"Мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 13-2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы кейбір мәселелер" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-бабының 119) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы жастардың даму индексін енгізу және қолдану қағидалары бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасындағы жастардың даму индексін ендіру мен қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы №214-НҚ бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 32569 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлаужәне
реформалар агенттiгi
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 2 мамырдағы № 207-НҚ Бұйрықпен бекітілген |
Қазақстан Республикасындағы жастардың даму индексін ендіру мен қолдану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында жастардың даму индексін ендіру мен қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Заңының 6-бабы 13-2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы кейбір мәселелер" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-бабының 119) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында жастардың даму индексін ендіру мен қолдану тәртібін, Қазақстан Республикасы жастары деңгейінің даму серпіні тәсілдеріне көп аспектілі бағалауды қалыптастырудың негізгі бағыттары мен әдістерін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасындағы жастардың даму индексі (бұдан әрі – жастардың даму индексі) – іске асырылатын мемлекеттік жастар саясатын және мынадай негізгі: білім беру, денсаулық және саламаттылық, жұмыспен қамту және мүмкіндіктер, саяси қатысу, азаматтық қатысу, бос уақыт, қауіпсіздік бағыттары бойынша жастардың даму деңгейін талдауға арналған жиынтық индекс;
2) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік жастар саясаты саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
3. Жастардың даму индексі Жастардың жаһандық даму индексін ұлттық өзіндік ерекшелікке бейімдеу, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бөлігінде мемлекеттік органдардың тиімділігін рейтингтік бағалау мақсатында іске асырылады.
2-тарау. Жастардың даму индексін ендіру мен қолдану тәртібі
1-параграф. Жастардың даму индексін ендіру тәртібі
4. Жастардың даму индексін ендіру мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асырудың тежеуші факторларын, жастардың пікірін ескере отырып, жастардың жағдайын жақсарту жөніндегі шараларды уақтылы анықтауға бағытталған.
5. Жастардың даму индексін ендіруі оның индикаторларын мемлекеттік жастар саясаты саласын дамыту тұжырымдамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың даму жоспарларына интеграциялау жолымен жүзеге асырылады.
6. Жастардың даму индекстің индикаторлары осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес айқындалады.
7. Жастардың даму индексінің қорытындылары туралы ақпарат "Қазақстан жастары" Ұлттық баяндамасында орналастырылады.
2-параграф. Жастардың даму индексін қолдану тәртібі
8. Жастардың даму индексі Қазақстан Республикасы жастарының дамуы бойынша жағдайды бағалау үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері бөлінісінде нәтижелерді зерттеу, халықаралық ұйымдардың шолулары мен халықаралық рейтингтердің нәтижелерімен салыстыру үшін қолданылады.
9. Жастардың даму индексі 32 (отыз екі) индикатор бойынша 6 (алты) бағытты анықтайды.
10. Уәкілетті орган жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 (отыз) мамырынан кешіктірмей жастардың даму индексінің қорытындылары туралы ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асырады.
11. Жастардың даму индексінің қорытындылары туралы ақпаратты жинау және талдау үшін қажетті деректер орталық мемлекеттік органдардың ашық көздерінен қалыптастырылады. Сауалнама деректері жастарға сауалнама жүргізу арқылы қалыптастырылады.
12. Жастардың даму индексінің қорытындылары туралы ақпарат негізінде уәкілетті орган мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар қалыптастырады.
13. Жастарды дамыту индексінің қорытындылары туралы ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 (жиырма) шілдеден кешіктірмей уәкілетті орган орталық және жергілікті атқарушы органдарға жібереді, сондай-ақ интернет-ресурста, уәкілетті органның әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарда орналастырылады.
14. Орталық және жергілікті атқарушы органдар үшін жастардың даму индексін есептеу қорытындысы бойынша ақпаратқа түсініктемелер мен ұсынымдар қоса беріледі.
Қазақстан Республикасында жастарды дамыту индексін ендіру мен қолдану қағидаларына қосымша |
Жастардың даму индексінің индикаторлары
№ | Домен (салмағы) | Код (салмағы) | Индикатор | Индикатордың сипаттамасы | |
"Білім және ғылым" бағыты | |||||
1. |
J1 |
Jo1.1 | Орта білім сапасының деңгейі | Сипаты | "Жақсы" және "өте жақсы" бағалармен оқитындардың үлесі |
Деректер сипаты | Әкімшілік деректер | ||||
Дереккөз | ҚР ОАМ | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
2. | Jo1.2 (индикатордың салмағы – 5%) | Жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамту | Сипаты | Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған жастардың үлесі | |
Деректер сипаты | Әкімшілік деректер | ||||
Дереккөз | ҚР ОАМ | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
3. | Jo1.3 (индикатордыңсалмағы – 5%) | Жастарды жоғары біліммен қамту | Сипаты | Жоғары біліммен қамтылған жастардың үлесі | |
Деректер сипаты | Ресми статистикалық ақпарат | ||||
Дереккөз | ҚР СЖРА ҰСБ | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
4. | Jo1.4 (индикатордыңсалмағы – 5%) | Жастардың ғылыми кадрлық әлеуетінің деңгейі | Сипаты | Ғылыми қызметкерлердің жалпы санынан 34 жасқа дейінгі (қоса алғанда) ғылыми қызметкерлердің үлесі | |
Деректер сипаты | Әкімшілік деректер | ||||
Дереккөз | ҚР ҒЖБМ | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
5. | Js1.5 (индикатордың салмағы – 5%) | Жастардың білім сапасына қанағаттануы | Сипаты | Бес балдық шкала бойынша алынған немесе алынатын білім сапасына жастардың қанағаттану көрсеткіші | |
Деректер сипаты | Социологиялық зерттеу нәтижелері | ||||
Дереккөз | "Жастар" ҒЗО | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
"Денсаулық және әл-ауқат" бағыты | |||||
6. |
J2 |
Jo 2.1 | Жастар арасындағы өлім деңгейі | Сипаты | Жастардың жалпы санынан жазатайым оқиғалардан, уланудан және жарақаттанудан болатын өлім-жітім үлесі |
Деректер сипаты | Ресми статистикалық ақпарат | ||||
Дереккөз | ҚР СЖРА ҰСБ | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
7. |
Jo 2.2 | Жастар арасындағы суицид деңгейі | Сипаты | 14 пен 34 жас аралығындағы (қоса алғанда)10 000 тұрғынға шаққандағы жастар арасындағы әрекеттердің және аяқталған суицидтердің деңгейі | |
Деректер сипаты | Ресми статистикалық ақпарат | ||||
Дереккөз | ҚР БП ҚСжАЕК | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Тоқсан сайын/жыл сайын | ||||
8. |
Jo 2.3 | Адамның иммун тапшылығы вирусымен, жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромымен жастардың сырқаттану деңгейі | Сипаты | 14-34 жас аралығындағы 10 000 тұрғынға шаққанда жастар арасында адамның иммун тапшылығы вирусымен, жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромымен сырқаттану деңгейі | |
Деректер сипаты | Әкімшілік деректер | ||||
Дереккөз | ҚР ДСМ | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
9. | Jo 2.4 (индикатордың салмағы – 3,5%) | Жастардың жыныстық жолмен берілетін инфекциялармен сырқаттану деңгейі | Сипаты | 14 пен 34 жас аралығындағы 10 000 тұрғынға шаққанда (қоса алғанда) жастар арасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың ауру деңгейі | |
Деректер сипаты | Әкімшілік деректер | ||||
Дереккөз | ҚР ДСМ | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
10. |
Jo 2.5 | Жасөспірімдердің жүктілік деңгейі | Сипаты | 15-17 жас аралығындағы 1000 әйелге шаққандағы кәмелетке толмағандар арасындағы жасөспірімдік жүктілік деңгейі (қоса алғанда) | |
Деректер сипаты | Әкімшілік деректер | ||||
Дереккөз | ҚР ДСМ | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
11. |
Jo 2.6 | Жастардың психикалық денсаулық деңгейі | Сипаты | 14 пен 34 жас аралығындағы (қоса алғанда)10 000 тұрғынға шаққанда жастар арасындағы психикалық және мінез-құлық бұзылыстарының ауру деңгейі | |
Деректер сипаты | Әкімшілік деректер | ||||
Дереккөз | ҚР ДСМ | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
12. | Js2.6 (индикатордың салмағы – 2%) | Жастар денсаулық орталықтарының қызметтерімен қамту | Сипаты | Жастар денсаулық орталықтарына жүгінгендерін атап өткен жастардың үлесі | |
Деректер сипаты | Социологиялық зерттеу нәтижелері | ||||
Дереккөз | "Жастар" ҒЗО | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
"Жұмыспен қамту және мүмкіндіктер" бағыты | |||||
13. |
J3 |
Jo 3.1 | Жастар жұмыссыздығының деңгейі | Сипаты | 15 жастан 34 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жұмыс күші санындағы 15 жастан 34 жасқа дейінгі (қоса алғанда)жұмыссыз халық санының үлесі |
Деректер сипаты | Ресми статистикалық ақпарат | ||||
Дереккөз | ҚР СЖРА ҰСБ | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Тоқсан сайын/жыл сайын | ||||
14. |
Jo 3.2 | NEET санатындағы жастар деңгейі | Сипаты | 15 пен 34 жас аралығындағы халықтың жалпы санынан NEET санатындағы жастардың үлесі (қоса алғанда) | |
Деректер сипаты | Ресми статистикалық ақпарат | ||||
Дереккөз | ҚР СЖРА ҰСБ | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Тоқсан сайын/жыл сайын | ||||
15. |
Jo 3.3 | Жастардың кәсіпкерлік белсенділік деңгейі | Сипаты | 34 жасқа дейінгі (қоса алғанда) халықтың жалпы санынан дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың меншік иелері (100%) тіркеген және жұмыс істейтін жастардың үлесі | |
Деректер сипаты | Ресми статистикалық ақпарат | ||||
Дереккөз | ҚР СЖРА ҰСБ | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Тоқсан сайын/жыл сайын | ||||
16. |
Jo 3.4 | Халықтың табыс деңгейі | Сипаты | Қызметкерлердің орташа айлық номиналды жалақысы (жас топтары бөлінісінде) | |
Деректер сипаты | Ресми статистикалық ақпарат | ||||
Дереккөз | ҚР СЖРА ҰСБ | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
17. |
Jo 3.5 | Жастардың көші-қон деңгейі | Сипаты | 14 жастан 34 жасқа дейінгі (қоса алғанда) халықтың жалпы санынан өңірден және елден тыс жастардың сыртқы көші-қон үлесі | |
Деректер сипаты | Ресми статистикалық ақпарат | ||||
Дереккөз | ҚР СЖРА ҰСБ | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
18. |
Js 3.6 | Жастардың материалдық жағдайының деңгейі | Сипаты | Бес балдық шкала бойынша отбасының материалдық (экономикалық) жағдайына қанағаттану дәрежесі | |
Деректер сипаты | Социологиялық зерттеу нәтижелері | ||||
Дереккөз | "Жастар" ҒЗО | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
"Азаматтық және саяси қатысу" бағыты | |||||
19. |
J4 |
Jo 4.1 | Мәслихаттарда жастардың өкілдік деңгейі | Сипаты | Мәслихаттар депутаттарының жалпы санынан 34 (қоса алғанда) жастан аспаған мәслихат депутаттарының үлесі |
Деректер сипаты | Әкімшілік деректер | ||||
Дереккөз | ҚР ОСК | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
20. |
Jo 4.2 | Қоғамдық кеңестерде жастардың өкілдік деңгейі | Сипаты | Әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері санынан 34 жастан (қоса алғанда) аспаған қоғамдық кеңес мүшелерінің үлесі | |
Деректер сипаты | Әкімшілік деректер | ||||
Дереккөз | ҚР МАМ | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
21. |
Jo 4.3 | Мемлекеттік қызметте жастардың өкілдік деңгейі | Сипаты | Мемлекеттік қызметшілердің жалпы санынан 34 (қоса алғанда) жастан аспаған мемлекеттік қызметшілер үлесі | |
Деректер сипаты | Әкімшілік деректер | ||||
Дереккөз | ҚР МҚІА | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
22. |
Js 4.4 | Жастардың волонтерлік қызметке қатысу деңгейі | Сипаты | 1-2 жыл ішінде волонтерлік қызметке қатысқанын атап өткен жастардың үлесі | |
Деректер сипаты | Социологиялық зерттеу нәтижелері | ||||
Дереккөз | "Жастар" ҒЗО | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
23. |
Js 4.5 | Мемлекеттік жастар саясатына қанағаттану деңгейі | Сипаты | Бес балдық шкала бойынша мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін бағалау | |
Деректер сипаты | Социологиялық зерттеу нәтижелері | ||||
Дереккөз | "Жастар" ҒЗО | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
"Спорт, бос уақыт және инфрақұрылымға қолжетімділік" бағыты | |||||
24. |
J5 |
Jo 5.1 | Жастарды жастармен жұмыс жөніндегі мамандармен қамту | Сипаты | 14 жастан 34 жасқа дейінгі (қоса алғанда) 10 000 тұрғынға шаққанда жастар ресурстық орталықтары мен комьюнити-орталықтардың жастармен жұмыс жөніндегі мамандарының саны |
Деректер сипаты | Ресми статистикалық ақпарат | ||||
Дереккөз | ҚР МАМ | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
25. |
Jo 5.2 | Спорттық инфрақұрылымды дамыту деңгейі | Сипаты | 14 жастан 34 жасқа дейінгі (қоса алғанда) 10 000 тұрғынға шаққандағы спорт ғимараттарының үлесі | |
Деректер сипаты | Әкімшілік деректер | ||||
Дереккөз | ҚР ТСМ | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
26. |
Jo 5.3 | Мәдени-демалыс инфрақұрылымын дамыту деңгейі | Сипаты | 14 жастан 34 жасқа дейінгі (қоса алғанда) 10 000 тұрғынға мәдени-демалыс объектілерінің үлесі | |
Деректер сипаты | Әкімшілік деректер | ||||
Дереккөз | ҚР МАМ | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
27. |
Js 5.5 | Жастардың мәдени-демалыс объектілеріне бару деңгейі | Сипаты | Бос уақытында мұражайлар, театрлар мен кинотеатрларға баратындығын атап өткен жастардың үлесі | |
Деректер сипаты | Социологиялық зерттеу нәтижелері | ||||
Дереккөз | "Жастар" ҒЗО | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
28. |
Js 5.6 | Жастардың спортқа қатысу деңгейі | Сипаты | Бос уақытында фитнес және дене шынықтыру жаттығуларымен айналысатындығын, сондай-ақ спорт секцияларына қатысатындығын атап өткен жастар үлесі | |
Деректер сипаты | Социологиялық зерттеу нәтижелері | ||||
Дереккөз | "Жастар" ҒЗО | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
"Қауіпсіздік" бағыты | |||||
29. |
J6 | Jo- 6.1 (индикатордыңсалмағы – 1,5%) | Жастарға қарсы қылмыс деңгейі | Сипаты | Жәбірленушілердің жалпы санынан құқық бұзушылық және қылмыс бойынша жәбірленуші болған жастардың үлесі |
Деректер сипаты | Ресми статистикалық ақпарат | ||||
Дереккөз | ҚР БП ҚСжАЕК | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Ай сайын/жыл сайын | ||||
30. | Jo- 6.2 (индикатордың салмағы – 1,5%) | Жастар қылмысының деңгейі | Сипаты | Қылмыстардың жалпы санынан қылмыс жасаған жастардың үлесі | |
Деректер сипаты | Ресми статистикалық ақпарат | ||||
Дереккөз | ҚР БП ҚСжАЕК | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
31. | Js- 6.3 (индикатордың салмағы – 1%) | Жастар арасындағы физикалық агрессия деңгейі | Деректер сипаты | Физикалық агрессия түріндегі жағдайларға тап болғанын атап өткен жастардың үлесі | |
Деректер сипаты | Социологиялық зерттеу нәтижелері | ||||
Дереккөз | "Жастар" ҒЗО | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын | ||||
32. | Js- 6.4 (индикатордыңсалмағы – 1%) | Жастар арасындағы ауызша агрессия деңгейі | Деректер сипаты | Қорлаумен бетпе-бет келген жастардың үлесі (ауызша агрессия) | |
Деректер сипаты | Социологиялық зерттеу нәтижелері | ||||
Дереккөз | "Жастар" ҒЗО | ||||
Қалыптасу кезеңділігі | Жыл сайын |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР БП ҚСжАЕК – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті;
ҚР ҒЖБМ – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігі;
ҚР ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
"Жастар" ҒЗО – "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы.
ҚР МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі;
ҚР МҚІА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;
ҚР ОАМ – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі;
ҚР ОСК – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы;
ҚР СЖжРА ҰСБ – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы;
ҚР ТСМ – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі.