"Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, "Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35356 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | М.Ахметжанов |
Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № А-3/178 қаулысымен бекітілген |
Ақмола облысында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі
1. Ақмола облысында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі (бұдан әрі - әдістеме) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ақмола облысының бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.
2. Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құны (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдарының көрсетілетін қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.
Көрсетілетін қызметтің әрбір жеке түрі үшін базалық баға осы әдістеменің қосымшасында айқындалған.
3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:
1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pn (price) - қосылған құн салығын ескере отырып, газеттерде көрсетілетін қызметтің құны;
Bn - газетте орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;
V - газетте орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;
Kq - газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін – 1,3;
100 000 данаға дейін – 1,15;
50 000 данаға дейін – 1;
30 000 данаға дейін – 0,9;
20 000 данаға дейін – 0,8;
10 000 данаға дейін – 0,65;
5 000 данаға дейін – 0,5;
2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдарда көрсетілетін қызметтің құны;
Bm – журналда орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;
V – журналда орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;
Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін – 1,2;
10 000 данаға дейін – 1,1;
8 000 данаға дейін – 1;
5 000 данаға дейін – 0,9;
3 000 данаға дейін – 0,8;
1 000 данаға дейін – 0,7.
4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;
Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундының, минутының, данасының базалық бағасы;
V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;
Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:
айына 500 000 кірушіге дейін – 1;
айына 1 000 000 кірушіге дейін - 1,1;
айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;
айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;
айына 5 000 000 кірушіден астам -1,4.
5. Телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны;
Btv – телевидениеде орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;
V – телевидениеде орналастырылатын, секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі.
Егер өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде телевидениеде көрсетілетін қызметтерді жанрлар бойынша бөлу ескерілмеген жағдайда, телевидениеде көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.
6. Радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны;
Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундының, минутының базалық бағасы;
V – радиоарнада орналастырылатын, көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.
Ақмола облысында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесіне қосымша |
Ақмола облысында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағалары
№ | Көрсетілетін қызметтің атауы | Өлшем бірлігі | Аумақтың атауы | 2025 жыл (теңге) |
2026 жыл |
2027 және кейінгі жылдар |
1. | Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Қазақстан Республикасы | 650 | 650 | 650 |
2. | Ақмола облысының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр |
Ақмола | 260 | 280 | 300 |
3. | Көкшетау қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Көкшетау қаласы | 168 | 168 | 168 |
4. | Степногорск қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Степногорск қаласы | 140 | 150 | 160 |
5. | Қосшы қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр |
Қосшы | 225 | 235 | 245 |
6. | Ақкөл ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр |
Ақкөл | 126 | 135 | 144 |
7. | Аршалы ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр |
Аршалы | 145 | 155 | 165 |
8. | Атбасар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр |
Атбасар | 87 | 104 | 104 |
9. | Астрахан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Астрахан ауданы | 98 | 112 | 126 |
10. | Бұланды ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Бұланды ауданы | 70 | 90 | 100 |
11. | Біржан сал ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Біржан сал ауданы | 90 | 100 | 110 |
12. | Бурабай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр |
Бурабай | 70 | 80 | 90 |
13. | Егіндікөл ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Егіндікөл ауданы | 180 | 198 | 218 |
14. | Есіл ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр |
Есіл | 80 | 85 | 90 |
15. | Ерейментау ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Ерейментау ауданы | 120 | 128 | 137 |
16. | Жақсы ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр |
Жақсы | 85 | 90 | 95 |
17. | Жарқайың ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Жарқайың ауданы | 150 | 195 | 253,5 |
18. | Зеренді ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр |
Зеренді | 130 | 140 | 150 |
19. | Қорғалжын ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Қорғалжын ауданы | 90 | 110 | 120 |
20. | Сандықтау ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Сандықтау ауданы | 70 | 87 | 104 |
21. | Шортанды ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Шортанды ауданы | 100 | 150 | 200 |
22. | Целиноград ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Целиноград ауданы | 135 | 135 | 135 |
23. | Республикалық маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bi) | символ | Қазақстан Республикасы | 200 | 225 | 250 |
24. | Өңірлік маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bi) | символ |
Ақмола | 45 | 63 | 80 |
25. | Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевидениеде көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды өндіру және орналастыру) (сюжет) (Вtv) | минут | Қазақстан Республикасы | 610 000 | 610 000 | 610 000 |
26. | Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Ақмола облысының аумағында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторы тарататын еркін қол жетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениеде көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (сурдоаударманы ескере отырып сюжет) (Вtv) | минут |
Ақмола | 45 000 | 50 000 | 55 000 |
27. | Міндетті теле-, радиоарналардың (ақпараттық-талдау бағдарламасы) тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Ақмола облысының аумағында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторы тарататын еркін қол жетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениеде көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды өндіру және орналастыру) (Вtv) | минут |
Ақмола | 45 000 | 50 000 | 55 000 |
28. | Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Ақмола облысының аумағында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторы тарататын еркін қол жетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениеде көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдар өндірісі) (деректі фильм) (Вtv) | минут |
Ақмола | 45 000 | 50 000 | 55 000 |
29. | Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Ақмола облысының аумағында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторы тарататын еркін қол жетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениеде көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдар өндірісі) (бейнеролик) (Вtv) | минут |
Ақмола | 135 000 | 140 000 | 145 000 |
30. | Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Жарқайың ауданының аумағында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторы тарататын еркін қол жетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениеде көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (сюжет) (Вtv) | минут | Жарқайың ауданы | 9 200 | 9 200 | 9 200 |
31. | Ақмола облысының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды дайындау және орналастыру) (Br) | минут |
Ақмола | 17 500 | 17 500 | 17 500 |
32. | Жарқайың ауданының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды дайындау және орналастыру) (Br) | минут | Жарқайың ауданы | 4 270 | 4 270 | 4 270 |