Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 492 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 2 мамырда № 36064 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін не азаматтарды бос әскери лауазымға уақытша тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 751 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16189 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін не азаматтарды бос әскери лауазымға уақытша тағайындау қағидаларында:

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Офицер құрамының бос әскери лауазымына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қарулы Күштері Бас штабының құрылымдық бөлімшелерін, бас басқармаларын, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерінің орталықтарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетін қоспағанда, бағынысында әскери қызметші болмаған жағдайда әскери-есептік мамандығына сәйкес келетін мамандық бойынша жоғары білімі бар азаматтар, сондай-ақ тиісті құрамның әскери міндеттілері тағайындалады.".

      2. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 1247 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31256 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықта:

      57-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Офицер құрамының бос әскери лауазымына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қарулы Күштері Бас штабының құрылымдық бөлімшелерін, бас басқармаларын, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерінің орталықтарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетін қоспағанда, бағынысында әскери қызметші болмаған жағдайда әскери-есептік мамандығына сәйкес келетін мамандық бойынша жоғары білімі бар азаматтар, сондай-ақ тиісті құрамның әскери міндеттілері тағайындалады.".

      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады