"Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 1223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 102 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 ақпанда № 20007 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 61-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 1223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде №19591 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде 2019 жылғы 19 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігінің, осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес ДТ-1РБ нысаны бойынша бюджет құрылымы бойынша деректер тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе), осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес МС-РБ нысаны (бұдан әрі – МС-РБ нысаны) бойынша үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш жөніндегі ақпараттың, осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес МЖӘ-РБ нысаны (бұдан әрі – МЖӘ-РБ нысаны) бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша мемлекеттік міндеттемелер жөніндегі ақпараттың, осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес БК-РБ нысаны (бұдан әрі – БК-РБ нысаны) бойынша республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер жөніндегі ақпараттың негізінде жасайды.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті шегінде республикалық бюджеттің атқарылуы және жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуына қызмет көрсету саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ведомствоның бірінші басшысының және көрсеткіштердің толтырылуына жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысының қолымен мемлекеттік органдардың бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесін (бұдан әрі – БЭҚАЖ) пайдалану арқылы электрондық құжат түрінде Тізбенің 1.2, 1.3, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8, 1.9, 1.10, 1.15, 1.16, 1.19, 1.21, 1.29 және 1.31-кестелерін, "факті" және "бағалау" бағандарын толтыра отырып, Тізбенің 1.4, 1.11, 1.12, 1.17, 1.22, 1.24, 1.25, 1.26 және 1.27-кестелерін, МЖӘ-РБ нысаны бойынша ақпаратты ұсынады.

      МЖӘ-РБ нысаны бойынша деректерді қалыптастыруды ведомство бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен түскен ақпарат негізінде жүзеге асырады. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік міндеттемелерді төлеуді көздейтін ведомствоға тіркелген мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша ағымдағы қаржы жылының 1 сәуіріне қарай МЖӘ-РБ нысаны бойынша ақпаратты БЭҚАЖ пайдалану арқылы электрондық құжат түрінде ведомствоға ұсынады.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 1 мамырына ведомствоға және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға БЭҚАЖ пайдалану арқылы электрондық құжат түрінде МС-РБ және БК-РБ нысандарын ұсынады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Тізбені қалыптастыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) 1.1, 1.2, 1.3, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8, 1.9, 1.10, 1.15 және 1.16-кестелердің "факті" бағаны есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің деректері негізінде толтырылады. Тізбенің 1.4, 1.11, 1.12, 1.13, 1.14, 1.17, 1.22, 1.23, 1.24, 1.25, 1.26 және 1.27-кестелерінің "факті" бағаны толтырылмайды. "Факті" бағаны бойынша 1.3, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8, 1.9, 1.10, 1.15 және 1.16-кестелері кезеңдер бойынша деректерді салыстыру үшін толтырылады.

      Тізбе кестелерінің "бағалау" бағаны түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының және/немесе ағымдағы кезеңнің республикалық бюджетінің атқарылуы туралы есептің деректері негізінде толтырылады.

      1.1, 1.5 және 1.15-кестелердің "болжам" бағаны "Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10322 болып тіркелген) сәйкес республикалық бюджетке түсетін түсімдерді болжау деректері негізінде толтырылады.

      1.15, 1.17, 1.18, 1.19, 1.20, 1.21, 1.22, 1.23, 1.24, 1.25, 1.26, 1.27, 1.28 және 1.29-кестелердің "бағалау" және "болжам" бағандары МК-РБ, МЖӘ-РБ, БК-РБ нысандар деректерін қамтиды;

      2) 1.3, 1.6, 1.7, 1.8, 1.9, 1.10 және 1.16-кестелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктерімен байланыстырыла отырып, республикалық бюджеттің шығыстары бойынша толтырылады;

      3) операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы бойынша 1.4, 1.11, 1.12, 1.13, 1.14 және 1.17-кестелер 1.1, 1.2, 1.3, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8, 1.9, 1.10, 1.15 және 1.16-кестелерден деректерді көшіру жолымен толтырылады;

      4) 1.18 және 1.19-кестелерде республикалық бюджет бойынша ақша қаражатының қозғалысы туралы болжамды шоғырландырылған есептің көрсеткіштері (тікелей әдіс) қалыптастырылады;

      5) 1.20 және 1.21-кестелерде республикалық бюджет бойынша қаржылық қызмет нәтижесі туралы болжамды шоғырландырылған есептің көрсеткіштері қалыптастырылады;

      6) активтер мен міндеттемелердегі өзгерістер бойынша 1.22, 1.23, 1.24, 1.25, 1.26 және 1.27-кестелер 1.3, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8, 1.9, 1.10, 1.15 және 1.16-кестелер деректерінің негізінде толтырылады;

      7) 1.28 және 1.29-кестелерде республикалық бюджет бойынша қаржылық жағдай туралы болжамды шоғырландырылған есептің көрсеткіштері қалыптастырылады;

      8) 1.30 және 1.31-кестелерде таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы болжамды шоғырландырылған есептің көрсеткіштері қалыптастырылады.";

      осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 7, 8 және 9-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірініші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 4 ақпандағы
№ 102 бұйрығына
1-қосымша
  Республикалық бюджет
бойынша болжамды
шоғырландырылған қаржылық
есептілікті жасау қағидаларына
7-қосымша
  МС-РБ нысан

      ___________ жыл үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш жөніндегі ақпарат (факт, бағалау, болжам)*

  мың теңге

р/с №

Көрсеткіштердің атауы

Кезең басындағы борыш

Қарыздар түсімі

Борышты өтеу

Бағамдық айырма және өзге де түзетулер

Кезең соңындағы борыш (3-баған қосу 4-баған алу 5-баған алу 6-баған қосу / 7-баған алу)

Сыйақы сомасы _______ жылда

республикалық бюджеттен

басқа көздерден

есептелгені

төлеуге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышы, барлығы, оның ішінде:









1.1

ішкі (барлығы, оның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздар түрлері бойынша және басқалар)









1.1.1









1.2

сыртқы (барлығы, оның ішінде кредит берушілер бойынша)









1.2.1









2

Мемлекет кепілдік берген борыш барлығы, оның ішінде









2.1

ішкі









2.2

сыртқы









3

Мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш, барлығы оның ішінде









3.1

ішкі









3.2

сыртқы









4

үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш жиыны (1 жол+2 жол+ 3 жол), оның ішінде:









4.1

ішкі (1.1-жол+2.1-жол+3.1-жол)









4.2

сыртқы (1.2-жол+2.2-жол+3.2-жол)









      Анықтама ретінде: кезеңнің басына теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы ___________, кезеңнің соңына теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы ___________

      * Ескертпе: МС-РБ нысаны есепті қаржы жылы (факт) үшін, ағымдағы қаржы жылы (бағалау) үшін, жоспарланатын кезеңнің әрбір жылы (болжам) үшін жеке жасалады

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірініші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 4 ақпандағы
№ 102 бұйрығына
2-қосымша
  Республикалық бюджет
бойынша болжамды
шоғырландырылған қаржылық
есептілікті жасау қағидаларына
8-қосымша

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша мемлекеттік міндеттемелер жөніндегі ақпарат ___________ жыл (факт, бағалау, болжам)*

  мың теңге

р/с №

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының атауы, шарттың нөмірі мен жасалған және қазынашылықта тіркелген күні, төлем кезеңі (күні және жылдардың жалпы саны)

Концессия объектілері бойынша инвестициялық шығындар өтемақысының басталған жылы

Мемлекеттік қолдау шаралары

Шарт бойынша мемлекеттік міндеттемелердің сомасы

Өтемақы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің және концессия объектілері бойынша инвестициялық шығындардың сомасы

Кезең басындағы өтелмеген мемлекеттік міндеттемелердің қалдығы

_____жыл үшін мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге төлемдер сомасы

Кезең соңындағы өтелмеген мемлекеттік міндеттемелердің қалдығы***

Жобаны іске асыру басталғаннан бастап төленген мемлекеттік міндеттемелердің сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1. Концессия шарттары бойынша

1.1




Инвестициялық шығындарды өтеу







Операциялық (пайдалану) шығындарды өтеу


ХХХ





Өзге де төлемдер **


ХХХ





Жиыны







1.2





















100

Х

Х

Концессия шарттары бойынша міндеттемелердің барлығы, оның ішінде:







101

Х

Х

Инвестициялық шығындарды өтеу







102

Х

Х

Операциялық (пайдалану) шығындарды өтеу


ХХХ





103

Х

Х

Өзге де төлемдер **


ХХХ





2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша

2.1



ХХХ

Инвестициялық шығындарды өтеу


ХХХ





Операциялық шығындарды өтеу


ХХХ





Өзге де төлемдер **


ХХХ





Жиыны


ХХХ





2.2





ХХХ





200

Х

Х

Өзге де мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша міндеттемелердің барлығы, оның ішінде:


ХХХ





201

Х

Х

Инвестициялық шығындарды өтеу


ХХХ





202

Х

Х

Операциялық шығындарды өтеу


ХХХ





203

Х

Х

Өзге де төлемдер **


ХХХ





      *Ескертпе: ведомство және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері есепті қаржы жылы үшін (факт), ағымдағы қаржы жылы үшін (бағалау), қазынашылықта тіркелген мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша жоспарланатын кезеңнің әрбір жылы үшін (болжам) жеке жасалады.

      **Ескертпе: өзге төлемдерге инвестициялық және операциялық шығындардың өтемақысын қоспағанда, сыйақылар сомасы, концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлем және "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңына және "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес айқындалған өзге де төлемдер енгізіледі.

      *** Ескертпе: 10-баған бойынша деректерді есептеу:

      - мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге төлемдерді жүзеге асырудың бірінші жылында концессия шарттары бойынша инвестициялық шығындар өтемақысының деректері тең: 7-баған алу 9-баған;

      - мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге төлемдерді жүзеге асырудың бірінші жылында концессия шарттары және өзге де мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша операциялық (пайдалану) шығындар мен өзге де төлемдер өтемақысының деректері тең: 6-баған алу 9-баған;

      - мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге төлемдерді жүзеге асырудың екінші жылы және кейінгі жылдары концессия шарттары және басқа да мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша инвестициялық, операциялық (пайдалану) шығындар мен өзге де төлемдер өтемақысының деректері тең: 8-баған алу 9-баған

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірініші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 4 ақпандағы
№ 102 бұйрығына
3-қосымша
  Республикалық бюджет
бойынша болжамды
шоғырландырылған қаржылық
есептілікті жасау қағидаларына
9-қосымша
  БК-РБ нысан

      _______ жылғы республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша ақпарат (факт, бағалау, болжам)*

  мың теңге

р/с №

Көрсеткіштердің атауы

Шарт бойынша бюджеттік кредиттің сомасы

Кезең басындағы негізгі борыштың қалдығы

_____жылға бюджеттік кредиттер беру

_______ жылғы өтеу

Кезең соңындағы негізгі борыштың қалдығы

_____жыл үшін алуға сыйақы сомасы

есептелген

алынған

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.

Бюджеттік кредиттер, оның ішінде:








1.1

мамандандырылған ұйымдарға








1.2

жергілікті атқарушы органдарға








1.3

шетел мемлекеттеріне








1.4

жеке тұлғаларға








      * Ескертпе: БК-1 РБ нысаны есепті қаржы жылы (факт) үшін, ағымдағы қаржы жылы (бағалау) үшін, жоспарланатын кезеңнің әрбір жылы (болжам) үшін жеке жасалады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады