БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік қызметшінің жеке ісін жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесінде:
9) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"9) мемлекеттік қызметші қол қойған ант мәтіні бар бланк (түпнұсқа мемлекеттік қызметші ант қабылдаған мемлекеттік органда ғана сақталады. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізіміне ант бергені туралы тиісті жазба енгізіледі.).
Қазақстан Республикасының Президентімен лауазымға тағайындалатын мемлекеттік қызметшінің ант мәтіні бар бланкінің түпнұсқасы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде сақталады;
11) мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдану және оны мерзімінен бұрын алып тастау (бар болған жағдайда) туралы уәкілетті адамның актілері;";
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) мемлекеттік қызметші туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органнан "Е-қызмет" ақпараттық жүйесі арқылы сұратылатын құқық бұзушылықтар жөніндегі мәліметтер;";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) осы тізбенің қосымшасына сәйкес нысан бойынша өмірбаян;";
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"17) мемлекеттік қызметшінің жеке, этикалық және кәсіби қасиеттеріне қатысты, оның кәсіби қызметімен байланысты жеке жетістіктері туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшіні лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар адамнан немесе мемлекеттік органның бірінші басшысынан, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттік органның, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының лауазымды адамдарынан кәсіби қызметіне қатысты наразылық туралы мәліметтер;";
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
"17-1) мемлекеттік қызметшіні оқыту туралы мәліметтер;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы тізбенің 1-тармағы 11), 11-1), 12, 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшаларында көрсетілген деректер тек қана "Е-қызмет" ақпараттық жүйесінде оларды қағаз түрінде сақтамай жүргізіледі.".
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
"5. Мемлекеттік қызметші туралы мәліметтерді "Е-қызмет" ақпараттық жүйесінде өзектендіруді персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жүзеге асырады.
6. Осы тізбеде көзделген дербес деректерді жинау, өңдеу және сақтау дербес деректер саласындағы заңнама талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.";
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет өткеру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
Д. Жазықбай |
ӨМІРБАЯН АВТОБИОГРАФИЯ
1. Тегі____________________________________________________________________
Фамилия
Аты _____________________________________________________________________
Имя
Әкесінің аты ______________________________________________________________
Отчество
2. _______________________________________________________________________
тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын өзгерткен болсаңыз, қашан, қайда және қандай себеппен өзгерткеніңізді көрсетіңіз
если изменяли фамилию, имя или отчество, то укажите их, а также когда, где и по какой причине изменяли
3. Туған күні, айы және жылы ________________________________________________
Число, месяц и год рождения
4. Туған жері _____________________________________________________________
Место рождения (село, ауыл, қала, аудан, облыс, өлке, республика)
(село, деревня, город, район, область, край, республика)
5. Азаматтық ______________________________________________________________
Гражданство
6.______________________________________________________________________
(дата и причина изменения гражданства (в случае его изменения)
(дата и причина изменения гражданства (в случае его изменения)
7. Еңбек жолы / Трудовая деятельность
Айы және жылы |
Қызметі, мекеме, ұйым, кәсіпорын, ауысу себебі, сондай-ақ министрлік (ведомство) қоса көрсетілсін |
Функционалдық бағыты | |
келген |
кеткен | ||
*Ескертпе. Аталған бөлімдегі мәліметтер жүйеде ұсынылған тізім бойынша мемлекеттік қызметшімен толтырылады.
8. Қарулы Күштер қатарына қызмет етуге қашан шақырылды, қайда және қандай қызмет атқарды / Когда и кем призывался на службу в Вооруженные Силы, где и в качестве кого проходил службу
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
9. Жақын туыстарыңыз / Ваши близкие родственники
Туысқандық деңгейі |
Тегі, аты, әкесінің аты |
Туған кезі, туған жері |
ЖСН |
Азаматтығы |
Тұрғылықты |
Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер (қашан, не үшін, заңның немесе өзге де актінің бабы) |
*Ескерпе. Бұл деректерді мемлекеттік қызметші олардың бар болған жағдайында толтыра алады.
*Примечание. Данные сведения могут быть указаны государственным служащим при их наличии.
Егер туысқандарыңыз фамилиясын, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, олардың бұрынғы тегін, атын, әкесінің атын қоса көрсетіңіз. Сонымен қатар, жұбайы (ері) мен жақын туыстарының азаматтығын өзгерту күндері мен себептерін (оны өзгерткен жағдайда) көрсету қажет.
Если родственники изменяли фамилию, имя, отчество, то необходимо указать их прежние фамилию, имя, отчество. Также необходимо указать даты и причины изменения гражданств супруги (супруга) и близких родственников (в случае его изменения)
Осы тармақта жақын туыстар деп ата-аналар (ата-ана), балалар, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілілер мен апалы-сіңлілілер, атасы, әжесі, немерелері танылады.
Под близкими родственниками в настоящем пункте признаются родители (родитель), дети, усыновители (удочерители), усыновленные (удочеренные), полнородные и неполнородные братья и сестры, дедушка, бабушка, внуки.
"_____"_____________________20_____г. Өзінің қолы _______________
(толтырылған күні / дата заполнения) Личная подпись
Ескертпе:
1. Өмірбаянның 1, 3, 5-тармақтары "Е-қызмет" ақпараттық жүйесімен автоматты түрде толтырылады.
2. Өмірбаянға мемлекеттік қызметшінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.
___________________
Мемлекеттік қызметшінің қызметтiк тiзiмі Послужной список государственного служащего
Т.А.Ж. (болған жағдайда) / Ф.И.О. (при наличии) 1 ____________________________________________________________________ |
цветное фото, | |||
Жұмыс орны, лауазымы, санаты / Место работы, должность, категория ________________________________________________________________ | ||||
ЖСН / ИИН 1 ____________________________ | ||||
Туған кезі / Дата рождения | ||||
Туған жері / Место рождения | ||||
Ұлты / Национальность | Білімі / Образование | |||
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы / Год окончания и наименование учебного заведения | ||||
Мамандығы / Специальность | ||||
Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками | Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы / Ученая степень, ученое звание | |||
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары және мерекелік медальдары / Государственные награды, почетные звания и юбилейные медали | ||||
Арнайы тексеру нәтижелері/ | Әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені, біліктілік сыныбы, дипломатиялық дәрежесі (жыл) / Воинское, специальное звания, классный чин, квалификационный класс, дипломатический ранг (год) | |||
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртiптiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет / Сведения о наложении дисциплинарных взысканий за совершение дисциплинарных проступков, дискредитирующих государственную службу | Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет / Сведения о наложении административных взысканий за совершение коррупционных правонарушений | |||
Жалпы еңбек өтілі / Общий трудовой стаж | Мемлекеттік қызметшінің ант берген күні / Дата принесения присяги государственным служащим | |||
Мемлекеттік қызмет өтілі / Стаж государственной службы | Отбасылық жағдайы / Семейное положение | |||
ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ | ||||
Күні / Дата | қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность, место работы, местонахождение организации | |||
қабылданған / приема | босатылған / увольнения | |||
Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметiнiң) басшысы / Руководитель службы управления персоналом (кадровой службы):
_______________________________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество (при наличии)
Қолы/Подпись __________________ _______ жыл/год "__" _____________ айы/месяц
Ескертпе:
1. Қызметтік тізім "Е-қызмет" ақпараттық жүйесімен қалыптастырылады.
2. Қызметтік тізімнің әрбір парағы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) мөрімен куәландырылады.
3. "Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы" бағанында деректер хронологиялық тәртіпте оқуды бітірген күннің алғашқы күнінен бастап соңғысына қарай дәйекті түрде толтырылады.
4. "Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары және мерекелік медальдары" бағанында сәйкес наградалар, атақтар мен медальдардың атаулары берілген хронологиялық тәртіпте оларды берген алғашқы күнінен бастап соңғысына қарай дәйекті түрде толтырылады.
5. "Әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені, біліктілік сыныбы, дипломатиялық дәрежесі (жыл)" бағанында жақшаның ішінде соңғы арнайы атақтың, сыныптық шеннің, біліктілік сыныптың, дипломатиялық дәреженің берілген жылы көрсетіледі.
6. "Арнайы тексеру нәтижелері" бағанында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары хатының күні мен нөмірі көрсетіледі.
7. "Мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртiптiк жазалар қолданылғаны туралы мәлiметтер" және "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жазалар қолданылғаны туралы мәлiметтер" бағандарында қызметтік тізім куәландырылған күннен бастап соңғы 3 жыл ішінде жазалардың бары (жоқтығы) туралы деректер (құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары хатының күні мен нөмірі) көрсетіледі. Тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастаған жағдайда жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы актінің қабылданған күні көрсетіледі.
8. "Отбасылық жағдайы" бағанында келесі мәртебелердің бірі көрсетіледі: бойдақ/тұрмыста емес, үйленген/тұрмыста, ажырасқан, жесір. Сонымен бірге, аталған бағанда балалардың (барболған жағдайда) саны және олардың туған күні көрсетіледі.
9. Бағандар бойынша ақпарат болмағанда дефис көрсетіледі.
_______________