ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшаларына және "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 89-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес техникалық байқау операторының қызметін жүзеге асыруға рұқсат алу үшін өтініш нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес техникалық байқау операторының қызметін жүзеге асыруға рұқсат нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидалары және Техникалық байқау операторларының қызметін жүзеге асыру қағидалары.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 16 мамырдағы № 152 Бұйрыққа 1-қосымша |
|
Нысан |
Техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыруға рұқсат алу үшін өтініш
___________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
(пошта индексі, ел, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі (стационарлық үй-жай)
Электрондық пошта______________________________________________
Телефон________________________________________________________
1. Стационарлық желі техникалық қарап-тексеру желісін ашуға арналған жылжымайтын мүлік туралы мәліметтер:
Меншік құқығындағы үй-жайлар немесе ғимараттар немесе жалға алу шарты немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану шарты (несие) немесе мүлікті сенімгерлік басқару немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты:
Жылжымайтын мүлік объектісін (өндірістік базаны) тіркеу туралы мәліметтер:
1) Кадастрлық нөмір _____________________________________________
2) Орналасқан жері_______________________________________________
3) Жалдау туралы шарттың нөмірі: ______________________________________
4) Жалдау туралы шарттың күні_________________(шарттың мерзімі көрсетіледі)
2. Техникалық байқаудың ұтқыр желісін ашуға арналған көлік құралы туралы мәліметтер автокөлік құралының мемлекеттік нөмірі және автомобиль маркасы.
3. Станция мәлімделген қызмет түрін орындау үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған:
роликті тежегіш стенді;
люфтомер;
газ анализаторы және түтін өлшегіш;
фаралардың жарығын тексерудің электронды құралы;
руль мен суспензия бөлшектеріндегі ойынды тексеруге арналған тестер;
сызғыш;
рулетка;
штангенциркуль;
секундомер;
көлік құралдарының газбен қоректендіру жүйесінің герметикалығын тексеруге арналған аспап;
әйнектің жарық өткізгіштігін тексеруге арналған аспап;
шу өлшегіш
сипаттамасы, бар _______________________________________________
4. Кәсіпорынның штат кестесіне сәйкес қолданылатын жабдықта жұмыс істеу үшін білікті персоналдың болуы:
1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________
2) осы ұйымда __ бастап жұмыс істейді (күнін, айын, жылын көрсету)
3) аттестатталған, кәсіпорында оқытылған (күні, айы, жылы) ___________
5. Стационарлық техникалық қарап-тексеру желісін ашу кезінде "Міндетті техникалық қарап-тексеру" "Автомотокөлік құралдары" ҚР СТ 1811-2018 талаптарына сәйкес келетін жабдығы бар жылжымайтын ғимарат (ғимараттың сыртынан және ішінен 10 фотосурет санымен қоса).
6. Техникалық қарап-тексеру ұтқыр желісін ашу кезінде "Міндетті техникалық қарап-тексеру" "Автомотокөлік құралдары" ҚР СТ 1811-2018 талаптарына сәйкес келетін жабдығы бар көлік құралы (сыртынан және ішінен 10 фотосурет санымен қоса).
Сипаттамасы, бар _______________________________________________
7. Ұсынылған құжаттардың болуын және дұрыстығын өтініш беруші растайды.
8. Көрсетілетін қызметті алушы рұқсат беру кезінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелердегі қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.
_______________________________________________________________
Басшы _________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Толтыру күні: "___" _________ 20 _____жыл
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 16 мамырдағы № 152 Бұйрыққа 2-қосымша |
Рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
1 | Талаптарға мыналар кіреді | Талаптарға сәйкестігі | Ескерту |
2 | заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін-меншік құқығындағы үй-жайлар немесе ғимараттар немесе жалға алу шарты немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану шарты (несие) немесе мүлікті сенімгерлік басқару немесе міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру стандарттарына сәйкес келетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты | жылжымайтын мүлік ҚР СТ 1811-2018 "Автомотокөлік құралдары" "Міндетті техникалық қарап-тексеру" талаптарына сәйкес болуы тиіс | меншік құқығын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші жалға алу шарттарын, жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану шартын (несие), мүлікті сенімгерлік басқару шарттарын, бір жылдан кем мерзімге жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын қоспағанда, "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесінен, "Е лицензиялау" интеграцияланған дерекқорынан алады, олар құжаттың электрондық көшірмесі түрінде |
3 | міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін – жұмыс істеп тұрған жабдықтар, аппаратуралар мен құралдар, аспаптар, Көлік және басқа да құралдар (қажет болған жағдайда) | Жабдық ҚР СТ 1811-2018 "Автомотокөлік құралдары" "Міндетті техникалық қарап-тексеру" талаптарына сәйкес болуы тиіс | |
4 | механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелеріне міндетті техникалық қарап-тексеру жүргізуді жүзеге асыратын техникалық байқау операторының білікті қызметкері | қызметкердің орта білімі (техникалық немесе кәсіптік білімі) немесе техникалық байқау маманы курсын аяқтағаны туралы сертификаты болуы керек | орта білім туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші 2015 жылға дейін бітірген адамдарды, сондай-ақ білім туралы құжаттың электрондық көшірмесін ұсынатын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде бітірген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық жүйесінен (2015 жылдан бастап мәліметтерді) алады |
5 |
жабдықтар мен өлшеу құралдары: | Жабдық ҚР СТ 1811-2018 "Автомотокөлік құралдары" "Міндетті техникалық қарап-тексеру" талаптарына сәйкес болуы тиіс | барлық жабдықта құжаттың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылатын тексеру сертификаттары болуы керек |
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 16 мамырдағы № 152 Бұйрыққа 3-қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасының Гербі Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАРАП-ТЕКСЕРУ ОПЕРАТОРЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА РҰҚСАТ
Тіркеу №_________________________ "____" __________ 20___ жылғы
Куәлік иесі____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Жеке тұлға мен заңды тұлғаның атауы және ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны)
Орналасқан мекенжайы бойынша _______________________________________
____________________________________________________________________
(Заңды тұлға мен жеке кәсіпкер үшін – заңды мекенжайы)
Осы рұқсат оның иесін техникалық байқау операторының қызметін жүзеге асыруға растайды.
Рұқсат берілді
____________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),
берілген уақыты)
Рұқсаттың қолданылу мерзімі мерзімсіз
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 16 мамырдағы № 152 Бұйрыққа 4-қосымша |
Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидалары және техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Рұқсат беру рәсімдерін және техникалық байқау операторларының қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73, 91-баптарына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Техникалық байқау операторының қызметіне рұқсат беру" (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар рұқсат беру бақылауын жүзеге асыруға рұқсат беру рәсімдерін, сондай-ақ өтініш берушілерге техникалық бақылау операторының қызметіне рұқсат алу үшін жүгінген кезде қойылатын рұқсат беру талаптарын регламенттейді.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне рұқсат көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган берген иеліктен шығарылмайтын, мерзімсіз рұқсат;
2) көрсетілетін қызметті алушы – жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғалар;
3) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары;
4) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті;
5) техникалық қарап-тексеру орталығының маманы – орта білімі (техникалық және кәсіптік білім) немесе техникалық қарап-тексеру маманы курсын аяқтағаны туралы сертификаты бар механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізуді жүзеге асыратын техникалық қарап-тексеру операторының қызметкері;
6) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – ЭЦҚ құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Техникалық байқау операторларының рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру тәртібі
4. "Техникалық қарап тексеру операторының қызметіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада баяндалған (бұдан әрі – Тізбе).
5. Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асыру үшін дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Тізбеде көрсетілген және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттарды қоса бере отырып, осы Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық байқау операторының қызметін жүзеге асыруға рұқсат алу үшін өтінішті Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жібереді.
6. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы және цифрлық құжаттар сервисінен мәліметтер алады:
1) көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға не дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы;
2) меншік құқығын немесе жалға алу шартын немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану шартын (несие) немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын (ЭҮШ мәліметтері болған жағдайда) куәландыратындар;
3) орта білімнің болуы туралы (техникалық немесе кәсіптік білім).
8. Тізбеде көрсетілген ұсынылған құжаттардың және портал арқылы келіп түскен цифрлық құжаттар сервисінен алынған мәліметтердің толықтығын көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексереді.
9. Тізбеде көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды (еркін нысанда) береді.
10. Егер құжаттар Тізбеге сәйкес толық көлемде ұсынылса, көрсетілетін қызметті беруші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес тәртіп бойынша қызметті жүзеге асыруға алғаш рет мәлімделген өндірістік базада 4 (төрт) жұмыс күні ішінде (рұқсат берілгенге дейін) рұқсат беру бақылауын жүргізеді.
11. Тізбеге сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама берілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші техникалық байқау операторының қызметіне рұқсат беруді жүзеге асырады не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
12. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес қажетті құжаттардың тізбесі және осындай құжаттарды ресімдеу туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда ұсынады.
13. Рұқсат беру бақылауы қызметті жүзеге асыруға алғаш рет мәлімделген бақылау объектісіне шыға отырып, профилактикалық бақылау тәртібінде жүзеге асырылады.
Бақылау объектісіне барудың уақыты мен күні туралы көрсетілетін қызметті алушыға ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе өтініште көрсетілген электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарлама жіберу арқылы не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып, бару басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын хабарланады.
14. Рұқсат беру бақылауы барысында (өндірістік базаға бару кезінде) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына, оның ішінде Тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтер бойынша сәйкестігін тексереді.
15. Рұқсат беру бақылауы аудио-, фото-немесе бейнетіркеуді қолдана отырып жүргізіледі, жазбалар көрсетілетін қызметті берушінің "лицензиялау порталы" ішкі ақпараттық жүйесінде сақталады.
16. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің біліктілік және рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды жасай отырып, Тізбеге сәйкес нысан бойынша рұқсат беру бақылауының қорытындысында көрсетілетін қызметті берушінің атауы, рұқсат беру бақылауын жүргізген маманның деректері (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жұмыс орны, лауазымы), бақылау объектісінің деректері (орналасқан жерінің мекенжайы, көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті тұлғасы) көрсетіледі.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту электрондық нысанда 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылады, порталға жіберіледі және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.
18. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
19. Рұқсат берген көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Excel нысанындағы техникалық байқау операторының қызметіне берілген рұқсаттар бойынша электрондық есепке алу журналын жүргізеді.
3-тарау. Техникалық байқау операторларының қызметті жүзеге асыру тәртібі
20. Техникалық байқауды техникалық байқаудың стационарлық және (немесе) мобильді желілерін пайдалана отырып, техникалық байқау операторы жүргізеді.
21. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11333 болып тіркелген) Көлік құралдарын техникалық қарап тексеруді Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес көлік құралдарын техникалық қарап тексеру операторының қызметіне екінші санаттағы рұқсатты алған күннен бастап техникалық қарап тексеру операторлары жүзеге асырады.
4-тарау. Көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
22. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Көрсетлетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым (көрсетілетін қызметті берушінің) атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға (немесе) лауазымды адамға) келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күннен кешіктірмей жібереді. Шағымды көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) қолайлы акт қабылдаған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда жібермейді.
23. Шағым мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес (көрсетілетін қызметті алушының) қаралуға тиіс:
Көрсетілетін қызметті беруші – ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күннен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1)шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2)қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) шағым берген көрсетілетін қызмет алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабардар етеді.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қаидалары және техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша |
"Техникалық қарап тексеру операторының қызметіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | "Техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне рұқсат беру" |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары. |
3 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы қабылдау және беру |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне рұқсат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап – 8 (сегіз) жұмыс күні. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
7 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен мәліметтері |
1) Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық нысандағы өтініш. |
10 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қаидалары және техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Өтініш берушінің біліктілік және рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындылар
қала______________ "___"____________20___жыл
Техникалық қарап-тексеру операторының атауы ____________________________
Объектінің орналасқан мекенжайы _______________________________________
Техникалық қарап-тексеру операторының жабдық пен ғимараттың (мобильді автокөлік құралының) болуы бойынша осы бұйрықтың талаптарына "Міндетті техникалық қарап-тексеру" "Автомотокөлік құралдары" ҚР СТ 1811-2018 стандартының талаптарына сәйкестігін тексерді.
р/с № | Жабдық, ғимарат | Сәйкес | Сәйкес емес |
1 | Ғимарат, стационарлық желі | ||
2 | Мобильді желі (автокөлік) | ||
3 | Роликті тежегіш стенді | ||
4 | Люфтомер | ||
5 | Газ анализаторы | ||
6 | Түтін өлшегіш | ||
7 | Фаралардың жарығын тексерудің электронды құралы | ||
8 | Рульмен басқару және ілгіштің бөлшектерінде люфтілерді тексеру тестілері | ||
9 | Сызғыш | ||
10 | Рулетка | ||
11 | Штангенциркуль | ||
12 | Секундомер | ||
13 | Көлік құралдарының газбен қоректендіру жүйесінің герметикалығын тексеруге арналған аспап | ||
14 | Көлік құралдарының газбен қоректендіру жүйесінің герметикалығын тексеруге арналған аспап | ||
15 | Шу өлшегіш | ||
16 | Нәтижесінде қорытынды бағалау |
Уәкілетті органның өкілдері:
1. ТАӘ ____________________________ ________________ қолы _________
сәйкес/сәйкессіздік
2. ТАӘ ____________________________ _______________ қолы _________
сәйкес/сәйкессіздік
3. ТАӘ ____________________________ _______________ қолы _________
сәйкес /сәйкессіздік
Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидалары және техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша |
Техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне берілген рұқсаттар бойынша электрондық есепке алу журналы
р/с № | Техникалық қарап-тексеруопера ларының атауы | Мекенжайы (индексі, облысы, ауданы, қаласы (кент, ауыл), көше, үй), Байланыс телефондары, опера-лық тексеру электрондық поштасының мекенжайы | Техникалық қарап-тексерудің стационарлық желісінің орналасқан жері | Техникалық қарап-тексерудің стационарлық немесе мобильді желісінің жұмыс режимі | Бастапқы тексерудің нөмірі мен күнін көрсете отырып, кон-трольдік-диагностикалық жабдық, сондай-ақ өлшем құралдарын тексеруді ұйымдастырудың орны мен атауын көрсете отырып, өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттың нөмірі мен күнін көрсете отырып, кезеңдік тексерулер бойынша мәліметтер | Стационарлық техникалық қарап-тексеру желісінің жерге кадастрлық нөмірі, үй-жайды жалға алған жағдайда жалға алу шартының нөмірі мен жасалған күні, жалға алу мерзімі және жалға алынған үй-жайдың жеріне кадастрлық нөмірі көрсетіледі | Техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне берілген рұқсаттың нөмірі мен күні | Техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне рұқсаттың қолданысы тоқтатылған күн |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |