Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелері үшін көлік құралдарының заттай тиесілілік нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің тылдық қамтамасыз ету департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі 2021 жылғы 25 мамырдағы № 231 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелері үшін көлік құралдарының заттай тиесілік нормалары
1-заттай норма Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратына көлік құралдары
Р/с№ | Бөлімшелер мен қызметтердің атауы | Жедел-қызметтік жеңіл автомобильдердің және жеңіл автомобильдер базасындағы арнайы автомобильдердің нормалары | Өлшем бірлігі | Жүк шассиіндегі жәнеавтобустар базасындағы жедел-қызметтік автомобильдердің, жүкшассиіндегі арнайы автомобильдердің, жүк автомобильдері мен жолаушылар автобустарының нормалары | Ең жоғары жылдық пайдалану нормасы | Қызмет мерзімі (жыл) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) басшылығы (министр, вице-министрлер, аппарат басшысы) | Әрбір штаттық бірлікке бір автомобиль | Бірлік | - | Жеңіла втомобильдер үшін – 40 000 км | 15 |
2 | Аппарат бөлімшелері | Құрамның штат санының 20 бірлігіне дейін бір автомобиль, бірақ әрбір бөлімшеге біреуден кем емес | Бірлік | 100 бірлікке орта немесе шағын сыныпты бір жолаушылар автобусы | Жеңіла втомобильдер үшін – 40 000 км, жүкшассиі мен автобустар базасындағы автомобильдер, жүкшассиіндегі арнайыавтомобильдер, жүкавтомобильдері мен жолаушыларавтобустары үшін-30 000 км. | 15 |
3 | Министрліктің Өртке қарсы қызмет және азаматтық қорғаныс комитеттері мен әскери бөлімдерінің басшылары (төраға, төрағаның орынбасарлары) | Әрбір штаттық бірлікке бір жедел-қызметтік автомобиль | Бірлік | - | Жеңіл автомобильдер үшін – 40 000 км | 15 |
4 | Өртке қарсы қызмет және азаматтық қорғаныс комитеттері мен әскери бөлімдер аппаратының бөлімшесі | Құрамның штат санының 20 бірлігіне дейін бір жедел-қызметтік автомобиль | Бірлік | - | Жеңіл автомобильдер үшін – 40 000 км | 15 |
Ескертпе: |
2-заттай норма Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Төтенше жағдайлар бөлімшелері көлік құралдары
Р/с№ | Бөлімшелер мен қызметтердің атауы | Жедел-қызметтік жеңіл автомобильдердің және жеңіл автомобильдер базасындағы арнайы автомобильдердің нормалары | Өлшем бірлігі | Жүк шассиіндегі жәнеавтобустар базасындағы жедел-қызметтік автомобильдердің, жүкшассиіндегі арнайы автомобильдердің, жүк автомобильдері мен жолаушылар автобустарының нормалары | Ең жоғары жылдық пайдалану нормасы | Қызмет мерзімі (жыл) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық бөлімшелерінің аппаратына | Штат санының 10 бірлігіне бір автомобиль | Бірлік | - | Жеңілавтомобильдерүшін – 40 000 км | 15 |
2 | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық бөлімшелерінің төтенше жағдайлар басқармалары (бөлімдері) | Штат санының 10 бірлігіне дейін бір автомобиль | Бірлік | - | Жеңіл автомобильдер үшін – 40 000 км | 15 |
3-заттай норма Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі білім беру ұйымдарының көлік құралдары
Р/с | Бөлімшелер мен қызметтердің атауы | Жедел-қызметтік жеңіл автомобильдердің және жеңіл автомобильдер базасындағы арнайы автомобильдердің нормалары | Өлшем бірлігі | Жүкшассиіндегі және автобустар базасындағы жедел-қызметтік автомобильдердің, жүкшассиіндегі арнайы автомобильдердің, жүкавтомобильдері мен жолаушылар автобустарының нормалары | Ең жоғары жылдық пайдалану нормасы | Қызмет мерзімі (жыл) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | ТЖМ білім беру ұйымдары | Жоғары оқу орнына бес автомобиль және Академияға қосымша екі автомобиль | Бірлік | Ауыспалы құрамның штат саны 400 бірлікке дейін болған кезде екі борттық жүк автомобилі (сырттай оқитын тыңдаушылардан басқа) және ауыспалы құрамның штат санының әрбір 200 бірлігіне қосымша бір борттық жүк автомобилі; бір аз тонналық жүк автомобилі; ауыспалы құрамның штат саны 300 бірлікке дейін болған кезде орта немесе шағын сыныпты екі жолаушылар автобусы және ауыспалы құрамның штат санының әрбір 200 бірлігіне қосымша бір автобус | Жеңіл автомобильдер үшін – 40 000 км, жүк шассиі мен автобустар базасындағы автомобильдер, жүк шассиіндегі арнайы автомобильдер, жүк автомобильдері мен жолаушылар автобустары үшін – 30 000 км, арнайы автожөндеу шеберханаларының автомобильдері, автокрандар, отын құйғыштар, суару-жуу, жинау және т.б. үшін – 20 000 км, жұмысы мото-сағатпен өлшенетін көлік құралдары-1 200 мото-сағат. | 15 |
Автокөлік жүргізуді үйрету кезінде (егер бұл оқу бағдарламасында қарастырылған болса) | ||||||
2 | Жалпы курс бойынша: | Бір автомобиль | Бірлік | Бір борттық жүкавтомобилі | Жеңіл автомобильдер үшін – 40 000 км, жүкшассиі мен автобустар базасындағы автомобильдер, жүкшассиіндегі арнайы автомобильдер, жүкавтомобильдері мен жолаушылара втобустары үшін-30 000 км, | 15 |
3 | Оқу орталықтары | Ауыспалықұрамның 250 бірлігінебір автомобиль, бірақоқутобынабіравтомобильден кем емес | Бірлік | Ауыспалы құрамның 150 адамына орта немесе шағын сыныпты бір жолаушылар автобусы, бірақ бір автобустан кем емес; бір борттық жүк автомобилі; бір аз тонналы жүк автомобилі. | Жеңіл автомобильдер үшін – 40 000 км, жүк шассиі мен автобустар базасындағы автомобильдер, жүк шассиіндегі арнайы автомобильдер, жүк автомобильдері мен жолаушылар автобустары үшін-30 000 км | 15 |
Ескертпе: |