БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 66, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 138/НҚ, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 4 және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 133 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22599 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау әдістемесінде:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы – қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, жария талқылау рәсімін жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес өзге де ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;";
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) масс-медиа – бұқаралық ақпарат құралы және интернет-ресурс;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;";
5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратымен – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету бойынша қызметінің тиімділігін операциялық бағалау, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Мәдениет және ақпарат министрлігі) "Мемлекеттік органның ашықтығы" бағыты бойынша қызметінің тиімділігін операциялық бағалау;";
5-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мәдениет және ақпарат министрлігі – орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың "Мемлекеттік органның ашықтығы" бағыты бойынша қызметінің тиімділігін операциялық бағалау;";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Агенттікке ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау) шеңберінде бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпараты (бағаланатын мемлекеттік органның бекітілген бақылау іс-шаралары жоспары шеңберінде жүргізілетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша анықталған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы бұзушылықтар туралы мәліметтерін қоспағанда), Агенттіктің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша жүргізілетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері (бұдан әрі – мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының қоғамдық мониторингі), мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – "Мониторинг" АЖ) мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу саны туралы мәліметтер, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған "Өтініштерді біріңғай есепке алу" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің мәліметтері, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) шешімдері, сондай-ақ Бағалау жүйесінің 7-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бағаланатын мемлекеттік органдарда жүргізілген мемлекеттік бақылау нәтижелері "Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы" бағыты бойынша операциялық бағалау жүргізу үшін ақпарат көздері болып табылады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. "Ашық үкіметтің" интернет-порталдарынан ақпаратты түсіру, бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік деректері, "Халықтың масс-медиада мемлекеттік саясатты жария етуге қанағаттану деңгейі" әлеуметтік сауалнамасының нәтижелері, сондай-ақ Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай тұғырнамасындағы масс-медиа арасындағы сауалнаманың нәтижелері "Мемлекеттік органның ашықтығы" бағыты бойынша операциялық бағалау жүргізу үшін ақпарат көзі болып табылады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Есептік ақпаратты тексеру шеңберінде бағалауға уәкілетті органдар ұсынылған ақпаратты қайта тексеру қажет болған жағдайда құпиялылық белгісі, сондай-ақ "таратылуы шектелген" деген белгісі бар құжаттарды қоспағанда, растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін сұратады.";
57-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) масс-медиа арқылы ашықтық;";
67-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер мемлекеттік органның бюджеті бойынша ақпарат құпия болып табылса немесе "таратылуы шектелген" белгісі болса, мемлекеттік органға бағаланатын индикаторлар бойынша барлық мемлекеттік органдардың алған бағаларының орташа баллы беріледі.";
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"68. "Ашық нормативтік құқықтық актілер" өлшемі бойынша операциялық бағалау бағаланатын мемлекеттік органдарды нормативтік құқықтық актілер жобаларын және реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын, оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен бірге (өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) жариялауға, сондай-ақ келіп түсетін пікірлермен және ұсыныстармен тиімді жұмыс жасауға ынталандыруға бағытталады.";
7-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-параграф. "Масс-медиа арқылы ашықтық" өлшемі бойынша операциялық бағалау";
78, 79, 80, 81, 82, 83, 84 және 85-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"78. "Масс-медиа арқылы ашықтық" өлшемі бойынша операциялық бағалау бағаланатын мемлекеттік органдарды масс-медиамен тиімді, жедел және клиентке бағдарланған өзара іс-қимыл жасауға ынталандыруға бағытталған.
79. "Масс-медиа арқылы ашықтық" өлшемі бойынша операциялық бағалау осы Әдістемеге 9-қосымшаның 5-1-кестесіне сәйкес мемлекеттік органдардың есептік деректерін талдау нәтижелері, сондай-ақ бағалауға уәкілетті орган жүргізген сауалнаманың (әлеуметтік зерттеудің) нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
80. "Масс-медиа арқылы ашықтық" өлшемі бойынша операциялық бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:
P6 = (A + B) * C + D,
мұнда:
P6 – осы өлшем бойынша мемлекеттік органның операциялық бағасы;
А – "Мемлекеттік органдар іске асыратын ақпараттық саясаттың жариялылығы" индикаторы бойынша операциялық бағалау;
B – "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – "Масс-медиа туралы" Заң) белгіленген мерзімдерге және талаптарға сәйкес жауап алған масс-медиа сұрау салуларының үлесі" индикаторы бойынша операциялық бағалау;
C – мемлекеттік органның ашықтық дәрежесіне қанағаттанған масс-медианың үлесі;
D – "Отандық масс-медиада мемлекеттік саясатты жария етуге халықтың қанағаттану деңгейі" индикаторы бойынша операциялық бағалау.
81. "Мемлекеттік органдар іске асыратын ақпараттық саясаттың жариялылығы" индикаторы бойынша операциялық бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
А – осы индикатор бойынша операциялық бағалау;
a – жариялау дәрежесі жоғары іс-шаралар саны, бұл іс-шараны өткізу кезінде хабарландыру, онлайн-трансляция, журналистерді қатысуға шақыру және мүдделі тұлғалардың тікелей эфирде сұрақ қою мүмкіндігінің болуы сияқты шарттардың жиынтығы ретінде түсініледі;
b – өткізілген іс-шаралардың жалпы саны кемінде 12 болуы тиіс.
82. "Масс-медиа туралы" Заңында белгіленген мерзімдерге және талаптарға сәйкес жауап алған масс-медиа сұрау салуларының үлесі" индикаторы бойынша операциялық бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
a – масс-медиадан келіп түскен сұраулар саны;
b – масс-медиадан келіп түскен сұрауларына жауаптар саны;
c – мерзімдері бұзылып берілген масс-медиадан келіп түскен сұрауларына жауаптар саны.
83. Мемлекеттік органның ашықтық дәрежесіне қанағаттанған масс-медианың үлесін бағалауға уәкілетті орган Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында жүргізген масс-медиа арасындағы сауалнама нәтижелері бойынша айнықталады және мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
a – сұралғандардың масс-медиа жалпы санынан қанағаттанған масс-медиа %.
84. "Отандық масс-медиада мемлекеттік саясатты жария етуге халықтың қанағаттану деңгейі" индикаторы бойынша операциялық бағалау бағалауға уәкілетті орган жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша осы Әдістемеге 10-қосымшаның 7-1-кестесінің 3-тармағында көзделген салмақ мәндеріне сәйкес анықталады.
85. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың "Масс-медиа арқылы ашықтық" өлшемі бойынша баллдық операциялық бағасы осы Әдістемеге 10-қосымшаның 7-1-кестесінде көрсетілген тілдік нұсқалар бойынша баллдарды қосу арқылы анықталады.";
91-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Р6 – "Масс-медиа арқылы ашықтық" өлшем бойынша баллдық операциялық бағалау;";
109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"109. Операциялық бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда бағаланатын мемлекеттік орган ОМО қорытындысын немесе ЖАО қорытындысын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Агенттікке, Министрлікке, сервистік интеграторға, Мәдениет және ақпарат министрлігіне немесе Комитетке қарсылықтарды, осы Әдістемеге 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша операциялық бағалау нәтижелері бойынша қайшылықтар кестесін (бұдан әрі – Қайшылықтар кестесі), сондай-ақ растайтын құжаттарды жібереді.";
112 және 113-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"112. Операциялық бағалау нәтижелеріне қарсылықтар болмаған жағдайда, бағаланатын мемлекеттік орган қорытындыны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Агенттікке, Министрлікке, сервистік интеграторге, Мәдениет және ақпарат министрлігіне немесе Комитетке тиісті хабарлама жолдайды.
113. Агенттікте, Министрлікте, сервистік интеграторда, Мәдениет және ақпарат министрлігінде немесе Комитетте қарсылықтарды қарау үшін арнайы комиссиялар құрылады, олардың құрамына қарсылықтарды ұсынған бағаланатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері, операциялық бағалауға уәкілетті органдардың, қарсылықтарды ұсынған мемлекеттік органдарды бағалауға қатыспаған қызметкерлері, кемінде 5 мүшеден тұратын Комиссияның жұмыс органының өкілдері кіреді.";
118 және 119-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"118. Мәдениет және ақпарат министрлігі тиімділігін бағалау нәтижелеріне "Мемлекеттік органның ашықтығы" бағыты бойынша шағымдану рәсімі жүргізілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратымен тиімділікті операциялық бағалау нәтижелері туралы қорытындыны Агенттікке енгізеді.
119. "Мемлекеттік органдардың ашықтығы" бағыты бойынша мемлекеттік органдар тиімділігін операциялық бағалау нәтижелеріне шағымдану рәсімдері өткізілгеннен кейін Мәдениет және ақпарат министрлігімен операциялық бағалау нәтижелері туралы қорытынды Агенттікке бағаланатын мемлекеттік органның қарсылықтарын қарау жөніндегі арнайы комиссия отырысы күнінен кейін бес жұмыс күндік мерзімнен кешіктірілмей жолданады.";
Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау әдістемесінің 7-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау әдістемесінің 8-қосымшасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау әдістемесінің 9-қосымшасы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау әдістемесінің 10-қосымшасы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Мемлекеттік органның қызметінің тиімділігін "Мемлекеттік органдардың ашықтығы" бағыты бойынша операциялық бағалау
№ р\с | Операциялық бағалау өлшемі | Үлесі |
1 | Ашық деректер | 18 |
2 | Ашық бюджет | 18 |
3 | Ашық нормативтік құқықтық актілер | 18 |
4 | Ашық диалог | 18 |
5 | Ресми интернет-ресурсты толтыру | 18 |
6 | Масс-медиа арқылы ашықтық | 10 |
7 | Ведомстволық бағынысты ұйымдардың ашықтығы | -9 |
"Мемлекеттік органның ашықтығы" бағыты бойынша мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігінің операциялық бағалау нәтижелері туралы қорытынды
_____________________________________________________________
(орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның атауы)
_________________
(есептік кезең)
№ | Операциялық бағалау өлшемі | Балл | Максималды балл |
1 | Ашық деректер | 18 | |
2 | Ашық бюджет | 18 | |
3 | Ашық нормативтік құқықтық актілер | 18 | |
4 | Ашық диалог | 18 | |
5 | Ресми интернет-ресурсты толтыру | 18 | |
6 | Масс-медиа арқылы ашықтық | 10 | |
7 | Ведомстволық бағынысты ұйымдардың ашықтығы | 0 | |
Өлшемдер бойынша жалпы баға | 100 | ||
Айыппұл балдарын шегеру | 0 | ||
Айыппұл балдарын шегеруді есепке ала отырып, қорытынды баға | 100 |
Операциялық бағалау өлшемдері бойынша орталық мемлекеттік/жергілікті атқарушы орган қызметінің тиімділігінің талдауы:
1) "Ашық деректер" өлшемі бойынша;
2) "Ашық бюджет" өлшемі бойынша;
3) "Ашық нормативтік құқықтық актілер" өлшемі бойынша;
4) "Ашық диалог" өлшемі бойынша;
5) "Ресми интернет-ресурсты толтыру" өлшемі бойынша;
6) "Масс-медиа арқылы ашықтық" өлшемі бойынша;
7) "Ведомстволық бағынысты ұйымдардың ашықтығы" өлшемі бойынша.
Қорытынды мен ұсынымдар: ______________________________________
Уәкілетті органның басшысы ______________________________________
(қолы) (қолдың мағынасын ашу)
"____" ______________ 20 ___ жыл
"Мемлекеттік органның ашықтығы" бағыты бойынша есеп
_______________________________________________________________
(орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның атауы)
____________
(есепті кезең)
1-кесте. "Ашық деректер" өлшемі бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың есептік деректері
№ р/с | Индикатордың атауы | Есептік деректер |
1 | 2 | 3 |
1 | Заңның 6-2-бабының 1- тармағының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне сәйкес ашық деректер жиынтықтары жарияланымдарының саны | Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган Заңның 6-2-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесінде көзделген кезеңділікті (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет және тағы басқалары) ескере отырып, барлық орналастырылған ашық деректер жиынтықтарына қолжетімді сілтемелер тізімін ұсынады. |
2 | Сұрау салулар негізінде қосымша жарияланған ашық деректер жиынтықтарының саны | Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган сұратылған деректердің мазмұнын және бағаланатын мемлекеттік орган қабылдаған шешімді көрсете отырып, "Ашық деректер" порталындағы сұрау салу үшін мамандандырылған нысан арқылы және (немесе) өтініштер түрінде келіп түскен ашық деректер жиынтығын ұсынуға және (немесе) жариялауға сұрау салулар тізімін ұсынады. |
3 | Халықтың ашық деректерге қажеттілігін анықтауға бағытталған іс-шараларды іске асыру |
Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган халықтың әртүрлі топтарының ашық деректерге қажеттілігін зерттеу бойынша іске асырылған іс-шаралар тізімі, осы жұмыстың нәтижелері және растайтын құжаттарын ұсынады. Атап айтқанда: |
4 | "Ашық деректер жиынтықтарын орналастыруды автоматтандыру" ынталандырушы көрсеткіші | Осы бөлімде Министрлік орналастырылуы автоматтандырылған түрде жүзеге асырылатын API (Application Programming Interface) арқылы деректер жиынтықтарының тізімін ұсынады. |
2-кесте. "Ашық бюджет" өлшемі бойынша орталық мемлекеттік органдардың есептік деректері
№ р/с | Индикатордың атауы | Есептік деректер |
1 | 2 | 3 |
1 | Шоғырландырылған қаржылық есептілікті орналастыру |
Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган есепті кезеңнің алдындағы кезеңде орналастырылған құжаттарға сілтемелер тізімін береді. |
2 | Мемлекеттік органның даму жоспарын іске асыру туралы есепті қалыптастыру күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде орналастыру | Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган есепті кезеңнің алдындағы кезеңде орналастырылған құжатқа сілтеме береді. |
3 | Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті оны қоғамдық кеңестің отырысына ұсынғанға дейін (бар болса), бірақ есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей орналастыру | Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган есепті кезеңнің алдындағы кезеңде орналастырылған құжаттарға сілтемелер тізімін, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің отырысына шығарылған күнін ұсынады (бар болса). |
4 | Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарынан оларды алғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпаратты орналастыру | Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган есепті кезеңде орналастырылған құжатқа сілтеме, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарынан нәтижелерді алу күні көрсетілген құжатты ұсынады. |
5 | Бюджеттік бағдарламалар жобаларын орналастыру | Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган есепті кезеңде орналастырылған құжаттарға сілтемелер тізімін береді. |
6 | Азаматтық бюджетті орналастыру | Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган есепті кезеңде орналастырылған құжаттарға сілтемелер тізімін береді. |
7 | Пайдаланушылардың ұсыныстары мен түсініктемелерін мониторингілеу және қарау | Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган есепті кезеңде пайдаланушылардың түсініктемелері мен ұсыныстары келіп түскен бюджеттік бағдарламалардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы есепке сілтемелер тізімін ұсынады. |
8 | Бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жария талқылауларды өткізу мерзімдері туралы халықты хабардар етуге бағытталған ақпараттық хабарламаларды, баспасөз релиздерін интернет-ресурстарда жариялау | Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган интернет-ресурстардағы жарияланымдарға сілтемелер тізімін ұсынады. |
3-кесте. "Ашық бюджет" өлшемі бойынша жергілікті атқарушы органдардың есептік деректері
№ р/с | Индикатордың атауы | Есептік деректер |
1 | 2 | 3 |
1 | Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті оны қоғамдық кеңестің отырысына ұсынғанға дейін (бар болса), бірақ есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей орналастыру | Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган есепті кезеңнің алдындағы кезеңде орналастырылған құжаттарға сілтемелер тізімін, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің отырысына шығарылған күнін ұсынады (бар болса). |
2 | Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарынан оларды алғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпаратты орналастыру | Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган есепті кезеңде орналастырылған құжатқа сілтеме, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарынан нәтижелерді алу күні көрсетілген құжатты ұсынады. |
3 | Азаматтық бюджетті орналастыру | Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган есепті кезеңде орналастырылған құжаттарға сілтемелер тізімін береді. |
4 | Бюджеттік бағдарламалар жобаларын орналастырудың уақтылығы/ Бюджеттік бағдарламалар жобаларын орналастырудың дұрыстығы және толықтығы | Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган есепті кезеңде орналастырылған құжаттарға сілтемелер тізімін береді. |
5 | Пайдаланушылардың ұсыныстары мен түсініктемелерін мониторингілеу және қарау | Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган есепті кезеңде пайдаланушылардың түсініктемелері мен ұсыныстары келіп түскен бюджеттік бғдарламалардың жобаларына және бюджеттік тағдарламалардың орындалуы туралы есепке сілтемелер тізімін ұсынады. |
6 | Бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жария талқылауларды өткізу мерзімдері туралы халықты хабардар етуге бағытталған ақпараттық хабарламаларды, баспасөз релиздерін интернет-ресурстарда жариялау | Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган интернет-ресурстардағы жарияланымдарға сілтемелер тізімін ұсынады. |
4-кесте. "Ашық нормативтік құқықтық актілер" өлшемі бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың есептік деректері
№ р/с | Индикатордың атауы | Есептік деректер |
1 | 2 | 3 |
1 | Реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын орналастыру | Осы бөлімде бағаланатын орталық мемлекеттік орган орналастырылған құжаттарға сілтемелер тізімін ұсынады. |
2 | Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен бірге (өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) орналастыру | Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган орналастырылған құжаттарға сілтемелер тізімін ұсынады. |
3 | Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына және реттеушілік әсерді талдаудың қорытындыларына пайдаланушылардың ұсыныстары мен түсініктемелерін мониторингілеу және қарау | Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган пайдаланушылардың пікірлері мен ұсыныстары келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына және реттеушілік әсерді талдауға сілтемелер тізімін ұсынады. |
4 | Интернет-ресурстарда нормативтік құқықтық актілердің жобаларына жария талқылауларды өткізу мерзімдері туралы халықты хабардар етуге бағытталған ақпараттық хабарламаларды, баспасөз релиздерін жариялау | Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган Интернет-ресурстардағы жарияланымдарға сілтемелер тізімін ұсынады. |
5 | Есепті кезеңде бекітілген заң жобасын ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламаларын іске асыру (іс-шаралардың жариялылық дәрежесі бойынша) |
Осы бөлімде бағаланатын орталық мемлекеттік орган іс-шараны мынадай санаттардың біріне жатқыза отырып және растайтын құжаттарды (сілтемелер, хаттар және тағы басқалары) қоса бере отырып, ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының әрбір тармағының орындалуы туралы ақпарат ұсынады: |
5-кесте. "Ашық диалог" өлшемі бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың есептік деректері
№ р/с | Индикатордың атауы | Есептік деректер |
1 | 2 | 3 |
1 | Интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізу | Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган қатысушылар санын көрсете отырып, өткізілген сауалнамалар мен интернет-конференцияларға сілтемелердің тізімін ұсынады. |
2 | Ашық отырыстарды (алқаларды) онлайн трансляциялау режимінде өткізу * | Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган онлайн-трансляция режимінде (ресми интернет-ресурста және (немесе) әлеуметтік желілерде) өткізілген ашық отырыстардың жазбаларына, сондай-ақ әлеуметтік желілерде және (немесе) интернет-ресурстарда орналастырылған онлайн-режимде олардың өткізілетіні туралы халықты хабардар етуге бағытталған ақпараттық хабарламаларға, баспасөз релиздеріне сілтемелер тізімін ұсынады. |
3 | Бірінші басшысының блогын толтыру (жазбалардың болуы) | Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган есептік кезеңде орналастырылған жазбаларға сілтемелер тізімін ұсынады. |
4 | Халықпен кездесулер ** |
Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган мынадай ақпаратты береді: |
Ескертпе:
* – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігін қоспағанда.
** – "Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қаңтардағы № 12 қаулысының (бұдан әрі – № 12 қаулы) күші қолданылмайтын Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Әділет министрліктерін қоспағанда. Көрсетілген индикатор бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Әділет министрліктеріне орталық мемлекеттік органдардың орташа балдары беріледі.
5-1-кесте. "Масс-медиа арқылы ашықтық" өлшемі бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың есептік деректері
№ р/с | Индикатордың атауы | Есептік деректер |
1 | 2 | 3 |
1 | Мемлекеттік орган іске асыратын ақпараттық саясаттың жариялылығы |
Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган мыналарды ұсынады: |
2 | "Масс-медиа туралы" Заңында белгіленген мерзімдер мен талаптарға сәйкес жауап алған масс-медиа сұрау салуларының үлесі | Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган растайтын материалдарды қоса бере отырып, есепті кезеңде келіп түскен масс-медиа сұрау салуларының тізімін (сұрау салудың тіркеу кіріс нөмірі мен күнін және жауаптың тіркеу шығыс нөмірі мен күнін көрсете отырып) ұсынады. |
6-кесте. "Ведомстволық бағынысты ұйымдардың ашықтығы" өлшемі бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың есептік деректері
№ р/с | Индикатордың атауы | Есептік деректер |
1 | 2 | 3 |
1 | Интернет-ресурстың толықтырылуы | Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізімін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың интернет-ресурсына сілтемені, ол болмаған жағдайда мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсындағы тиісті бөлімнің сілтемесін ұсынады. |
2 | Ашық деректер | Осы бөлімде бағаланатын мемлекеттік орган ведомстволық бағынысты ұйымдардың ашық деректердің интернет-порталында жарияланған ашық деректер жиынтықтарының сілтемелер тізімін ұсынады. |
3 | Ашық диалог | Осы бөлімде бағаланатын мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы квазимемлекеттік сектор ұйымдарының бірінші басшыларының атына келген сұрақтардың (порталдағы тіркелген нөмірін көрсете отырып) тізімін ұсынады. |
"Ашық үкімет" порталын толтыру өлшемдері бойынша операциялық бағалау
1-кесте. "Ашық деректер" өлшемі бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың операциялық бағалау
№ р/с | Индикатордың атауы | Қазақ тілінде | Орыс тілінде |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Заңның 6-2-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне сәйкес ашық деректер жиынтықтары жарияланымдарының саны * | 2,5 | 2,5 |
2. | Сұрау салулар негізінде қосымша жарияланған ашық деректер жиынтықтарының саны | 1 | 1 |
3. | Заңның 6-2-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне сәйкес ашық деректер жиынтықтары жарияланымдарының мерзімдерін сақтау * | 3 | 3 |
4. | Ашық деректер жиынтығын толтырудың дұрыстығы және толықтығы | 2 | 2 |
5. | Халықтың ашық деректерге қажеттілігін анықтауға бағытталған іс-шараларды іске асыру | 0,5 | 0,5 |
6. | "Ашық деректер жиынтығын орналастыруды автоматтандыру" ынталандырушы көрсеткіші * Мемлекеттік орган өлшем бойынша ең жоғары мәнді алған жағдайда (18 балл) ынталандырушы көрсеткіш есепке алынбайды | 1 | 1 |
Барлығы | 18 |
Ескертпе:
* – мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінде Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бекітілген бірыңғай тізбесінен деректер жиынтықтары болмаған жағдайда, ең жоғары балл беріледі.
2-кесте. "Ашық бюджет" өлшемі бойынша орталық мемлекеттік органдардың операциялық бағалау
№ р/с | Индикатордың атауы | Қазақ тілінде | Орыс тілінде |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Шоғырландырылған қаржылық есептілікті орналастыру: * | ||
1) | Шоғырландырылған бухгалтерлік балансты орналастыру | 0,3 | 0,3 |
2) | Қаржы қызметінің нәтижелері туралы шоғырландырылған есепті орналастыру | 0,3 | 0,3 |
3) | Ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есепті орналастыру | 0,3 | 0,3 |
4) | Таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы шоғырландырылған есепті орналастыру | 0,3 | 0,3 |
5) | Шоғырландырылған қаржылық есептілікке түсіндірме жазбаны орналастыру | 0,3 | 0,3 |
2. | Мемлекеттік органның даму жоспарын іске асыру туралы есепті қалыптастыру күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде орналастыру ** | 0,5 | 0,5 |
3. | Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті оны қоғамдық кеңестің отырысына ұсынғанға дейін (бар болса), бірақ есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей орналастыру ** | 0,5 | 0,5 |
4. | Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарынан оларды алғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпаратты порталда орналастыру ** | 0,5 | 0,5 |
5. | Азаматтық бюджетті орналастыру ** | 0,5 | 0,5 |
6. | Кестенің 1-5 тармақтарымен көзделген бюджет материалдарын орналастырудың дұрыстығы және толықтығы | 0,5 | 0,5 |
7. | Кестенің 1-5 тармақтарымен көзделген бюджет материалдарын орналастырудың уақытылығы | 0,5 | 0,5 |
8. | Бюджеттік бағдарламалар жобаларын орналастырудың дұрыстығы және толықтығы ** | 0,5 | 0,5 |
9. | Бюджеттік бағдарламалар жобаларын орналастырудың уақтылығы ** | 0,5 | 0,5 |
10. | Пайдаланушылардың ұсыныстары мен түсініктемелерін мониторингілеу және қарау ** | 1,5 | 1,5 |
11. | Бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жария талқылауларды өткізу мерзімдері туралы халықты хабардар етуге бағытталған ақпараттық хабарламаларды, баспасөз релиздерін интернет-ресурстарда жариялау ** | 2 | 2 |
Барлығы | 18 |
Ескертпе:
* – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің атаулары оларды сыртқы аудит растағаннан кейін жоғары ұсынылған шоғырландырылған қаржылық есептілігінің атауларынан ерекшеленуі мүмкін;
** – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкін қоспағанда.
3-кесте. "Ашық бюджет" өлшемі бойынша жергілікті атқарушы органдардың операциялық бағалау
№ р/с | Индикатордың атауы | Қазақ тілінде | Орыс тілінде |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті оны қоғамдық кеңестің отырысына ұсынғанға дейін (бар болса), бірақ есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей орналастыру | 2 | 2 |
2 | Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарынан оларды алғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпаратты орналастыру | 2 | 2 |
3 | Азаматтық бюджетті орналастыру | 0,5 | 0,5 |
4 | Бюджеттік бағдарламалар жобаларын орналастырудың дұрыстығы және толықтығы | 0,5 | 0,5 |
5 | Бюджеттік бағдарламалар жобаларын орналастырудың уақтылығы | 0,5 | 0,5 |
6 | Пайдаланушылардың ұсыныстары мен түсініктемелерін мониторингілеу және қарау | 1,5 | 1,5 |
7 | Бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жария талқылауларды өткізу мерзімдері туралы халықты хабардар етуге бағытталған ақпараттық хабарламаларды, баспасөз релиздерін интернет-ресурстарда жариялау | 2 | 2 |
Барлығы | 18 |
4-кесте. "Ашық нормативтік құқықтық актілер" өлшемі бойынша орталық мемлекеттік органдардың операциялық бағалау
№ р/с | Индикатордың атауы | Қазақ тілінде | Орыс тілінде |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын орналастыру | 1 | 1 |
2. | Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен бірге (өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) орналастыру | 1 | 1 |
3. | Нысандарды толтырудың дұрыстығы (жолдардың толықтығы, нұсқалық, тілдік орналасу) | 1 | 1 |
4. | Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына және реттеушілік әсерді талдаудың қорытындыларына пайдаланушылардың ұсыныстары мен түсініктемелерін мониторингілеу және қарау | 3,5 | 3,5 |
5. | Интернет-ресурстарда нормативтік құқықтық актілердің жобаларына жария талқылауларды өткізу мерзімдері туралы халықты хабардар етуге бағытталған ақпараттық хабарламаларды, баспасөз релиздерін жариялау | 1,5 | 1,5 |
6. | Есепті кезеңде бекітілген заң жобасын ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламаларын іске асыру (іс-шаралардың жариялылық дәрежесі бойынша): | ||
іс-шараны анонстаумен, онлайн-трансляциямен, журналистерді шақырумен және тікелей эфирде сұрақ қою мүмкіндігімен іске асыру | 1 | 1 | |
іс-шараны мүдделі тұлғалар мен ұйымдарды шақыруымен, анонстаумен, онлайн-трансляциямен іске асыру | 0,8 | 0,8 | |
іске асыру іс-шараны анонстаумен және онлайн-трансляциямен іске асыру | 0,6 | 0,6 | |
іс-шараны бөгде тұлғалардың қатысуынсыз іске асыру | 0,4 | 0,4 | |
Барлығы | 18 |
5-кесте. "Ашық нормативтік құқықтық актілер" өлшемі бойынша жергілікті атқарушы органдардың операциялық бағалау
№ р/с | Индикатордың атауы | Қазақ тілінде | Орыс тілінде |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен бірге (өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) орналастыру | 2 | 2 |
2 | Нысандарды толтырудың дұрыстығы (жолдардың толықтығы, нұсқалық, тілдік орналасу) | 1,5 | 1,5 |
3 | Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына және реттеушілік әсерді талдаудың қорытындыларына пайдаланушылардың ұсыныстары мен түсініктемелерін мониторингілеу және қарау | 4 | 4 |
4 | Интернет-ресурстарда нормативтік құқықтық актілердің жобаларына жария талқылауларды өткізу мерзімдері туралы халықты хабардар етуге бағытталған ақпараттық хабарламаларды, баспасөз релиздерін жариялау | 1,5 | 1,5 |
Барлығы | 18 |
6-кесте. "Ашық диалог" өлшемі бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың операциялық бағалау
№ р/с | Индикатордың атауы | Қазақ тілінде | Орыс тілінде | |
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізу | 2,5 | 2,5 | |
2. | Бірінші басшысының блогын жүргізуі (жазбалардың болуы) | |||
1) | 50-ден астам жазбаны орналастырған кезде (аптасына 1 жазбадан кем емес) | 1,5 | 1,5 | |
2) | 25-тен астам жазбаны орналастырған кезде (айына 2 жазбадан кем емес) | 1 | 1 | |
3) | 10-нан астам жазбаны орналастырған кезде (айына 1 жазбадан кем емес) | 0,5 | 0,5 | |
4) | өзге жағдайларда | 0,3 | 0,3 | |
3. | Ашық отырыстарды (алқаларды) онлайн трансляциялау режимінде өткізу * | 2 | 2 | |
4. | Халықпен кездесулер ** | |||
1) | Жылдық кездесу кестесін / күнтізбесін сақтау | 1 | 1 | |
2) | Сайтта проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарын және проблемалық мәселелерді шешу барысы туралы ақпаратты орналастыру | 1 | 1 | |
3) | Азаматтарды жеке қабылдауды жүргізу ** | ОАО үшін | 0,5 | 0,5 |
ЖАО үшін | 1 | 1 | ||
4) | КЕҰ-мен кездесу өткізу *** | 0,5 | 0,5 | |
Барлығы | 18 |
Ескертпе:
* – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігін қоспағанда.
** – № 12 қаулысының күші қолданылмайтын Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Әділет министрліктерін қоспағанда. Көрсетілген индикатор бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Әділет министрліктеріне орталық мемлекеттік органдардың орташа балдары беріледі.
*** – көрсетілген параметр бойынша ЖАО бағаланбайды.
7-кесте. "Ресми интернет-ресурсты толтыру" өлшемі бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың операциялық бағалау
№ р/с | Индикатордың атауы | Қазақ тілінде | Орыс тілінде |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Өзекті байланыс деректерінің (пошталық мекенжайы; электрондық пошта мекенжайы; кеңсе, баспасөз қызметінің, басшылықтың, Әдеп жөніндегі уәкілдің, құрылымдық бөлімшелердің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың телефондары; әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ресми аккаунттарға сілтемелер), мемлекеттік органның және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің (аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының) басшылығы туралы ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік орган басшылығының азаматтар мен ұйымдарды қабылдауы кестесінің болуы | 1,5 | 1,5 |
2 | Мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға қатысты және қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа жатқызылмаған өзекті ақпараттың болуы | 1,5 | 1,5 |
3 | Мемлекеттік орган, оның аумақтық органдары, ведомстволық бағынысты ұйымдары өз өкілеттіктері шегінде жүргізген тексерулер нәтижелері туралы, сондай-ақ мемлекеттік органда, оның аумақтық органдарында, ведомстволық бағынысты ұйымдарда жүргізілген тексерулер нәтижелері туралы өзекті ақпараттың болуы | 1,5 | 1,5 |
4 | Мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметі туралы өзекті ақпараттың болуы | 1,5 | 1,5 |
5 | Мемлекеттік органның өзекті статистикалық салалық деректерінің болуы | 1,5 | 1,5 |
6 | Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасындағы "Сұрақ қою" сервисінде жауап алған сұрақтардың үлесі | 1,5 | 1,5 |
Барлығы | 18 |
7-1-кесте. "Масс-медиа арқылы ашықтық" өлшемі бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың операциялық бағалау
№ р/с | Индикатордың атауы | Қазақ тілінде | Орыс тілінде |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Мемлекеттік орган іске асыратын ақпараттық саясаттың жариялылығы | 2,5 | 2,5 |
2. | "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдер мен талаптарға сәйкес жауап алған масс-медиа сұрау салуларының үлесі | 1 | 1 |
3. | Халықтың отандық масс-медиада мемлекеттік саясатты жария етуге қанағаттану деңгейі * | ||
сұралғандардың 80%-дан астамы қанағаттандырылды | 1,5 | 1,5 | |
сұралғандардың 69-дан 79%-на дейін қанағаттандырылды | 1 | 1 | |
сұралғандардың 58-ден 68%-на дейін қанағаттандырылды | 0,8 | 0,8 | |
сұралғандардың 47-ден 57%-на дейін қанағаттандырылды | 0,6 | 0,6 | |
сұралғандардың 36-дан 46%-ға дейін қанағаттандырылды | 0,4 | 0,4 | |
сұралғандардың 35%-дан азы қанағаттандырылды | 0 | 0 | |
Барлығы | 10 |
Ескертпе:
* – сұралғандардың жалпы санынан "толық және барынша қанағаттанған" деп жауап берген респонденттердің үлесі (%) бойынша анықталады.
8-кесте. "Ведомстволық бағынысты ұйымдардың ашықтығы" өлшемі бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың операциялық бағалау *
№ р/с | Бағалау өлшемдері | Айыппұл балдары |
1 | Интернет-ресурстың толықтырылуы | 3 |
2 | Ашық деректер | 3 |
3 | Ашық диалог | 3 |
Барлығы | 9 |
Ескертпе:
* – бағалауға орталық мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдары жатады.
9-кесте. "Интернет-ресурстың толықтырылуы" өлшемі бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың операциялық бағалау
№ р/с | Индикатордың атауы | Қазақ тілінде | Орыс тілінде |
1 | Заңның 16-бабына сәйкес ұйымның интернет-ресурсында орналастырылған ақпараттың болмауы | 1,5 | 1,5 |
Айыппұл балдарының жиынтығы | 3 |
10-кесте. "Ашық деректер" өлшемі бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың операциялық бағалау
№ р/с | Индикатордың атауы | Қазақ тілінде | Орыс тілінде |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Ашық деректер жиынтықтарын орналастырмау | 0,5 | 0,5 |
2 | Бекітілген тізбеде белгіленген мерзімдерге сәйкес жарияланған ашық деректер жиынтықтарын уақтылы өзектендірмеу | 0,5 | 0,5 |
3 | Ашық деректер жиынтықтарын дұрыс толтырмау | 0,5 | 0,5 |
Айыппұл балдарының жиынтығы | 3 |
11-кесте. "Ашық диалог" өлшемі бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың операциялық бағалау
№ р/с | Индикатордың атауы | Қазақ тілінде | Орыс тілінде |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Бірінші басшының блогының болмауы | 0,5 | 0,5 |
2 | Заңға сәйкес мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасында жауап алған сұрақтардың үлесі (90%-дан кем) | 1 | 1 |
Айыппұл балдарының жиынтығы | 3 |