"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық қорғаныс" кәсіби стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 333 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32864 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі