"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелері үшін көлік құралдарының заттай тиесілілік нормаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 25 мамырдағы № 231 және "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымдары курсанттарын жабдықпен және асханалық-ас үй мүкәммалымен қамтамасыз ету жөніндегі заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 232 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 168 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 8 мамырда № 36087 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мына;

      1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелері үшін көлік құралдарының заттай тиесілілік нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 231 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22858 болып тіркелді);

      2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымдары курсанттарын жабдықпен және асханалық-ас үй мүкәммалымен қамтамасыз ету жөніндегі заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 232 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22860 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Тылдық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен.

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрінің міндетін атқарушы
К. Турсынбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады