БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 қазандағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33584 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларында:
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тапсырыс беруші Өңіраралық схемалардың жобаларын қарауға және келісуге мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп жəне құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі