"Өңірлік жастар форумын өткізу ережелерін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 402 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 82 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 20 мамырда № 8719-04 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2- тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өңірлік жастар форумын өткізу ережелерін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 402 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5110 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады