Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 117-бабы 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Азаматтық қорғаныс" кәсіптік стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
С. Шарипханов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2023 жылғы 21 маусымдағы № 333 Бұйрығымен бекітілген |
Азаматтық қорғаныс" кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Азаматтық қорғаныс" кәсіптік стандарты (бұдан әрі – КС) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабының 2-1-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, білім беру ұйымының қызметкерлері мен түлектерін сертификаттауға және персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттердің шешімдеріне арналған.
2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер қолданылады:
1) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
2) еңбек қызметінің түрі – сабақтарды кәсіби стандарт (кәсіптерді/лауазымдарды) біріктіретін технологиялық процестің бөлінген аяқталған кезеңі;
3) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты әрекеттер жиынтығы;
4) кәсіби міндет (міндет) – бірлі жарым әрекеттерді орындау үшін функцияны декомпозициялауға мүмкіндік беретін еңбек функциясының элементі;
5) мамандық – арнайы дайындық нәтижесінде алынған және білім туралы тиісті құжаттармен расталған белгілі бір білімді, дағдыларды және практикалық дағдыларды қажет ететін адамның еңбек қызметінің негізгі кәсібі;
7) білім – оқыту және жеке тәжірибе арқылы ақпаратты игеру нәтижесіне бағалау жүргізілетін оқыту немесе жұмыс саласына, біліктілік компонентіне қатысты фактілер, қағидаттар, теория мен практика жиынтығы;
8) іскерліктер – іс-әрекетті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімді қолдану және құзыреттілік көрсету қабілеті (логикалық, интуитивті, шығармашылық және практикалық ойлауды қолдану).
9) құзыреттілік – қызметкердің кәсіби және еңбек қызметінде білімін, іскерлігін және тәжірибесін қолдану қабілеті;
10) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға әзірлік дәрежесі, оның білімі, іскерлігі мен дағдылары;
11) біліктілік деңгейі – күрделілік, стандартты емес еңбек әрекеттері, жауапкершілік және дербестік параметрлері бойынша сараланған қызметкердің дайындығы мен құзыреттілігі деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы. Біліктілік деңгейі ұлттық және салалық біліктілік шеңберлері дескрипторларының деңгейі мен мазмұнына сәйкес келеді;
12) бакалавриат – тиісті мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары;
13) магистратура – жоғары оқу орнынан кейінгі білім, оның білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша "магистр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған;
14) білім беру ұйымдары – техникалық және кәсіптік, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары, сондай-ақ жұмыс берушілердің салалық қауымдастықтарының білім беру ұйымдары;
15) азаматтық қорғаныс – Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнінде бейбіт уақытта және соғыс уақытында жүргізілетін жалпымемлекеттік іс-шаралар кешенін іске асыруға арналған азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі;
16) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары қоры – азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде қорғау үшін арнайы жабдықталған және соған арналған инженерлік құрылыстар жиынтығы;
17) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы – халықты қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен қорғау үшін арнайы жабдықталған және соған арналған инженерлік құрылыс;
18) азаматтық қорғау күштері – азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері, азаматтық қорғау құралымдары, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның авиациясы, жағдайды байқау, бақылау және болжау қызметтері;
19) басқару пункттері – азаматтық қорғаудың басқару органдарын орналастыруға және олардың жұмысын қамтамасыз етуге арналған, техникалық құралдармен, тіршілікті қамтамасыз ету элементтерімен арнайы жабдықталған және жарақталған, мемлекеттік органдардың құрылыстары немесе көлік құралдары;
20) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдар – зақымдаушы (қирату) факторлары адамдарды, жануарлар мен өсімдіктерді зақымдауға, объектілерді бүлдіруге немесе қиратуға, қайталама зақымдау факторларының пайда болуына есептелген, жаппай жою қаруын және қарапайым зақымдаушы құралдарды, оның ішінде зымырандық, авиациялық және атыс қаруын қамтитын құрылғылар мен құралдар;
21) эвакуациялық іс-шаралар – бейбіт уақытта және соғыс уақытында азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың жұмыскерлерін бөліп орналастыру, қалалар мен төтенше жағдай аймақтарынан халықты және материалдық құралдарды эвакуациялау.
2-тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты
3. Кәсіби стандарттың атауы: "Азаматтық қорғаныс".
4. Кәсіби стандартты әзірлеудің мақсаты: кәсіби қызметтің мазмұны мен сапасына бірыңғай талаптарды біріздендіру, белгілеу және қолдау, азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын айқындау. Азаматтық қорғаныс саласындағы мамандарға қажетті дағдыларды, дағдыларды және білімді сипаттау.
5. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі маманның кәсіби құзыреті саласында, азаматтық қорғаныс саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес болуы және сәйкес келуі тиіс білім мен дағдылар бөлігінде талаптарды белгілейді.
6. Кәсіптік топ: "Қорғаныс қызметі".
7. КС кадрларды бағалау, аттестаттау, сертификаттау және біліктілікті растау, даярлау және қайта даярлау үшін негіз ретінде қолданылады және пайдаланушылар:
1) қызметкерлер – саладағы мамандыққа қойылатын талаптарды түсіну, өзінің біліктілігін арттыруды және мансаптық жоғарылатуды жоспарлау үшін;
2) жұмыс берушілер – жұмыскерлерге қолданылатын талаптарды, нұсқаулықтарды, міндеттерді әзірлеу, персоналды жалдау және аттестаттау кезінде өлшемшарттарды қалыптастыру, сондай-ақ кадрлардың біліктілігін арттыру, дамыту, ілгерілету және ротациялау бағдарламаларын жасау үшін;
3) сертификаттау және біліктілік беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (органдар) – персоналды сертификаттау кезінде бағалау материалдарын әзірлеу және сәйкестік деңгейі бойынша қызметкерлердің біліктілік өлшемшарттарын әзірлеу үшін;
4) мемлекеттік органдар – КС-ны еңбек нарығын мониторингтеу және болжау үшін өлшемшарттар ретінде пайдалану үшін кең ауқымда пайдалануға арналған.
3-тарау. Мамандықтар карточкасы
8. Кәсіптерінің тізбесі:
азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі маман, салалық біліктілік шеңберіндегі 6 және 7 деңгейлер.
Мамандықтар карточкасы осы кәсіптік стандартқа қосымшаларда келтіріледі.
"Азаматтық қорғаныс" кәсіптік стандартына қосымша |
"АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНЫ" МАМАНДЫҒЫНЫҢ КАРТОЧКАСЫ | ||
Мамандық коды | ||
Топ коды | 2149-3 | |
Мамандықтар атауы | Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі маман | |
Салалық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі (бұдан әрі – СБШ) | 6-7 | |
Кәсіптік білім беру деңгейі | Жоғары, бакалавриат, магистратура. | |
Еңбек функциялары | 1. Техникалық құжаттамамен жұмыс, азаматтық қорғаныс, еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білу. | |
2. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу. | ||
3. Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату. | ||
Еңбек функциясы 1 |
Іскерліктер мен дағдылар: | |
Білім: | ||
Еңбек функциясы 2 |
Іскерліктер мен дағдылар: | |
Білім: | ||
Еңбек функциясы 3 |
Іскерліктер мен дағдылар: | |
Білім: | ||
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар |
ұйымдастырушылық қабілеттер; | |
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы | СБШ деңгейі |
Азаматтық қорғаныс, жұмылдыру жұмысы және өрт қауіпсіздік инженері; |
Кәсіби стандартты техникалық деректер | ||
Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы | 1 Ңұсқа, 2023 жыл | |
Қайта қарау шамасының күні | 2026 жыл |