Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 2-1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31-баптарына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Астрахан ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері айқындалсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданының әкімі | Т.Ерсеитов |
Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы | М.Қожахмет |
Бірлескен Астрахан ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/105 қаулысына және Астрахан аудандық мәслихатының 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 8С-35-2 шешіміне қосымша |
Астрахан ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері
Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, гектар | Оның ішінде | ||
егістік | шабындықтар | жайылымдар | |
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін | |||
4200 | 3000 | 225 | 975 |
Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін | |||
28000 | 20000 | 1500 | 6500 |