабарландыруды орналастырады.
174. Осы тарауда көзделген талаптар қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне және жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
175. Есепті өткізу үшін табиғи монополия субъектісі басшыларының арасынан жария тыңдаудың төрағасы (бұдан әрі – Төраға), табиғи монополия субъектісі қызметкерлерінің арасынан – жария тыңдаудың хаттамасын жүргізетін хатшы тағайындалады.
176. Төраға белгіленген уақытта көпшілік алдында жария тыңдауды ашады және күн тәртібін жариялайды.
177. Жария тыңдау табиғи монополия субъектісінің сөз сөйлеуін қамтиды.
178. Табиғи монополия субъектісінің сөйлеген сөзі мынадай ақпаратты қамтиды:
1) табиғи монополия субъектісі туралы жалпы ақпарат;
2) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы;
3) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша бекітілген тарифтік сметаның баптары бойынша орындалуы;
4) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы;
5) табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы;
6) табиғи монополия субъектісі қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы;
7) ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы;
8) реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы;
9) қызмет перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің ықтимал өзгерістері туралы.
Өз сөзінде табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну сапасы туралы егжей-тегжейлі түсінік береді.
Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп беретін табиғи монополия субъектісінің атынан бірінші басшы, не бірінші басшының міндеттерін атқару жүктелген адам шығады.
179. Жария тыңдауға қатысушылар қаралатын мәселе бойынша ауызша, немесе жазбаша өз пікірін білдіре алады, сөз сөйлеушілерге сұрақтар қоя алады, өз сөзінде көмекші материалдарды (плакаттар, кестелер және басқалар) пайдалана алады.
180. Жария тыңдауға қатысушының жазбаша түрде білдірген пікірі жеке немесе заңды тұлғаның ресми тұлғаға өтінішіне теңестіріледі және жария тыңдау хаттамасына міндетті түрде енгізуге, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінің одан әрі қарауына және тиісті шаралар қабылдауына жатады.
181. Көпшілік тыңдауды өткізу кезінде тәртіпті бұзған адамға Төраға ескерту жасайды.
182. Төраға қорытынды шығарады және көпшілік тыңдауды жабады.
183. Жария тыңдауды өткізу барысында хаттама жүргізіледі. Хаттамада тыңдаудың басталу және аяқталу уақыты, сөз сөйлегендердің тегі мен аты-жөні туралы ақпарат және сөз сөйлеудің қысқаша мазмұны қамтылады.
184. Жария тыңдау хаттамасының көшірмесі ол өткізілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынылады.
185. Жария тыңдау хаттамасы мен материалдарынан істер қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) сәйкес сақталады.
186. Табиғи монополия субъектісі тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп өткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, оны бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) өзінің интернет-ресурсында орналастырады, не уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін жібереді.
Уәкілетті орган есепті келіп түскен бастап 5 жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсына орналастырады.
8-тарау. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттерінің бар екендігі туралы ақпаратты, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтердің инженерлік коммуникацияларының схемаларын орналастыру тәртібі
187. Табиғи монополия субъектісі өзінің интернет-ресурсында орналастырады, не өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда уәкілетті органға өзінің интернет-ресурсында орналастыру үшін тоқсан сайын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, желілердің өткізу қабілетінің болуы туралы жаңартылатын ақпаратты ұсынады.
188. Табиғи монополия субъектісі:
1) бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттерінің резерві, бар-жоғы туралы ақпаратты;
2) Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді және порттық қызметтер нарығында бәсекелестік болмаған кезде порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілерді немесе өзге де мүлікті орналастыру схемасын;
3) Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты (объектілердің орналасқан жерлері, фото-бейне түсірілімді қоса бере отырып, орындалу сатылары, инвестициялық бағдарламалардың іс-шараларын орындау мерзімдері және құны) тоқсан сайын өзінің интернет-ресурсында орналастырады, не ол болмаған жағдайда уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсынады.
9-тарау. Есепке алу аспабын сатып алу және орнату үшін төлемақыны келісу тәртібі
189. Табиғи монополия субъектісі құрылыс объектілерін қабылдау және пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда, тұтынушымен жасалған шартқа сәйкес есепке алу аспабын сатып алады және тұтынушыға орнатады.
190. Табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға есепке алу аспаптарын орнату кестесін (бұдан әрі – Кесте) әзірлейді.
191. Есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату үшін төлем мөлшерін (бұдан әрі – Төлем) табиғи монополия субъектісі есептейді және уәкілетті органмен келіседі.
192. Табиғи монополия субъектісінің Төлемді бекіту туралы шешімі Төлемді алу мерзімін көрсете отырып, табиғи монополия субъектісінің бірінші басшысының, не оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығы түрінде қабылданады.
193. Төлемді бекіту туралы бұйрықты табиғи монополия субъектісі кестені, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінің есепке алу аспаптарын сатып алуға және орнатуға арналған шығындарды негіздейтін есептеулер мен құжаттарды қоса бере отырып, оған қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарау және келісу үшін уәкілетті органға ұсынады. Негіздеуші материалдардың әрбір парағына табиғи монополия субъектісінің бірінші басшысы, не оны алмастыратын тұлға қол қояды.
194. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісі ұсынған төлем бекіту туралы шешімді және төлемді есептеуге негіздейтін материалдарды олар уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қарайды.
195. Табиғи монополия субъектісінің төлемді бекіту туралы шешімін және төлемді есептеуге негіздейтін материалдарды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган табиғи монополия субъектісіне төлем мөлшерін келісу, не төлем мөлшерін келісуден дәлелді бас тарту туралы хат жібереді.
196. Табиғи монополия субъектісі ұсынылған кестені облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жібереді.
197. Табиғи монополия субъектісі және мүдделі тұлғалар уәкілетті органға ақпарат ұсынған кезде коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесін айқындайтын ішкі актінің көшірмесін қоса бере отырып, коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің толық тізбесін көрсетеді.
198. Табиғи монополия субъектісі жеке қосалқы шотта есепке алу аспаптарын сатып алуға және орнатуға байланысты шығындар мен кірістердің есебін жүргізеді.
199. Табиғи монополия субъектісі тұтынушыға реттеліп көрсетілетін қызметтер үшін төлеуге ұсынылатын төлем құжатында осы Қағидаларға сәйкес келісілген төлем көрсетілетін жеке жолды көздейді.
200. Есепке алу аспабы тұтынушы табиғи монополия субъектісіне осы есепке алу аспабын сатып алудың және орнатудың барлық құнын төлегеннен кейін тұтынушының меншігіне өтеді.
10-тарау. Табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі
201. Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтеріндегі мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
11-тарау. Тұтынушыларға және (немесе) уәкілетті органға тариф туралы, оның өзгергенін хабарлау тәртібі
202. Табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды және (немесе) уәкілетті органға тиісті ақпаратты табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, өзінің интернет-ресурсында, не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру арқылы тариф, оның өзгеруі туралы хабардар етеді.
203. Заңның 20-бабының 1-тармағында көрсетілген табиғи монополиялар субъектілері тарифті қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей тұтынушыларды:
оңайлатылған тәртіппен бекітілген тариф туралы;
тарифтің, бекітілген тарифтік сметаның өзгеру себептері бар ақпаратты ұсына отырып, қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін бекітілген тариф, оңайлатылған тәртіппен бекітілген тариф туралы хабардар етеді.
204. Табиғи монополия субъектісі Заңның 22-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда тариф қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей тұтынушыларды уәкілетті орган бекіткен тарифтің өзгергені туралы оның қолданылу мерзімі өткенге дейін тарифтің, бекітілген тарифтік сметаның өзгеру себептерін көрсететін ақпаратты ұсына отырып, хабардар етеді.
205. Табиғи монополия субъектісі Заңның 15-бабының 17-тармағына сәйкес бекітілген тариф туралы тұтынушыны ол қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей хабардар етеді.
12-тарау. Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік және реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін бекіту тәртібі
206. Осы тарау Заңның 15-бабы 23-тармағының 9) және 13) тармақшаларына сәйкес әзірленді және тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып, тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік және реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін бекіту тәртібін белгілейді.
207. Уәкілетті органның тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдану кезіндегі қызмет тиімділігін және реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін бекітуі уәкілетті орган бекіткен тарифті қалыптастыру Қағидаларына сәйкес айқындалады.
13-тарау. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына қоғамдық мониторинг және (немесе) техникалық сараптама жүргізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу тәртібін
1-параграф. Жалпы ережелер
208. Осы тарау Уәкілетті адамдардың бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуына және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізілуіне қоғамдық мониторинг және (немесе) техникалық сараптама жүргізу:
бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуына және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізілуіне қоғамдық мониторинг жүргізу (бұдан әрі – қоғамдық мониторинг);
бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі техникалық сараптама (бұдан әрі – техникалық сараптама) жүргізу тәртібін айқындайды.
209. Уәкілетті адамдардың қоғамдық мониторинг және (немесе) техникалық сараптама жүргізуінің негізгі қағидаттары:
1) уәкілетті адамдардың тәуелсіздігі;
2) зерттеулердің толықтығы, жан-жақтылығы, объективтілігі, оларды жүргізу нәтижелерінің ғылыми негізділігі;
3) уәкілетті адамдардың құзыреттілігі мен кәсібилігі болып табылады.
2-параграф. Қоғамдық мониторинг жүргізу тәртібі
210. Қоғамдық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу үшін уәкілетті орган құрамына қоғамдық ұйымдардың және өзге де мүдделі тұлғалардың өкілдері кіретін жұмыс тобын қалыптастырады.
211. Жұмыс тобы қоғамдық мониторинг жүргізудің жылдық кестесін жасайды, онда оны өткізу уақыты мен орны, сондай-ақ қоғамдық мониторингке жататын табиғи монополиялар субъектілерінің тізімі айқындалады.
212. Қоғамдық мониторинг жүргізу кестесін уәкілетті орган интернет-ресурста орналастырады және тізімге сәйкес табиғи монополиялар субъектілеріне жібереді.
213. Қоғамдық мониторинг жүргізгенге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын жұмыс тобы мәслихаттардың және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тұтынушылар кемінде бес адам қатарынан уәкілетті адамдардың тізімін қалыптастырады және оны қоғамдық мониторинг жүргізу кестесін қоса бере отырып, табиғи монополия субъектісіне жібереді.
214. Уәкілетті орган өкілдері уәкілетті адамдарды алып жүреді және осы Қағидалардың 218-тармағына сәйкес қоғамдық мониторинг актісін ресімдеуді қамтамасыз етеді.
215. Қоғамдық мониторинг жүргізу үшін табиғи монополия субъектісі өткізу режимінің талаптарын сақтай отырып, бекітілген инвестициялық бағдарлама объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді және бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат береді.
216. Уәкілетті адамдар бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалу барысын, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуын және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштерінің қол жеткізілуін бақылауды жүзеге асырады.
217. Уәкілетті адамдар:
1) бекітілген инвестициялық бағдарлама объектілерін көзбен шолып қарау және бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпаратқа талдау;
2) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратқа, оның ішінде растайтын құжаттарға талдау жүргізеді.
218. Қоғамдық мониторинг бойынша актінің мазмұны:
1) кіріспе бөлімді (іс-шаралар тізбесі, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі, табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі, бөлінген бюджеттік және өзге де қаржы қаражаты туралы ақпарат);
2) бекітілген инвестициялық бағдарламаға енгізілген өзгерістерді және қоғамдық мониторингтің нақты белгіленген нәтижелерін ескере отырып, ұсынылған ақпаратты салыстырмалы талдауды;
3) синтездеуші бөлікті (инвестициялық бағдарламаны іске асыру барысына әсер еткен факторларды белгілеу, бюджеттік және өзге де қаржы қаражатын игермеу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтамау, табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізбеу);
4) қарар бөлігін (нақты жай-күйі мен ұсынымдар) қамтиды.
219. Қоғамдық мониторинг актісі табиғи монополия субъектісі міндетті түрде таныстырылып, ол аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға жіберіледі.
220. Уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында жүргізілген қоғамдық мониторингі нәтижелері туралы фото- және бейнематериалдармен (болған жағдайда) баспасөз релизін орналастырады.
3-параграф. Техникалық сараптама жүргізу тәртібі
221. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуына және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізуге техникалық сараптаманы табиғи монополия субъектісімен шарт негізінде уәкілетті адам (сарапшы, сараптама ұйымдары) жүзеге асырады.
222. Уәкілетті адамдардың (сарапшылардың, сараптама ұйымдарының) тізімін уәкілетті орган қалыптастырады.
223. Техникалық сараптама жүргізу үшін табиғи монополия субъектісі өткізу режимінің талаптарын сақтай отырып, бекітілген инвестициялық бағдарлама объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді және бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат береді.
224. Уәкілетті адамдар (сарапшылар, сараптама ұйымдары) бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының нақты орындалуын, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуын, табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуді көздейді.
225. Уәкілетті адамдарға (сарапшыларға, сарапшы ұйымдарға):
1) негізсіз сараптамалық қорытынды беруге;
2) мүдделер қақтығысы және объективті техникалық сараптама жүргізуге кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар туындаған жағдайда техникалық сараптама жүргізуге қатысуға жол берілмейді.
226. Уәкілетті адамдар (сарапшылар, сараптама ұйымдары):
1) ұсынылған құжаттардың сақталуын және алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді;
2) инвестициялық бағдарлама объектілерін тікелей тексеруді жүзеге асырады, сондай-ақ ол бойынша құжаттаманы өз құқығын қайта сенім білдірмей зерделейді.
227. Уәкілетті адамдар (сарапшылар, сараптама ұйымдары), егер:
1) инвестициялық бағдарлама объектісіне қатысты заттық немесе міндеттемелік құқықтары болса, не сатып алса;
2) инвестициялық бағдарлама объектісіне мүліктік қызығушылығы болса;
3) табиғи монополия субъектісінің үлестес тұлғасы болып табылса;
4) табиғи монополия субъектісінің акционері, құрылтайшысы, жұмыскері, меншік иесі, қатысушысы, кредиторы, дебиторы, жақын туысы немесе жекжаты болып табылса;
5) бұл жасалған жария шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, мүдделер қақтығысының туындауына әкеп соғатын немесе мұндай қақтығыстың туындау қаупін туғызатын болса техникалық сараптаманы жүргізе алмайды.
228. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына техникалық сараптама жүргізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін уәкілетті тұлғалар (сарапшылар, сараптама ұйымдары) ретінде мынадай өлшем шарттар мен талаптарға сәйкес келетін тұлғалар тартылады:
1) сумен жабдықтау және су бұру салаларында бакалавриат, магистратура бағдарламалары бойынша жоғары білімінің, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру, салаларында жұмысты жүзеге асыратын ұйымдарда кемінде 3 (үш) жыл еңбек өтілінің болуы;
2) штатта: сумен жабдықтау және су бұру бойынша дипломы, мамандығы бойынша 3 (үш) жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар маманның, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы инженердің болуы;
3) сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындары үшін инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілінің болуы;
4) шарт негізінде қызмет көрсететін сумен жабдықтау және су бұру, кәсіпорындар үшін қызмет көрсетуде кемінде 3 (үш) жыл тәжірибесі бар сертификатталған аудитордың болуы.
229. Техникалық сараптама негізгі құралдардың техникалық жай-күйін талдауды және техникалық сипаттамаларын бағалауды, оның ішінде сараптама жүргізу күніне жабдықтың тозу дәрежесін, Қазақстан Республикасының осы саладағы заңнамасына сәйкес қабылданған сыныптау топтары бойынша оны пайдалану мерзімдерін, жабдықтың жобалық және технологиялық қуатын бағалауды қамтиды.
Техникалық сараптама барысында:
негізгі құралдардың іске қосылу деңгейі бағаланады, сондай-ақ тиісті көрсеткіштердің деңгейі (жабдықтың белгіленген жиынтық қуаты, қуат коэффициенті, табиғи тозу коэффициенті, жүктеме кестесін толтыру коэффициенті және (немесе) саланың ерекшелігін ескере отырып, басқа да көрсеткіштер), пайда мөлшерлемесін есептеуде қабылданған табиғи монополия субъектісі активтерінің іске қосылу коэффициенттерінің негізділігі бағаланады;
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-техникалық құжаттамасында белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі тұрғысынан еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі нормативтік талаптардың сақталуына талдау жүргізіледі;
қолданысқа енгізілген активтерді реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша бөлудің сәйкестігіне баға беріледі;
еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен өлшемшарттарды қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштерге баға беріледі.
230. Техникалық сараптама қорытындысының мазмұны:
1) кіріспе бөлік (іс-шаралар, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі, табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштерінің тізбесі, бөлінген бюджеттік және өзге де қаржы қаражаты туралы ақпарат;
2) бекітілген инвестициялық бағдарламаға енгізілген өзгерістерді және техникалық сараптаманың нақты белгіленген нәтижелерін ескере отырып, ұсынылған ақпаратты салыстырмалы талдау;
3) синтездеуші бөлік (реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша негізгі құралдарға олардың нақты жай-күйі мен құзыретті орган бекіткен нұсқаулықтар мен нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын ескере отырып, техникалық қызмет көрсету және жөндеу көлемінің негізділігі, табиғи монополия субъектісі белгілеген жөндеудің барлық түрлерінің кезеңділігінің нұсқаулықтардың, қағидалар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі, еңбек шығыны мен персоналдың санын бағалау, еңбек қауіпсіздігі және қорғау жөніндегі нормативтік талаптардың сақталуын айқындау);
4) қарар бөлігі (ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер жүргізу қажеттігі туралы (негізгі құралдардың құнын ұлғайтатын және ұлғайтпайтын), реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша негізгі құралдарды ауыстыру, реконструкциялау және жаңғырту, негізгі құралдарды пайдалануды, негізгі құралдарды пайдалануға байланысты пайдалану және басқа да шығындарды, шикізат пен материалдар шығысын оңтайландыру жөніндегі тұжырымдар мен ұсынымдар).
231. Техникалық сараптаманың қорытындысы табиғи монополиялар субъектісіне ол аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
232. Табиғи монополия субъектісі техникалық сараптаманың қорытындысын Заңның 26-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес уәкілетті органға ұсынылатын есептерге қоса береді.
14-тарау. Халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің кредиттік келісімдерін уәкілетті органның келісу тәртібі
1-параграф. Жалпы ережелер
233. Осы тарау Заңның 15-бабы 23-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және табиғи монополиялар субъектілерінің халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тартуға арналған кредиттік келісімдерін уәкілетті органның келісу тәртібін айқындайды.
234. Халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен реттеліп көрсетілетін қызметтер үшін қарыздар тарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің кредиттік келісімдері уәкілетті органмен келісуге жатады.
235. Халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің кредиттік келісімдерін уәкілетті орган келісуінің негізгі қағидаттары мыналар:
1) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифіне енгізілетін шығындардың ашықтығы;
2) табиғи монополиялар субъектілері мен халықаралық қаржы ұйымдары, мамандандырылған салалық банктер, Қазақстанның Даму Банкі және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері арасында туындайтын қатынастардың шартпен ресімделуі болып табылады.
2-параграф. Халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің кредиттік келісімдерін уәкілетті органның келісу тәртібі
236. Табиғи монополия субъектісі кредиттік келісім жасалғанға дейін уәкілетті органға жазбаша өтініш, сондай-ақ келісімнің жобасы мыналарды:
жобаның мақсаттары мен міндеттерін;
тартылған қарыздың сипаттамасын және оны іске асыру схемасын;
жобаны іске асырудың кезеңдері мен мерзімдерін;
қарыз тарту көздерінің сипаттамасын;
тартылған қарыздың қажеттілігі есеп-қисаптарын;
жобаны іске асырудан күтілетін нәтижелерді;
жобаның өтелу мерзімдері есеп-қисаптарын және қарызды өтеу тетіктерін;
жобаны іске асыру нәтижелерінің тиімділігін бағалауға арналған индикаторларды;
жобаның тәуекелдері мен қауіптері типтерінің, сондай-ақ оларды азайту шараларының сипаттамасын;
жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін қамтуға тиіс жобасын жібереді.
237. Айналым қаражатын толықтыруға қарыз тарту мақсатында жасалатын кредиттік келісімдер келісуге жатпайды.
238. Өтінішке табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметасының жобасымен қоса, оны іске асыру кезеңінде тарифтеріне кредиттік келісім жасасу әсерінің болжамы қоса беріледі.
239. Уәкілетті орган ұсынылған материалдарды 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды және табиғи монополия субъектісіне қараудың нәтижелері туралы хабарлайды.
Материалдар сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган міндетті түрде көрсетілген мерзім ішінде қарызды тартудан бас тарту себептерін көрсете отырып, дәлелді бас тарту жібереді (сыйақының жоғары мөлшерлемесі және банктің өзге де алымдары, қаржылық тәуекелдер, тартылған қарызды өтеу кезінде табиғи монополия субъектісінің төлем қабілеттілігі).
15-тарау. Табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын және мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан табиғи монополия субъектісіне берілетін мүлікті беру шартын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органмен келісу тәртібі
1-параграф. Жалпы ережелер
240. Осы тарау Заңның 15-бабы 23-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленген және табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын және мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан табиғи монополия субъектісіне берілетін мүлікті беру шартын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органмен келісу тәртібін айқындайды.
241. Осы Тәртіп жаңадан құрылатын кәсіпорынға мүлікті беру кезінде туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылмайды.
2-параграф. Табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын және мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан табиғи монополия субъектісіне берілетін мүлікті беру шартын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органмен келісу тәртібі
242. Табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын және жергілікті атқарушы органдардан табиғи монополиялар субъектісіне берілетін мүлікті беру шарты мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жасалады.
243. Мүлікті беру және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру шартында мынадай:
1) жасалған орны мен күні;
2) тараптардың атауы;
3) шарттың мәні;
4) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
5) тараптардың жауаптылығы;
6) форс-мажор;
7) туындайтын дауларды шешу;
8) шарттың қолданылу мерзімі;
9) шарт талаптарының орындалуын бақылау;
10) шарттың қолданылуын тоқтатуға арналған талаптар;
11) өзге де талаптар;
12) тараптардың мекенжайлары мен деректемелері ережелері көзделуге тиіс.
244. Шарт үш данада жасалады, оның екеуі келісілгеннен кейін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға, жергілікті атқарушы органға беріледі.
245. Шартқа берілетін мүліктің тізбесі олардың баланстық құнына қоса беріледі.
16-тарау. Табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын жергілікті атқарушы органмен келісу тәртібі
1-параграф. Жалпы ережелер
246. Осы тарау Заңның 15-бабы 23-тармағының 17) тармақшасына сәйкес әзірленген және табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын жергілікті атқарушы органмен келісу тәртібін айқындайды.
247. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін жергілікті атқарушы орган ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру Мүлікті беру жоспары негізінде жүзеге асырылады.
Беру жоспарына бұрын берілген объектілерді қосуға тыйым салынады.
2-параграф. Табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын жергілікті атқарушы органмен келісу тәртібі
248. Табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті беру жоспарында мыналар:
1) берілетін мүліктің атауы;
2) құрылыстың, реконструкцияның аяқталу мерзімін көрсете отырып, берілетін мүліктің қысқаша сипаттамасы;
3) берілетін мүліктің орналасқан жері;
4) мүліктің сандық және сапалық көрсеткіштері (ұзақтығы, саны),
5) мүліктің мақсаты;
6) берілетін мүліктің құны әрбір объект бойынша жеке, бірыңғай кешен кезінде жалпы құны көрсетіледі;
7) мүлік балансқа, немесе сенімгерлік басқаруға берілетін табиғи монополия субъектісінің атауы қамтылады;
8) берілетін мүлікке құқық белгілейтін құжаттар (техникалық паспорт, меншік құқығы туралы анықтама) және иденфикациялық құжаты (жер учаскесіне арналған акт, жер учаскесіне арналған құжаттар).
Жоспарға мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның мүлікті беру туралы тиісті шешімімен қоса, мүлікті балансқа, немесе сенімгерлік басқаруға берудің орындылығы негіздемесі қоса беріледі.
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша |
|
1-нысан |
Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркелімі __________________________ ________________________________________________________________________________ (Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркелімі бөлімінің атауы)
р/с № | Табиғи монополия субъектісінің атауы | Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) | Табиғи монополия саласы | Реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрі | Табиғи монополия субъектісінің тіркелген орны (заңды мекенжайы) | Табиғи монополия субъектісінің қызмет көрсету орны | Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген нөмірі мен күні | Табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркелімнен шығару нөмірі және күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге қосу туралы өтініш
__________________________________________________________________________
(Мемлекеттік тіркелімнің республикалық немесе жергілікті бөлімінің атауы)
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің ____________________
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы, кәсіпкерлік қызметпен айналысу
құқығына лицензия №)
_________________________________________________________________________
(табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрі)
_________________________________________________________________________
(заңды мекенжайы)
__________________________________________________________________________
(табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету аумағы)
__________________________________________________________________________
реттеліп көрсетілетін қызметтерді өндіруге іске қосылған активтер
(теңгерімде немесе жалға алуда немесе сенімгерлік басқаруда бар)
Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
__________________________________________________________________________
20____ жылғы "____" ______________
(күні)
Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімнен шығару туралы өтініш ___________________________________________________________________ (мемлекеттік тіркелімнің республикалық немесе жергілікті бөлімінің атауы)
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің _________________
__________________________________________________________________________
(табиғи монополия субъектісінің атауы)
__________________________________________________________________________
(табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрі)
__________________________________________________________________________
(заңды мекенжайы)
__________________________________________________________________________
(табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету аумағы)
Негізі: ____________________________________________________________________
Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
__________________________________________________________________________
Қосымша:_________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
20____ жылғы "____" ______________
(күні)
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру Қағидаларына 2-қосымша |
"Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: "Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару": | ||
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: | ||
1) "Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу"; | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу – 30 минут; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік тіркелімге енгізу үшін: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. gov. kz интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
Уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхат ____________________________________________________________ (мәміле мәні)
1. Негіздеме:
Себептер | Мақсаттар | Міндеттер | Экономикалық орындылықты есептеу |
(экономикалық орындылығын есептеуді көрсете отырып, мәмілені жасаудың себептері, мақсаттары мен міндеттері)
2. Мәміленің мәні болып табылатын мүлік туралы ақпарат _______________________
__________________________________________________________________________
3. Мәмілені жасау көрсетілетін қызметті алушының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтің артуына алып келмейтінін және оның қаржы-шаруашылық қызметінің нашарлауына алып келмейтінін растайтын мәліметтер
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Тарифтік смета көрсеткіштерінің атауы | Өлшем бірлігі | Бекітілген тарифтік сметада көзделген | Мәмілені ескере отырып тарифтік сметаның жобасы | Ауытқу | |
Мың тенге | % | ||||
4. Мүлікті бағалау туралы мәліметтер
Мүлікті бағалауды жүргізген бағалау ұйымының атауы | Мүлікті бағалауға мемлекеттік лицензия туралы мәліметтер (нөмірі және берілген күні) | Табиғи монополия субъектісінің мүлкін бағалау туралы есепті жасау күні және нөмірі | Табиғи монополия субъектісі мүлкінің (объектісінің) атауы | Табиғи монополия субъектісі мүлкінің (объектісінің) қалдық құны | Табиғи монополия субъектісі мүлкінің (объектісінің) нарықтық құны | Мүлікті бағалауды жүргізген бағалау ұйымының қорытындысы |
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін______________
(қолы)
20___ жылғы "____" ___________
(күні)
Уәкілетті органның келісімін алу туралы қолдаухат ___________________________
_________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызмет атауы)
Табиғи монополия субъектісін қайта ұйымдастыру (тарату) қажеттігінің
негіздемесі_______________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Жаңадан пайда болатын әрбір заңды тұлғаның орналасқан жері туралы мәліметтер
(қайта ұйымдастырылған жағдайда) ___________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Табиғи монополия субъектісінің басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы
мәліметтер________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін__________________________
(қолы)
20___ жылғы "____" ___________
(күні)
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру Қағидаларына 4-қосымша |
"Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Портал арқылы жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру туралы хат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхат; |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) тарифтің көтерілуі; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. gov. kz интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру Қағидаларына 5-қосымша |
"Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Суды каналдар арқылы беру беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Портал арқылы жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы хат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхат; |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) тарифтің көтерілуі; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. gov. kz интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру Қағидаларына 6-қосымша |
|
1-нысан |
Тендер (конкурс) өткізу туралы хабарландыру
__________________________________________________________________________
________________ тендер (конкурс) өткізетіні туралы хабарлайды (табиғи монополия субъектісінің толық атауы)
Сатып алудың (тендердің, конкурстың) атауы (Тізбеде көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауы):
__________________________________________________________________________
Лоттардың атауы: ____________________________________________.
Барлық шығыстарды ескере отырып, қосылған құн салығын, лот бойынша сатып алынатын тауарды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде тасымалдауға және сақтандыруға, кедендік баждарды, салықтарды, алымдарды және басқаларды төлеуге арналған және тағы басқаларды есепке алмағандағы бірлік үшін баға: _____________________________________________________
Лот бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген қосылған құн салығын есепке алмағанда, барлық шығыстарды ескере отырып, оның ішінде тасымалдау мен сақтандыруға, кедендік баждарды, салықтарды, алымдарды және басқаларды төлеуге бөлінген теңгедегі жалпы сома: ________________________________________________
Төлем шарттары: _______________________________________________.
Тендерлік (конкурстық) өтінімді қамтамасыз етуді енгізу үшін тәртібі, мөлшері, нысаны, мерзімі, банктік деректемелері: ____________________________________________________________________.
Әлеуетті өнім берушілердің тендерлік (конкурстық) өтінімдері _______________ сағат _______ минутқа дейінгі мерзімде қабылданады. "_____" __________ мекенжайы бойынша ____________, № ___ кабинет.
Тендерлік (конкурстық) өтінімдер салынған конверттер _____ сағат _______________ минут ашылады "______"__________ мекенжайы бойынша _____________, № ___ кабинет.
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес тендерлік конкурстық) өтінімді, сатып алу туралы шартты жасау және ұсыну тіліне қойылатын талаптар: _________________________________________________.
Табиғи монополия субъектісінің толық атауы, почталық және электрондық мекенжайлары: _______________________________________________________________
_________________________________________________________________________.
Тендерлік (конкурстық) комиссияның хатшысы_______________________
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)):
_________________________________________________________________________.
Қосымша:
1. Техникалық ерекшелігі сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің);
2. Жоспарлар, сызбалар, эскиздер (бар болса);
3. Шарт жобасы.
Табиғи монополия субъектісінің басшысы ______________________________________
__________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы, күні)
2-нысан | |
Бекітемін: Табиғи монополия субъектісінің басшысы _____________________ _____________________ ____________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) |
Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық ерекшелігі
Сатып алу (тендер) нөмірі: | |
Сатып алудың (тендердің) атауы (Тізбеде көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауы): | |
Лот нөмірі: | |
Лот атауы: | |
Лоттың сипаттамасы: | |
Лоттың қосымша сипаттамасы: | |
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны (көлемі) : | |
Өлшем бірлігі: | |
Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету орны: | |
Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету мерзімі: | |
Сатып алынатын тауарлардың сипаттамасы және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары: |
Тендерлік комиссияның төрағасы _______________________________________
_____________________________________________________ ___________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы, күні)
Конкурсқа (тендерге) қатысуға өтінім)
Конкурстың (тендердің) атауы мен нөмірі: _________________________.
Жеткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың және көрсетілетін
қызметтердің атауы мен саны (көлемі):___________________________________
____________________________________________________________________
Жеткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың және көрсетілетін
қызметтердің атауы мен саны (көлемі): ___________________________________
Жеткізілетін тауарлардың сипаттамасы мен функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары:_________________________________.
Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету мерзімі мен орны: ____________________________________________________.
Тауарды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шығыстарды қоса алғанда, қосылған құн салығын есепке алмағанда, тауардың, жұмыстың және қызметтің бір бірлігі үшін теңгемен баға: ____________________________________________________________________.
Тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шығыстар енгізілген қосылған құн салығын есепке алмағандағы тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің теңгемен жалпы бағасы: ____________________________________________________________________.
Жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын егжей-тегжейлі ашатын сметалық есеп немесе құнның калькуляциясы:_____________________________
___________________________________________________________________
Әлеуетті өнім беруші жүргізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шекті көлемі: ____________________________________________________________________.
Осы өтініммен оның тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіремін.
______________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы (қолы, күні)
4-нысан |
Баға ұсыныстарына сұраныс беру тәсілімен сатып алу туралы хабарландыру
__________________________________________________________________________
(табиғи монополия субъектісінің толық атауы)
баға ұсыныстарына сұраныс беру тәсілімен сатып алу туралы хабарлайды.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың атауы және нөмірі (Тізбеде көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
сатып алудың атауына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауы): ________________________________________________________.
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны (көлемі), өлшем бірлігі: __________________________________________.
Сатып алынатын тауарлардың сипаттамасы және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары: ___________________________________________________________________
Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету мерзімі мен орны: ____________________________________________________.
Барлық шығыстарды ескере отырып, қосылған құн салығын, лот бойынша сатып алынатын тауарды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде тасымалдауға және сақтандыруға, кедендік баждарды, салықтарды, алымдарды және басқаларды төлеуге арналған және тағы басқаларды есепке алмағандағы бірлік үшін баға: ______________________________________________________.
Лот бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген қосылған құн салығын есепке алмағанда, барлық шығыстарды, оның ішінде тасымалдауға және сақтандыруға, кедендік баждарды, салықтарды, алымдарды және басқаларды төлеуге арналған шығыстарды ескере отырып, теңгемен жалпы сома:
____________________________________________________________________.
Төлем шарттары: ________________________________________________.
Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары ___ жылғы "__" __________
___________сағат __________ минутқа дейінгі мерзімде _____________, № ___ кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.
Баға ұсыныстары салынған конверттер баға ұсыныстары ___ жылғы "__" __________ ___________сағат __________ минутқа дейінгі мерзімде _____________, № ___ кабинет мекенжайы бойынша ашылады.
Табиғи монополия субъектісінің толық атауы, телефон нөмірі, пошталық және электрондық мекенжайлары: ______________________________________.
Қосымша:
1. Шарт жобасы.
Табиғи монополия субъектісінің басшысы__________________________
__________________________________________ ____________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы, күні)
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінім
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың атауы мен нөмірі:
____________________________________________________________________
Жеткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы мен саны (көлемі): ___________________________________
____________________________________________________________________.
Сатып алынатын тауарлардың сипаттамасы мен функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары:______________________.
____________________________________________________________________
Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету мерзімі мен орны: ____________________________________________________.
Тауарды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шығыстар енгізілген қосылған құн салығын есепке алмағандағы тауар, жұмыс және қызмет бірлігінің бағасы: ______________________________.
Тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шығыстар қосылған құн салығын есепке алмағанда тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жалпы бағасы: _____________________________.
Осы өтініммен оның тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіремін.
_______________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы (қолы, күні)
Инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды беруге арналған өтініш
1. Объектінің толық атауы және мекенжайы (жобаланатын, қолданыстағы, реконструкцияланатын канал немесе жерүсті ағыны):_______________________
_______________________________________________________________
2. Объектінің мақсаты ___________________________________________
3. Техникалық шарттарды алу үшін негіздеме (қажеттісін белгілеу):
1) желіге қосылатын жаңа объектілерді жобалау және кейіннен құрылысын жүргізу;
2) қолданыстағы жүйеде көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайту;
3) егер бұл тұтынылатын көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сипаттамаларының өзгеруіне әкелетін болса, реконструкциялау;
4) қайта бейіндеу;
5) қайтадан енгізілетін объектілердің желілеріне қосылу;
6) бұрын қосылмаған объектінің желілеріне қосылу.
4. Ауданы: _____________________________ гектар
5. Қажеттілік __________________________________ текше метр /тәулік (ай, жыл):
оның ішінде:
1) өндірістік қажеттіліктерге ____________________ текше метр /тәулік (ай, жыл);
2) суаруға _______________ текше метр /тәулік (ай, жыл);
3) шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер __________ текше метр /тәулік
(ай, жыл)
6. Қосуды жүргізу (уақыты және күні): _____________________________
7. Қосу нүктесі: _________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына 8-қосымша |
|
1-нысан |
Ақпарат бекітілген инвестициялық бағдарламаны * орындау туралы_______ жыл 20 __ жылғы (20__ жылғы жарты жылдық) қорытынды бойынша) _________________________________________________ субъектінің атауы, қызмет түрі
№ п/п | Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың жоспарлы және нақты көлемдері туралы ақпарат | Пайда мен шығындар туралы есеп * | Инвестициялық бағдарламаның сомасы) | |||||||||||||||||
Реттеліп көрсетілетін қызметтердің атауы және қызмет көрсетілетін аумақ | Іс-шаралар атауы | Өлшем бірлігі | Заттай көрсеткіштердегі саны | Инвестициялық бағдарлама шеңберінде қызмет ұсыну кезеңі | Жоспары | Факт | Ауытқу | Ауытқу себептері | ||||||||||||
план | факт | |||||||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | |||||||||
Инвестициялық бағдарламаны қаржыландырудың нақты шарттары мен мөлшері туралы ақпарат, мың теңге | Инвестициялық бағдарламаны орындаудың нақты көрсеткіштерін инвестициялық бағдарламада бекітілген көрсеткіштермен салыстыру туралы ақпарат** |
Қол жеткізілген нақты көрсеткіш | Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыруды бағалау | |||||||||||||||||
собственные средства | Қарыз қаражаты | Бюджеттік қаражат | Өндірістік көрсеткіштерді жақсарту, %, бекітілген инвестициялық бағдарламаға байланысты іске асыру жылдары бойынша | Негізгі қорлардың (активтердің) тозуының (физикалық) төмендеуі, %, бекітілген инвестициялық бағдарламаға байланысты іске асыру жылдары бойынша) | Ысыраптарды төмендету,%, бекітілген инвестициялық бағдарламаға байланысты іске асыру жылдары бойынша | Бекітілген инвестициялық бағдарламаға байланысты іске асыру жылдары бойынша апаттылықты төмендету | ||||||||||||||
Амортизация | пайда | |||||||||||||||||||
өткен жыл |
ағымдағы жыл | өткен жылдың фактісі |
ағым | жоспар | факт |
өткен жыл |
ағым | |||||||||||||
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | |||||||
Ескерту.
* - пайда мен зиян туралы есеп "Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15384 болып тіркелген) 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады;
** - ақпарат, оның ішінде саланың ерекшелігін ескере отырып, өзге де көрсеткіштер бойынша толтырылады (егер бекітілген инвестициялық бағдарламада көзделген болса);
**- осы ақпарат инвестициялық бағдарламаны іске асыру жөніндегі растайтын құжаттарды (тиісті шарттардың, келісімшарттардың көшірмелері, орындалған жұмыстарды қабылдау туралы актілер, орындалған жұмыстар мен шығындар құны туралы анықтама, шот-фактуралар, мемлекеттік қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдау-актілері, ішкі жүкқұжаттар, реттелетін нарық субъектілерінің пайдалануға беру және балансқа қабылдау туралы ішкі бұйрықтары) қоса бере отырып ұсынылады.
2-нысан |
Бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы ақпарат ______________________________________________________________ жылға 20 __ жылғы (20__ жылғы жарты жылдық) қорытынды бойынша)
п/п | Тарифтік смета көрсеткіштерінің атауы | Өлшем бірлігі | Бекітілген тарифтік сметада көзделген | Тарифтік сметаның нақты қалыптасқан көрсеткіштері | Ауытқу, % | Ауытқу себептері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |