1. Қоса беріліп отырған өңірлік жастар форумын өткізу ережелері бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Т.Шерияздановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б.Сапарбаев |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 402 қаулысымен бекітілген |
Өңірлік жастар форумын өткізу
ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өңірлік жастар форумын өткізу ережелері (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 244 бұйрығымен бекітілген өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларға сәйкес әзірленді және өңірлік жастар форумын өткізу тәртібін айқындайды.2. Өңірлік жастар форумы (бұдан әрі – Форум) – жергілікті атқарушы органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың өңірлік деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін жастар өкілдерінің форумы.
3. Форум өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.
2. Форумның мақсаты, міндеттері және функциялары
4. Форумның мақсаты мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың жастармен және жастар ұйымдарымен диалогы және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады.5. Форумның өңір деңгейіндегі міндеттері:
1) жергілікті атқарушы органдардың жастармен, жастар ұйымдарымен диалогын және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауды қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
6. Форумның негізгі функцияларына:
1) жергілікті атқарушы органдар мен жастар ұйымдары өкілдерінің мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы есептерін тыңдау;
2) республикалық жастар форумына қатысу үшін жастар, жастар ұйымдары қатарынан өңірден делегаттарды сайлау;
3) жергілікті атқарушы органға, сондай-ақ республикалық жастар форумының қарауына мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар енгізу жатады.
3. Форумның өту тәртібі
7. Форумды дайындау және өткізуді жергілікті атқарушы органмен құрамы бекітілетін ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.8. Форумды Ақтөбе облысының әкімдігі екі жылда кемінде бір рет шақырады.
9. Форум екі кезеңде өтеді:
1) дайындық кезеңі, бұл кезеңде Ақтөбе қаласы және барлық аудандарда Форум делегаттарының сайлауы өтеді;
2) негізгі кезең – өңірлік форумды өткізу.
10. Жастар форумы аудандық (қалалық) және облыстық деңгейлерде өтеді.
11. Форумда шешім қабылдау Форум делегаттарының ашық дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады.
12. Форумның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.
4. Форумда жастар өкілдігін қалыптастыру
13. Форум делегеттарының құрамын қалыптастыру қалада және аудандарда Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіппен әділет органдарында тіркелген жастар ұйымдарының қатысуымен сайлау арқылы өтеді.14. Форумдарға қала мен аудандардың жастар және жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.
15. Делегациялардың сандық құрамы облыс жастарының жалпы санынан әр аудан және қала жастары санының пайыздық арақатынасына байланысты қалыптастырылады. Форумға қатысу үшін саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, жастар ресурстық орталықтарының, оқу орындарының, мүдделі мемлекеттік органдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Форум делегаттарының жалпы санының жиырма пайызынан аспайтын көлемде қосымша шақырылуы мүмкін.
5. Қорытынды ережелер
16. Форумда қабылданатын шешімдер ұсынымдық сипатта болады.17. Форумда қабылданған ұсынымдар тиісті хаттамамен рәсімделеді және жергілікті атқарушы органға, сондай-ақ өңірлік жастар форумына қарастыруға жолданады.