"Шымкент қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 289 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 5 наурыздағы № 796 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2025 жылғы 12 наурызда № 232-17 болып тіркелді

      Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шымкент қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 289 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 167 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Г. Сыздыкбеков

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы

      Су ресурстары және ирригация министрлігі

      Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану

      комитетінің Су ресурстарын реттеу,

      қорғау және пайдалану жөніндегі

      Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы

      Республикалық мемлекеттік мекемесі

      "____" ____ 2025 жыл

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының Денсаулық

      сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық

      бақылау комитеті "Шымкент қаласының

      санитариялық-эпидемиологиялық

      бақылау департаменті"

      Республикалық мемлекеттік мекемесі

      "____" ____ 2025 жыл

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және табиғи ресурстар

      министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау

      комитетінің "Шымкент қаласы бойынша

      экология департаменті"

      Республикалық мемлекеттік мекемесі

      "____" ____ 2025 жыл

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 5 наурыздағы
№ 796 қаулысына қосымша
  Шымкент қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 13 мамырдағы
№ 289 қаулысымен бекітілген

Шымкент қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер

Су нысандарының атауы

Халықтың жаппай демалуына, туризм мен спортқа арналған орындар

Жауапты тұлғалар

Елді мекендер

1.

"Холодильник" демалыс орны

Тоғыс су қоймасы

Жеке кәсіпкер М.В. Брезинская

Еңбекші ауданы, Тоғыс тұрғын алабы

2.

"Рахат Бадам" демалыс орны

Бадам су қоймасы

"Рахат Бадам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Еңбекші ауданы, Бадам-1 тұрғын алабы

3.

Қошқар ата өзенінің бастауы (бұлақ)

Бұлақ бастауы

"Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Әл-Фараби ауданы, Қабанбай батыр көшесі, н/з

4.

Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағындағы көл

Жасанды көл

"Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Тұран ауданы, Бәйдібек би даңғылы, № 101

5.

"Жайлаукөл" демалыс аймағы

Жасанды көл

"Нұр-Ғажайып" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Тұран ауданы, Бәйдібек би даңғылы, н/з


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады