"Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 5 мамырдағы № 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 6 мамырда № 36086 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34030 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне:

      2-қосымшаның 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. "Alatau" арнайы экономикалық аймағы:

      1) балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу;

      2) кілемдер мен кілем бұйымдарын өндіру;

      3) тоқу өндірісі;

      4) маталар мен тоқыма бұйымдарын әрлеу;

      5) аяқ киім өндірісі;

      6) ағаш массасы мен целлюлоза өндірісі;

      7) қағаз және картон өндірісі;

      8) гофрленген қағаз және картон, қағаз және картон ыдыстарын өндіру;

      9) асбестцементтен және талшықты цементтен жасалған бұйымдар өндірісі;

      10) бетоннан, құрылыс гипсінен және цементтен жасалған өзге де бұйымдар өндірісі;

      11) тұрғын және тұрғын емес ғимараттар салу;

      12) су құрылыстарын салу;

      13) жүктерді қоймалау және сақтау;

      14) жүктерді көліктік өңдеу;

      15) құрлық көлігінің қосалқы қызметі;

      16) өзге де қосалқы көлік қызметі;

      17) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 18) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      18) үй жануарларына арналған дайын азық өндіру.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады