ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қауіпті өндірістік объектілерді бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 353 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10310 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Кіріспе келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 112) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 16 - бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті өндірістік объектілерді бірдейлендіру қағидаларында:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы қауіпті өндірістік объектілерді бірдейлендіру қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 112) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 16 - бабы 3-тармағының 2) тармақшасымен қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдардың (бұдан әрі - ұйымдар) қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру тәртібін айқындайды.";
7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Сәйкестендіру нәтижелері бойынша ұйым он бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына ақпарат береді.";
2 қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2025 жылғы 8 мамырдағы № 182 Бұйрықпен бекітілді |
|
Қауіпті өндірістік объектілерді бірдейлендіру қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Ұсынылады: азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет - ресурста орналастырылған: www.gov.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру жөніндегі ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: ИИ-1
Кезеңділік: қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру нәтижелері бойынша
Есепті кезең: 20__ жылғы "__"____________
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: қауіпті өндірістік объектілер сәйкестендірілгеннен кейін 15 жұмыс күні ішінде
ЖСН/БСН |
Жинау әдісі: қағаз тасымалдағышта
Р/с № | Деректердің атауы | Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру жөніндегі ақпарат |
А | 1 | 2 |
1 | Қауіпті өндірістік объектінің атауы | |
2 | Қауіпті өндірістік объектіні сәйкестендіру ерекшеліктері | |
3 | Объектінің орналасқан жері немесе мекен-жайы болмаған жағдайда бойлық-объектінің орналасқан жерінің ендігі | |
4 | Заңды / жеке тұлғаның, жеке кәсіпкердің толық атауы | |
5 | Кәсіпкерлік санаты | |
6 | Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды | |
7 | Мекенжайдың тіркеу коды |
Атауы _______________________ Мекенжайы ________________________
_____________________________ __________________________________
Телефоны: _______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы__________________________________________
Орындаушы ___________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға _______________________
_________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
Әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру жөніндегі ақпарат" ИИ-1, қауіпті өндірістік объектілер сәйкестендірілгеннен кейін 15 жұмыс күні ішінде
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру жөніндегі ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдар толтырады және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына ұсынады.
3. Нысан мемлекеттік және / немесе орыс тілдерінде толтырылады.
2 тарау. Толтыру бойынша түсіндірме
4. 1 жолда қауіпті өндірістік объектінің атауы көрсетіледі.
5. 2 жолда қауіпті өндірістік объектіні сәйкестендіру ерекшеліктері көрсетіледі.
6. 3 жолда қауіпті өндірістік объектінің орналасқан жері көрсетіледі. Мекенжай болмаған жағдайда бойлық-объектінің орналасқан жерінің ендігі көрсетіледі.
7. 4 жолда заңды / жеке тұлғаның, жеке кәсіпкердің толық атауы көрсетіледі.
8. 5 жолда субъектінің кәсіпкерлік санаты көрсетіледі.
9. 6 жолда әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды көрсетіледі.
10. 7 жолда мекенжайдың тіркеу коды көрсетіледі.