БҰЙЫРАМЫН:
1. "Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың барлық маркаларындағы никотиннің рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қазандағы № ҚР ДСМ-114/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21373 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың барлық маркаларындағы никотиннің рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есептерді ұсыну қағидалары қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгi
Ұлттық статистика бюросы
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет- ресурста орналастырылған: www.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: "Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың барлық маркаларындағы никотиннің рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есеп"
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-никотин
Кезеңділік: жылдық
Есепті кезең: ________________20____жыл
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды өндірушілер және импорттаушылар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: әр жылдың 1 ақпанына дейін
Жинау әдісі (қағаз жеткізгіште, электронды түрде, телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі, қағаз жеткізгішті пайдалана отырып интервьюердің жеке сауал салуы кезінде, дербес есептеу құрылғысын пайдалана отырып, интервьюердің жеке салуы кезінде): қағаз және (немесе) электрондық тасығыштарда
Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың барлық маркаларындағы никотиннің рұқсат етілетін шекті құрамы
р/с № | Темекі бұйымы түрінің атауы | Темекі бұйымының атауы | Никотиннің сандық құрамы (мг/сиг немесе мг/см3) | Никотиннің рұқсат етілетін шекті деңгейі (мг/сиг немесе мг/см3) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ескертпе: сиг/мг – сигаретке/миллиграмм, мг/см³ – текше сантиметрге милиграмм.
Типтік мекенжай бөлігі
Атауы____________________________ |
Мекенжайы_____________________ |
Телефондар
Телефон _______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы
_______________________________________________________________
Орындаушы ____________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды
қоспағанда) ___________________________________________________________
"Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың барлық маркаларындағы никотиннің рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есеп" (нысанның индексі: 1 - никотин және кезеңділігі: жылдық) әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың барлық маркаларындағы никотиннің рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме "Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың барлық маркаларындағы никотиннің рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру тәртібін регламенттейді.
2. Нысанды темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың өндірушілері мен импорттаушылары толтырады.
3. Толтырылған Нысанды темекі бұйымдарын өндірушілер мен импорттаушылар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін ұсынады.
4. Нысанға басшы немесе оның міндетін атқарушы адам өзінің тегін және аты-жөнін, сондай-ақ толтыру күнін көрсете отырып қол қояды.
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
6. Әкімшілік деректер нысанында пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) никотин – темекі жапырақтары мен темекі түтінінде болатын алкалоид;
2) никотиннің шекті рұқсат етілген деңгейі – бір сигареттің түтініндегі никотиннің мөлшері (сүзгісі бар немесе сүзгісі жоқ) 1,0 мг/сиг аспауы тиіс;
3) сигарет – сигарет қағазымен оралған кесілген шикізаттан тұратын шегілетін темекі бұйымының түрі;
4) темекі бұйымы – шегу, сору, шайнау, иіскеу немесе тұтынудың өзге де тәсілдері үшін, оның ішінде темекіні қыздыруға арналған жүйенің немесе кез келген өзге де аспаптың көмегімен пайдаланатындай етіп дайындалған шикізат ретінде темекі жапырағынан және (немесе) темекі өсімдігінің басқа да бөліктерінен толық немесе ішінара жасалған өнімдер;
5) темекі бұйымының түрі – тұтыну қасиеттері мен тұтыну тәсілі бойынша ұқсас шегілетін немесе шегілмейтін темекі бұйымдарының жиынтығы.
2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
1) 1-бағанда "№" реттік нөмірі бойынша толтырылады;
2) 2-бағанда темекі бұйымы түрінің атауы (мысалы: сигареттер) көрсетіледі;
3) 3-бағанда темекі бұйымының берілген атауы (мысалы: "Rothmans") көрсетіледі;
4) 4-бағанда темекі бұйымындағы никотиннің сандық құрамы (сиг/мг немесе мг/см3) көрсетіледі;
5) 5-бағанда никотиннің рұқсат етілетін шекті деңгейі (сиг/мг немесе мг/см3) көрсетіледі.