Қазақстан Республикасындағы жастардың даму индексін ендіру мен қолдану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 214-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 мамырда № 32569 болып тіркелді

      "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 12-3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы жастардың даму индексін ендіру мен қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Д. Қыдырәлі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу комитеті

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Орталық сайлау комиссиясы

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттiгiнің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2023 жылғы 24 мамырдағы
№ 214-НҚ Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасындағы жастардың даму индексін ендіру мен қолдану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасында жастардың даму индексін ендіру мен қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 12-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында жастардың даму индексін ендіру мен қолдану тәртібін, Қазақстан Республикасы жастары деңгейінің даму серпіні тәсілдеріне көп аспектілі бағалауды қалыптастырудың негізгі бағыттары мен әдістерін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Қазақстан Республикасындағы жастардың даму индексі (бұдан әрі – жастардың даму индексі) – іске асырылатын мемлекеттік жастар саясатын және мынадай негізгі: білім беру, денсаулық және саламаттылық, жұмыспен қамту және мүмкіндіктер, саяси қатысу, азаматтық қатысу, бос уақыт, қауіпсіздік бағыттары бойынша жастардың даму деңгейін талдауға арналған жиынтық индекс;

      2) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік жастар саясаты саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3. Жастардың даму индексі Жастардың жаһандық даму индексін ұлттық өзіндік ерекшелікке бейімдеу, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бөлігінде мемлекеттік органдардың тиімділігін рейтингтік бағалау мақсатында іске асырылады.

2-тарау. Жастардың даму индексін ендіру мен қолдану тәртібі

1-параграф. Жастардың даму индексін ендіру тәртібі

      4. Жастардың даму индексін ендіру мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асырудың тежеуші факторларын, жастардың пікірін ескере отырып, жастардың жағдайын жақсарту жөніндегі шараларды уақтылы анықтауға бағытталған.

      5. Жастардың даму индексін ендіруі оның индикаторларын мемлекеттік жастар саясаты саласын дамыту тұжырымдамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың даму жоспарларына интеграциялау жолымен жүзеге асырылады.

      6. Жастардың даму индекстің индикаторлары осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес айқындалады.

      7. Жастардың даму индексінің қорытындылары туралы ақпарат "Қазақстан жастары" Ұлттық баяндамасында орналастырылады.

2-параграф. Жастардың даму индексін қолдану тәртібі

      8. Жастардың даму индексі Қазақстан Республикасы жастарының дамуы бойынша жағдайды бағалау үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері бөлінісінде нәтижелерді зерттеу, халықаралық ұйымдардың шолулары мен халықаралық рейтингтердің нәтижелерімен салыстыру үшін қолданылады.

      9. Жастардың даму индексі 33 (отыз үш) индикатор бойынша 7 (жеті) бағытты анықтайды.

      10. Уәкілетті орган жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 (отыз) мамырынан кешіктірмей жастардың даму индексінің қорытындылары туралы ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асырады.

      11. Жастардың даму индексінің қорытындылары туралы ақпаратты жинау және талдау үшін қажетті деректер орталық мемлекеттік органдардың ашық көздерінен қалыптастырылады. Сауалнама деректері жастарға сауалнама жүргізу арқылы қалыптастырылады.

      12. Жастардың даму индексінің қорытындылары туралы ақпарат негізінде уәкілетті орган мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар қалыптастырады.

      13. Жастарды дамыту индексінің қорытындылары туралы ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 (жиырма) шілдеден кешіктірмей уәкілетті орган орталық және жергілікті атқарушы органдарға жібереді, сондай-ақ интернет-ресурста, уәкілетті органның әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарда орналастырылады.

      14. Орталық және жергілікті атқарушы органдар үшін жастардың даму индексін есептеу қорытындысы бойынша ақпаратқа түсініктемелер мен ұсынымдар қоса беріледі.

  Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2023 жылғы 24 мамырдағы
№ 214-НҚ
  Қазақстан Республикасында
жастарды дамыту индексін
ендіру мен қолдану
қағидаларына қосымша

Жастарды дамыту индексінің индикаторлары

Домен

Код

Индикатор

Индикатордың сипаттамасы

"Білім беру" бағыты

1.

J1
(домен салмағы– 0,12)

J1.1 (индикатордың салмағы – 0,3)

Орта біліммен қамту

Сипаты

Жастарды орта біліммен қамту үлесі

Деректер сипаты

Әкімшілік деректер

Дереккөз

ҚР ОАМ

Қалыптасу кезеңділігі

Жыл сайын

Шығу ақпаратын орналастыру орны

ҚР ОАМ ресми интернет-ресурсы https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam?lang=ru, қызмет бөлімі / статистикалық салалық деректер / білім

2.

J1.2 (индикатордың салмағы – 0,3)

Орта білім сапасының деңгейі

Сипаты

Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері негізінде білім беру сапасының деңгейі

Деректер сипаты

Әкімшілік деректер

Дереккөз

ҚР ОАМ

Қалыптасу кезеңділігі

Жыл сайын

Шығу ақпаратын орналастыру орны

ҚР ОАМ ресми интернет-ресурсы https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam?lang=ru, қызмет бөлімі / статистикалық салалық деректер / білім

3.

J1.3 (индикатордың салмағы – 0,3)

Техникалық және кәсіптік біліммен қамту

Сипаты

Жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамту үлесі

Деректер сипаты

Әкімшілік деректер

Дереккөз

ҚР ОАМ

Қалыптасу кезеңділігі

Жыл сайын

Шығу ақпаратын орналастыру орны

ҚР ОАМ ресми интернет-ресурсы https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam?lang=ru, қызмет бөлімі / статистикалық салалық деректер / білім

4.

J1.4 (индикатордың салмағы – 0,3)

Техникалық және кәсіптік білім берудің тиімділік деңгейі

Сипаты

Мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылған түлектердің үлесі

Деректер сипаты

Әкімшілік деректер

Дереккөз

ҚР ОАМ

Қалыптасу кезеңділігі

Жыл сайын

Шығу ақпаратын орналастыру орны

ҚР ОАМ ресми интернет-ресурсы https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam?lang=ru, қызмет бөлімі / статистикалық салалық деректер / білім

5.

J1.5 (индикатордың салмағы – 0,3)

Жоғары біліммен қамту

Сипаты

Жоғары біліммен қамтудың жалпы коэффициенті

Деректер сипаты

Ресми статистикалық ақпарат

Дереккөз

ҚР СЖжРА ҰСБ

Қалыптасу кезеңділігі

Жылына бір рет

Шығу ақпаратын орналастыру орны

ҚР СЖжРА ҰСБ ресми интернет-ресурсы https://stat.gov.kz , ресми статистика бөлімі / жарияланымдар / статистикалық жинақтар / Қазақстан Республикасындағы білім

6.

J1.6 (индикатордың салмағы – 0,3)

Білім беру сапасына қанағаттану

Сипаты

Білім беру жүйесінің сапасына қанағаттанғанын атап өткен респонденттердің үлесі

Деректер сипаты

Әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелері

Дереккөз

"Жастар" ҒЗО

Қалыптасу кезеңділігі

Жылына бір рет

Шығу ақпаратын орналастыру орны

"Жастар" ҒЗО ресми интернет-ресурсы https://www.eljastary.kz/ru/reports/ , "Жастар" ҒЗО бөлімі / ұлттық баяндамалар

"Денсаулық және әл-ауқат" бағыты

7.

J2 ( домен салмағы – 0,24)

J2.1 (индикатордың салмағы – 0,3)

Жастардың 14 жастан 35 жасқа дейін қатерлі ісіктермен сырқаттану деңгейі

Сипаты

100 000 тұрғынға шаққанда қатерлі ісіктермен 14 пен 35 жас аралығындағы жастар сырқаттанған

Деректер сипаты

Әкімшілік деректер

Дереккөз

ҚР ДСМ

Қалыптасу кезеңділігі

Жыл сайын

Шығу ақпаратын орналастыру орны

ҚР ДСМ ресми интернет-ресурсы https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru , қызмет бөлімі / статистикалық салалық деректер / денсаулық сақтау статистикасы

8.

J2.2 (индикатордың салмағы – 0,3)

Жастардың 14 жастан 35 жасқа дейін туберкулезбен
сырқаттану деңгейі

Сипаты

14 жастан 35 жасқа дейінгі жастардың туберкулезбен сырқаттану деңгейі

Деректер сипаты

Әкімшілік деректер

Дереккөз

ҚР ДСМ

Қалыптасу кезеңділігі

Жыл сайын

Шығу ақпаратын орналастыру орны

ҚР ДСМ ресми интернет-ресурсы https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru , қызмет бөлімі / статистикалық салалық деректер / денсаулық сақтау статистикасы

9.

J2.3 (индикатордың салмағы – 0,3)

Жастардың 14 жастан 35 жасқа дейін сырқаттану деңгейі
адамның иммун тапшылығы вирусы, жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы

Сипаты

100 000 тұрғынға шаққанда 14 пен 35 жас аралығындағы адамның иммун тапшылығы вирусының, жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромының жиілігі

Деректер сипаты

Әкімшлік деректер

Дереккөз

ҚР ДСМ

Қалыптасу кезеңділігі

Жылына бір рет

Шығу ақпаратын орналастыру орны

ҚР ДСМ ресми интернет-ресурсы https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru , қызмет бөлімі / статистикалық салалық деректер / денсаулық сақтау статистикасы

10.

J2.4 (индикатордың салмағы – 0,3)

Жастардың 14 жастан 35 жасқа дейін жыныстық жолмен берілетін инфекциялар бойынша сырқаттану деңгейі

Сипаты

14 пен 35 жас аралығындағы 100 000 тұрғынға шаққанда жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың жиілігі

Деректер сипаты

Әкімшлік деректер

Дереккөз

ҚР ДСМ

Қалыптасу кезеңділігі

Жылына бір рет

Шығу ақпаратын орналастыру орны

ҚР ДСМ ресми интернет-ресурсы https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru , қызмет бөлімі / статистикалық салалық деректер / денсаулық сақтау статистикасы

11.

J2.5 (индикатордың салмағы – 0,3)

Жастардың психикалық денсаулығы

Сипаты

14 пен 35 жас аралығындағы 100 000 тұрғынға шаққанда психикалық және мінез құлық бұзылыстарының жиілігі

Деректер сипаты

Әкімшлік деректер

Дереккөз

ҚР ДСМ

Қалыптасу кезеңділігі

Жыл сайын

Шығу ақпаратын орналастыру орны

ҚР ДСМ ресми интернет-ресурсы https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru , қызмет бөлімі / статистикалық салалық деректер / денсаулық сақтау статистикасы

12.

J2.6 (индикатордың салмағы – 0,3)

Жастар арасындағы өлім

Сипаты

Жазатайым оқиғалардан, уланулардан және жарақаттардан 14 пен 35 жас аралығындағы жастар өлімінің үлесі

Деректер сипаты

Ресми статистикалық ақпарат

Дереккөз

ҚР СЖжРА ҰСБ

Қалыптасу кезеңділігі

Жыл сайын

Шығу ақпаратын орналастыру орны

ҚР СЖжРА ҰСБ ресми интернет-ресурсы https://stat.gov.kz , ресми статистика бөлімі / жарияланымдар / статистикалық жинақтар / Қазақстан Жастары

13.

J2.7 (индикатордың салмағы – 0,3)

Ерте жүктілік

Сипаты

15 пен 17 жас (қоса алғанда) аралығындағы 1000 әйелге шаққандағы жасөспірімдердің туу көрсеткіші

Деректер сипаты

Әкімшлік деректер

Дереккөз

ҚР ДСМ

Қалыптасу кезеңділігі

Жыл сайын

Шығу ақпаратын орналастыру орны

ҚР ДСМ ресми интернет-ресурсы https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru , қызмет бөлімі / статистикалық салалық деректер / денсаулық сақтау статистикасы

14.

J2.8 (индикатордың салмағы – 0,3)

Денсаулық сақтау жүйесіне қанағаттану деңгейі

Сипаты

Денсаулық сақтау жүйесі қызметтерінің сапасына қанағаттанғанын атап өткен респонденттердің үлесі

Деректер сипаты

Әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелері

Дереккөз

"Жастар" ҒЗО

Қалыптасу кезеңділігі

Жылына бір рет

Шығу ақпаратын орналастыру орны

"Жастар" ҒЗО ресми интернет-ресурсы https://www.eljastary.kz/ru/reports/,
"Жастар" ҒЗО бөлімі / ұлттық баяндамалар

"Жұмыспен қамту және мүмкіндіктер" бағыты

15.

J3 (домен салмағы – 0,24)

J3.1 (индикатордың салмағы – 0,3)

Жұмыспен қамту деңгейі

Сипаты

Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санынан 14 жастан 35 жасқа дейінгі жұмыспен қамтылған жастардың үлесі

Деректер сипаты

Ресми статистикалық ақпарат

Дереккөз

ҚР СЖжРА ҰСБ

Қалыптасу кезеңділігі

Тоқсан сайын / жыл сайын

Шығу ақпаратын орналастыру орны

ҚР СЖжРА ҰСБ Ресми интернет-ресурсы https://stat.gov.kz , Ресми статистика бөлімі/ салалар бойынша / еңбек және жұмыспен қамту статистикасы / статистика / жастар еңбек нарығының негізгі индикаторлары (15-34 жас)

16.

J3.2 (индикатордың салмағы – 0,3)

Өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейі

Сипаты

15 жастан 35 жасқа дейінгі өз бетінше жұмыспен қамтылған жастардың үлесі жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санынан 15 жастан 35 жасқа дейін

Деректер сипаты

Ресми статистикалық ақпарат

Дереккөз

ҚР СЖжРА ҰСБ

Қалыптасу кезеңділігі

Тоқсан сайын / жыл сайын

Шығу ақпаратын орналастыру орны

ҚР СЖжРА ҰСБ Ресми интернет-ресурсы https://stat.gov.kz , Ресми статистика бөлімі/ салалар бойынша / еңбек және жұмыспен қамту статистикасы / статистика / жастар еңбек нарығының негізгі индикаторлары (15-34 жас)

17.

J3.3 (индикатордың салмағы – 0,3)

Жастар жұмыссыздығының деңгейі

Сипаты

15-35 жас аралығындағы жұмыссыз халық санының 15-35 жас аралығындағы жұмыс күші санындағы үлесі

Деректер сипаты

Ресми статистикалық ақпарат

Дереккөз

ҚР СЖжРА ҰСБ

Қалыптасу кезеңділігі

Тоқсан сайын / жыл сайын

Шығу ақпаратын орналастыру орны

ҚР СЖжРА ҰСБ Ресми интернет-ресурсы https://stat.gov.kz , Ресми статистика бөлімі/ салалар бойынша / еңбек және жұмыспен қамту статистикасы / статистика / жастар еңбек нарығының негізгі индикаторлары (15-34 жас)

18.

J3.4 (индикатордың салмағы – 0,3)

Жұмыс істемейтін, біліммен немесе кәсіптік даярлықпен айналыспайтын және білім беру жүйесі мен жұмыспен қамту саласынан тыс NEET жастарының үлесі

Сипаты

Жұмыс істемейтін, біліммен немесе кәсіптік даярлықпен айналыспайтын және 15-35 жас аралығындағы жастардың жалпы санында білім беру жүйесі мен жұмыспен қамту саласынан тыс жастар саны

Деректер сипаты

Ресми статистикалық ақпарат

Дереккөз

ҚР СЖжРА ҰСБ

Қалыптасу кезеңділігі

Тоқсан сайын

Шығу ақпаратын орналастыру орны

ҚР СЖжРА ҰСБ ресми интернет-ресурс https://stat.gov.kz,
Ресми статистика бөлімі / салалар бойынша / еңбек және жұмыспен қамту статистикасы / Статистика / Қазақстан Республикасындағы 15-34 жас аралығындағы жастардың жалпы санындағы NET үлесі

19.

J3.5 (индикатордың салмағы – 0,3)

Кәсіпкерлік белсенділік

Сипаты

35 жасқа дейінгі тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлердің және меншік иелері (100%) 35 жасқа дейінгі адамдар болып табылатын заңды тұлғалардың саны

Деректер сипаты

Ресми статистикалық ақпарат

Дереккөз

ҚР СЖжРА ҰСБ

Қалыптасу кезеңділігі

Тоқсан сайын

Шығу ақпаратын орналастыру орны

ҚР СЖжРА ҰСБ Ресми интернет-ресурсы https://stat.gov.kz,
Бизнес Статистика/ кәсіпорындар статистикасы/ электрондық кестелер/ 35 жасқа дейінгі тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлердің және меншік иелері (100%) 35 жасқа дейінгі тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалардың саны

20.

J3.6 (индикатордың салмағы – 0,3)

Сыртқы көші-қон

Сипаты

14 жастан 35 жасқа дейінгі жастар арасындағы сыртқы көші-қон үлесі

Деректер сипаты

Ресми статистикалық ақпарат

Дереккөз

ҚР СЖжРА ҰСБ

Қалыптасу кезеңділігі

Жылына бір рет

Шығу ақпаратын орналастыру орны

ҚР СЖжРА ҰСБ ресми интернет-ресурсы https://stat.gov.kz,
Ресми статистика бөлімі / Жарияланымдар/ статистикалық жинақтар/ Қазақстан Жастар

21.

J3.7 (индикатордың салмағы – 0,3)

Жастардың еңбек нарығының тұрақтылығына деген сенімі

Сипаты

Еңбек нарығының тұрақтылығына сенімді екендіктерін атап өткен респонденттердің үлесі

Деректер сипаты

Әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелері

Дереккөз

"Жастар" ҒЗО

Қалыптасу кезеңділігі

Жылына бір рет

Шығу ақпаратын орналастыру орны

"Жастар" ҒЗО ресми интернет-ресурсы https://www.eljastary.kz/ru/reports/,
"Жастар" ҒЗО бөлімі / ұлттық баяндамалар

"Саясатқа қатысу" бағыты

22.

J4 (домен салмағы – 0,13)

J4.1 (индикатордың салмағы – 0,3)

Министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар құратын өкілді органдарға, консультативтік-кеңесші органдарға қатысу

Сипаты

Мәслихаттар депутаттарының және әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестер мүшелерінің жас мәслихаттар депутаттарының және қоғамдық кеңестер мүшелерінің жалпы санынан үлесі

Деректер сипаты

Әкімшілік деректер

Дереккөз

ҚР ОСК

Қалыптасу кезеңділігі

Жыл сайын

Шығу ақпаратын орналастыру орны

ҚР ОСК ресми интернет-ресурсы
https://www.gov.kz/memleket/entities/election?lang=ru, ҚР-дағы сайлау және референдумдар туралы қызмет / салалық құжаттар бөлімі

23.

J4.2 (индикатордың салмағы – 0,3)

Мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейі

Сипаты

Мемлекеттік органдарға сенетінін атап өткен респонденттердің үлесі

Деректер сипаты

Әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелері

Дереккөз

"Жастар" ҒЗО

Қалыптасу кезеңділігі

Жылына бір рет

Шығу ақпаратын орналастыру орны

"Жастар" ҒЗО ресми интернет-ресурсы https://www.eljastary.kz/ru/reports/,
"Жастар" ҒЗО бөлімі / ұлттық баяндамалар

"Азаматтық қатысу" бағыты

24.

J5 (домен салмағы– 0,6)

J5.1 (индикатордың салмағы – 0,3)

Жастардың үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысуы

Сипаты

"Жастар саясатын және балалар бастамаларын қолдау" бағыты бойынша үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың саны

Деректер сипаты

Әкімшілік деректер

Дереккөз

ҚР АҚДМ

Қалыптасу кезеңділігі

Жыл сайын

Шығу ақпаратын орналастыру орны

ҚР АҚДМ ресми интернет-ресурсы https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam?lang=ru, қызмет бөлімі / қызмет бағыттары / азаматтық қоғам

25.

J5.2 (индикатордың салмағы – 0,3)

Жастардың волонтерлік қызметке қатысуы

Сипаты

Волонтерлік қызметпен тұрақты негізде айналысатындығын хабарлайтын жастардың үлесі (айына бір реттен артық)

Деректер сипаты

Ресми статистикалық ақпарат

Дереккөз

ҚР СЖжРА ҰСБ

Қалыптасу кезеңділігі

Жылына бір рет

Шығу ақпаратын орналастыру орны

ҚР СЖжРА ҰСБ ресми интернет-ресурсы https://stat.gov.kz,
Ресми статистика бөлімі / Жарияланымдар/ статистикалық жинақтар/ Қазақстан Жастар

26.

J5.3 (индикатордың салмағы – 0,3)

Жастар арасындағы қайырымдылық деңгейі

Сипаты

Қайырымдылықпен айналысатын жастардың үлесі

Деректер сипаты

Әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелері

Дереккөз

"Жастар" ҒЗО

Қалыптасу кезеңділігі

Жылынаына бір рет

Шығу ақпаратын орналастыру орны

"Жастар" ҒЗО ресми интернет-ресурсы https://www.eljastary.kz/ru/reports/,
"Жастар" ҒЗО бөлімі / ұлттық баяндамалар

27.

J5.4 (индикатордың салмағы – 0,3)

Жастар арасындағы сенушілер саны

Сипаты

Сенушілер екенін хабарлаған жастардың үлесі

Деректер сипаты

Әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелері

Дереккөз

"Жастар" ҒЗО

Қалыптасу кезеңділігі

Жылынаына бір рет

Шығу ақпаратын орналастыру орны

"Жастар" ҒЗО ресми интернет-ресурсы https://www.eljastary.kz/ru/reports/,
"Жастар" ҒЗО бөлімі / ұлттық баяндамалар

"Спорт, бос уақыт және инфрақұрылымға қолжетімділік" бағыты

28.


J6.1 (индикатордың салмағы – 0,3)

Жастар ресурстық орталықтарының саны

Сипаты

14 жастан 35 жасқа дейінгі 100 000 тұрғынға шаққандағы жастар ресурстық орталықтарының саны

Деректер сипаты

Әкімшілік ақпарат

Дереккөз

ҚР АҚДМ

Қалыптасу кезеңділігі

Жыл сайын

Шығу ақпаратын орналастыру орны

ҚР АҚДМ ресми интернет-ресурсы https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam?lang=ru, қызмет бөлімі / қызмет бағыттары / жастар саясаты

29.

J6.2 (индикатордың салмағы – 0,3)

Жастардың бос уақыт сапасына қанағаттануы

Сипаты

Бос уақыттың сапасына қанағаттанғанын атап өткен респонденттердің үлесі

Деректер сипаты

Әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелері

Дереккөз

"Жастар" ҒЗО

Қалыптасу кезеңділігі

Жылынаына бір рет

Шығу ақпаратын орналастыру орны

"Жастар" ҒЗО ресми интернет-ресурсы https://www.eljastary.kz/ru/reports/,
"Жастар" ҒЗО бөлімі / ұлттық баяндамалар

30.

J6.3 (индикатордың салмағы – 0,3)

Жастарды жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету

Сипаты

Өздерінің тұрғын үйлері бар екенін атап өткен жастардың үлесі

Деректер сипаты

Әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелері

Дереккөз

"Жастар" ҒЗО

Қалыптасу кезеңділігі

Жылынаына бір рет

Шығу ақпаратын орналастыру орны

"Жастар" ҒЗО ресми интернет-ресурсы https://www.eljastary.kz/ru/reports/,
"Жастар" ҒЗО бөлімі / ұлттық баяндамалар

"Қауіпсіздік" бағыты

31.

J7 (домен салмағы – 0,6)

J7.1 (индикатордың салмағы – 0,3)

Жәбірленуші жастардың үлесі

Сипаты

Жәбірленушілердің жалпы санынан жәбірленушіге айналған жастардың үлесі (құқық бұзушылықтар бойынша), оның ішінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық нәтижесінде

Деректер сипаты

Әкімшілік деректер

Дереккөз

ҚР БП ҚСжАЕК

Қалыптасу кезеңділігі

Ай сайын

Шығу ақпаратын орналастыру орны

ҚР БП ҚСжАЕК ресми интернет-ресурсы https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat?lang=ru , қызмет бөлімі / салалық құжаттар / аналитикалық ақпарат

32.

J7.2 (индикатордың салмағы – 0,3)

Жастар қылмысының деңгейі

Сипаты

Құқық бұзушылықтардың жалпы санынан 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастар жасаған құқық бұзушылықтардың саны

Деректер сипаты

Әкімшілік деректер

Дереккөз

ҚР БП ҚСжАЕК

Қалыптасу кезеңділігі

Ай сайын

Шығу ақпаратын орналастыру орны

ҚР БП ҚСжАЕК ресми интернет-ресурсы https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat?lang=ru , қызмет бөлімі / салалық құжаттар / аналитикалық ақпарат

33.

J7.3 (индикатордың салмағы – 0,3)

Қауіпсіздік деңгейі

Сипаты

Тұрғылықты жерінде (15-20 жас аралығындағы, 20-25 жас аралығындағы, 25-29 жас аралығындағы, 29 жастан 35 жасқа дейінгі жастар) жалғыз (жалғыз)көшеде жүргенде өздерін қаншалықты қауіпсіз сезінетінін атап өткен респонденттердің үлесі

Деректер сипаты

Әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелері

Дереккөз

"Жастар" ҒЗО

Қалыптасу кезеңділігі

Жылына бір рет

Шығу ақпаратын орналастыру орны

"Жастар" ҒЗО ресми интернет-ресурсы https://www.eljastary.kz/ru/reports/,
"Жастар" ҒЗО бөлімі / ұлттық баяндамалар

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҚР АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;

      ҚР БП ҚСжАЕК – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті;

      ҚР ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      "Жастар" ҒЗО – "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы;

      ҚР ОАМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;

      ҚР ОСК – Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы;

      ҚР СЖжРА ҰСБ – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады