"Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ бұйрығымен бекітілген Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35356 болып тіркелген) сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласы бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Б. Байкенге жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |
КЕЛІСІЛДІ:
"Астана қаласының Ішкі
саясат басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Астана қаласы әкімінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы № 506-3 қаулысына қосымша |
Астана қаласы бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі
1. Астана қаласы бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ бұйрығымен бекітілген Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35356 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
2. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) масс-медианың көрсетілетін қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.
Көрсетілетін қызметтің әрбір жеке түрі бойынша базалық бағасы осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес айқындалады.
3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:
1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттерде көрсетілетін қызметтің құны;
Bn – газетте орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;
V – газетте орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;
Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін – 1,3;
100 000 данаға дейін – 1,15;
50 000 данаға дейін – 1;
30 000 данаға дейін – 0,9;
20 000 данаға дейін – 0,8;
10 000 данаға дейін – 0,65;
5 000 данаға дейін – 0,5;
2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдарда көрсетілетін қызметтің құны;
Bm – журналда орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;
V – журналда орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;
Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін – 1,2;
10 000 данаға дейін – 1,1;
8 000 данаға дейін – 1;
5 000 данаға дейін – 0,9;
3 000 данаға дейін – 0,8;
1 000 данаға дейін – 0,7.
4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;
Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундының, минутының, данасының базалық бағасы;
V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;
Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:
айына 500 000 кірушіге дейін – 1;
айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;
айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;
айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;
айына 5 000 000 кірушіден астам – 1,4.
5. Теледидарда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидарда көрсетілетін қызметтің құны;
Btv – теледидарда орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундының, минутының, сериясының базалық бағасы;
V – теледидарда орналастырылатын, секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі.
Егер мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде теледидарда көрсетілетін қызметтерді жанрлар бойынша бөлу ескерілмеген жағдайда, теледидарда көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.
6. Радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны;
Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундының, минутының базалық бағасы;
V – радиоарнада орналастырылатын, көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.
____________________________
Астана қаласы бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесіне қосымша |
Астана қаласы бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағасы
№ | Қызметтің атауы | Өлшем бірлігі |
2025 жыл (теңге) |
2026 жыл (теңге) |
2027 жыл (теңге) |
---|---|---|---|---|---|
1. | Қазақстан Республикасының аумағында таралатын баспа басылымындағы (газет) қызмет (ақпараттық материалды (мақала/сұхбат, талдау, лонгрид, фоторепортаж, журналистік зерттеу, очерк, сарапшылық комментарий, инфографика/ коллаж, фото) әзірлеу және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | 1404 | 1453 | 1501 |
2. | Астана қаласының аумағында таралатын баспа басылымындағы (газет) қызмет (ақпараттық материалды (мақала/сұхбат, талдау, лонгрид, фоторепортаж, журналистік зерттеу, очерк, сарапшылық комментарий, инфографика/ коллаж, фото) әзірлеу және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | 1404 | 1453 | 1501 |
3. | Баспа басылымындағы (журнал) қызмет (ақпараттық материалды (репортаж, сұхбат, мақала, шолу, очерк, логотип орналасқан арнайы айдар, инфографика/коллаж, фото) әзірлеу және орналастыру) (Bm) | шаршы сантиметр | 623 | 645 | 667 |
4. | Интернет-ресурстағы қызмет (ақпараттық материалды әзірлеу және орналастыру) (Bi) | символ | 111 | 117 | 124 |
5. | Қазақстан Республикасының аумағында таралатын телеарнадағы қызмет (ақпараттық материал (жаңалықтар сюжеті) әзірлеу және орналастыру) (Btv) | минут | 225 935 | 248 529 | 273 381 |
6. | Қазақстан Республикасының аумағында таралатын телеарнадағы қызмет (деректі фильм әзірлеу және орналастыру) (Btv) | минут | 343 421 | 354 870 | 366 319 |
7. | Радиоарнадағы қызмет (ақпараттық бағдарламаны әзірлеу және орналастыру) (Br) | минут | 2 856 | 2 953 | 3 050 |
8. | Радиоарнадағы қызмет (аудиороликті әзірлеу және орналастыру) (Br) | секунд | 2 393 | 2 474 | 2 555 |
9. | Әлеуметтік желілерде қызмет көрсету (пост орналастыру) (Bi) | пост | 37 502 | 38 755 | 40 005 |